400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Рефлексивтік есеп; "Оқыту мен оқуда АКТ ны пайдалану

Материал туралы қысқаша түсінік
Оқытудың жаңа технологияларын қолдана отырып, оқушылардың сын тұрғысынан ойлау қабілетін дамыту Қазақстандағы білім беруді дамыту үшін маңызды болып табылатын қазіргі ең басты педагогикалық түсінік деп білдім Сапалы білім беріп, ой-тұлғасы бар,адамгершілігі мол,қабілетті ұрпақ тәрбиелеу, әрбір мұғалімнің алдындағы негізгі міндеті деп ойлаймын
Материалдың қысқаша нұсқасы

Абишова Сайрагул Толепбергеновна «Тәжірибедегі рефлексия»жалпы

«Сам орта мектебі» КММ білім беретін мектеп

Бейнеу селосы педагогтарының кәсіби даму бағдарламасы

Оқыту мен оқуда өзгеріс енгізілгенін және ол басқарылғанын растайтын тізбектелген сабақтар топтамасы өткізілгені туралы рефлексивтік есеп.

Мен «Тәжірибедегі рефлексия» жалпы білім беретін педагог қызметкерлерінің кәсіби даму бағдарламамен танысуға ішкі уәжбен оқуға келдім. Бұл курстағы оқытудың әдіс-тәсілдері бұрынғы оқыған курстарыма қарағанда мүлдем өзгеше.

Курстағы жұмыстарға балаша қызыға қатыстым.Бізді оқытқан ағай әр түрлі әдіс-тәсілдермен өткізген сабақтары менің қызығушылығымды арттыра түсті.Оқу мен оқытудағы жаңа тәсілдерді меңгерген сайын дәстүрлі сабақты өзгертіп, сындарлы оқыту теориясы бойынша үйренген оқытудағы жаңа тәсілдерді тәжірибемде анықтауға тырыстым. Осы мақсатта өзімнің сабақ беретін 11 қыз,10ер баланы құрайтын Д «А» сыныбымда сабақтардан екі ашық зерттеу сабағын өтуді жоспарладым.Тізбектелген екі сабағыма орта мерзімді,қысқа мерзімді жоспар жасадым.Сабақтарыма қысқа мерзімді жоспарлау барысында,оқушылардың ойлау қабілетін дамыту үшін қандай жұмыс түрін пайдаланатынымды ойластырдым және 7 модульді кіріктіруге негіздедім. Бұрынғы сабақтарымда да топқа біріктіріп өтетін едім, енді топқа бөлудеде өзгешелік бар екенін байқадым. Ол мұғалімнің шеберлігіне байланысты.Әр сабақта тақырыпқа сай үйлестіріп бөлуге де болатынына көз жеткіздім.





Абишова Сайрагул Толепбергеновна «Тәжірибедегі рефлексия»жалпы

«Сам орта мектебі» КММ білім беретін мектеп

Бейнеу селосы педагогтарының кәсіби даму бағдарламасы


Балалардың сабаққа деген қызығушылығын анықтадым.Оқушылардың барлығы сұрақтарға толық жауап беріп отырды. Менде ашық сабағымның біріншісін құрылымдауда толғаныс жүрді, себебі қалай жоспарласам қызықты,қандай әдіс-тәсілді пайдалансам оқушыларыма түсінікті болады,уақыт жеткізе аламынба деген сұрақтар мазалады.Мұғалімдердің көпшілігі, өздерінің білімдері мен кәсіби дайындықтарына сәйкес, өздерінің жұмыстары туралы толғаныста болатыны шындық.Сыныптағы оқу үдерісінің тиімділігін анықтайтын негізгі факторлар:

1.Балалар қалай оқиды;

2.Нені оқыту керек;

3.Оқыту реттілігін қалай құрылымдау керек;

4.Табысты бола білгендігіңізді қалай бағалау керек .

Мен сабаққа жоспар құрмас бұрын өзіме үлкен мақсат қойдым:ол-осы Бағдарламадан алған білімімді,үйренген әдіс-тәсілдерді оқу үдерісінде тиімді пайдалану және оқушылардың өздігінен білім алып ізденушілік қабілеттерін дамытып,қызығушылықты арттыру. Оқушы оқу үдерісіне белсенді қатысқанда ғана материалды терең меңгеруге қол жеткізетінін түсіндім.

Сыныпқа кіріп,сәлемдесіп,түгелдеген соң оқушыларымның көптігіне байланысты тақырыпқа сай табиғаттағы құбылыстар суретін үлестіру арқылы үш топқа бөліп алдым. «Ауа» «Жер» «Су» « болып бөлінді.

Топта тұрып шаттық шеңбер жасаттым,мақсатым сыныпта оқушылардың ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру.Выготский кіші жастағы балаларды когнитивті даму әрекеттері әлеуметтік қарым-қатынас үдерісінде,яғни қабілетті оқушылармен араласу және мәдениет,қоршаған ортамен өзара қарым-қатынас жасау арқылы қалыптасатын субьект ретінде суреттейді.Оқушылар бір-біріне алақандарын тигізіп,төрт қатардағы өлең шумағын оқып жылу сыйлады.Сабақтың басында оқушылардан өткен сабақта не өткендігін сұраудан бастадым.«Бұрқасын сұрақтар» әдісі бойынша оқушылардан жаңа тақырыпты ашу мақсатында «Ауа мен су неден ластанады?» деген сұрақ қоюдан бастадым. Оқушылар өз жауаптарын айтып жатты. Соң видеоролик көрсеттім.Солай жаңа тақырыпты ашып алдым.




Абишова Сайрагул Толепбергеновна «Тәжірибедегі рефлексия»жалпы

«Сам орта мектебі» КММ білім беретін мектеп

Бейнеу селосы педагогтарының кәсіби даму бағдарламасы



Сабаққа рефлексия жасалды. «Бағдаршам» әдісін қолдандым.





Оқытудың жаңа технологияларын қолдана отырып, оқушылардың сын тұрғысынан ойлау қабілетін дамыту Қазақстандағы білім беруді дамыту үшін маңызды болып табылатын қазіргі ең басты педагогикалық түсінік деп білдім Сапалы білім беріп, ой-тұлғасы бар,адамгершілігі мол,қабілетті ұрпақ тәрбиелеу, әрбір мұғалімнің алдындағы негізгі міндеті деп ойлаймын.Зерттеу тәжірибем барысында бұрын оқушы тек тыңдаушы болса,енді ізденуші,өз ойын дәлелдеуші,ал мұғалім бағыттаушы, ұйымдастырушы екенін ұқтым.Бағдарламаның 7 модулінің оқыту мен оқу үдерісінде тиімділігіне көзім жетті. Сабақ барысында орын алған қателіктерді жоюда әліде жаңа тәсілдерді игеруім керектігін өзіме мақсат етіп қойдым.

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
27 мамыр
598
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі