400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

рефлексия отчеть 2000 сөзге

Материал туралы қысқаша түсінік
Ұстаздарға керек тәжербие алмасу үшін.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Бастауыш сынып мұғалімі: Қондыбаева Айжамал Нұрланқызы



Елімізде болып жатқан әлеуметтік-экономикалық түрлендірулер адамзаттың барлық салаларына елеулі өзертулер енгізді. Әсіресе бұл білім саласына айтарлықтай ықпал етті. Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдаған жолдауында білім мәселесіне нақты тоқталып, алдымызға міндеттер қойды. Дамыған мемлекеттердің қатарынан көрінуіміз үшін біз сауаттылығы жоғары мамандар дайындаумыз керектігін айтты.

Еліміздің білім беру жүйесіндегі даму іс-әрекеті — білім мазмұны мен сапасын арттыру, білім беруде жаңаша педагогикалық көзқарас қалыптастыру секілді кешенді шараларға байланысты. Қолдауды қажет ететін бүгінгі күннің білімінің орнына елімізді алға тартатын, жастарымызды дұрыс жолға бағыттайтын инновациялық білім керек. Сол себептен де, Назарбаев Зияткерлік мектебі мен Кембридж университетінің білім факультеті арасындағы бірлесіп жасаған үш айлық бағдарламаның маңызы зор. Бұл бағдарламадан біз оқушылардың өз бетінше оқып, үйреніп, нәтижесінде өз пікірін еркін жеткізе алатын, дамыған, ынталы, білімге құштарлы, мақсат қоя білетін тұлғаның қалыптасқанын күтеміз.ҚазАқпарат - Назарбаев Зияткерлік мектебі Кембридж университетімен бірге жаңа білім бағдарламасын жасап шығарды.  Бұл туралы бүгін мектеп қабырғасында өткен баспасөз мәслихатында «Назарбаев Зияткерлік мектебі» дербес білім беру ұйымының басқарма төрағасы Күләш Шәмшидинова мәлім етті. «Біз Қазақстан стандарттарын зерттедік, сондай-ақ TIMSS және PISA халықаралық зерттеулері бойынша үлкен жетістіктерге жеткен, экономикасы дамыған мемлекеттердің тәжірибесін зерделедік. Бірақ білім жүйесінде қолданылып жүрген тәжірибені зерттеу аздық етеді. Біз уақыт талабын түсініп, әлемде не болып жатқандығын да ескеруіміз шарт. Себебі 20 жылдан кейін біз еңбек нарығының қай бағытқа қарай өзгеретінін, қандай мамандықтар сұранысқа ерекше ие болатынын, келесі буын өкілдерінің алдында нендей мәселелер туындайтынын ойлауымыз керек. Осы мақсатта халықаралық конференциялардың материалдарын ескере отырып, әлемнің барлық тәжірибесін тоғыстырып, біз Кембридж университетімен бірге жаңа білім бағдарламасын жасадық», - деді К.Шәмшидинова.    Ұйым басшысы хабарлағанындай, әлемде және Қазақстанда бар ең озық бағдарламаларды енгізіп, оның апробациясын өткізетін Назарбаев Зияткерлік мектебі болады. Кейін бұл тәжірибе Елбасы Н.Назарбаевтың тапсырмасы бойынша, еліміздің өзге мектептеріне де таратылатын болады. «Біздің түпкі мақсатымыз жобаны шетелдің үздік университтерінен білім беру бағдарламаларын көшіру болған жоқ. Біз отандық мамандардың әлеуетін қолданып, өзімізге сай бағдарламаны жасап шығаруға тырыстық», - деді мектеп басшысы. Қазіргі таңда аталған жоба Кембридж университетінің Халықаралық Емтихан Кеңесімен бірлесіп, жүзеге асырылып жатыр. 2012 жылы оқушылардың функционалдық сауатын қалыптастыруға бағытталған барлық пәндер бойынша 60 оқу жоспары және 40 кіріктірілген білім беру бағдарламаларын енгізу жұмыстары басталған. 2013 жылы кіріктірілген бағдарламалар жетілдіріліп, 90-нан астам жаңа оқу жоспарын әзірлеу көзделуде. Атап айтар басты жайт, бастауыш мектепте жаңа пәндер енгізілген, ал негізгі мектепте «Физика» және «Химия» пәндерін меңгеру Сондай-ақ жоғары мектепте игерілетін пәндердің саны азайып, нақты жоғары оқу орындарына түсуге бағытталған дайындықтар жүргізіледі.Оқытудың маңызды факторы мұғалімнің оқушының тақырыптың мәнін өз бетімен меңгеруін түсінуі мен бағалай алуы болып табылады.Мұндай тәсіл бұл үдеріске оқушының өзінің де қатысуын талап етеді.

Кембридж университеті" мен "Назарбаев зияткерлік мектебінің" бірлесе отырып жасаған бағдарламасы негізінде мұғалімдердің біліктілігін арттыру мақсатында жүргізген жаңаша әдіс-тәсілдер бойынша жаңа жобаны меңгередім деп ойлаймын. Бұл жобаның жаңа әдіс-тәсілі жетістікке жетелейтін жеті модуль болып отыр.

Осылайша, оқушы да өзінің оқуы үшін жауапты болады. Оқушы мұндай жауапкершілікті көбіне сабақ беру барысында мұғалім қалыптастыратын ортада сезініп қабылдайды. Ендеше ХХІ –ғасыр мұғалімі өз біліктілігін арттыра отырып , заман талабына сай өзгеруі керек деп ойлаймын.

Осы курс бағдарламасын оқи отырып, күтілетін нәтижеге оқушылардың топпен бірлесе отырып, бірнеше тапсырмаларды орындайтындарын байқадым. Сабақ барысында жабық сұрақтармен шектеліп отыр

Бізде «Бастауыш саты-бұл оқушы тұлғасы мен санасының қарқынды дамитын құнды, қайталанбайтын кезеңі. Сондықтан бастауыш мектеп-оқушыны тұлға етіп қалыптастырудың алғашқы баспалдағы» деген ұғым қалыптасқан . Ал АҚШ-тағы адамның әлеуметінің даму мүмкіндіктерін зерттейтін институтының директоры Глен Доуман жапондық инженер «Сони» фирмасының негізін қалаушы Масару Ибуконың «Үш жастан кейін бәрі кеш» деген кітабына жазған алғы сөзінде «бес жасқа дейін балалардың ми клеткаларының 70-80пайызы дамып жетіледі » дейді. Осыған ғалымдарымыздың бес жасқа дейінгілерде 90 пайыз таным қалыптасады

деген дәлелдер сәйкес келеді.Олай болса бастауыш сыныпқа танымы ,ойлауы,

шығармашылық қабілеттері кешеуілдеп немесе жетілген балалардың келуі

заңдылық. Өйткені қазіргі кезеңде 5жасқа дейінгі балалардың көбі үйінде, ата-аналарының, ата-әжелерінің қолында тәрбиеленетіні рас. Сондықтан бала қа-

білеттерінің дамып,жетілуі сол адамдардың тәрбиелік іс-әрекетіне байланысты.

Бәріміздің арнамыз-баламыздың жақсы азамат болып, досарымен, болашақ әріптестерімен тіл табысып, бақытты ғұмыр кешкені. Сондықтан да мектептің міндеті-балаға жалаң білім беру ған емес, оны өмір сүруге бейімдеу. Ал бұған қалай қол жеткізуге болады?

Ойынсыз, ойыннан тыс балалық шақ негізгі дамудан; шығармашылықтан, әлемді тануға деген белсенділіктен айыру деген сөз. Сондықтан бастауыш сыныпта мұғалім үшін негізгі әдіс-тәсіл ойынға бағытталуы тиіс.Бірақ бала сезімталдығы өте жоғары болып келетіндіктен, мұғалімнің шығармашылығы бұл жерде, ойынды тәрбиеге ұластыру, оқушының құштарлығын, ынталығын өршіте отырып, қабілеттерін дамытуға бағыттай алуынан көрінеді.

Жалпы бала үшін білімді терең игерудің, сезінудің мынандай кезеңдері бар:

  • Оқи алу;

  • Жауап бере алу;

  • Оқып, түсініп, жауап бере алу;

  • Оқып, түсініп, жауап беріп, дүниетанымын кеңейте алу

Бұл ойынның мақсаты:

  • Оқуға үйрету

  • Қарым-қатынас жасауға үйрету

  • Оқуға деген қызығушылығын дамыту

Ол үшін мен жаңа материал негізінде мәтін дайындаймын. Оқушыларды қызықаыру үшін мәтін суреттермен болғаны дұрыс Ал мәтіндерді кейде бір қатар тақырып бойынша алуға болады. Бірақ мәтінді дайындауда оқушыға қажетті білімді кеңейткені және әртүрлі ақпараттарды байланыстырғаны жөн.

  1. Әр оқушы бір-бір мәтіннен алып оқиды.Бұл кезде мұғалім оқушылардың сұрақтарына жауап (нақты емес, бағыт-бағдарға негізделген ) беріп, бағыттау жұмыстарымен айналысады

  2. Оқушы мәтінді оқып түсінген соң, серіктес оқушы тауып оған оқиды. Түсіндіреді. Ал серіктес оқушы сұрақтар беруіне болады.

  3. Одан кейін серіктес оқушы өз мәтінін оқиды. Түсіндіреді

  4. Соңында екеуі мәтінін алмастырып, басқа әңгімелесуші іздеуге кіріседі. Солай бір-бірін оқыту жалғасады.

Егер мәтін қызықты, көрнекілігі жоғары болса, оқушы зор қызығушылықпен жұмыс жасайды. Әркім көп мәлімет алуға тырысады. Ал оқушылардың қызығушылығын мұғалім «балалар кім 15-20 минутта көп мәтінді игере алса, сол озады» деген шарт қойса, белсенділік арта түседі.

Курстың бірінші «бетпе-бет» кезеңіндегі алған теориялық білімімді жүзеге асыру мақсатында екінші кезең мектептегі тәжірибеде алға қойған мақсатым: оқушыларға қалай оқу керектігін үйрете отырып, сабағыма жаңа әдіс-тісілдерді қолдану арқылы жетістікке жетелейтін сабақтар ұйымдастырып, табысты оқуға қол жеткізетін құзіретті мұғалім болу. Мектептегі тәжірибе кезінде ең алғашқы өзгеріс енгізген іс-әрекетім - тізбектелген сабақтар топтамасын өткізуде жеті модуль аясындағы жаңа әдіс-тәсілдерді енгізе отырып сабақ жоспарын қысқа мерзімді сабақ жоспарына алмастыру.

Осы бағдарлама барысында оқушы өзі бағалап, өз бағасына сыни тұрғыдан көзқарастарын қалыптастыра бастады. Мектептегі іс-тәжірибе өту кезінде әр сабақ соңында оқушылармен кері байланыс жасалынып отырды. Ондағы мақсат оқушылардың сабақтан алған білімдерін өздерінің бағалай алулары және тапсырманы қаншалықты түсінулері еді. Оқушылардың кері байланысын тыңдай отырып, келесі сабаққа сол кері байланысқа жауап әзірлейсің, түсініксіз болған тақырыпты, терең ашыла алмаған тапсырманы өздерімен бірлесе сұрақ-жауап әдісін қолдана отырып, қайталап түсіндіре отырып бекітемін.

Менің жеті модуль бағдарламасынан үйренген жаңа тәсілдерді практикада қолдану мақсатында өзім жетекшілік етіп жүрген 0«ә» сыныбында сабақтар өткіздім. Нені өзгерткім келді? Тәжирибе барысында оқушыларды ынтымақтаса оқу әрекетін ұйымдастыруға жетеледім, сөз қорларының жақсаруына, бір біріне деген көзқарастың өзгергендігін байқағым келді. Менің осы уақытқа дейін мазалап жүрген ой - үлгерімі төмен оқушының сабақ үлгерімі еді. Осы уақытқа дейін ол оқушымен жеке жұмыс атқарған едім. Енді ол оқушымен топпен жұмыс жасау арқылы, тапсырмаларды бірлесе атқару кезінде ол оқушым да өзінің жауапкершілігін танытып топқа тартылды. Яғни, оқушыда өзіндік реттелу болды.

Менің іс-тәжірибемде сауат ашу пәнінен сабақ беру кезінде сабақтың өту барысын қалай басқардым десем, мен әр сабағымда бағалау әдісін негізге алдым. Әр күтілетін нәтижеге жету мақсатында жұмыс атқардым. Топпе жұмыс жасадым Picture 11 Picture 13 .

Бастауыш сынып оқушыларының қызыға да, қуана әр тапсырманы орындаулары. Олар әр сабақ сайын бір қызықтай өзгерісті күтіп отыратын сияқты .Сондықтан келесі сабаққа ізденіп тағы да қандай қызықты да тартымды тапсырма берсем екен деп ойлайтынмын. Менің алғашқыда сәтсіз болған өзгерістерім, ол оқушылардың ұяңдықтары және тіл байлықтарының жоқтығы. Осы кедергілер арқылы біраз оқушым ашылып сабаққа тартылып кеткен жоқ, тіптен үлгерімі төмен, аса ашылып сұраққа жауап бере қоймайтын оқушылардың тартылулары біраз кедергі болды. Топпен бөліну кезінде әр қайсысы өз досымен отырғысы келген, сондай-ақ сынып белсенділері бөлініп отырмақ болған, тәжірибе соңына қарай бірте-бірте бірлесіп отырып топпен ынтымақпен тапсырмаларды орындап кетті. Сонымен қатар диалогтық оқыту кезінде ақпараттық-коммуникациялық технологияны да кеңінен қолдандым. Әрбір тапсырмаларды, тренингтерді АКТ- ны қолдану арқылы интербелсенді тақта арқылы көрсетіп отырдым.

Мысалы: сабақты бекіту мақсатында сөзжұмбақты көрсетіп, топта шешкіздім. Шешу барысында оқушылар өз жауаптарын айтып, 1 оқушы 2-ші сұрақтың жауабы футбол болады десе, 2ші оқушы жоқ ол бейсбол ғой деген оқушылар арасында пікірталас туды.

Диалогтік оқытуды алдағы өтетін сабақтарымда қолданамын. Себебі, дилогтік оқытудың оқу сапасы үшін де, оқушының ойлау қабілетін, сөздік қорын, өз ойын еркін жеткізе білуге көп септігі тиетініне көзім жетті. Сұрақ -жауап әдісі арқылы оқушылардың ойлау және сөйлеу қабілеттері шыңдалып, жүйелі, нақты жауап беруге дағдыланады. Бұл әдістерді мен өз тәжірибемде оқушылардың сабақ өту барысында сұрақ - жауап әдісі арқылы, флипчартқа жобаларын түсіріп, көшбасшылық жасауында, тұйық оқушылардың ашылуында, өз ойларын топ ішінде еркін жеткізіп айту барысында көрдім. Оқушыларымның осындай жетістіктерге жетуі, бағдарламаның жеті модулін жетік меңгеріп, білімім мен біліктілігімді шыңдауым. Осы жерде айта кететін болсам, мұғалім мен оқушының бірлесе отырып жұмыс жасауы мен мұғалімнің дұрыс бағыт - бағдар беруінде.

Осылардың барлығын айта келе диалогтік оқытуда дұрыс бағыт беріп, реттеп, сыныпты қадағалап көшбасшылық жасайтын мұғалім екені айдан анық дегім келеді.













Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
24 қазан
665
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі