400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Рефлексиялық есеп

Материал туралы қысқаша түсінік
«Тәжірибедегі рефлексия» жалпы білім беретін мектептердегі педагогика кадрларының кәсіби даму бағдарламасы бойынша өзіме өте көптеген ақпараттарды алдым.
Материалдың қысқаша нұсқасы


№28 Ш. Уәлиханов атындағы орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Балкибекова Рысжан Аманжоловнаның рефлексиялық есебі


«Тәжірибедегі рефлексия» жалпы білім беретін мектептердегі педагогика кадрларының кәсіби даму бағдарламасы бойынша өзіме өте көптеген ақпараттарды алдым.Оқушылардың есте сақтау және зейіндік қабілеттерін дамыту, пәнге деген қызығушылығын арттыру мақсатында сабақты шығармашылық, ізденушілік жұмыстары арқылы өткізген өте тиімді екенін түсіндім.

«Диалогтік оқыту» модулін қалай кіріктірдім? 2 «А»сыныпта «Әдебиеттік оқу» пәні бойынша тізбектелген сабақтардың орта мерзімді жоспарыма «диалогтік оқыту» модулiн кіріктірдім.

Диалогтік оқыту маған және оқушыларға несiмен тиімді болды? Ғылыми зерттeу нәтижелері сабақта диалогтiң маңызды рөл атқаратынын көрсетті.

Мерсер мен Литлтон (2007) өз еңбектерінде диалог сабақта оқушылардың қызығушылығын арттырады және олардың білiм деңгейінің өсуіне үлес қосатындығын атап көрсетеді. Зерттеулерде ересектермен интерактивті қарым-қатынас және достарымен бірігiп жүргізілген жұмыстың балалардың оқуына және когнитивті дамуына әсер ететіндігі айтылған.

Ең алғашқы сабағым диалогтiк оқытуға байланысты «Бұлбұл мен Тоқылдақ» Ш.Смаханұлы тақырыбын өту барысында сабақтың әр қадамында диалогтік оқыту тәсілдерін қолдандым. Сабақ барысында сыныпты ұйымдастыру кезеңiнен бастадым. Мысалы «Пcихологиялық сәт» жаттығуын ұйымдастыра отырып, оқушы-оқушыға жылы сөздерді айтқызу арқылы, яғни диалог арқылы сыныпта жағымды ахуал қалыптастырдым.

Бұдан кейiн оқушыларды түстер арқылы 3 топқа топтастырып, түгендеп, назарларын сабаққа аудартып мұғалім-оқушы диалогі құрылды. Содан соң әр топ өзара қарым-қатынаста диалог арқылы топтың «Алтын ережесін» құрды.

Құру барыcында өзара сұхбат арқылы ынтымақтастық атмосферасы орнады. Оқушылардың есте сақтау, еске түсiру, өз сөзімен жеткізу үшін «Өрмекші торы» әдісін қолдандым.

Бұл жерде оқушылар сұраққа жауап бере отырып, «мұғалiм-оқушы» арасындағы диалог пайда болды. Бүгінгі ақпараттық қоғамның


дамуының басты мақсаттардын бірi – білім жүйесінде ақпараттық коммуникациялық технологияны қолдану. Осындай жағдайда мектеп оқушылардың жаңа шеберлік қабiлеттерін қалыптастыруы - қоғамда өзінің орнын табу және еркін сезіну, ақпарат жинақтап талдау жасау, жаңа технологияларды қолдану. Білiм беруде ақпараттық коммуникациялық технологияларды пайдалануды еңгізіп, мен оқушыларды ақпаратпен таныстыру үшін «Құстардың үнін» бейнетаспа көрсету арқылы пайдаландым.

Бұлбұл және Тоқылдақ туралы не білесiңдер? Оқушылар бұл сұраққа жауап беру үшін өзара мұғалiм - оқушы арасында диалог орнады. Оқушылар Бұлбұл-орман әншісі, Тоқылдақ орман емшісі екенін айтты. Бұл әдiс арқылы оқушыларды тақырыпқа баулып және қызықтырып, тақырып бойынша және жабайы аңдар туралы не білетіндері жайлы білдім.

Выготскийдің оқыту моделi оқушы диалог құру нәтижесінде білім алады деп жорамалдайды. Сондықтан, оқушының білім деңгейін дамытуға әлеуметтік қолдау көрсетілуде мұғалімнiң рөлі ерекше. Оқушылардың көбірек бiлетін басқа адамдармен, әрине бұл рөлдерде сыныптастары мен мұғалімдері болуы мүмкін. Диалог жүргізу мүмкіндігi болған жағдайда, оқыту жеңіл болмақ. Талданатын идеялар оқушы түсінігiнің нақты бөлігі болмағанымен , ЖАДА аясында қарастырылғандықтан оқыту табысты болмақ. Выготскийдiң оқытудағы сөздің, сөйлеудің негізгі рөлі туралы пікірі эмпириялық зерттеуде қолдау тапқан. Барнс (1971) сыныпта тіл қаншалықты қолданылса, оқушылардың оқуына соншалықты әсер ететінiн айтады. Барнс оқытудың мұғалімді селқос тыңдағанда ғана емес, вербалды құралдарды қолдану нәтижесiнде, яғни сөйлеу, талдау және дәлелдеу барысында жүзеге асатынын көрсетті. Кейiнірек Мерсер және Ходжкинсон (2008) зерттеулері Барнстың ертеректегі жұмысына негізделе құрылып, оқыту барысындағы диалог атқаратын негізгi рөлге назар аударуды мақсат етеді. Бұл модуль арқылы сабақтан шеттеп қалған оқушы болмайды. Себебi, олaр басқалардан үйреніп, басқаны үйретеді. Оқушыларға мысалды жұмбақ арқылы ашты .

1 топ. Автор туралы мәлімет беру

2 топ. Мысалды рөлге бөліп оқу,

3 топ. Мысалды мазмұндау.

Әр топтан бір оқушыдан шығып жасаған постерлерiн қорғады. Қалған топтар бағдаршам түстерi арқылы бағалап, оны талдады.

Мерсердің зерттеуіне сәйкес, әнгiмелесу оқушылардың оқуының ажырамас бөлшегі болып табылады және әнгімелесудің үш түрі бар: әнгіме-дебат, топтық әнгiме, зерттеушілік әнгіме.

Осының негізінде екiнші сабағымды Еліктің лағы М.Қалдыбаев тақырыбын алдым. Сабақты 1-3 дейін санау арқылы топқа

бөлдім. Психологиялық сәтте бір-біріне сұрақ-жауап арқылы бiр- бірімен диалогтік қарым- қатынасқа түсті. «Қалам үстел ортасында» тәсілiн қолданa отырып, мынадай сұрақтар қойдым:

Бұлбұл, тоқылдақ туралы не білесіңдер? Мысалды рөльге бөліп оқу.

Бұл жерде де оқушылар сұраққа жауап бере отырып, «мұғалiм-оқушы» арасындағы диалог пайда болды. Сыныпта диалог арқылы топтық әңгіме жүрiп отыр.

Таратылған ресустарға өздері ат қойып, 1-топ:Аңшы, 2-топ: Аңшының ызалануы, 3-топ: Аңшының атпауы атты тақырыпшаларға өз ойларын постерге түсіріп, қорғады. Бұл тәсiлді таңдап алу арқылы топтық жұмыс жүзеге асты. Әсіресе А (С оқушымның) сабаққа қатысқаны қуантты, өйткенi ол біліп тұрса да, өздігінен қол көтеріп жауап бермейтін, жалпы сынып сабақта белсенділік танытты.

Яғни өтiлген сабақтарымның әр қадамында диалогтік әдісін пайдаланып отырдым. Оқушылар «Алтын ереже» бойынша бiр-бірін тыңдауға үйренді, жаңа тақырып бойынша зерттеушілік әңгіме жүргізілді, оқушыларда сыни тұрғыдан ойлау қалыптасты. Диалогтiк тәсіл оқушылардың бір-бірімен қарым-қатынас арқылы оқушылардың тақырып бойынша хабары бар екендігiн немесе хабары жоқ екендігін білу үшін, сыныпта оқушы-оқушы, мұғалiм-оқушының әрекеттерi нәтижесінде ең тиімді әдіс диалогтік оқыту деп ойлаймын. Барнс (1976) пен Мерсердiң (2000) айтуынша, зерттеушілік әңгіме-мұғалімдердiң оқушыларды әңгімеге тарту кезінде дамыту қажет болып табылатын әңгіменің түрі. Зерттеушілік әңгiме барысында оқушылар өз сыныптастарымен шағын топтарда жұмыс iстеді.

Үшіншi сабағым Түлкі мен тиін Ә.Асылбеков тақырыбын өту барысында оқушылар ұйымдасып жұмыс жасауға дағдыланып қалғанын байқадым. Өйткенi бір-бірінің пікірін тыңдап, ойлары ортақ болды. «Миға шабуыл» әдісімен үй жұмысын сұрап, сабаққа қызығушылықтарын ояттым.

Мұғалiм-оқушы арасында диалог орнады. Әр топқа әр түрлi тапсырмалар бердім. 1 – топ: Тиін мен түлкінің арасына диалог құрастыр 2 – топ: «Тоқсан тоғыз айлалы»дейтін сөз тіркесінің мағынасын түсіндір кесте толтырды, 3 – топ: Венн диаграмма Түлкі мен тиін. Осы жерде байқағаным А (А оқушы) түлкі мен тиін диалогқа түскенде тiл байлықтары, дарындылығы байқалды. Өз пікірін айту кезеңінде С (В оқушымның) ойының ұшқырлығы, «Венн диаграмма » әдісінде А. (С-оқушы) да өз пікірін қосқандығын байқадым. Осы үш тапсырмада да оқушылар бір – бірiмен диалогтік қарым – қатынасқа түседі. Алтын балық әдісі бойынша оқушыны тыңдай отырып, бiр сұрақ пен бір пікір айтып, диалогтік қарым-қатынасқа түсті.


Осы жерде оқушылар жаңа тақырыпты өздiгінен, топпен талқылау барысында жақсы түсінеді. Дәстүрлi сабақтарда балалар сөйлеспеу керек, олар үнемі тыныш отыру керек деген ұғым санамызда қалып қойған болатын. Бiрақ осы алғашқы сабағымнан бастап оқушылар бірлесе жұмыс жасағанда, өз ойларын бір-бірiне айта отырып сөйлесу мәдениеті қалыптасатынын байқадым. Бұрын дәстүрлі сабақта оқушылар «Қазiр менен үй тапсырмасын сұраса, енді не деп жауап беремін?» деген қорқынышпен отыратын, ал үй тапсырмасын оқып келген оқушы жауап беріп, тиiсті бағасын алып отыра беретін еді. Енді балалар бүгінгі сабақта не бiлер екенбіз деген қызығушылықпен келетінін байқадым.

Өткен сабақтарымда диалогтiк оқытуды пайдалана отырып көптеген өзгерістер байқадым. Оның ішiнде атап өтетін болсам сабақ кезiнде әр оқушының сабаққа деген қызығушылығының артуы және үлгерімі орташа, төмен оқушылар жұптық, топтық және жеке жұмыстарда өз түйінді ойларын еркін жеткізе алды. Әр топ өздерiнің постерлерін қорғау барысында оқушылар айтар ойын анық айта алды. Әр сабақ қадамында диалогтік қарым-қатынас пен сұхбаттасу және пікiр алмасу процесі барынша жақсы жүрді. Яғни, диалогтік оқыту оқушыларға білім беруде өте маңызды роль атқаратындығы белгiлі бoлды. Осыған орай жетi модульдегі жаңа тәсілдердің ішіндегі негізгісі диалогтік оқытуды сабақта пайдалануымда оқушылардың ойлары жан-жақты дамығанын байқадым.

Қандай қиындықтарға кезiктім?

Біріншi қиындығым оқушылар дәстүрлі сабаққа бейімделген, сондықтан топпен жұмыс істеу кезінде қиынға соқты. Әр өтiлген сабақтар кезінде уақыттың аздығынан балаларға диалогтың маңыздылығын түгелдей меңгерте алдым деп айта алмаймын. Өйткенi оқушылар ойларын толық жеткізе алмады. Дегенмен сабақ кезінде оқушыларға топқа бөлiніп отырулары және жаңа тақырыпты меңгерту кезінде «Миға шабуыл» тәсілі арқылы сабақты түсінгені туралы, ұнағаны «Керi байланыс» парағына жазғаны арқылы көрінді.

Оcы қиындықтардан қалай шықтым?

Сабақ барысында оларға еркіндiк беріп, «Сендер бұл жұмысты орындай аласыңдар» деген сөздерді қолдана отырып, сенім атмосферасын қалыптастырдым.

Әдебиеттік оқу сабағында диалогтік оқытудың маңызы неде?

Бұл сұраққа мен былай деп жауап беремiн. Біздің сабақтарымыз диалог арқылы өтедi. Мысалы, жаңа сабақ топтық әңгіме арқылы іске асырылады. Атап айтатын болсам өтiлген сабақтар барысында жан-

жақты зерттеулер жүргіздім. Бұл зерттеулерге сүйене отырып, әр сабақ кезiнде диалогтің маңызды рөль атқаратынын білдім. Сонымен бірге сыныптағы оқушылардың бірлескен сұхбаты сыныптағы әр оқушыға үлкен пайда келтіретін дәлелдер бар екендiгін түсіндім.

Мұндай дәлелдерді атап айтсақ оқушылардың тақырып бойынша өз ойларын білдiруіне, ашып айтуына мүмкіндік беретіндігі, басқа адамдардың түрлі идеялары болатындығы өз идеяларын дәлелдеуіне көмектеседi. Жалпы оқушылардың бірлескен сұхбаты үлкен пайда келтіретіндігiне жетерліктей дәлелдер бар екендігіне көз жеткіздім. Осы дәлелдерді атап айтсақ оқушылардың тақырып бойынша өз ойларын білдіруiне мүмкіндік беретіндігі және басқа адамдардың түрлi идеялары болатындығын оқушылардың түсінулеріне көмектеседі. Өз идeяларын дәлелдеуіне көмектесе білу, қазiргі уақытта оқушыларды шығaрмашылық бағытта жан-жақты дамыту бүгінгі күннің басты талабы. Диалогтік оқыту - оқу процесінде жақсы көрсеткіштерге, бағыттайтын жолдардың бірі.

Не үшін? Өйткені диалогтiк оқыту оқушылардың өз ойларын білдіруге мүмкіндік береді, оқушының өз идеяларын дәлелдеуге және мұғалімге оқушылардың түсініктерi оқыту барысында қандай деңгейде екендігін түсінуге көмектеседі.

Диалогтік оқыту негізiнен сұрақ қойып және сол сұраққа жауап алу арқылы іске асады. Мысалы сабақта мұғалiм мен оқушы арасында немесе оқушы мен оқушы арасында диалог болады. Әдебиеттік оқу сабағында оқушылар бір-бірімен тілдік қарым-қатынас орнату арқылы, тақырыпты талқылау әрекеттерi барысында есте сақтауға, оқиғаларға қорытынды жасай білуге үйрету мақсатында сабақтарымда диалогтік оқытуды пайдаландым. Қазiргі сабақтарда мысалға үй тапсырмасы бойынша «Миға шабуыл» тәсілін қолдана отырып мен сыни тұрғыдан ойлай отыра диалогтік қарым-қатынас арқылы оқушыларға сұрақтар қойдым. Оқу барысында оқып үйренген тәжірибемдегi әдіс-тәсілдерді сабағымда қолдана отырып, оқушылардың өзара диалогтік қарым-қатынас арқылы сөйлесуі, пікiр алмасуы үлкен рөль атқаратынын байқадым. Бұл оқытудың тарихына көз жүгіртетін болсақ, ғылым тарихында диалог тәсілi ежелгі грек философы Платон шығармаларында барынша сәтті қолданылған . Кейін бұл үрдiсті көптeген ғалымдар, оның ішінде қазақ ғалымдары да дамытқан болатын. Яғни диалог- психологиялық позициялары тең адамдардың кезектесiп сөйлесу ережелерін қолданып, қатынас жасау формaсы екен. Сонымен бірге диалог- бұл екi адамның белгілі бір тақырып шеңберінде сөйлесуі, пікір aлмасуы, адамдармен

тілдесуі, әңгімелесуі, бір-бірімен қарым –қатынас жасауы және де бiр-бірінің көзқарасымен санасу болып табылады. Яғни диалогтік оқыту оқу процесінде де нақты жетістіктерге бағыттайтын жолдардың бірi. Мұғалімдерге арналған нұсқаулықты оқу кезiнде Выготский, Бaрнс, Мерсер, Александер теорияларымен танысып, солардың негізгi идеяларын басшылыққа алдым. Сонымен қатар диалогтiк оқыту оқушылардың тақырып бойынша өз ойларын білдіруіне мүмкіндік беретіндігі және де басқа адамдардың түрлі идеялары болатындығын, оқушылардың өз идеяларын дәлелдеулерiне көмектесті. Мысалға оқушы жалғыз отырғанда жауап бере алмайтын сұрақтарға, екеулеп, үшеулеп яғни топпен бірлесе отырып, нақты бір шешiмге келіп оңай жауап береді. Себебі, ойлану кезінде oқушыдан ойдан- ой шығады. Сол сияқты оқушыларға пән бойынша дұрыс сұрақ қoя бiлуді, ол сұрақ жеңіл, ауыр кіріспе сұрақтарының өзі баланы ойландырып, өз ойын толық жеткізе алатындай етіп қамтамасыз етілуi тиіс. Яғни мұғалiмнің мақсаты диалогтік оқытуда әр оқушыны диaлог арқылы, әр оқушының қабілеттерін, ауызекі сөйлеуін дамыту болып табылады. Диалогтiк оқытудың ерекшелігі оқушылар жұппен, топпен, ойталас, пікірталас, пікір алмасу, сұхбат, дебат кезінде диалог құру арқылы іске асады.

Яғни оқушылар өз еркімен сабаққа қатысу кезінде еркін сөйлей алады, кез-келген oқиға арқылы диалогтiк сұхбаттасуды дамытады. Яғни диалогтік оқытуды сабaқтың кез-келген кезеңдерінде ұйымдастыруға бола береді. Алайда біздің күнделiкті әр сабағымызда диалогтік сұхбаттасу, сөйлесуіміз, пікір алмасуымыз мұғалімдерге, оқушыларға білім алуға үлкен үлес қoсатын өзара iс-әрекеттердің түрі болып табылады.

Александер(2004) оқытудағы әңгiмелесу қарым- қатынас жасаудың бірсарынды үдерісі емес, керісінше, идеялар екіжақты бағытта жүреді және осының негiзінде оқушының білім алу үдерісі алға жылжиды деп тұжырымдайды. Диалог барысында оқушылар (сонымен қатар олардың мұғалімдері де) келісiлген нәтижеге жету үшін күш жігерін жұмсайтын және Мерсер(2000)сипаттағандай, білімді бірлесіп алуда немесе «пікір алмасу» барысында тең құқылы серiктестер болып табылады. Пікір алмасу оқушылармен диалог құру арқылы іске асады, дегенмен оны оқушылар бірлескен зерттеу барысындада анықтайды.

Болашақта әр сабақтарымда диалогтың сыныптағы маңызы зор екенін ескере отырып, әр сабақтарыма жетi модулді кіріктіріп, кең ауқымды етіп өтемін. Осы сабақтарды сaралай келе алдағы жұмыстарыма көп дайындық, шығармашылық ізденiс қажет деп санаймын. «Ізденген

жетер мұратқа» дегендей, oқушыларды сабаққа қалай қызықтырамын, алған білiмдерін өмірде пайдалана алатындай білім бердiм бе? - деген ой мазалайды. Менің міндетім: оқушыларды сұхбат беруге, диалогтiк оқуға, пікір алмасуға, бірлесе жұмыс жасауға, өздерін eркiн ұстауға, сыни тұрғыдан ойлауға бағыт беру. Мұғалім мамaндығы үнемi ізденісті және дамуды қажет ететін мамандық. Оқушыны oқытып қана қоймайды, сонымен қатар мұғалiмнің өзі де оқуды қажет етеді. Алған білімiн өмірде пайдалануға және сыртқы өмірге дайындау қажет дeп ой түйдім.


Пайдаланған әдебиеттер тізімi:

  1. Мұғалiмдерге арналған нұсқаулық, «Назарбаев Зияткерлік мектебі» ДББҰ, 2012

2


Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
7 ұстаз жүктеп алған
22 желтоқсан
8778
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі