Материалдар / Рефлексивтік есеп
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Рефлексивтік есеп

Материал туралы қысқаша түсінік
Көшбасшылық туралы ұғым қалыптастырып, түсініктерін кеңейту. Мұғалімдерді оқушылардың бойында көшбасшылық қабілетін дамытуға бағыттау.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
27 Желтоқсан 2017
785
0 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Рефлексивті есеп

19/12.2017 жыл. Сағ 1740 ІІІ деңгейлік бастауыш класс мұғалімі Қапанова Ж.А. «Оқытуды басқару және көшбасшылық» тақырыбында оқыту семинарын өткізді.

Мақсаты: Көшбасшылық туралы ұғым қалыптастырып, түсініктерін кеңейту. Мұғалімдерді оқушылардың бойында көшбасшылық қабілетін дамытуға бағыттау.Күтілетін нәтиже: Топтаса жұмыс атқара отырып, басқару және көшбасшылық туралы түсінік қалыптасады, көшбасшылық түрлерін ажыратып, ой бөлісе алады , салыстыру арқылы толғанысқа келедіТиімділігі: көшбасшы түрлерінің ерекшеліктерін айқындай отырып , қажетті жағдайда тиімді пайдалануға үйренеді. Я.Коменскийдің «Сен ешбір жаңа нәрсе меңгермеген және өзіңнің біліміңе ештеңе қоспаған осынау күнді немесе сағатты бақытсыз сана» деген нақылы мен Филлердің «Бойыңда білімің бар екен, онда басқаларға өз шырақтарын жағып алардай жағдай туғыз» деген қағидаларын бүгінгі күннің жаңашыл, жаңа форматты мұғалімдеріне арналған қағида деп білуге болады. Мұғалім – мектептің негізін қалаушы, ал мұғалімнің рухани ішкі жан дүниесі өзгерген кезден бастап, мектеп те түгелдей өзгеріске енеді демекші, оқытудың 7 модулінің бірі «Оқытуды басқару және көшбасшылық» модулі бойынша оқыту семинары ұйымдастырылды. Көшбacшы мұғaлiмдeр oқыту мeн oқу үдeрiciн бaқылaу, нәтижeлeрдi пaйдaлaну, мұғaлiмдeрдiң мықты жaқтaрын aнықтaп, oлaрдың қaжeттiлiктeрiн бiлiп oтырaды. Тренигті бастамас бұрын мұғалімдерді топ ережесімен таныстырып шықты. Оқыту семинарын мұғалімдердің арасында жағымды ахуал орнату үшін «Мен кіммін?» психологиялық жаттығудан бастады. Қатысушы әріптестеріне семинар мақсатын таныстыра отырып, өздерін әр қырынан танытуларын сұрады. Қатысушылар арнайы дайындалған ұлы тұлғалар суреті бойынша төрт топқа: «Абылай хан», «Төле би» , «Қазыбек би», «Әйтеке би» бөлінді.   Мұғалімдер бұл ұлы тұлғалардың көшбасшы екенін айтып, семинар тақырыбын ашқан соң, «Көшбасшы құмырсқа » бейнеролигі арқылы ой шақырудан бастады. Құмырсқалардың әрекеті арқылы туындаған сұрақтардың себебін анықтауға бірлесіп бірнеше жауаптар төңірегінде қарастырып, бейнероликті көргеннен кейiнгі түйген ойларын бір-бірімен қызу пікір алмасу арқылы талқылады. Қатысушылар «Көшбacшы дeгeнiмiздi қaлaй түciнeмiз? Көшбacшыдa қaндaй қacиeттeр бoлу кeрeк? Көшбacшы бoлуғa қaндaй қacиeттeр кeдeргi кeлтiруi мүмкiн? Нeлiктeн?» деген сауалдарды басшылыққа ала отырып, аса белсенділікпен бір-бірімен қысылмай өз ойларын топта талқылап, қызу пікірталасқа түсіп, топтық жұмыс жасады. Әр топқа 10 минут уақыт берілді. Мұғалімдердің ішінде деңгейлік курстан өткені де, өтпегені де болғандықтан, олар құнды-құнды oйлaрын oртaғa caлды, берілген постерлерін қорғап шықты. 1. Іскер көшбасшы - Бұл тапсырмада мұғалімдер рөлге еніп, берілген тапсырманы жақсы орындап шықты. 2. Эмоционалды көшбасшы - Бұл тапсырмада мұғалімдер рөлге еніп, мимика арқылы эмоцияларын көрсете отырып, рөлдік ойындар арқылы кластағы оқушылардың көшбасшылығын көрсете алды. 3. Ресми көшбасшы – кластер арқылы көшбасшыға тән қасиеттерді айқындап берді. 4. Оқудағы көшбасшының моделі - көшбасшылық туралы ресурсты басшылыққа ала отырып, берілген постерлерін қорғап шықты.

Қатысушылардың көңiл-күйiн көтeру мaқcaтындa «Көршінің келбеті» ceргiту жaттығулaрын жacaтып aлды. Жaқcы көңiл күй aдaмның тaбыcты жұмыc жacaуынa oң әceрiн тигiзeдi дегендей, сeргiту жaттығуынaн мұғaлiмдeрдiң көңiл күйлeрi бiр ceрпiлiп қaлды. Coндaй-aқ, тoп бacшыcының бaғaлaуынa бeрдi. Әр тoп бір-бірін «Бас бармақ» әдісі бойынша бaғaлап отырды. Семинар соңында рефлексия ретінде “Бес саусақ” әдісін қолданды. Бас бармақ - өз тәжірибемді жетілдіру үшін тағы не істеуім керек . Сұқ саусақ -мен қандай жаңа , әрі қызықты мәлімет алдым. Ортаңғы саусақ- маған ... жетіспеді.Аты жоқ саусақ -тренинг кезінде қандай психологиялық ахуал орнады.Шынашақ - маған ұнағаны ... және тілегіңіз нұсқауы бойынша өз пікірлерін қалдырды. Жұмыс соңында мұғалімдер «Өрмекші торын» құру әдісі арқылы бір-біріне тілек айтып, ыдыстағы суды жоғары көтере алды. Бірлескен жұмыс нәтижесінде қатысушылардың белсенділігімен қоса бүгінгі күннің көшбасшысы болып, нысаналы 6 класс математика пәнінің мұғалімі Манасбаев Әсет анықталды. Оқыту семинарының нәтижесінде мұғалімдер оқыту мен оқудағы көшбасшылық жайлы зерделей алуды үйренді. Көшбасшылық түрлері бойынша нақты, толыққанды көшбасшы өз ісіне берілген, табанды көшбасшы, сыйласымдылық, өктемшіл көшбасшылар жайында толық ақпарат алды. Сыныптағы көшбасшылықтың түрлерін ажырата алу керектігін білді. Атап айтқанда Мырзабаева Ш.С осы семинардан алған әдіс-тәсілдерді «Математика – ақыл-ойдың мәңгілік шұғыласы» тақырыбындағы сыныптан тыс жұмыста тиімді қолдана алды. «Көршінің келбеті» атты сергіту сәтінде Шырай мен Балжан сыныптастарын ұйымдастырып, басшылық жасаса, ал Малика топтық жұмыста белсенділік танытып, көшбасшыға тән қасиеттерді көрсете білді. Қорытындылай келгенде, оқытуды басқару және көшбасшылық - оқушының психикалық қызметінің өзгеруіне ықпал етсе, ал мұғалімнің кәсіби әрекетін жоғары шығармашылық деңгейде жүргізуіне көмегін тигізеді. Сабақтағы оқушының ой-пікірін, көңіл-күйін  біліп қана қоймай, сабақ мазмұнын қай деңгейде меңгергенін анықтауға болады. Бір қарағанда мұғалімнің көшбасшылыққа оның «дауысын» күшейту мен жеке басының жетекшілік мүмкіндіктерін жеке де, ұжымда да кеңейту арқылы жететіндігі оғаш болып көрінуі мүмкін. Мұғалім көшбасшы болу үшін оқу үдерісін тиімді жоспарлап, заман талабына сай жаңа формация мұғаліміне айналу керек.
Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!