15 890₸ үнемдейсіз
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Рефлексиялық есеп
Сайфунова Гүлбағда Мансурқызы Мұғалім портфолиясы
І топ 3- деңгей
Ж.Нұрлыбаев атындағы ЖОМ 22. 04. 2017 жыл
|
Мұғалімнің жазбасы |
Тренердің жазбасы |
|
Оқыту мен оқуда өзгеріс енгізілгенін және ол басқарылғанын растайтын Тізбектелген сабақтар топтамасы өткізілгені туралы рефлексиялық есеп Бүгінгі заман ағымы болашақ ұрпақтың ой-өрістің шыңдалуын, жеке тұлға ретінде қалыптасуын талап етуде. Осыған орай «Тиімді оқыту мен оқу» бағдарламасынан күтілетін нәтиже еркін, жүйелі дамыған, ынталы, сандық технологияларды меңгерген оқушы қалыптастыруды қамтиды. «Мектеп жұмысы мен оқушы жетістіктерін өрістетудегі негізгі тұлға - мұғалім» (Стронг ) 2011, МАН 4- бет)- деп атап көрсеткендей егеменді еліміз ұстаздар қауымының алдына жан-жақты дамыған тұлға қалыптастыруда жаңа міндеттер қойып отыр. Оқытудың сындарлы теориясы оқушыға нақты білім беруді мақсат тұтқан мұғалімнің өз сабақтарын оқушының идеясы мен білім-біліктілігін дамытуға ықпал ететін міндеттерге сай ұйымдастыруын талап етеді( МАН 4-бет). Мен мұғалімге арналған нұсқаулықты оқи отырып, өзім мынадай ой түйдім. Мұғалім жаңа идеяны түсіну үшін, өзі осы идеяны қабылдауға дайын болуы керек. Мен алғашында осы оқыту тәсілдерін көз алдыма елестететінмін. Маған бүкіл сабақтағы іс-қимыл, әрекеттер қызық көрінетін, өйткені ойын элементтері арқылы мазмұнын игеру оңай емес. Тиімділік және сапа мұғалім жұмысының нәтижесін көрсетеді. Оқытудағы сындарлы тәсіл оқушының өзі оқуы жауапты болуын көздейді.Қолайлы орта қалыптастыру үшін мұғалімде Шульманның үш көмекшісі болуы керек.. Балалар өзіндік зерттеулері мен әлеуметтік өзара байланыстық негізінде өз түсініктерін құратын белсенді білім алушылар болып табылады. (МАН,9-бет). Мен осы жеті модульді сабағымда қолданған кездегі сыныптағы көзқарас,оқушылардың көзқарасы мен оқу үдерісі бойынша орын алған өзгерістерге тоқталғым келеді. Мен деңгейлік тиімді оқыту мен оқу бағдарламасы бойынша өз зерттеу сабақтарымды 10«А» сыныбына физика пәніндегі мына тақырыптар бойынша өтуді жоспарладым. 1-сабақ:§32 Идеал газ күйінің теңдеуі. Ең алдымен жұмысымды орта мерзімді жоспар, қысқа мерзімді жоспар құрудан бастадым.Менің ойымда сабақты қалай жоспарласам,тиімді және нәтижелі болады? деген сауал болды. Мен тізбектелген сабақ өтуден бұрын сынып оқушыларымен сауалнама жүргіздім, мақсатым олардың пәнге қызығушылығын білу. Ол сауалнамада төмендегі сұрақтар болды:Сізге физика пәні ұнайды ма?, Физика пәнінен мұғалім сізге көмектесе ме? Физика пәнінде қиындыққа тап болдың ба? Физика пәнінен көмекке мұқтажсың ба? Топтың жұмыстары ұнайды ма? Осы сұрақтар бойынша оқушылардың жауаптары мені қанағаттандырды. Оқушылардың көпшілігі физика пәнінің, топтық жұмыстың ұнайтындығын жазған.Оқушының көпшілігі мұғалімнің көмегіне қейде мұқтаж екендігін айтқан.Сауалнамадан кейін менде мынандай мақсат болды:оқушының пәнге қызығушылығын арттыру, топтық жұмысты тиімді ұйымдастыру. Әр сабағымда жаңа әдіс- тәсілдерді қолдана отырып,түрлендіріп өту. 10 А сыныбымдағы алғашқы сабағымды жоспарлағанымда менде толғаныс болды. Дьюидің «Біз қалай ойлаймыз? (1910)деген кітабы рефлексиялық ойды шешілуге тиіс мәселелерді зияткерлендіру тұрғысынан қарастыра отырып, оқытуға ерекше ықпал етті: идеялар мен болжамдарды дамытып, практикалық жағдаяттарды зерттеу және талдауға бастама жасап іске асыру; болжамды тәжірибеде сынап көру » (МАН 48-бет). Осы « іс барысындағы толғаныс» сабақ кезіндегі кейбір эмоциялар мен жауаптарды ескере отырып , жағдайға сай өзгеруге көмектесетінін білдім, « Іс әрекеттен кейінгі толғаныс» топта не болып жатқанын зерттеуге мүмкіндік береді екен. Баланы сын тұрғысымен ойлату үшін мұғалім өзі сын тұрғысымен ойлау керек. Мен сабағымды ынтымақтастық атмосферасын құрудан бастадым. Мақсатым оқыту ортасын құру. Мұғалімдер, өз кезегінде өзінін сабақ беруіне байланысты емес, оқушылардың оқу ептілігін дамытуға назар аударуы тиіс. Осы мақсатта мұғалім оқыту ортасын құру керек, сонын арқасында оқушылар ақпаратты енжар қабылдамай, оқу үдерісіне белсенді қатысатын болады. (МАН 29- бет). Үй тапсырмасын сұрауда сұрақ- жауапты қолдандым. Мақсатым үй тапсырмасын сұрау. Изопроцестер дегеніміз не? Бұл сұраққа менің А деңгейлі оқушым жауап берді. Ол, термодинамикалық жүйе күйінің өзгеру процесі. Мысалы, V, T, P- бір параметр тұрақты болды. Осы жауаптан мен сұрақ-жауап, яғни диалог орнаттым. Мерсер мен Литлтон (2007) өз еңбектерінде диалог сабақта оқушылардың қызығушылығын арттырумен қатар, олардың білім деңгейінің өсуіне үлес қосқандығын атап көрсетеді. (MAH 39-бет). Топтық жұмыс изопроцестер графигін табу, мақсатым үй тапсырмасын пысықтау. Осы кезеңде әр топта құрдастар тобындағы өзара қарым- қатынас көрініс тапты. Мерсер (2005) құрдастар тобындағы өзара қарым- қатынас оқуда маңызды рөл атқаратынын көрсетті (МАН-25бет). Сабақтың тақырыбын ашу мақсатында адасқан әріптер жаттығуын қолдандым. Жаңа сабақты ДЖИГСО әдісі арқылы меңгерттім, мақсатым тақырыпты меңгерту арқылы білімдерін жетілдіру. Оқушылар өз тапсырмаларын оқыды, талқылады және постер жасап қорғады. Топта бірін-бірі оқытты, оқу пирамидасындағы өзгелерді оқыту 90%,талқылау 50% орындалды. Оқушылар тиісті ақпарат жинады, дәлелдемелерге сын тұрғысынан талдау жасады және қорытындылады. Постер қорғауда диалог жүзеге асты, оқушы өз ойын анық мысалмен жеткізді. Мысалы, 3-топтағы С. есімді қыз пневматикалық құралдарды түсіндіргенде, өмірмен байланыстыра бірнеше мысал келтірді. Мен оқушыны сын тұрғысынан ойлату мақсатында: Біздің өмірімізде ауаның қысым күші арқылы әрекет ететін қандай денені білеміз? деп сұрақ қойғанымда, ол оқушы доп деп жауап берді. 2- топтағы А. есімді оқушым постер қорғауда ең жақсы түсініктемені табуға ұмтылды. Мен оған Күй теңдеуінің мәні неде деген сұраққа P, V, T- параметрлерінің қатынасының тұрақтылығында деп жауап берді. Сабақтың осы кезеңінде М. есімді қыз өзінің мінез- құлқын танытты, мен тоқтатылу қажет мінез-құлықты елемедім. Сабақты толық меңгерту мақсатында Г есімді қыз бала тақтаға есеп шығарды. Бұл жерде оқушыға ЖАДА аясында қолдау көрсеттім. Оқушы физикалық шаманы жүйеге келтіруден қателесті.Сауалнамада көрсеткендей, оқушы мұғалім көмегіне мұқтаж болды, демек Мұғалім-оқушы көпіршесі орнады. Мерсер мен Фишер (1993) ЖАДА-ның тапсырманы орындау жауапкершілігін білім алушыға жүктеу қасиетін көпіршелердің басты мақсаты деп қарайды.(МАН 25-бет). Сабақты пысықтау мақсатында түртпе, сынақтан өткізу және басқаға бағыттау сұрақтарын қойдым. Шина қайда орнатылады? деген сұраққа М. есімді оқушы автокөліктерде, велосипедте деп жауап берді. Шина зауыты қайда орналасқан? деген сұраққа А есімді оқушы Шымкентте деп жауап берді. Оларға ойларын жинақтап, тез шоғырлануына мүмкіндік бердім. «Мұғалім оқушылардың жауабын олардың білімдерінің деңгейін тексеру үшін ғана емес, сондай- ақ өз ойларын анық білдіруге, дамытуға және кеңейтуге мүмкіндік беру үшін пайдаланды» (МАН- 42 бет). Сұрақтың тиімді қойылуы, мұғалім мен оқушы диалогы жүзеге асты. Сабақты қорытындылау мақсатында әр топқа сұрақ қойдым. Күй теңдеуін Менделеев Д. И қай жылы тағайындады? 3- топ оқушылары 1874 жыл- деп жауап берді. «Сыныптағы бағалау тек қана техникалық тәсіл емес. Мұғалімдер жазбаша және ауызша түрде баға қою арқылы бағалайды» - делінген. (МАН, 31- бет). Сабақтың соңында кері байланысты смайликтер арқылы алдым. Онда оқушылар сабақтың өте қызықты болғанын, топтық жұмыстың ұнайтынын жазған. Осы сабақтағы менің кедергім бағалау парақшасына ұпай сандарының дұрыс қойылмауында болды. Соның нәтижесінде 3- оқушы «4», қалған оқушылар - «3» деген баға алды. Сабағымды қорытындылай келе, келесі сабағымда топқа дұрыс бөлуді және бағалау критерийлерін түсіндіруден бастаймын деп жоспарладым. Тізбектелген сабақтағы екінші тақырып « Газ заңдары мен Күй теңдеуіне есептер шығару». Бұл сабақты бірнеше кезеңдерге бөліп жоспарладым.Ең алдымен оқушылармен бағалау критерилерін талдадым,сабақта табысқа жету мүмкіндігін түсіндірдім.«Қара жәшік» ішіндегі оқушымен бірге критерийлерді талдау жұмысы өздігінен жүзеге асты. Үй тапсырмасын сұрауда Интервью әдісін қолдандым. Мақсатым білімдерін тексеру және оқушылардың өздігінен реттелуін жүзеге асыру. Өздігінен реттелетін оқудың үш элементі аса маңызды болып табылады :
Интервью әдісінде әр топ мүшелері бір-біріне сұрақ қойды. Бұл кезеңде сыныптағы диалог, «қара жәшік» ішіндегі сұрақтың тиімді қойылуы мен сыныптасын және өзін-өзі бағалау жұмысы орындалды. 2-топтағы А есімді оқушы Газ заңдары дегеніміз не? деген сұраққа ұтымды жауап берді. Газ заңдары дегеніміз үш параметрдің біреуінің мәні тұрақты болғанда,қалған екі параметр арасындағы сандық тәуелділікті айтамыз деп жауап берді.Сыныптасы оның жауабын өте жақсы деп бағалады. Бұл жерде менің тарапымнан ауызша бағалау жүрді. Сабақтың есеп шығару кезеңінде әр топқа №531,532,533 жаттығулары берілді. Мақсатым оқушының заңдарды қаншалықты меңгергенін білу. Мерсердің айтуынша, ұжымдық түсіну мен білім беруге қол жету аясындағы табысты талқылауларда әңгіменің зерттеушілік түрі басымдыққа ие болады. (МАН 41-бет). Әр топта зерттеушілік әңгіме жүзеге асты,нәтижеде бір ортақ шешімге келді. Есеп шығару кезінде әр топтағы А деңгейлі оқушылар көшбасшы бола алды. Сабақтың топтық жұмысы «Сәйкестендіру кестесі» бойынша формуланы табу, мақсатым оқушының білімін тексеру.Тапсырманы орындау барысында оқушылар алдымен топта талқылау,оқу пирамидасының 50% жүргізді. Мұғалім оқушыларда Чиксентмихай (2008) «өзіндік мақсат»деп атайтын және Райан мен Деки (2009) «ішкі уәж» деп атайтын қасиеттердің болуына жағдай жасауға тырысуға тиіс.Басқаша айтқанда,оқушылар өзін-өзі ынталандыра алады .Тапсырманы орындау барысында А деңгейлі оқушыда зерігу және С деңгейлі оқушыда алаңдау болмады,барлығы бір ағында оқу үдерісін жүзеге асырды.М.есімді оқушы топтық тапсырмада Универсаль газ тұрақтысының мәні 8,31 Дж/к деп сәйкестендірді. Әр топ мүмкін 9 ұпайды жинады.Бұл тапсырмада 2-топ оқушылары ұтымдылық танытты. Тест жұмысы жеке жұмыс,мақсатым Газ заңдары және Күй теңдеуі бойынша білімін пысықтау. Фриман( 1998) тексеру парағындағы ең үздік оқушыларды анықтайтын сенімді 8 өлшемде атап көрсеткендей, А есімді оқушы есте сақтау мен білім, икемділік таныта білді. Екінші мәселе:Оқу оқушының бастапқы білімі мен дағдыларын назарға алып, оларды өрістетуді мақсат еткенде мәнді болады. (МАН 32-бет). Әр тапсырманы орындау барысында қадағалау жүрді. Қадағалау арқылы оқушының нені білетінін,қандай тапсырма қиындық тудыратынын анықтадым. Б есімді оқушы Газ заңдарын белгілеуде кедергіге тап болды. Тест жұмысын орындау оқушылардың білімін жинақтау, олардың білімі қай дәрежеде екенін анықтау болып табылады.Сабақ барысында қолданған әдіс-тәсілдер оқушыларды одан әрі қызықтыра түсті. Әсіресе, оқушыларға ұнағаны сәйкестендіру кестесі және ақпараттық-коммуникациялық технологиялармен жұмыс болды. Ақпараттық - коммуникациялық технологияларды енгізген кезде теориялық және тәжірибелік білімдердің біртұтастығы оларды ойланып қолдануды қамтамасыз етеді,ал бұл оқыту және оқу үдерістерін жақсартуға жағдай жасайтын болады.(МАН 71-бет). Сабақты қортындылау мақсатында Тақырыптық түйінді сөздер әдісін қолдандым. Тақырыптық сөздерді жинау үшін оқушы сыни ойлайды. «Жалпы сын тұрғысынан ойлайтын оқушылар белсенді болады,олар сұрақ қойып,дәлелдерді талдайды,мағынаны анықтау үшін саналы түрде стратегиялар қолданады»- делінген (МАН,49-бет). Мұндай оқушылар келешекте ашық болады. Тақырыптық сөздерді көп жинаған топқа сыйлық бердім.Оқушылар менің айтқан мадақтауыма және сыйлығыма риза болғандарын олардың жүздерінен байқадым. Бұл мен үшін үлкен жетістік еді.Бүгінгі сабақтан кері байланысты стикерлер арқылы жазбаша алдым.Оқушылардың жазған кері байланысын оқи келе, сабақтың нәтижелі екеніне көз жеткіздім. Сегізінші ереже:қолайлы оқу үшін адамдарға кері байланыс пен мадақтау қажет, сондықтан бағалау ізгі болуы керек. (МАН,33-бет). Сабақтан соң оқушыларға бүгінгі сабақ ұнады ма? деп сұрақ қойғанымда М есімді оқушым апай бүгінгі сабақ өте қызықты болды деді.Сонымен бірге оқушыларды сабақ барысында еркін ұстауға тырыстым.Еркін сезінген оқушы өз ойын еш қысылмай айта алады.Мысал ретінде сыныптағы А.есімді және С.есімді қыздар өте еркін, ойын ашық айтады.Метатану әдістерін игерген оқушылар оқыту мен оқудың үздіксіз үдерісінің жалпы мүддесінде мұғалімдермен тең әрекеттеседі және ақыр соңында мұғалім функциясын өздері атқарады.(МАН,34-бет). Тізбектелген 3-ші сабақтың тақырыбы «Жылу табиғаты. Ішкі энергия»Мақсатым: 1. Жылу табиғаты туралы білім қалыптастыру. 2. Ішкі энергия ұғымы жайлы түсіну. Егер мұғалім мен оқушының білім игерудегі бастау нүктесі үйлеспейтін болса, онда оқуда табысқа жету күмәнді болады. (МАН, 30- бет). Оқушыларды санау арқылы топқа біріктірдім. Мен бұл сабағымда сыныптан А деңгейлі оқушы үш топқа түсетіндей етіп жоспарладым, себебі олар постер қорғауда топтарына көшбасшылық ете алады. Мерсер (2005) құрдастар тобындағы өзара қарым- қатынас оқуда маңызды рөл атқаратынын көрсеткен. (МАН, 25- бет). Бүгінгі сабақтың үй тапсырмасын сұрауда бұрқасын сұрақтар әдісін қолдандым. Мақсатым оқушылардың алған білімін тексеру. 1. Идеал газ дегеніміз қандай газ?. Бұл сұраққа Г. есімді оқушы жауап берді. Жауап нақты болды. Мен оқушыдан сын тұрғысынан ойлауының ұтымдылық ерекшелігін байқадым. Үй тапсырмасын қорытындылау мақсатында танымдық тапсырма орындаттым. Олар: Идеал, масса, молекула, параметр, температура, изопроцесс, шкала, газ. 1, 2 топ оқушылары өте жылдам орындады. Алтыншы мәселе: Белгілі бір уақыт ішінде жұмыс істеуге арналған материалдың көлемі шектеулі болуы керек. (МАН, 33- бет). Миға шабуыл әдісін қолданамын. Сұрақ қоюдағы мақсатым сабақтың тақырыбын ашу. Сұрақ: Адамзат тіршілігі үшін не қажет? Жауап: Жылу және энергия. Сұрақ қою маңызды дағдылардың бірі болып табылады, себебі сұрақ дұрыс қойылған жағдайда оқытудың тиімді құралына айналады және де оқушылардың оқуына қолдау көрсетіп, оны жақсарта және кеңейте алады. (МАН 42- бет). Мен сұрақ қою арқылы оқушылардың сын тұрғысынан ойлауына ықпал еттім. Таныстырылым көрсеттім. Бұл жерде оқу пирамидасындағы көрсетілім, яғни оқушылардың алған ақпаратты сақтауымен 30% жүзеге асты. Тақырып анықталған соң ДЖИГСО әдісі жүзеге асты. Мақсатым жаңа тақырыпты меңгерту арқылы білімдерін жетілдіру. Оқушылар тапсырманы оқиды, талқылайды және постер қорғайды. Оқушыларға өз тақырыптарына түсінік қалыптастыру үшін уақыт бердім.Топта әңгіме-дебат,кумулятивтік әңгіме жүрді және талқылау нәтижесінде зерттеушілік әңгіме басымдыққа ие болды. Оқушылар ендігі кезекте өз түсініктерін талқылайды. Талқылауда С. есімді оқушы жылу мен энергияның маңыздылығына баса назар аударды. С. есімде оқушының басымдық танытып өз тобында көшбасшылық жасай білгенін мен оның іс-әрекетінен байқадым. Оқу пирамдасының талқылау 50% құрайды, талқылауда топ мүшелері құнды пікірлер айта білді және бірін-бірі үйретті. Мұнда Выготский айтуы бойынша, ЖАДА жұмыс істеді. Сабақты қорытындылауда Сұрақтар шеңберін құрдым. Мақсатым оқушыны сөйлеуге ынталандыру, сын тұрғысынан ойлауға және өз идеяларын дамыту, бүгінгі тақырыпты қай дәрежеде меңгергендігін білу. Сабақты қортындылаудағы сұрақтар шеңберінде оқушылар қойылған сұрақтарға нақты,ұтымды жауап берді. Мысалы Ә. есімді оқушы Ішкі энергия қандай энергия? деген сұраққа Кинетикалық және потенциялық энергия қосындысы деп жауап нақты жауап берді. Мен ол оқушыны ауызша «өте жақсы» деп бағаладым. Кері байланысты бағдаршам арқылы алдым.Мен осы сабақтардан мынандай қорытынды жасадым:1-ден, топтық жұмыс тиімді; 2-ден,оқушыда сабаққа деген қызығушылық артты. Менің өзімде жаңаны меңгеруге деген белсенділік пайда болды. Мен үнемі толғаныста: сабақты қалай жоспарлаймын,қандай әдіс-тәсіл қолданамын деген ой жүрді.Оқу үдерісінің нәтижелі болуы үшін бүгінгі мұғалімге пәндік,педагогикалық және технологиялық білім қажет.Осы үшеуі үйлесім тапқанда мұғалім ,оқушыны бүкіл өміріне жеткілікті біліммен жабдықтайтын кәсіпқой мұғалім бола алады деп қорыттым. |

Оқыту мен оқуда өзгеріс енгізілгенін және ол басқарылғанын растайтын
Тізбектелген сабақтар топтамасы өткізілгені туралы рефлексиялық есеп
Бүгінгі заман ағымы болашақ ұрпақтың ой-өрістің шыңдалуын, жеке тұлға ретінде қалыптасуын талап етуде. Осыған орай «Тиімді оқыту мен оқу» бағдарламасынан күтілетін нәтиже еркін, жүйелі дамыған, ынталы, сандық технологияларды меңгерген оқушы қалыптастыруды қамтиды. «Мектеп жұмысы мен оқушы жетістіктерін өрістетудегі негізгі тұлға - мұғалім» (Стронг ) 2011, МАН 4- бет)- деп атап көрсеткендей егеменді еліміз ұстаздар қауымының алдына жан-жақты дамыған тұлға қалыптастыруда жаңа міндеттер қойып отыр. Оқытудың сындарлы теориясы оқушыға нақты білім беруді мақсат тұтқан мұғалімнің өз сабақтарын оқушының идеясы мен білім-біліктілігін дамытуға ықпал ететін міндеттерге сай ұйымдастыруын талап етеді( МАН 4-бет). Мен мұғалімге арналған нұсқаулықты оқи отырып, өзім мынадай ой түйдім. Мұғалім жаңа идеяны түсіну үшін, өзі осы идеяны қабылдауға дайын болуы керек. Мен алғашында осы оқыту тәсілдерін көз алдыма елестететінмін. Маған бүкіл сабақтағы іс-қимыл, әрекеттер қызық көрінетін, өйткені ойын элементтері арқылы мазмұнын игеру оңай емес. Тиімділік және сапа мұғалім жұмысының нәтижесін көрсетеді. Оқытудағы сындарлы тәсіл оқушының өзі оқуы жауапты болуын көздейді.Қолайлы орта қалыптастыру үшін мұғалімде Шульманның үш көмекшісі болуы керек.. Балалар өзіндік зерттеулері мен әлеуметтік өзара байланыстық негізінде өз түсініктерін құратын белсенді білім алушылар болып табылады. (МАН,9-бет). Мен осы жеті модульді сабағымда қолданған кездегі сыныптағы көзқарас,оқушылардың көзқарасы мен оқу үдерісі бойынша орын алған өзгерістерге тоқталғым келеді. Мен деңгейлік тиімді оқыту мен оқу бағдарламасы бойынша өз зерттеу сабақтарымды 10«А» сыныбына физика пәніндегі мына тақырыптар бойынша өтуді жоспарладым. 1-сабақ:§32 Идеал газ күйінің теңдеуі. Ең алдымен жұмысымды орта мерзімді жоспар, қысқа мерзімді жоспар құрудан бастадым.Менің ойымда сабақты қалай жоспарласам,тиімді және нәтижелі болады? деген сауал болды. Мен тізбектелген сабақ өтуден бұрын сынып оқушыларымен сауалнама жүргіздім, мақсатым олардың пәнге қызығушылығын білу. Ол сауалнамада төмендегі сұрақтар болды:Сізге физика пәні ұнайды ма?, Физика пәнінен мұғалім сізге көмектесе ме? Физика пәнінде қиындыққа тап болдың ба? Физика пәнінен көмекке мұқтажсың ба? Топтың жұмыстары ұнайды ма? Осы сұрақтар бойынша оқушылардың жауаптары мені қанағаттандырды. Оқушылардың көпшілігі физика пәнінің, топтық жұмыстың ұнайтындығын жазған.Оқушының көпшілігі мұғалімнің көмегіне қейде мұқтаж екендігін айтқан.Сауалнамадан кейін менде мынандай мақсат болды:оқушының пәнге қызығушылығын арттыру, топтық жұмысты тиімді ұйымдастыру. Әр сабағымда жаңа әдіс- тәсілдерді қолдана отырып,түрлендіріп өту. 10 А сыныбымдағы алғашқы сабағымды жоспарлағанымда менде толғаныс болды. Дьюидің «Біз қалай ойлаймыз? (1910)деген кітабы рефлексиялық ойды шешілуге тиіс мәселелерді зияткерлендіру тұрғысынан қарастыра отырып, оқытуға ерекше ықпал етті: идеялар мен болжамдарды дамытып, практикалық жағдаяттарды зерттеу және талдауға бастама жасап іске асыру; болжамды тәжірибеде сынап көру » (МАН 48-бет). Осы « іс барысындағы толғаныс» сабақ кезіндегі кейбір эмоциялар мен жауаптарды ескере отырып , жағдайға сай өзгеруге көмектесетінін білдім, « Іс әрекеттен кейінгі толғаныс» топта не болып жатқанын зерттеуге мүмкіндік береді екен. Баланы сын тұрғысымен ойлату үшін мұғалім өзі сын тұрғысымен ойлау керек. Мен сабағымды ынтымақтастық атмосферасын құрудан бастадым. Мақсатым оқыту ортасын құру. Мұғалімдер, өз кезегінде өзінін сабақ беруіне байланысты емес, оқушылардың оқу ептілігін дамытуға назар аударуы тиіс. Осы мақсатта мұғалім оқыту ортасын құру керек, сонын арқасында оқушылар ақпаратты енжар қабылдамай, оқу үдерісіне белсенді қатысатын болады. (МАН 29- бет). Үй тапсырмасын сұрауда сұрақ- жауапты қолдандым. Мақсатым үй тапсырмасын сұрау. Изопроцестер дегеніміз не? Бұл сұраққа менің А деңгейлі оқушым жауап берді. Ол, термодинамикалық жүйе күйінің өзгеру процесі. Мысалы, V, T, P- бір параметр тұрақты болды. Осы жауаптан мен сұрақ-жауап, яғни диалог орнаттым. Мерсер мен Литлтон (2007) өз еңбектерінде диалог сабақта оқушылардың қызығушылығын арттырумен қатар, олардың білім деңгейінің өсуіне үлес қосқандығын атап көрсетеді. (MAH 39-бет). Топтық жұмыс изопроцестер графигін табу, мақсатым үй тапсырмасын пысықтау. Осы кезеңде әр топта құрдастар тобындағы өзара қарым- қатынас көрініс тапты. Мерсер (2005) құрдастар тобындағы өзара қарым- қатынас оқуда маңызды рөл атқаратынын көрсетті (МАН-25бет). Сабақтың тақырыбын ашу мақсатында адасқан әріптер жаттығуын қолдандым. Жаңа сабақты ДЖИГСО әдісі арқылы меңгерттім, мақсатым тақырыпты меңгерту арқылы білімдерін жетілдіру. Оқушылар өз тапсырмаларын оқыды, талқылады және постер жасап қорғады. Топта бірін-бірі оқытты, оқу пирамидасындағы өзгелерді оқыту 90%,талқылау 50% орындалды. Оқушылар тиісті ақпарат жинады, дәлелдемелерге сын тұрғысынан талдау жасады және қорытындылады. Постер қорғауда диалог жүзеге асты, оқушы өз ойын анық мысалмен жеткізді. Мысалы, 3-топтағы С. есімді қыз пневматикалық құралдарды түсіндіргенде, өмірмен байланыстыра бірнеше мысал келтірді. Мен оқушыны сын тұрғысынан ойлату мақсатында: Біздің өмірімізде ауаның қысым күші арқылы әрекет ететін қандай денені білеміз? деп сұрақ қойғанымда, ол оқушы доп деп жауап берді. 2- топтағы А. есімді оқушым постер қорғауда ең жақсы түсініктемені табуға ұмтылды. Мен оған Күй теңдеуінің мәні неде деген сұраққа P, V, T- параметрлерінің қатынасының тұрақтылығында деп жауап берді. Сабақтың осы кезеңінде М. есімді қыз өзінің мінез- құлқын танытты, мен тоқтатылу қажет мінез-құлықты елемедім. Сабақты толық меңгерту мақсатында Г есімді қыз бала тақтаға есеп шығарды. Бұл жерде оқушыға ЖАДА аясында қолдау көрсеттім. Оқушы физикалық шаманы жүйеге келтіруден қателесті.Сауалнамада көрсеткендей, оқушы мұғалім көмегіне мұқтаж болды, демек Мұғалім-оқушы көпіршесі орнады. Мерсер мен Фишер (1993) ЖАДА-ның тапсырманы орындау жауапкершілігін білім алушыға жүктеу қасиетін көпіршелердің басты мақсаты деп қарайды.(МАН 25-бет). Сабақты пысықтау мақсатында түртпе, сынақтан өткізу және басқаға бағыттау сұрақтарын қойдым. Шина қайда орнатылады? деген сұраққа М. есімді оқушы автокөліктерде, велосипедте деп жауап берді. Шина зауыты қайда орналасқан? деген сұраққа А есімді оқушы Шымкентте деп жауап берді. Оларға ойларын жинақтап, тез шоғырлануына мүмкіндік бердім. «Мұғалім оқушылардың жауабын олардың білімдерінің деңгейін тексеру үшін ғана емес, сондай- ақ өз ойларын анық білдіруге, дамытуға және кеңейтуге мүмкіндік беру үшін пайдаланды» (МАН- 42 бет). Сұрақтың тиімді қойылуы, мұғалім мен оқушы диалогы жүзеге асты. Сабақты қорытындылау мақсатында әр топқа сұрақ қойдым. Күй теңдеуін Менделеев Д. И қай жылы тағайындады? 3- топ оқушылары 1874 жыл- деп жауап берді. «Сыныптағы бағалау тек қана техникалық тәсіл емес. Мұғалімдер жазбаша және ауызша түрде баға қою арқылы бағалайды» - делінген. (МАН, 31- бет). Сабақтың соңында кері байланысты смайликтер арқылы алдым. Онда оқушылар сабақтың өте қызықты болғанын, топтық жұмыстың ұнайтынын жазған. Осы сабақтағы менің кедергім бағалау парақшасына ұпай сандарының дұрыс қойылмауында болды. Соның нәтижесінде 3- оқушы «4», қалған оқушылар - «3» деген баға алды. Сабағымды қорытындылай келе, келесі сабағымда топқа дұрыс бөлуді және бағалау критерийлерін түсіндіруден бастаймын деп жоспарладым. Тізбектелген сабақтағы екінші тақырып « Газ заңдары мен Күй теңдеуіне есептер шығару». Бұл сабақты бірнеше кезеңдерге бөліп жоспарладым.Ең алдымен оқушылармен бағалау критерилерін талдадым,сабақта табысқа жету мүмкіндігін түсіндірдім.«Қара жәшік» ішіндегі оқушымен бірге критерийлерді талдау жұмысы өздігінен жүзеге асты. Үй тапсырмасын сұрауда Интервью әдісін қолдандым. Мақсатым білімдерін тексеру және оқушылардың өздігінен реттелуін жүзеге асыру. Өздігінен реттелетін оқудың үш элементі аса маңызды болып табылады :
-
тапсырмамен жұмыс барысында өздігінен бағытталушылығы;
-
оқушының проблемалар мен мақсаттарды өздігінен айқындауы,
-
проблемаларды шешу мен мақсатқа жетуге арналған әдіс-тәсілдерді өздігінен таңдауы.(Перри-2002, МАН 37- бет).
Интервью әдісінде әр топ мүшелері бір-біріне сұрақ қойды. Бұл кезеңде сыныптағы диалог, «қара жәшік» ішіндегі сұрақтың тиімді қойылуы мен сыныптасын және өзін-өзі бағалау жұмысы орындалды. 2-топтағы А есімді оқушы Газ заңдары дегеніміз не? деген сұраққа ұтымды жауап берді. Газ заңдары дегеніміз үш параметрдің біреуінің мәні тұрақты болғанда,қалған екі параметр арасындағы сандық тәуелділікті айтамыз деп жауап берді.Сыныптасы оның жауабын өте жақсы деп бағалады. Бұл жерде менің тарапымнан ауызша бағалау жүрді. Сабақтың есеп шығару кезеңінде әр топқа №531,532,533 жаттығулары берілді. Мақсатым оқушының заңдарды қаншалықты меңгергенін білу. Мерсердің айтуынша, ұжымдық түсіну мен білім беруге қол жету аясындағы табысты талқылауларда әңгіменің зерттеушілік түрі басымдыққа ие болады. (МАН 41-бет). Әр топта зерттеушілік әңгіме жүзеге асты,нәтижеде бір ортақ шешімге келді. Есеп шығару кезінде әр топтағы А деңгейлі оқушылар көшбасшы бола алды. Сабақтың топтық жұмысы «Сәйкестендіру кестесі» бойынша формуланы табу, мақсатым оқушының білімін тексеру.Тапсырманы орындау барысында оқушылар алдымен топта талқылау,оқу пирамидасының 50% жүргізді. Мұғалім оқушыларда Чиксентмихай (2008) «өзіндік мақсат»деп атайтын және Райан мен Деки (2009) «ішкі уәж» деп атайтын қасиеттердің болуына жағдай жасауға тырысуға тиіс.Басқаша айтқанда,оқушылар өзін-өзі ынталандыра алады .Тапсырманы орындау барысында А деңгейлі оқушыда зерігу және С деңгейлі оқушыда алаңдау болмады,барлығы бір ағында оқу үдерісін жүзеге асырды.М.есімді оқушы топтық тапсырмада Универсаль газ тұрақтысының мәні 8,31 Дж/к деп сәйкестендірді. Әр топ мүмкін 9 ұпайды жинады.Бұл тапсырмада 2-топ оқушылары ұтымдылық танытты. Тест жұмысы жеке жұмыс,мақсатым Газ заңдары және Күй теңдеуі бойынша білімін пысықтау. Фриман( 1998) тексеру парағындағы ең үздік оқушыларды анықтайтын сенімді 8 өлшемде атап көрсеткендей, А есімді оқушы есте сақтау мен білім, икемділік таныта білді. Екінші мәселе:Оқу оқушының бастапқы білімі мен дағдыларын назарға алып, оларды өрістетуді мақсат еткенде мәнді болады. (МАН 32-бет). Әр тапсырманы орындау барысында қадағалау жүрді. Қадағалау арқылы оқушының нені білетінін,қандай тапсырма қиындық тудыратынын анықтадым. Б есімді оқушы Газ заңдарын белгілеуде кедергіге тап болды. Тест жұмысын орындау оқушылардың білімін жинақтау, олардың білімі қай дәрежеде екенін анықтау болып табылады.Сабақ барысында қолданған әдіс-тәсілдер оқушыларды одан әрі қызықтыра түсті. Әсіресе, оқушыларға ұнағаны сәйкестендіру кестесі және ақпараттық-коммуникациялық технологиялармен жұмыс болды. Ақпараттық - коммуникациялық технологияларды енгізген кезде теориялық және тәжірибелік білімдердің біртұтастығы оларды ойланып қолдануды қамтамасыз етеді,ал бұл оқыту және оқу үдерістерін жақсартуға жағдай жасайтын болады.(МАН 71-бет). Сабақты қортындылау мақсатында Тақырыптық түйінді сөздер әдісін қолдандым. Тақырыптық сөздерді жинау үшін оқушы сыни ойлайды. «Жалпы сын тұрғысынан ойлайтын оқушылар белсенді болады,олар сұрақ қойып,дәлелдерді талдайды,мағынаны анықтау үшін саналы түрде стратегиялар қолданады»- делінген (МАН,49-бет). Мұндай оқушылар келешекте ашық болады. Тақырыптық сөздерді көп жинаған топқа сыйлық бердім.Оқушылар менің айтқан мадақтауыма және сыйлығыма риза болғандарын олардың жүздерінен байқадым. Бұл мен үшін үлкен жетістік еді.Бүгінгі сабақтан кері байланысты стикерлер арқылы жазбаша алдым.Оқушылардың жазған кері байланысын оқи келе, сабақтың нәтижелі екеніне көз жеткіздім. Сегізінші ереже:қолайлы оқу үшін адамдарға кері байланыс пен мадақтау қажет, сондықтан бағалау ізгі болуы керек. (МАН,33-бет). Сабақтан соң оқушыларға бүгінгі сабақ ұнады ма? деп сұрақ қойғанымда М есімді оқушым апай бүгінгі сабақ өте қызықты болды деді.Сонымен бірге оқушыларды сабақ барысында еркін ұстауға тырыстым.Еркін сезінген оқушы өз ойын еш қысылмай айта алады.Мысал ретінде сыныптағы А.есімді және С.есімді қыздар өте еркін, ойын ашық айтады.Метатану әдістерін игерген оқушылар оқыту мен оқудың үздіксіз үдерісінің жалпы мүддесінде мұғалімдермен тең әрекеттеседі және ақыр соңында мұғалім функциясын өздері атқарады.(МАН,34-бет).
Тізбектелген 3-ші сабақтың тақырыбы «Жылу табиғаты. Ішкі энергия»Мақсатым: 1. Жылу табиғаты туралы білім қалыптастыру. 2. Ішкі энергия ұғымы жайлы түсіну. Егер мұғалім мен оқушының білім игерудегі бастау нүктесі үйлеспейтін болса, онда оқуда табысқа жету күмәнді болады. (МАН, 30- бет). Оқушыларды санау арқылы топқа біріктірдім. Мен бұл сабағымда сыныптан А деңгейлі оқушы үш топқа түсетіндей етіп жоспарладым, себебі олар постер қорғауда топтарына көшбасшылық ете алады. Мерсер (2005) құрдастар тобындағы өзара қарым- қатынас оқуда маңызды рөл атқаратынын көрсеткен. (МАН, 25- бет). Бүгінгі сабақтың үй тапсырмасын сұрауда бұрқасын сұрақтар әдісін қолдандым. Мақсатым оқушылардың алған білімін тексеру. 1. Идеал газ дегеніміз қандай газ?. Бұл сұраққа Г. есімді оқушы жауап берді. Жауап нақты болды. Мен оқушыдан сын тұрғысынан ойлауының ұтымдылық ерекшелігін байқадым. Үй тапсырмасын қорытындылау мақсатында танымдық тапсырма орындаттым. Олар: Идеал, масса, молекула, параметр, температура, изопроцесс, шкала, газ. 1, 2 топ оқушылары өте жылдам орындады. Алтыншы мәселе: Белгілі бір уақыт ішінде жұмыс істеуге арналған материалдың көлемі шектеулі болуы керек. (МАН, 33- бет). Миға шабуыл әдісін қолданамын. Сұрақ қоюдағы мақсатым сабақтың тақырыбын ашу. Сұрақ: Адамзат тіршілігі үшін не қажет? Жауап: Жылу және энергия. Сұрақ қою маңызды дағдылардың бірі болып табылады, себебі сұрақ дұрыс қойылған жағдайда оқытудың тиімді құралына айналады және де оқушылардың оқуына қолдау көрсетіп, оны жақсарта және кеңейте алады. (МАН 42- бет). Мен сұрақ қою арқылы оқушылардың сын тұрғысынан ойлауына ықпал еттім. Таныстырылым көрсеттім. Бұл жерде оқу пирамидасындағы көрсетілім, яғни оқушылардың алған ақпаратты сақтауымен 30% жүзеге асты. Тақырып анықталған соң ДЖИГСО әдісі жүзеге асты. Мақсатым жаңа тақырыпты меңгерту арқылы білімдерін жетілдіру. Оқушылар тапсырманы оқиды, талқылайды және постер қорғайды. Оқушыларға өз тақырыптарына түсінік қалыптастыру үшін уақыт бердім.Топта әңгіме-дебат,кумулятивтік әңгіме жүрді және талқылау нәтижесінде зерттеушілік әңгіме басымдыққа ие болды. Оқушылар ендігі кезекте өз түсініктерін талқылайды. Талқылауда С. есімді оқушы жылу мен энергияның маңыздылығына баса назар аударды. С. есімде оқушының басымдық танытып өз тобында көшбасшылық жасай білгенін мен оның іс-әрекетінен байқадым. Оқу пирамдасының талқылау 50% құрайды, талқылауда топ мүшелері құнды пікірлер айта білді және бірін-бірі үйретті. Мұнда Выготский айтуы бойынша, ЖАДА жұмыс істеді. Сабақты қорытындылауда Сұрақтар шеңберін құрдым. Мақсатым оқушыны сөйлеуге ынталандыру, сын тұрғысынан ойлауға және өз идеяларын дамыту, бүгінгі тақырыпты қай дәрежеде меңгергендігін білу. Сабақты қортындылаудағы сұрақтар шеңберінде оқушылар қойылған сұрақтарға нақты,ұтымды жауап берді. Мысалы Ә. есімді оқушы Ішкі энергия қандай энергия? деген сұраққа Кинетикалық және потенциялық энергия қосындысы деп жауап нақты жауап берді. Мен ол оқушыны ауызша «өте жақсы» деп бағаладым. Кері байланысты бағдаршам арқылы алдым.Мен осы сабақтардан мынандай қорытынды жасадым:1-ден, топтық жұмыс тиімді; 2-ден,оқушыда сабаққа деген қызығушылық артты. Менің өзімде жаңаны меңгеруге деген белсенділік пайда болды. Мен үнемі толғаныста: сабақты қалай жоспарлаймын,қандай әдіс-тәсіл қолданамын деген ой жүрді.Оқу үдерісінің нәтижелі болуы үшін бүгінгі мұғалімге пәндік,педагогикалық және технологиялық білім қажет.Осы үшеуі үйлесім тапқанда мұғалім ,оқушыны бүкіл өміріне жеткілікті біліммен жабдықтайтын кәсіпқой мұғалім бола алады деп қорыттым.

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген