жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Рефлексия - дүниетаным мен өзін-өзі танудың негізгі тәсілі
Рефлексия – дүниетаным мен өзін-өзі танудың негізгі тәсілі
«Рефлексия» сөзі латынның «артқа қарау» деген ұғымды білдіретінін білеміз. Жалпы рефлексия қадамдары:
Аялдама жасау;
Артқа қарау: түсіну, талдау, бағалау;
Өзгерістер енгізу;
Болашақты жоспарлау.
Рефлексия – дүниетаным мен өзін-өзі танудың негізгі тәсілі, рефлексиялық тұлға қалыптастыру – оқу мен оқытудың негізгі мақсаты. Рефлексия – өзіндік тәжірибе, өзін-өзі тану мен өздігімен үйрену туралы ойлану. Үйренудің мақсат-міндеттерін тұжырымдау, үйрену нәтижелерін сараптап, ой елегінен өткізу мүмкіндіктерін береді. Сонымен рефлексияда адам өзіне мынандай сұрақтар қояды: «Мен кіммін? Қандаймын? Не істеп жатырмын? Осы әрекеттерімнің мақсаты қандай? Мен қалай әрекеттенудемін? Бұл маған не береді? Мен мұны қалай қолданамын? Қалайша өзгертуге болады? Болашақта не істеймін?»
Педагогика саласында рефлексия - іс-әрекеттің өзіндік талдауы және оның нәтижесі. Рефлексия өз қызметінің мақсаттары мен нәтижелеріне сәйкес келмеген жағдайда пайда болатын проблемалық жағдайларды тани білуді, олардың себептеріне талдау жасау мен шешу тәсілдерін қарастыруды қамтиды. Рефлексиялық қабілеттері дамыған маманда оған деген тұрақты қажеттілік сезіліп тұрады. Кез келген істі ол өзіне-өзі сұрақ беруден бастайтындай дәрежеге жетеді. Бұл кәсіп иесінің шығармашылық әрекетке қосылуының құралдарының бірі-одан өзіне қатысты белсенді позицияны таңдауды талап ететін рефлексиялық өзіндік диагностика жасауға мүмкіндік береді. Педагогтің белгілі бір педагогикалық мәселелер туралы барлық ақпаратты жинақтай алуы, оның тиімдісін таңдай білуі, нақты жағдайды шешуге байланысты оған өзіндік қолтаңбамен өзгерістер енгізе білуі, осылайша мәселені шешудің өзіндік жолын таба білуі сыни ойлау нәтижесінде жүзеге асады
Рефлексияның нәтижесі– үйрену. Әрекет рефлексиясы: өз әрекеттеріне баға беру («жасадым-жасамадым», «үлгердім-үлгермедім»), оқу материалын игеру тәсілдері мен құралдарын сараптау, ең тиімді шешімдерді іздестіру. Әрекет рефлексиясын сабақ соңында қолдану әр оқушының белсенділік деңгейін көрсетеді.
Тәсілдері: «Табыс баспалдағы» т.б.
Сенсорлық/ сезімдік рефлексия: көңіл-күй мен эмоциялық бағалауды білдіру («ұнады-ұнамады», «жайлы-жайсыз», «қажет-қажет емес»). Сабақтан кейінгі көңіл-күй мен эмоциялық ахуалды смайликтер, бас бармақты жоғары не төмен көрсету, Күн немесе бұлт суреттерін салу т.б. арқылы көрсету.
Зияткерлік рефлексия: танымдық ұғымдар тұрғысынан сабаққа немесе өз түсінігіне баға беру («білдім-білмедім», «түсіндім-түсінбедім», «оңай болды-қиындық туғызды»)
Ішкі әлем рефлексиясы: рухани мәселелер ауқымында өзін бағалау («өзгердім-өзгермедім», «жақсардым-нашарладым», «мен үшін құнды болды/болмады»).
Құрылым тұрғысынан рефлексияның түрлері:
а) жеке-өзін-өзі бағалаудың қорытындысы бойынша бір оқушымен әңгіме жүргізу; мұнда оқушының өзін-өзі бағалаудың нақты түрде қалыптасу деңгейін анықтау мақсат болады: оқушы өз жұмысын қандай ерекшеліктері үшін және қалай бағаланғандығын айқындайды;
б) топтық-қойылған мақсатты шешу жолында топтық жұмыстың тиімділігі мен оның әр мүшесі әрекеттерінің маңызын нақтылау.
Оқуда қолданылған кез-келген әрекет міндетті түрде кері байланыспен аяқталып отыруы шарт: шәкірттер мен ұстаздарда кері байланыс алу мен берудің мүмкіншілігі болуы керек. Жалпы сабақты қорытындылау (рефлексия) сабақтың 10% үлесін құрайды. Дэвид Колбтың айтуынша дебрифинг – сабақты қорытындылау, кері байланыс алу. Сабақтың осы бөлімінде ұстаз шәкірттердің пікірін сұрайды, ұсыныстарын қабылдайды, өткен сабақты қорытындылайды. Ал Джон Дьюи рефлексиялық ойлауды «Қандай да болмасын бір пікірді не білімнің ықтимал көрінісін олардың негіздерін ескере отырып белсенді түрде, толассыз және мұқият қарастыру, осының салдарынан туындаған қорытындыларды талдау» деп сипаттайды.
Рефлексиялық әрекеттерді меңгерген, осы қағидаларды ұстанып, өз дамуының субъектісіне айналған мұғалім ұстаздық шеберліктің шыңына жетеді деуге болады. Рефлексиялық дағдыларын әр мұғалім өз сабақтарының барысында әрі қарай дамытуы, жетілдіруі тиіс. Оқушы болсын, мұғалім болсын өзіне өзі «Мен кеше қандай едім, бүгін содан асып түсуім керек! Мен кеше қанша біліп едім, бүгін одан да көп үйреніп білуім қажет!» деген мағынадағы сұрақтарды қойғаны жөн. Қателесуден қорықпау керек, қайта сол қателіктерді жіберіп оны жөндеп отыру керек. Қазіргі жаңа әдістерді енгізуде, жаңа оқыту бағдарламасымен жұмыс жасағанда маңызды сипатқа ие болып отыр. Интербелсенді оқудағы машықтардың бірі де жеке рефлексиялық қабілеттерді дамыту болып табылады. Мұғалім кері байланысты дамыту арқылы шеберлікке жете алады. Өткізген әр сабағын сыни талдау, кері шегініп, ненің дұрыс болғанын ой елегінен өткізу өзінің тәжірибесін жетілдіру үшін, көздеген мақсатына жету үшін аса маңызды. Қанша адам болса, сонша пікір бар, сайып келгенде «Сіздер алдыңғы айтылған пікірмен келісесіңдер ме? Ол пікірге қандай өзгеріс енгізер едіңіздер? Ол пікірдің оң және теріс жақтары қандай деп ойлайсыңдар?» деген сұрақтар қойған дұрыс. Сырт пікір адамға өзінің қайда және қандай екенін білуге көмектеседі, болашақ әрекеттерді түзеуге, оларды жоспарлауға мүмкіндік береді. Адам басқаның пікірлері арқасында рефлексиясын тереңдете түседі. Сол себепті кері байланыс – келесі әрекеттерді ынталандыруға бағытталған рефлексияның ақпараттық негізі.
Сабақ барысында кері байланыс немесе рефлексия сыни ойлаумен тығыз байланысты, өйткені дайын жауап жоқ, іздену қажет, жобалау мен жоспарлау керек, болжам жасау керек және жаңалық ашу керек. Оқушыларды әр сабақта рефлексия жасау арқылы, сыни ойлануға үйретудің маңызы зор, яғни рефлексияның оқу процесінде алатын орны ерекше.
Педагог рефлексияға өзінің қабілеттілігін дамыту үшін мыналарды ескеру керек:
- басты қағидаларға, қиын жағдайларға, мүлтіксіз шешімдерден кейін өзінің әрекетін талдауға қайта оралу;
- әр жұмыс күнінің біткен уақытысында талдау жасау; өткен жұмыс күнінің барысына сыртқы бақылаушы ретінде баға беру;
- басқа адамдар туралы өзінің көзқарасын, баға беруін тексеріп отыру; қарым-қатынасты жоғарылату;
- қарым-қатынастары, көзқарасы басқалардан өзгеше, яғни қарым-қатынасы қиын адамдармен қарым-қатынас орнату;
- нақты жағдаятта өзінің әрекетіне талдау жасай білу.
Рефлексиялық әрекеттерді меңгерген, аталған қағидаттарды ұстанып, өз дамуының субъектісіне айналған мұғалім ұстаздық шеберліктің шыңына жетеді деуге болады.
Өз тәжірибемде сабақ соңында оқушылардың жеткен жетістіктері мен кемшіліктерін талдап, рефлексия жаздырып отырдым. Білімі жоғары оқушылар топтық жұмыста үндемейтін оқушылардың сабаққа жақсы қатысып отырғанын жазған, демек топтық жұмыс ұнаған. Содан соң жоспарыма топтық жұмысты көбірек енгіздім және кемшіліктерімді ойға түйіп, алдағы жоспарларыма өзгерістер енгіздім.
Байекеева Рысгул Биргалиевна

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген