жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Рефлексивтік есеп; "Оқу мен оқытудағы әдіс -тәсілдер"
Ихласова Гулжамал Избергеновна «Тәжірибедегі рефлексия»жалпы
«Сам орта мектебі» КММ білім беретін мектеп
Бейнеу селосы педагогтарының кәсіби даму бағдарламасы
Оқушылардың білім алғандығының дәлелдемелері қамтылған тізбектелген сабақтар топтамасынан алынған екі сабақ бойынша рефлексивтік есебі
Қaзipгi зaмaн тaлaбы - oқытyдың жaңa тeхнoлoгиялapын мeңгepy. Жaңa тeхнoлoгияның мaқcaты - бaлaның қaбiлeтiн aшy, coның нeгiзiндe oй-өpiciн дaмытy, бeлceндiлiгiн apттыpy, өзiнe дeгeн ceнiмдiлiгiн күшeйтy, өзiн-өзi тәpбиeлeyгe бaғыттay. Ocы тұpғыдaн қaй пәндi aлcaқтa, oқyшылapдың қызығyшылығын apттыpy үшiн мұғaлiм әpтүpлi әдicтepдi қoлдaнып, өз шeбepлiгiн тaнытyы кepeк.
«Мектеп жұмысы мен оқушы жетістіктерін өрістетудегі негізгі тұлға – мұғалім» деп Стронг айтқандай, оқушыны оқытып қана қоймай, жан дүниесіне терең үңіліп нені білгісі келеді, не нәрсе көп ойландырады, оның неге қабілеті бар, күнделікті сабаққа келгендегі көңіл күйі қандай, достары қандай, кімдермен жақсы қарым-қатынаста, әлеуметтік ортасы қандай деген сұрақтар мұғалімдерді жиі мазалайды.
Осы бағдарламаның негізгі міндеті - мұғалімдерге педагогикалық тәжірибесін жетілдіру мен бағалауға көмектесу болғандықтан білім беру мен оқытудың қазіргі заманғы әдістері мұғалімнің күнделікті тәжірибесі және кәсіби мән мәтінмен өзара байланысты қарастырылады. Алайда, осы жеті модульде қарастырылған идеялар сабақта пайдаланылатын жекелеген стратегиялар мен тәсілдер сияқты өзара байланыста болады. Жеті модульдердің барлығында қарастырылатын идеяларды білім беру мен білім алудың жаңа тәсілдері деп санауға болатынына қарамастан, біз жаңа әдістер ретінде «Қалай оқу керектігін үйретуді» ғана қарастырамыз, себебі олар әлеуметтік-сындарлық көзқарасымен тығыз байланысты. Бұл оқудың маңыздылығы оқушылардың пікірі маңызды деп қарастырылуында, қай оқушы болмасын өзіне жеке дара көңіл бөлгенді ұнатады, оның пікіріне мұғалім ризашылығын білдірсе, бала үшін одан артық сый жоқ.. Сабақ топтық жұмыстардан тұрды, берілген тапсырмалар мұғалімнің таңдаған жаңа әдіс-тәсілдері арқылы жүзеге асады. Білім беру жүйесін жаңғырту барысындағы бағдарлама бойынша деңгейлік пен тренерлікті оқып келген жетекшіміздің бұл курсын басында дұрыс түсіне алмадым. Оқу барысында көптеген мәселелерді түсінбегенім рас. «Қалай оқимын? Қалай үйренемін? Енді нестеймін?» деген сұрақтар көкейімде тұрды да қойды. Басында жүргізіліп жатқан жұмыстарды «Не үшін бұларды жасап жатырмыз екен?» деген күмәндәр ойыма келді. Алдымен курстың мақсаты мен болашақта оқыту мен оқуда түрлі өзгерістер болатыны жөнінде айтылып, таныстырылды Бұл курс әр түрлі «Жылы жүрек-жақсы тілек» тренингі арқылы басталды. Мұғалімдер шеңбер жасап, бір-біріне жақсы тілектерін айтып, топқа бөлінді. «Жаңартылған білім беру аясында мұғалімдерді кәсіби қолдау заман талабы» сөзін негізге ала отырып, тренеріміз курс туралы жалпы мағлұмат беріп өтті. Әрі қарай «Әлем өзгереді, біз де өзгереміз» тақырыбында бейнебаян көрсетілді. Көрсетілген бейне баян төңірегінде мұғалімдер өз ойларын айтып, пікір алмасты.Топтық жұмыста әр топтан бір әріптесім шығып қорғады. Түрлі сергіту сәті де жасалып, бой сергіп қалдық. Кері байланыста әріптестерім қиыншылығымен қызықтыратын тәсілдері өте көп екен деген ой түйдік деп қорытындыға келді. Осы мақсатта жүргізіліп жатқан курстан 7 модульдің түрлерімен танысқаннан кейін оқушыларды қалай оқыту керектігін емес, оқушылардың қалай оқу керектігін үйрендім. Алғаш осы оқуға келгенімде тренердің айтқан ойларын мұқият тыңдап , бізді психологиялық тренингке шақырып, әр топқа бөліп ынтымақтастық атмосфераны қалыптастыруы ұнады.
Ихласова Гулжамал Избергеновна «Тәжірибедегі рефлексия»жалпы
«Сам орта мектебі» КММ білім беретін мектеп
Бейнеу селосы педагогтарының кәсіби даму бағдарламасы
Мен мектепте жүргенде тек дәстүрлі және дәстүрлі емес сабақтар беріп , сыни ойлаудың тек қана элементтерін қолданып , сабақты түсіндіріп, оқушыларға тек сумативті бағалаумен шектелсек, мұнда оқушылар сабақты өзара ақылдасып, бір-біріне түсіндіріп өзін-өзі бағалағаны мен үшін үлкен жаңалық және оқыту оқушының пәнді терең түсіну қабілеті дамиды деп ойлаймын. Бұл курста өзіме үлгі аларлықтай көп нәрсе үйрендім және әріптестеріммен де тәжірибе алмасып отырдым. Мектепте өз сабағым бойынша Д «Ә» сыныбына өткізген ашық сабағым жайлы айтып өтпекмін.

Осы сабақтан кейін оқушылар сабақтың бұрынғыдан өзгеше әдіспен өткізілгенін айтып, қызығушылықтарын білдірді. Мектептегі кейбір сабақтарымда бағдарламаның жеті модулін басшылыққа ала отырып өткізгенімде, бұрынғы іс-тәжірибемнен біраз айырмашылық барын байқадым. Өзімнің де, оқушыларымның да бойынан оң өзгерісті сездім. Осы әдістерді күнделікті сабағымда қолдандым.

Ихласова Гулжамал Избергеновна «Тәжірибедегі рефлексия»жалпы
«Сам орта мектебі» КММ білім беретін мектеп
Бейнеу селосы педагогтарының кәсіби даму бағдарламасы
Тізбектелген сабақтар топтамасындағы 2- сабағымның тақырыбы «Жаттығу жасаймыз. Есептер шығарамыз» болды. Бұл сабақта «Бас бармақ», «Бағдаршам» әдістерін қолдандым. Дайындық тобы болғандықтан жеңіл әрі оңай әдістерді пайдалануға тырыстым.

Мен сыныбымның ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру барысында оқушыларды топқа бөлінуді үйреттім. Қалыптастырушы (формативті) бағалаудың түрлерін сабақ барысында қолдандым. Сонымен қатар оқушылардың көңіл-күйін смайликтер арқылы белгілесек , бағалау ағашына,құмыраға гүл стикерлермен белгіледі. Мұндағы өзгеріс бұрын оқушы бағалауға араласпайтын, ал бұл тәжірибеде оқушылар сыныптастарын және өз бетінше көрсетілген критерий арқылы өздерін бағалады.

Адам баласы шын мәнінде білімді болуы үшін үш қасиетті: жан-жақты білім, , және сезім қажет. Әрбір оқушының өн бойына осы қасиеттерді сіңіріп, жаңашыл үрдіспен еңбек ететін болсақ , бәсекеге қабілетті тұлғаны қалыптастыра аламыз. Мен өз іс тәжірибем мен білім беру тәсілдерімді өзгерту арқылы оқушыларымның да білім алуға деген көзқарастарының өзгергендігін байқадым және де алдағы уақытта осы бағдарламаның жалғасын тауып , әрі қарай жетіле түсуім үшін нақты мақсаттар мен нәтижелі іс- әрекеттер керек екенін түсіндім. Кез-келген білім бағдарламасының табысты орындалуы мұғалімге байланысты. Оның кәсіби шеберлігі нысаналы бағдарламаны да, оқу жоспарларын да , биік деңгейге жүзеге асыруға ықпал ете алады, ал кәсіби дәрменсіздігі істі құлдыратады...» делінген Қазақстан республикасы орта білім беру жүйесі дамуының мемлекеттік тұжырымдамасында айтылған. Енді сабақ үдерісінде оқушылар өз беттерінше жұмыс жүргізіп, жаңа тақырыпты өздері меңгере бастады. Мен тек бағыт беріп отырдым. Топтық жұмыстарда оқушылардың бірлесіп жұмыс жасауына, бірге шешім қабылдауына жағдай жасадым. Бізге жаңа тәсілмен сабақ берген тиімді екен себебі оқушылар өздері сыни тұрғыдан ойлай отырып, сөйлей алады , сұрақ қоя отырып талдайды, талдай отырып қатесін табады, қатесін тауып пікір айтады, пікір айта отырып түзетеді, түзете отырып өздерін-өздері бағалайды. Міне осындай тәсілді қолдана отырып, сабақ өткенде сыныптағы оқушылар топпен жұмыс жасай отырып, тегіс қызғушылықпен қатысады. Мен бағдарламадағы жеті модульдік оқытуға қанағаттанамын.
Ихласова Гулжамал Избергеновна «Тәжірибедегі рефлексия»жалпы
«Сам орта мектебі» КММ білім беретін мектеп
Бейнеу селосы педагогтарының кәсіби даму бағдарламасы
Қорытындылай келе, бұл жобаның идеясы «Үйренуді үйрету» қазақстандық білім беру жүйесі үшін өте маңызды. Менің оқушыларым және мен өзіндік ізденуге, дербестікке дайынбыз деп есептеймін. Өйткені өзімнің бойымнан көптеген жаңалықтар мен өзгерістердің пайда болғанын байқадым және осы жақсыларды ары қарай дамытуға, жетілдіруге көп күш салуға дайынмын! Қызметтес әріптестеріммен бірігіп жұмыс істей отырып, Бағдарлама мақсаты мен міндеттерін жүзеге асыру жолында талай шәкірттің қанатын қатайтып қана қоймай, білім әлемінде еркін самғауына жол аша аламыз деп ойлаймын. Еңбек сіңіріп меңгерген оқытудағы жаңа әдіс-тәсілдерімізді тәжірибе барысында толықтай пайдалану үшін мектептерімізде жаңа заман талабына сай АКТ құралдары жеткілікті болып, ғаламтор желісіне қосылу мүмкіндігі барлық оқу кабинеттерінде қол жетімді болса, талай арман мен мақсаттың орындалады деп ойлаймын.
Жалпы осы аталған бағдарламаның: оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер, сыни тұрғыдан ойлауға үйрету, оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау, оқыту мен оқуда ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалану, талантты және дарынды балаларды оқыту, оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес оқыту және оқу, оқытуды басқару және көшбасшылық модульдерін болашақта да барлық өзімнің сабақтарымда қолданып, белгілі бір нәтижеге қол жеткізуге тырысамын. Бұл модульдердің сабақтарда тигізетін пайдалары өте көп. Сабақтарымыз үнемі мазмұнды, нәтижелі, мағыналы, жан-жақты, оқушыларға қызықты болсын деп тілеймін.

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген