15 890₸ үнемдейсіз
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Рельеф. Ермексазбен жұмыс жасау.
Сабақтың тақырыбы: Рельеф – 4сағат.
Натурадан жасалған рельефте модельдеу
қағидаты.
Машықтық жұмыс: Алдын – ала нобайсыз ілініп тұрған қапталған
матаның күрделі қатпарлары натурасынан
жасалған рельеф.
Сабақтың мақсаты:
1.Білімділігі: Оқушылардың мүсін өнері туралы түсініктерін
кеңейту.
2.Тәрбиелігі: Мүсін өнерінің айырықша туындыларын көрсете
отырып, оқушыларға эстетикалық тәрбие беру.
3.Дамытушылығы: Сұрақтар арқылы оқушылардың дүние танымын,
шығармашылық қабілеттерін байқау, дамыту.
Сабақтың түрі: топтық
Сабақ әдісі: а) теориялық
б) машықтық
Сабаққа қажетті құралдар
мен көрнекіліктер: Тақтай, халат, пласталин, стека, альбом,
карандаш,адам бет-әлпетінің құрылымы, т.б.
Сабақтың жоспары: I.Ұйымдастыру
II.Үй тапсырмасын тексеру
III.Жаңа сабақ
а)теориялық
б)машықтық
IV.Қорытындылау
V.Үйге тапсырма
VI.Бағалау
VII.Сыныпты жинақтау
Сабақтың барысы
I.Ұйымдастыру
Сыныпты жабдықтау, оқушыларды орындарына отырғызу, жоқ оқушыны журналға белгілеу.
II.Үй тапсырмасын тексеру.
III.Жаңа сабақ. Рельеф – 4сағат.
а)теориялық:
Мүсін, яғни «сульптура» (латынша sculptura) сөзі алғашқыда қатты материалдардан фигураларды қашап жасауды, шекуді (мүсін жасауды) білдірген. Кеңінен пішіндеу, арқылы жасалған шығармалар да осы ұғыммен білдірілген.
Мүсіннің басқа бейнелеу өнері түрлерінен айырмашылығы сол, оның басты әсерлік құралы аймақтық форма. Әлем жазықтықта берілетін бейнелеу өнерінің бір қарастырған барлық түрлерімен айырмашылығы сол, мүсіндеу басты жерлік құралы аумақтың форма. Мұның өзі оны жасаған кезде ағаш, металл, тас сияқты ұзақ сақталатын материалдарды пайдалануға мүмкіндік береді.
Мүсін жұмыр (оны барлық жағынан қарауға болады) және бедерлі (рельеф) болып келеді. Бедер – тек бір жағынан қарағанда жақсы көрінетін, жазық беттегі мүсіндік бейне. Бедерді екі түрге бөлінеді; фигуралар фонының жазықтығынан өз көлеміннің жартысынан аз шығып тұрса, барельеф деп, ал фигуралар жартысынан көбірек шығып тұрса ол горельеф деп аталады.
Нобай – заттағы немесе құбылыстағы ең басты, ең сипатты нәрсені сараң да қысқа формада беретін тез жасалған сурет. Жазушы үшін қойын дәптері қаншалықты қажет болса, суретші үшін нобайлар соншалықты қажет. Оларды әлденені қағаз бетіне түсіру үшін заттың өзіне қарап, алған әсерді қалпына келтіріп, бекіту үшін есте қалғаны бойынша, қандайда бір эскизді белгілеп қою үшін қиял бойынша жасауға болады.
Нобай ең басты нәрсені тез ұстап қалуға үйретеді, көз қаперін дамытады. Заттың өзіне қарап отырып шапшаң нобайлар салу суретшінің шығармашылық процесінде маңызды рөл атқарады.
Мүсіндеу өнері – пластикалық бейнеде меңгерудің кеңістік бейнелеу өнері. Жалпы мүсін өнерінің екі түрі бар: дөңгелек мүсін және рельефті мүсін.
Дөңгелек мүсін кеңістікте еркін орналастырылады, фон тегісімен байланысты болмайды. Дөңгелектік шолуды қажет етеді. Дөңгелек мүсінінің басты типтері статуя, бюст және мүсіндік болып табылады.
Дөңгелек мүсіннің түрлері: монументтік, қондырғылы, кішкене көлемді мүсіндер.
Монументтік мүсіндеу – бұл адамдар образдары ме тарихи оқиғаларды мәңгі есте сақтауға арналған мәнерлі ескерткіштер. Мұндай ескерткіштерді жасап шығару үшін суретші тарихи зерттеулерге жүгініп, әдеби шығармаларды, өлең жырлар, дастандарды оқып танысады. Соңғы деректер бойынша сол образды жасап шығарады. Сонда ғана сол адамдардың жүрегін тебірентетін шығарма туындысы болып қала береді.
Монумент ежелгі римдіктердің айтуымен «монео», «есіңе түсіремін» деген ұғымды білдіреді.
Жалпы мүсінді жасау оңай шаруа емес. Ол үшін темірді балқытып, қатты ағашты ойып, тасты қашап, т.б. көп күш қуат жұмсалады.
Кішкене көлемді мүсіндер бұл әр түрлі материалдардан, фарфордан, ағаштан, сүйектен, саз балшықтан, тіптен пластелиннен жасалған шағын ғана көлемді мүсіндер.
Ұсақ плпастикалық мүсіндерді үстел үстіне, шакф үстіне, терезе алдына, т.б. жерлерге бөлменің сәнін келтіру мақсатында қояды.
Рельефті мүсін – жазықтық бетінде орындалатын бедерлі мүсін.
Рельефті мүсін түрлері: барельеф және горельеф. Бұл екеуінің айырмашылығы горельефте бейнелер жазықтықтан өзінің көлемінің жартысынан артық шығып тұрады және жазықтықтан шамалы ғана түйісіп тұрған дөңгелек мүсін сияқты қабылдауы да мүмкін. Барельефте бейне фон жазықтығынан шамалы ғана шығып тұрады. Демокративтік мүсін өнері сәулет өнерімен тығыз байланыста.
Демокративтік мүсін өнері сәулеттік орта үшін кеңістік идеялық жағынан толықтыру мақсатымен жасалып, қоршаған ортаны эмотцияны байыта түседі.
Мүсін өнерінің басты жанрлары: портрет, тарихи, батылдық, тұрмыстық, анималистік жанрдағы шығармалар жатады.
б) машықтық.
Мүсіндеудің негізгі обьектісі – адам. Мүсінде адамды сомдау өзі бірнеше түрге бөлінеді.
1.Бет – әлпетінің құрылымы.(оларды жеке – жеке орындау)
2.Бюст - кеуделік мүсін.
3.Статуя – адам денесінің тұтастай тұлғалық сомдалуы.
4.Көп тұлғалы композиция – бірнеше адам тобын сомдаған мүсінді көркем шығарма.
Мүсіндеу техникасында жабыстыру, ою, шекіме, метальдау, құю жатады. Портретті мүсінді жасауда адам тұлғалық сипатын, оның пропорциялары мен қимыл қозғалысын, характирін ұстап қалуға тырысу керек. Ол үшін жалпыдан бастап жеке бөлшектеуге көшу керек жұмыс жасауда бастың формасын барлық жағынан қарау керек формасын дұрыс мүсіндеу үшін оң бүйір, сол бүйір, алдынан, ту сыртынан қарап жасау арқылы нақтылай түсу қажет.
Оқушылар құралдарын алып брус ағаштарды тақтай бетіне шегелеп қағып орнатады,содан соң, пластилинмен плинттен бастап жапсырып бастайды. Жалпыдан бастап жеке бөлшектерге көшеді.
IV.Қорытындылау.
1.Бүгінгі сабағымыз түсініктіма?
2.Мүсін дегеніміз не?
3.Мүсін нешеге бөлінеді?
4.Дөңгелек мүсін дегеніміз не?
5. Жалпы мүсін өнерін неше түрге бөлеміз?
6. Рельефті мүсін дегеніміз не?
7. Монументтік мүсіндеу д/з не?
8. Жазықтық бетінде орындалатын қандай мүсін?
9. Демокративтік мүсін өнері д/з не?
10. Мүсін өнерінің басты жанрлары қандай және оларды атап бер?
Үйге тапсырма.
Осы жасап жатқан рельефтерін үйден аяқтау.
VI.Бағалау
VII.Сыныпты жинақтау.

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген