Алматы облысы _____ауданы № жалпы білім беретін орта мектебінің педагог-логопеді __________ жартыжылдық рефлексиялық есебі
Педагог-логопедтің 2023-2024 оқу жылына арналған жылдық жұмыс жоспарына сәйкес ұйымдастырушылық жұмыс, білім алуда ерекше қажеттіліктерін бағалау және оқушыларды педагогикалық қолдаудың (көмек) мазмұнын анықтау, оқушыларға арнайы логопедиялық қолдау көрсету және оның тиімділігін бағалау, кеңестік-әдістемелік қызмет, өзін-өзі дамыту бағыттары бойынша жұмыстар жүргізілді.
Ұйымдастырушылық жұмыс
Оқу жылының басында мектептің психологиялық-педагогикалық қолдау қызметі құрылып, мамандар құрамы бекітілді. ППҚҚ жылдық жұмыс жоспары және психологиялық-педагогикалық қолдау қызметі отырыстарының жылдық жұмыс жоспары бекітілді. Сонымен қатар, мектеп логопедінің жылдық жұмыс жоспары, ата-аналармен жүргізілетін жылдық жұмыс жоспары, мектеп мұғалімдерімен жүргізілетін жылдық жұмыс жоспары, ата-аналарға кеңесті тіркеу журналы, мектеп мұғалімдеріне кеңесті тіркеу журналы, оқушылардың сабаққа қатысуын тіркеу журналдары бекітілді.
Сөйлеу тілінде бұзылыстары бар білім алушыларға логопедиялық диагностика жүргізу мақсатында оқу бағдарламаларына сәйкес дидактикалық материалдар, сөйлеу карталары, оқушының сабақтағы іс-әрекетіне бақылау формалары (форма 2а, 2б) дайындалды.
Білім алуда ерекше қажеттіліктерін бағалау және оқушыларды педагогикалық қолдаудың (көмек) мазмұнын анықтау
1-15 қыркүйек аралығында сөйлеу тілінде бұзылыстары бар білім алушыларға кешенді логопедиялық диагностика жүргізілді. Диагностика нәтижесінде педагог-логопедтің түзете-дамыту сабақтарына 16 бала тіркеуге алынды.
ПМПК қорытындысы мен ұсыныстарына сәйкес 10 оқушы және мектеп мұғалімдерінің сұраныстары бойынша (7-форма) оқу бағдарламасын меңгеруде қиындықтары бар сөйлеу тілінде бұзылыстары бар 6 білім алушыға логопедиялық диагностика жасалып, сөйлеу карталары толтырылды.
ЖСТД 1-деңгейімен 1 оқушы, ЖСТД 2-деңгейімен 1 оқушы, ЖСТД 3-деңгейімен 2 оқушы, дыбыс айту бұзылыстары бар – 8 оқушы, жазбаша сөйлеу тілінде бұзылыстары бар – 3 оқушы және тұтықпасы бар 1 оқушы тізімге алынды.
Психологиялық-педагогикалық қолдау қызметінің мамандары (арнайы педагог, педагог-логопед, педагог-психолог) оқушылардың сабақтарына қатысып, бақылау хаттамалары (форма 2а,б) толтырылды.
Ата-аналармен сұхбат және сауалнамалар (1а, 1б формалары), оқушылардың коммуникативі паспорттары толтырылып, зерттелінді.
Оқушылардың оқу қиындықтарының көріністерін және олардың себептерін ұжымдық талқыланды (Әр оқушыға 3-форма, 4-форма, 5-формалары толтырылды).
ПМПК қорытындысы және логопедиялық диагностика нәтижесінде 16 білім алушыға жеке дамыту бағдарламалары әзірленді.
Оқушыларды логопедиялық қолдау және оның тиімділігін бағалау
Жеке дамыту бағдарламаларына сәйкес жеке және топтық сабақтардың күнтізбелік-тақырыптық жоспарлары құрылды. Бекітілген сабақ кестесіне сәйкес түзете-дамыту сабақтары жүргізілді.
Психологиялық-педагогикалық қолдаудың жеке бағдарламасы мен жеке оқыту бағдарламаларын іске асырудың сәттілігін динамикалық байқау мақсатында оқу жылының басында, бірінші жартыжылдықтан кейін және жылдың соңында ереше білім беру қажеттіліктері бар оқушылардың сабақтарына қатысып, бақылау хаттамалары толтырылды.
|
|
Сынып |
Сөйлеу бұзылуының түрі |
Ескерту |
|||||||
|
ЖСТД |
Жазбаша сөйлеу тілінің бұзылысы |
Дыбыс айтуының бұзылуы |
Тұтықпа |
|||||||
|
I |
II |
III |
||||||||
|
Анықталды |
|
1 |
1 |
2 |
3 |
8 |
1 |
|
||
|
Шығарылды: |
|
|
|
|
2 |
6 |
|
|
||
|
– айтарлықтай жақсарған |
|
|
|
1 |
|
2 |
1 |
|
||
|
– айтарлықтай жақсармаған |
|
1 |
1 |
1 |
1 |
|
|
|
||
|
– сабақты жалғастыруға қалдырылды |
|
1 |
1 |
2 |
1 |
2 |
1 |
|
||
|
Басқа жаққа кетті |
|
- |
- |
- |
- |
- |
- |
|
||
|
ПМПК жіберуге ұсыныс берілді: |
|
|
|
|
1 |
|
|
|
||
|
Арнайы мектепке |
|
- |
- |
- |
- |
- |
- |
|
||
Бірінші жартыжылдықтың соңында толық түзетіліп, тізімнен шығарылған оқушылар саны – 8, олардың 6-ы дыбыс айту бұзылыстары бар балалар, 2 жазбаша сөйлеу тілінде бұзылысы бар балалар. Айтарлықтай жақсарған оқушылар саны – 4, айтарлықтай жақсармаған – 4, сабақты жалғастыруға қалдырылған оқушылар саны – 8. Басқа жаққа кеткен, арнайы мектепке жіберілген білім алушылар жоқ. 1 оқушы ППҚҚ отырысының шешімімен ПМПК-ға жолданды.
Кеңестік-әдістемелік қызмет
2023-2024 оқу жылының бірінші жартыжылдығында 32 ата-анаға (Ата-аналарға арналған кеңесті тіркеу журналында тіркелген) психологиялық-педагогикалық және түзете-дамыту жұмыстарының мазмұны бойынша кеңестер берілді.
Оқу жылының басында сөйлеу тілінде бұзылыстары бар балалардың ата-аналарына жеке кеңестер беріліп, білім алушылардың тілдік қорытындылары таныстырылды. Логопедиялық үй тапсырмаларының маңызы түсіндірілді.
___.____.2023ж Логопедтің ата-аналармен жүргізетін жылдық жұмыс жоспарына сәйкес «Бастауыш сынып оқушыларында кездесетін дыбыс айту бұзылыстарын түзетудің тиімді әдіс-тәсілдері» тақырыбында 1-сыныптың ата-аналарына арналған шебер сынып өткізілді. Шебер сыныпқа барлығы 25 ата-ана қатысты.
Шебер сыныптың мақсаты: Ата-аналарға дыбыс айту бұзылыстарын түзетудің қарапайым әдіс-тәсілдерін меңгерту.
Шебер сынып жұмысының теориялық бөлімінде сөйлеу тілі онтогенезі барысында ана тілінің тілдік жүйесінің қалыптасу ерекшеліктері, бірінші сынып оқушыларында жиі кездесетін дыбыс айту бұзылыстары, дыбыс айту бұзылыстарының себептері мен салдары туралы толық ақпарат берілді.
Шебер сыныптың практикалық бөлімінде ызың және ысқырық дыбыстардың артикуляциялық ерекшеліктері мен түзетудің әдіс-тәсілдері тәжірибе жүзінде көрсетілді.
Сонымен қатар, үй жағдайында сонорлы дыбыстар (Р, Л) мен қазақ тіліне тән дыбыстарды түзетудің қарапайым әдіс-тәсілдері көрсетіліп, практикалық жұмыстар жасалды. Және де биоэнергопластикалық әдістердің маңызы мен пайдасы айтылып, ата-аналармен «Мен көрсетемін, сен айт», «Шармен тепе-теңдік сақта» сияқты кинезиологиялық ойындар мен жаттығулар жүргізілді.
Шебер сыныптың соңында ата-аналармен кері байланыс жасалып, жұмыс қорытындыланды.
Ата аналарды ақпараттандыру мақсатында «Артикуляциялық жаттығулар – сөйлеу тілін түзетудің басты құралы», «Балалардағы сөйлеу тілі бұзылыстарын алдын-алу» тақырыптарында үлестірмелі материалдар дайындалып, таратылды.
2023-2024 оқу жылының бірінші жартыжылдығында 23 мектеп мұғаліміне (Мектеп мұғалімдеріне арналған кеңесті тіркеу журналында тіркелген) психологиялық-педагогикалық және әдістемелік кеңестер берілді.
___.____.2023ж педагог-логопедтің мектеп мұғалімдерімен жүргізетін жылдық жұмыс жоспарына сәйкес «Бастауыш сынып оқушыларының оқу және жазу дағдыларын қалыптастырудың алғышарттары» тақырыбында мектеп мұғалімдеріне арналған семинар-тренинг өткізілді. Семинар-тренингке барлығы 30 мұғалім қатысты.
Семинар-тренингтің мақсаты: Бастауыш сынып оқушыларының оқу және жазу дағдыларын қалыптастырудың алғышарттарымен таныстыру, оқу және жазу бұзылыстарының алдын алу.
Семинар-тренингтің теориялық бөлімінде бастауыш сынып оқушыларының оқу және жазу дағдыларын қалыптастырудың алғышарттары, түзету жұмыстарының бағыттары бойынша толық ақпарат берілсе, практикалық бөлімінде бастауыш сынып мұғалімдерімен топтық және жұптық жұмыстар жүргізілді. Топтық және жұптық жұмыстар барысында баланың көріп қабылдауын, кеңістікте бағдарлауын, естіп қабылдауын, фонематикалық түсініктері мен графомоторлық дағдыларын дамыту әдіс-тәсілдері тәжірибе жүзінде көрсетілді.
Сонымен қатар оқу және жазу бұзылыстарын ерте болжау әдіс-тәсілдері ретінде мұғалімдерге «Хед сынағының» тапсырмалары ұсынылды және «Озерецкий сынағы» мұғалімдермен бірге орындалды.
Семинар соңында мұғалімдермен кері байланыс жасалып, жұмыс қорытындыланды.
________2023ж Мектептің №2 педагогикалық кеңесіне «Сөйлеу тілінде бұзылыстары бар білім алушыларға тілдік пәндерді бейімдеу алгоритмі» тақырыбында баяндама жасалды. Баяндамада бейімделген бағдарламаны құрастыру жолдары, тілдік пәндердің оқу мақсаттарын бейімдеу ерекшеліктері, бейімделген жалпы білім беру бағдарламасы бойынша білім алушылардың оқу жетістіктерін бағалау мәселелері қарастырылды.
Мектеп мұғалімдерін ақпараттандыру мақсатында «Дислексияны түзетудің тиімді әдіс-тәсілдері» тақырыбында жаттығулар мен ойындар кешені құрастырылып, үлестірмелі материалдар таратылды.
Өзін-өзі дамыту
2023-2024 оқу жылының бірінші жартыжылдығында Қазақстандық қайта даярлау және біліктілікті арттыру орталығынан «Инклюзивті білім берудің әдістемелік-ұйымдастырушылық негіздері» тақырыбында 72 сағаттық біліктілікті арттыру курсынан өттім.
Алматы облыстық білім беруді дамыту оқу-әдістемелік орталығының ұйымдастырумен өткізілген облыстық семинарда өз тәжірибеммен бөлісіп, арнайы сертификатпен марапатталдым.
Сонымен қатар, Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының, «Арнайы және инклюзивті білім беруді дамытудың Ұлттық ғылыми-практикалық орталығының жаңа әдістемелік ұсынымдарын қарастырып, мамандыққа қатысты жаңа әдебиеттермен кабинет толықтырылды.
Педагог-логопед
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Рефлексиялық есеп

шағым қалдыра аласыз