400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Рефлексивтік есеп

Материал туралы қысқаша түсінік
Жаңартылған білім бойынша, оқыту мен оқуда өзгеріс енгізілгенін және ол басқарылғанын растайтын тізбектелген сабақтар топтамасы өткізілгені туралы рефлексивтік есеп. Жаңа тәсілдерді меңгеріп дәстүрлі сабақты,сындарлы оқыту теориясы бойынша тәжірибемде анықтау.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тансықбаева Гүлчехра ДЖұмабаевна Мұғалім портфолиясы


Ж.Нұрлыбаев мектебі 3 – деңгей 22.04.2017 жыл



Оқыту мен оқуда өзгеріс енгізілгенін және ол басқарылғанын растайтын тізбектелген сабақтар топтамасы өткізілгені туралы рефлексивтік есеп.

Мен «Тәжірибедегі рефлекция» жалпы білім беретін педагог қызметкерлерінің кәсіби даму бағдарламамен танысуға ішкі уәжбен оқуға келдім. Бұл курстағы оқытудың әдіс-тәсілдері бұрынғы оқыған курстарыма қарағанда мүлдем өзгеше. Курстағы жұмыстарға балаша қызыға қатыстым.Тренеріміз әр түрлі әдіс-тәсілдермен өткізген сабақтары менің қызығушылығымды арттыра түсті.Оқу мен оқытудағы жаңа тәсілдерді меңгерген сайын дәстүрлі сабақты өзгертіп, сындарлы оқыту теориясы бойынша үйренген оқытудағы жаңа тәсілдерді тәжірибемде анықтауға тырыстым. Осы мақсатта өзімнің сабақ беретін 10 қыз,15ер баланы құрайтын 4-інші сыныбымда әдебиеттік оқу пәнінен үш ашық зерттеу сабағын өтуді жоспарладым.Тізбектелген үш сабағыма орта мерзімді,қысқа мерзімді жоспар жасадым.Сабақтарыма қысқа мерзімді жоспарлау барысында,оқушылардың ойлау қабілетін дамыту үшін қандай жұмыс түрін пайдаланатынымды ойластырдым және 7 модульді кіріктіруге негіздедім. Бұрынғы сабақтарымда да топқа біріктіріп өтетін едім, енді топқа бөлудеде өзгешелік бар екенін байқадым. Ол мұғалімнің шеберлігіне байланысты.Әр сабақта тақырыпқа сай үйлестіріп бөлуге де болатынына көз жеткіздім. Әдебиеттік оқу пәнінің «Дәстүріңді таны, салтыңды сақта!» тарауындағы тізбектелген «Ғарыш қыраны», «Сайгүлік», «Ақылды бала» тақырыбындағы сабақтарымды өттім.Оқушылардың әдебиеттік оқу пәніне деген қызушылығын білу мақсатында сауалнама алдым.Ол сауалнамада төмендегі сұрақтар берілген еді: Әдебиеттік пәні ұнайды ма? Әдебиеттік оқу сабағы қызықты ма? Сабақтағы мұғалімнің қолданған әдіс-тәсілдері ұнайды ма? Әдебиеттік оқу пәнінің басқа пәндерден айырмашылығы қандай? Сабақтағы топтық жұмыс қызық па? Сен топта қалай жұмыс жасайсың ? Әдебиеттік оқу сабағынан қандай білім мен тәжірибе аласың? Сабақта бағалау әділ болады ма? Әдебиеттік оқу пәніндегі қандай тапсырмалар саған қиын болады? Сабақта қандай жұмыс көп болғанын қалайсын (жазбаша ма, ауызша ма)? Осы сұрақтар бойынша оқушылардың жауаптарын қарастыратын болсам: Оқушылардың әдебиеттік оқу пәніне деген қызығушылықтары бірдей,барлық оқушылардың пәнге деген өз ойлары мен қызығушылығын анықтадым.Оқушылардың барлығы сұрақтарға толық жауап жазып тапсырды. Менде ашық сабағымның біріншісін құрылымдауда толғаныс жүрді, себебі қалай жоспарласам қызықты,қандай әдіс-тәсілді пайдалансам оқушыларыма түсінікті болады,уақыт жеткізе аламынба деген сұрақтар мазалады.Мұғалімдердің көпшілігі, өздерінің білімдері мен кәсіби дайындықтарына сәйкес, өздерінің жұмыстары туралы толғаныста болатыны шындық.Сыныптағы оқу үдерісінің тиімділігін анықтайтын негізгі факторлар:1.Балалар қалай оқиды;2.Нені оқыту керек;3.Оқыту реттілігін қалай құрылымдау керек;4.Табысты бола білгендігіңізді қалай бағалау керек ( МАН 26-бет). Мен сабаққа жоспар құрмас бұрын өзіме үлкен мақсат қойдым:ол-осы Бағдарламадан алған білімімді,үйренген әдіс-тәсілдерді оқу үдерісінде тиімді пайдалану және оқушылардың өздігінен білім алып ізденушілік қабілеттерін дамытып,қызығушылықты арттыру. Оқушы оқу үдерісіне белсенді қатысқанда ғана материалды терең меңгеруге қол жеткізеді. Егер оқу үдерісі оқушы мен оқу материалын қосатын «көпірді салуға» негізделсе,онда осы үдерісті үйлестіретін мұғалімдер көпірдің екі жағында қадағалай білуі тиіс.(МАН.35-бет) Бірінші сабағымның тақырыбы: «Ғарыш қыраны».Жалпы мақсатым:Ғарыш қыраны жайлы білім қалыптастыру,өлеңнің мазмұнын өмірмен байланыстыру, жалпы ғарыш дамуында Қазақстанның дүниежүзілік рөлінің мәнін ашу арқылы түсініктер беру.Сыныпқа кіріп,сәлемдесіп,түгелдеген соң оқушыларымның көптігіне байланысты тақырыпқа сай құстардың суретін үлестіру арқылы төрт топқа бөліп алдым. «Қарлығаш» «Шағала» «Көгершін» «Қараторғай» болып бөлінді.Топта тұрып шаттық шеңбер жасаттым,мақсатым сыныпта оқушылардың ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру.Выготский кіші жастағы балаларды когнитивті даму әрекеттері әлеуметтік қарым-қатынас үдерісінде,яғни қабілетті оқушылармен араласу және мәдениет,қоршаған ортамен өзара қарым-қатынас жасау арқылы қалыптасатын субьект ретінде суреттейді.(МАН 39-бет). Оқушылар бір-біріне алақандарын тигізіп,төрт қатардағы өлең шумағын оқып жылу сыйлады.Сабақтың басында оқушылардан өткен сабақ үйге берілген «Асығым» мәтіні бойынша орындаған тапсырмаларын тексеріп шықтым. «Бұрқасын сұрақтар» әдісі бойынша оқушылардың бастапқы білімі мен дағдыларын назарға алып,оларды өрістетуде мақсат еткенде мәнді болады-екінші тезис (МАН 29-бет). Оқушылардың жауаптарының байланыстарын дамытып, нығайту үшін проблемаларды шешу үдерісін толыққанды қатыстыру қажет еттім.(МАН 35-бет). Осы сұрақ-жауап кезінде М есімді Б деңгейлі оқушым асықтың атауларын айтып берген кезде ойнап жүрген асығын негізгі дереккөз ретінде пайдаланып, сын тұрғысынан талдау жасап көрсетті- екінші тезис.( МАН 43-бет). Оқушылардың әрбір жауаптарына жақсы,өте жақсы,жарайды деген ауызша бағалау жүргізіп отырдым. Александер 2001 жылы айтқандай сыныптағы бағалау тек техникалық тәсіл емес.Мұғалімдер жазбаша немесе ауызша түрде баға қою арқылы бағалайды.(МАН 49-бет). Үй тапсырмасын пысықтау мақсатында «Кластер» құруды пайдаландым.Бұл әдісте балалардың өздеріне сенімді сезінгенін және топта үздік бірлескен жұмыс пен сындарлы әңгіме жүргізген(МАН 67-бет) С деңгейлі Оралхан,Ерасыл есімді және Б деңгейлі Асқар есімді оқушыларымның жақсы жұмыс істегендері анықталды. Жаңа тақырыпты ашу үшін оқушыларға «Адасқан әріптер» әдісін қолдандым,нәтижесінде «Ғарыш қыраны» тақырыбы анықталды.Авторы Т.Молдағалиев өмірі жайлы ақпараттық-коммуникациялық технология арқылы ноутбукпен тыңдалым болды.Тізбектелген сабақтарымның үшеуінде де мен ақпараттық-коммуникациялық технологияны қолдандым. Ақпараттық-коммуникациялық технология оқушыларға ғылыми ұғымдарды түсіндіруді және олардың қабылдауын,түсінуін жеңілдетуге мүмкіндік беріп,мұғалімдерге сабақ беруге көмектесетін маңызды құрал болып табылады.(МАН 54-бет). ДЖИГСО әдісі бойынша өлеңді мәнерлеп оқыды.Өлеңнің мазмұнын баяндау кезінде оқушылармен диалогқа түстім.Диалог сабақта оқушылардың қызығушылығын арттырумен қатар,олардың білім деңгейлерінің өсуіне үлес қосады.(Мерсер мен Литлтон 2007. МАН 38-бет.) Ғарыш әлемі жайлы ноутбук арқылы көрсетілім көрсеттім. «Байқоңыр» мәтінін 4 топқа бөліп үлестіріп бердім.Оқушылар постер қорғау арқылы араларында өзара диалогті өрбітуін жоспарладым.Топтық жұмыста,бірлесіп ойлау оқушылармен диалог құру арқылы іске асады және Мерсер(2000 жыл) сипаттағандай, білімді бірлесіп алу барысында тең құқылы серіктестер болып табылады.(МАН 39-бет).Бірлескен жұмыс нәтижесінде Б деңгейлі Әбілдә,Болатбек есімді оқушыларым дүниетану пәнінен алған білімдерін есіне түсіріп, Ғарыш әлемінің 9 планетасын және ғарыш кемесінің суретін флепчатқа салып танымдық белсенділік көрсетті.(МАН 38-бет). Пәнаралық байланыс жүзеге асты.Тақырыпты өмірмен байланыстыру мақсатында ақпараттық-коммуникациялық технологияны пайдаланып ноутбук арқылы тұңғыш ғарышкерлер жайлы мәліметтер көрсеттім.Көрсетілімді талдауда(Блум топсономиясы) оқушылар өз ойларын білдіруіне мүмкіндік берілді-бірінші тезис Мерсер және Ходжкинсон(2008 жыл) зерттеулері. (МАН 38-бет). Оқушылардың жауаптары формативті бағаланып отырылды.Сабағымды қорытындылау мақсатында «Зымыран сұрақтар» жаттығуын қолдандым. Оқушылардың жауаптарына тоқталатын болсам:Бізде ғарыш айлағы қайда орналасқан? деген сұрағыма А деңгейлі Аида есімді оқушым Байқоңыр ғарыш айлағы Қызылорда облысында орналасқан және ол 2005 жылы Россияға 50 жылға жалға берілгені жайлы айтты.Сабақтағы қосымша мәнмәтіннен естіген ақпаратты қайталау ,жадыңда ұзақ сақталатындығы зерттелген,Джон Саймонстың жады зертханасында жүргізген зерттеулеріне негізделген. (МАН 16-бет). Сабақтың аяқталуы,яғни Блум топсономиясы бойынша жинақтау сатысында оқушылар сабаққа рефлекция жасады.Кері байланыста стикермен «Тілек ағашындағы» ББҮ кестесі бойынша бүгінгі сабаққа деген ойларын білдірді.(МАН 49-бет).Үйге тапсырма берілді:Өлеңді мәнерлеп оқу, «Ғарышкер болғың келеме» тақырыбына әңгіме жазу.Бағалау сатысында топ басшылары алдарындағы бағалау критерийлері, дискриптор жазылған парақшаларға тобындағы оқушылардың тиісті ұпайларын қойып, соңынан қорытынды шығарды.Осы кезде Блэк пен Уильям ұсынған «Қара жәшік» ішіндегі жұмыс:сыныптасын және өзін-өзі бағалау жүзеге асты.(МАН 53-бет).Бірінші сабағымда өзім қаламаған түрде кедергілерге тап болдым. Дәлірек айтатын болсам:Қонақтардың көптігінен ба,оқушыларымда физиологиялық және эмоциялық жағдай болды,Бандура өзіндік тиімділікті қалыптастыруға ықпал ететін төртінші фактор.(МАН 20-бет).Тізбектелген сабақтарымның екіншісінде «Сайгүлік» мәтіні,төрт түліктің патшасы-жылқы жайлы болғандықтан,төрт түлік аталарының атауымен 4 топқа түлік малдарының суретін үлестіру арқылы бөлдім. Топта шаттық шеңберіне тұрғызып ,жүректен-жүрекке жаттығуы арқылы бір-біріне мадақ сөз айтқыздым, мақсатым сыныпта жақсы көңіл-күй қалыптастыру.Оқушылардың бір-біріне шын жүректен айтқан мадақ сөздерін естіп іштей сүйсіндім.Топ басшыларын сайлап бағалау парақшасын үлестірдім. Үй тапсырмасын сұрауда оқушылар «Ғарышкер болғың келеме» тақырыбында эссе жазып келуі тиіс еді. Оқушылардың дәптерлеріне көз жүгіртіп, 2-3 оқушыға оқыттым,мазмұнына қарап жақсы,өте жақсы деп ауызша бағалап отырдым. Өткен сабақтағы кері байланыста Б деңгейдегі Өмірзақ есімді оқушым,тұңғыш ғарышкерлерді атап өткенімізді ескеріп, адамдардан бұрын ғарышқа Белка мен Стрелка атты иттер ұшқан ғой депті. Деседе мен ол оқушыға ақпараттыық- коммуникациялық технологияны қолданып Белка мен Стрелка жайлы бейне жазбаны көрсету арқылы жауап бердім.Себебі бізде Джин Раддоктың «Оқушы үні» жобасы бар,бірінші тезис-өзгелердің өздерін құрметтейтіндігін,оларды тыңдап, пікірлерімен санасатындығын сезінді.(МАН 36-бет). «Тұжырым картасы» әдісін қолдандым, мақсатым үй тапсырмасын толық сұрап,топтық жұмыс жүргізу болды. Нәтижесінде әр топ бір-бірін жауаптарына сәйкес бас- бармақ арқылы бағалады. «Серпілген сауал» әдісі арқылы үй тапсырмасын пысықтадым. Ғарышқа ұшқан ғарышкерлер кімдер?,Кеңес Одағы кезіндегі. Оқушылар бірлесе жауап берді, А деңгейдегі Айда есімді оқушым Кеңес Одағы кезінде Валентина Терешковада ұшқан деп жауап берді, теледидардан көргенін айтып ақпараттық-коммунмкациялық технологияларды қолданудың білімді қабылдауын, түсінуін жеңілдететінін дәлелдеді. «Сөзжұмбақ» жаттығуын қолданып, мақсатым жаңа тақырыпты ашу болды.Оқушыларды сын тұрғысынан ойлату мақсатында,сөзжұмбақ сұрақтары қай пәндермен байланыстылығын анықтадым. Сын тұрғысынан ойлаудың негіздерін кішкентай балалармен жұмыс барысында, қажетті дағдыларды дамыту мақсатында білім берудің ерте кезеңінен дамытуға болады.(МАН 43-бет). Сөзжұмбақ жауабы арқылы жаңа сабақтың «Сайгүлік» атты мәтіннің тақырыбы анықталды. Авторы:Құл-Керім Елемес.Автор туралы мәлімет баяндап бердім.Мәтінді өздігінен меңгерту үшін төрт топқа бөліп бердім. Жаңа сабақты меңгертудегі «ДЖИГСО» әдісі арқылы оқулықпен жұмыс жасады. Оқушылардың бірін-бірі оқытуына мүмкіндік болды – бесінші тезис (МАН 49-бет).Оқушылардың рөлге бөлініп оқығандарын және сынып 100% қамтылғанын көріп қуандым.Мәтіннің көлемі аз болғандықтан 5 мин. уақыт бердім. Шектелген уақыт жеткенде әрбір оқушы өзіне жүктелген тапсырманы бір кісідей жауапкершілікпен айтып берді. Мәтінді толығымен талқыланды, оқу пирамидасындағы 50% талқылау жүзеге асты.(МАН 28-бет). Топ басшылары менің қадағалауыммен тобындағы оқушыларды жауап бергеніне қарап,бағалау парақшасындағы критерийлер бойынша бағалап отырды. Сергіту сәтінде: тақырып жылқы туралы болғандықтан ақпараттық-коммуникациялық технологияны қолданып ноутбук арқылы,жылқы туралы қосымша мәлімет беру мақсатында слайдтар көрсеттім. Жаңа сабақты пысықтауда «Жылқы – малдың патшасы» тақырыбына постер қорғау арқылы топтық жұмыс жүргіздім. 1-топ. Жылқы атаулары. 2-топ.Жылқының пайдасы. 3-топ. Жылқы жануарымен қатысат ойын түрлері.4-топ. Ел қорғаған батырлардың тұлпарларының есімі, жылқы туралы мақал-мәтелдер.Осы сәтте мен өз оқушыларымның бұрын соңды байқалмаған жылдамдық пен шапшаңдығын көрдім.Тапсырмаларды жылдам орындап шықты. Осылай болатынын мен әрине білдім және Эллиот (1991 жыл) айтқандай: мектептерде оқыту мен оқуды жақсарту мақсатынан алшақтамауымызды қадағалап отыруымыз керек деген ұғымды сақтай отырып, алдын ала жоспарлап келген оқулықтан тыс тапсырмаларды бердім. Әр топтан екі оқушыдан тақтаға шығып қорғап берді. Топтар бір-бірін бағдаршам түсі бойынша ауызша бағалады. Сабақты қорытындылау мақсатында «Сөздер банкісі» әдісін қолдандым. Бұл әдісті жоспарлаудағы мақсатым,сабақтың негізгі бөліміндегі меңгерген жаңа ақпаратты есте сақтаған,балалар зейіндеріне тиімдірек шоғырландыра алған.(МАН 70-бет). Уақыт шектеулі болғандықтан әр топтан С деңгейлі оқушыларды қатыстырдым. Оларды ауызша бағалау арқылы, мадақ сөздер жүргіздім. «Смайликтер» әдісін қолдандым, мақсатым сабағымның тиімді, тиімсіз тұстарын анықтау. Оқушылар стикерге өз ойларын жазу арқылы орындады.Үйге тапсырма: «Жылқы адамның серігі» тақырыбына эссе жазу. Екінші сабағымның бағалау кезеңінде топ басшылар бағалау парақшаларына бағалап қорытындылады,қалыптастырушы бағалау жүзеге асты. Екінші сабағымдағы кедергілер уақыт жетіспеуі мен әдіс-тәсілім көп болды. Тізбектелген сабағымның үшіншісінде,оқушыларға сұрақ қою арқылы жан-жақты ойлауға, топпен жұмыс жасай отырып бір-бірінің пікірін, ойын тыңдауға дағдыландыруды мақсат қойдым. Осылайша балаларды қазіргі және келешекте өмір сүруге қажетті дағдылармен және қасиеттермен қаруландыру – мұғалімдер үшін ынталандырушы күш болып табылады. Балалар күннен күнге қолжетімділік артып келе жатқан анағұрлым кең коммуникациялық үдерістерге тиімді және ойдағыдай қатысуға мүмкіндік беретін сын тұрғысынан ойлау мен зерттеу дағдыларын дамыту керек (Александер 2008 жыл).(МАН 45-бет). Үшінші сабағымдыда ынтымақтастық атмосферасын орнату мақсатында шаттық шеңбер арқылы бір шумақ өлеңді хормен айтып алақандарын бір-біріне тигізу арқылы жылу сыйлады. Жыл мезгілдерінің айларын жасырып, үлестіру арқылы төрт жыл мезгілінің аталуымен төрт топқа бөлдім. Үйге берілген «Жылқы адамның серігі» тақырыбына эссе жазғандарын оқушылардың дәптерлеріне көз жүгірту арқылы тексеріп шықтым, жақсы, өте жақсы деп ауызша бағаладым. Топ басшыларына тақтаға бағалау парақшасын іліп қойдым, жазылған критерийлерге жұлдызшаның түсіне сай бағалауын ескерттім. Б деңгейлі Мадина есімді және С деңгейлі Әбілдә есімді оқушыларымның жазып келген жұмыстарын оқыттым,өмірмен байланыстырып өте жақсы жазып келгенін айтып мадақтадым. Үй тапсырмасын сұрауда оқушыларды толық қатыстыру мақсатында « Меннен сұрақ – сеннен жауап» әдісін қолдандым. Оқушылардың сұрақ-жауаптарына тоқталатын болсам: оқушыларым алдынғы сабақтағы, дүниетану пәні бойынша оқып алған білімдерін естеріне түсіріп,қайта өңдеп жылқы малының сүйегі асыл екендігін атап берді.Ұзақ мерзімді жады қажет кезеңінде алып пайдалану үшін ұзақ мерзімді сақтауға жіберілген ақпарат болады. (МАН 15-бет), Хельга Нойс 2006 жыл «Нақтылайтын» өңдеу (МАН 16-бет). «Жалғасын тап» ойын арқылы үй тапсырмасын пысықтадым. Алдыңғы сабақтарымда үнемі мақал-мәтелді көп қолданатын болғандықтан оқушылар белсенділік танытты.Жаңа тақырыпты ашу мақсатында «Адасқан сөздер» ойынын қолдандым.Таратылған сөздерден мақал-мәтел құрастыру, балалар топтағы жолдастарымен бірігіп шешілген жұмыс болғандықтан жақын арадағы даму аймағы жүзеге асты.(Л.Выготский енгізген ұғым, МАН 22-бет). Құрастырылған мақалдар ақыл туралы болғандықтан,жаңа сабақтың тақырыбы «Ақылды бала» мәтіні екендігі айқындалды. Мәтін авторы Оразақын Асқар жайлы қысқаша өмірдерек баяндап бердім. Мәтінді «ДЖИГСО» әдісі бойынша тізбектей оқытып, әңгімелеу, мақсатым тақырыптың мазмұнын талдау,негізгі ойды,идеясын меңгеру. Бұл тапсырманы мәтіннің көлемі қысқа болғандықтан екі топқа бөліп бердім, үшінші,төртінші топтарға мәтін соңындағы тапсырмалар бойынша постер қорғауды тапсырдым. Бірінші,екінші топтың орындаған жұмыстары бойынша мәтіннің негізгі кейіпкерлері Әкесі мен баласы екенін,Әкесінің кәсібі ұрлықшы,сол кәсібін баласына меңгертпекші болғанын,баласы ақылды, адал болып әкесіне бұл кәсіптің арам және түбінде қорлық әкелетінін ұқтырғаны жайлы білдік.Үшінші,төртінші топ ұрлық туралы сипаттама және ақылдылық туралы мақал-мәтел жинақтады. Нәтижесінде төрт топта өте жақсы орындады. Сергіту сәтте: АКТ-ны пайдаланып ноутбук арқылы «ақылдылық,әдептілік туралы » көрсетілім,тыңдалым болды. Сабақты пысықтау мақсатында «Венн диаграммасы» әдісін қолдандым,оқушылар мәтін кейіпкерлер;әкесі мен баласын сипаттады.Кері байланыс «Күн көзі» әдісі бойынша алдым, мақсатым қай оқушыға тиімді, тиімсіз болғанын анықтау.Бағалау, тақтадағы бағалау парақшасындағы оқушыларға жапсырылған жұлдызшалардың бал көрсеткіштерін қосып қорытындылау,осы сәтте Блэк пен Уильям ұсынған «Қара жәшік» ішіндегі жұмыс; сыныптасын және өзін-өзі бағалау жүзеге асты.(МАН 53-бет).Оқушылар өз топ басшыларының бағалауымен толықтай келісті. Себебі барлық оқушылар,топ басшылар сабақтың басынан соңына дейін менің қадағалау мен бақылауымда болды. Үшінші сабағымдағы табысты болған сәт топтарға тапсырманы үлестіріп бергенім,нәтижесінде барлық оқушыларым белсенділік танытты. Оқытудың жаңа технологияларын қолдана отырып, оқушылардың сын тұрғысынан ойлау қабілетін дамыту Қазақстандағы білім беруді дамыту үшін маңызды болып табылатын қазіргі ең басты педагогикалық түсінік деп білдім.(МАН 43-бет). Сапалы білім беріп, ой-тұлғасы бар,адамгершілігі мол,қабілетті ұрпақ тәрбиелеу, әрбір мұғалімнің алдындағы негізгі міндеті деп ойлаймын.Зерттеу тәжірибем барысында бұрын оқушы тек тыңдаушы болса,енді ізденуші,өз ойын дәлелдеуші,ал мұғалім бағыттаушы, ұйымдастырушы екенін ұқтым.Бағдарламаның 7 модулінің оқыту мен оқу үдерісінде тиімділігіне көзім жетті. Сабақ барысында орын алған қателіктерді жоюда әліде жаңа тәсілдерді игеруім керектігін өзіме мақсат етіп қойдым.









































Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
20 желтоқсан
1131
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі