Койшыбаева Баян Кипчаковна «Тәжірибедегі
рефлексия»жалпы
«Сам орта мектебі» КММ білім беретін
мектеп
Бейнеу селосы педагогтарының кәсіби даму
бағдарламасы
Су түбінде жатқан тас, жел толқытса
шығады.
Ой түбінде жатқан сөз, шер толқытса
шығады.
Асанқайғы
Қоғам барған сайын
күрделене түсуде. Жаңа ғасырға сай өзгеше қабілет, қасиетке ие
ұрпақ қалыптасып келеді. Ал осының барлығы тікелей білім - ғылым
саласына байланысты. Сондықтан білім беруді жетілдіру,
ақпараттандыру, білім алушылардың танымдық, шығармашылық қабілетін
арттыру, оқу дағдысын жетілдіру мәселелері көтерілуде. «Маған
айтсаң – ұмытып қаламын, көрсетсең – есімде қалады, өзіме істетсең
– сонда мен түсінемін» деген қытай даналығын басшылыққа ала отырып,
теориялық білімді өзіміздің меңгеруіміз, барлық тәжірибелік
тапсырмаларды тренеріміздің басшылығымен, бағыттауымен орындауымыз
арқылы әрқайсымызда түсінік қалыптасты. Шынында да, біз өзіміз
оқушының ролінде отырып сол оқушыға бағыттай отырып, көздеген
мақсатымызға жетуімізге нұсқау алдық. Теория мен тәжірибені
ұштастыра ең бірінші біз өзімізді-өзіміз реттеп, өзімізге-өзіміз
сеніп, ойлана алатынымызды білдік. Өзін-өзі реттеген, өзіне-өзі
сенген адам алға ұмтылады, алға ұмтылуына мақсат қоя алады. Нақты
мақсат қойып, сол мақсатты көре алған адам нәтижеге
жетеді. Осы орайда ұлы педагог
Ушинскийдің «Бала – балқытылған алтын» деген қанатты сөз
бірден ойға түседі. Балаға қалай бағыт берсең, солай өседі.
Сондықтан баланың бойында жақсы қасиеттердің болуына, олардың
жан- жақты дамуын, рухани бай тұлға қалыптастыра білуіміз
керек. Оқытудағы жаңа тәсілдерді пайдалана отырып, оқушы бойында
өзіне деген сенімділік пен жауапкершіліктерді дамыту болып
табылады.Өзімнің бағдарлама аясында меңгерген білімімді
іс-тәжірибемде қолдануды бастадым. Бірінші өткізген
ұйымдастырылған ашық оқу қызметімнің сабағы математика пәні бойынша
болды.

Койшыбаева Баян Кипчаковна «Тәжірибедегі
рефлексия»жалпы
«Сам орта мектебі» КММ білім беретін
мектеп
Бейнеу селосы педагогтарының кәсіби даму
бағдарламасы
Оқушылардың өзін-өзі
реттеу үшін топтық жұмыстың орны ерекше болды. «Сыныптағы бірлескен
жұмыс оқытылатын пәннің мазмұнын берумен шектеліп қана
қоймайды, ол сонымен қатар, мұғалімнің ынтымақтастық атмосферасында
оқуды қамтамасыз етуіне бағыттайды» деген ойды ескере отырып
оқушылармен сабақты бастамас бұрын, өзара ынтымақтастық
атмосферасын құрып алу керектігіне көзім
жетті.
Тізбектелген сабақтар
топтамасындағы 2- сабағымның тақырыбы
«Мысалдар
шығарамын. Цифрларды бастырып
жазамын» болды. Бұл сабақта да жаңа
әдіс-тәсілдерді қолдандым. Дайындық тобы болғандықтан жеңіл әрі
оңай әдістерді пайдалануға
тырыстым.

Топтық тапсырмалар болды.
Тәрбиеленушілер топтық тапсырмада мысалдар шығарды.Оған кері
мысалдар орындады. Топтар бір-бірін «Бас бармақ» әдісі арқылы
бағалап отырды.Тәрбиеленушілерді ағаштар мен гүлдермен бағалап
отырдым.Кері байланыста топтаған гүлдер мен ағаштарын мектеп
макетіне отырғызды.

Іс-әрекетті зерттеу
барысында жинаған фотосуреттер мен бейнежазбалар, оқушы жұмыстары
сабақты талдауда пайдалы ақпарат берді. Баланың жан дүниесіне
үңіліп, мұғалім әр баланың қабілетіне қарай іс-әрекет жасау
керектігін түсіндім. Білім саласына еніп жатқан
өзгерісті көзбен көрдім, тәжірибе барысында оны бойымнан өткіздім,
өзімді болашақты өзгертуші, соған үлес қосушы азаматша екенімді
түсіндім.
Төрт ай
бойы оқушы рөлінде болып, өзім
білім алған уақыттағы оқыту мен қазіргі білім берудің алшақтап
кеткенін сезіндім. Осы арқылы ұстаздардың не үшін өзгеруі керек
екенін ұғындым. "Бала жасында не көрсе, соны ілетіні" оның
баптауымен байланысты болса, оқушы тәрбиелеуде де мұғалім Шульман
ілімінің кәсіби түсінігіндегі талапқа сай болуы тиіс деп ойлаймын.
Оның үстіне теориялық біліміңді қажетті деңгейде көрсету үшін де
үнемі ізденіс, даму үстінде болу керек. Осы бағытта әріптестеріммен
желілік қоғамдастық арқылы жұмыс жасап, идеяларымызбен бөлісіп,
мәселені шешуде біріге жұмыс жасаймыз деп үміттенемін. Оқу
барысында жинаған тәжірибеме сүйене отырып, алдағы уақытта
оқушылардың жоғары білімге қол жеткізуіне қолайлы орта
қалыптастырып, оның тұрақты болуын қамтамасыз етемін деген ойдамын.
Зерттеуші ғалым Стронг айтқандай мектеп жұмысы мен оқушы жетістігін
дамытуда негізгі тұлға мұғалім екенін ескерсек жас ұрпақтың ертеңі
ұстаздармен байланысты. Ендеше, бізге артылар үміт пен қойылар
міндеттің жеңіл емес екенін
сеземін.
Маңғыстау
облысы
Бейнеу
ауданы
Сам орта
мектебінің
Бастауыш сынып
мұғалімі,
Койшыбаева Баян
Кипчаковна
Жаңартылған
бағдарламаға – жаңа
қадам
Білімнің бастауы, қайнар көзі – мектеп
болса, келешек ұрпақтың алғашқы баспалдағы – бастауыш білім беру
саласы екені баршамызға аян. Осы тұста Мұхтар Шаханов ағамыздың
мына бірсөзі ойға оралады. «Бала жүрегі кішкентай күйсандық. Сол
сандықтың кілтін тапсаң ғана ашылады. Мұғалімнің қолында үнемі сол
кілт жүруі керек» дегендей, бастауыш сынып мұғалімі үнемі , өз
бетімен тұжырым жасауына ықпал етеді. Бүгінгі күні әлемдегі барлық
елдер жоғары сапалы білім жүйесіне ұмтылуда. Өйткені қазіргі
заманда елдің бәсекеге қабілеттілігі экономикасының дамуына қатысты
болса, ал оның дамуы мемлекет азаматтарының білімділігі мен
біліктілігіне байланысты. Сондықтан білім беру жүйесін болашақтың
талабына сәйкес дамыту тиіс. Осы тұрғыда Мемлекетіміздің білім беру
үдерісіне енген жаңартылған білім беру бағдарламасы заман талабына
сай келешек ұрпақтың сұранысын қанағаттандыратын тың бағдарлама
болды. Осыған байланысты ұстаздар алдында оқытудың әдіс-тәсілдерін
үнемі жаңартып отыру және технологияларды меңгеру, оны
тиімді қолдана білу міндеті тұр.Білім беру бағдарламасының негізгі
мақсаты-білім мазмұнының жаңаруымен қатар, критериалды бағалау
жүйесін енгізу және оқытудың әдіс-тәсілдері мен әртүрлі құралдарын
қолданудың тиімділігін арттыруды талап етеді. Бастауыш сынып
пәндеріне арналған оқу бағдарламаларындағы оқу мақсаттары
оқушылардан шынайы проблемаларды анықтап зерттей білуді талап
етеді. Негізінен жаңартылған білім жүйесі құзыреттілікке және
сапаға бағытталған бағдарлама. Жаңартылған білім берудің
маңыздылығы – оқушы тұлғасының үйлесімді қолайлы білім беру ортасын
құра отырып сын тұрғысынан ойлау, зерттеу жұмыстарын жүргізу,
тәжірибе жасау, АҚТ –ны қолдану, коммуникативті қарым-қатынасқа
түсу, жеке, жұппен, топта жұмыс жасай білу, функционалды
сауаттылықты, шығармашылықты қолдана білуді және оны тиімді жүзеге
асыру үшін қажетті тиімді оқыту әдіс-тәсілдерді (бірлескен оқу,
модельдеу , бағалау жүйесі, бағалаудың тиімді стратегиялары).
қамтамасыз етеді. Сол үшін де бұл бағдарламаның негізі «Өмірмен
байланыс» ұғымына құрылған. Ұстаздарға үлкен жауапкершілік
міндеттелді. Оқушылардың бойына ХХІ ғасырда өмірдің барлық
салаларында табысты болу үшін, қажетті дағдыларды дарыту үшін,
мұғалімдер тынымсыз еңбектену керек. Бағдарламаның ерекшелігін
тәнті болғанымызбен әттеген-ай дерлік жағдайлар да кездесіп,
мұғалім жұмысына кедергі келтіріп жатқан кездер де аз емес. Ол
бағдарлама мен оқулықтың сәйкес келмеуі . Бұл ата-анаға да ,оқушыға
да,мұғалімге де аз қиындық болмай тұр.Әрине, жаңа бастаманың
қашанда қиындығы да қызығы да аз болмайды. Бірақ осы үлкен міндетті
абыроймен атқарып, шәкірттерді бәсекеге қабілетті жеке тұлға
дәрежесіне жеткізе білу әр ұстаздың міндеті. Сондықтан заман
талабына сай болып жатқан өзгерістерден қауіптенбей, мақсатқа
сай,нәтиже аламыз деп сенемін.