Тақырыбы:
«Ренішті
қалай кешіруге болады?»
-Сәлеметсіздер ме, құрметті ата-аналар!
Бүгінгі біздің «Ренішті қалай кешіруге
болады?» атты тренинг – сабағымызға қош келдіңіздер!
Ата-ананың тілегі –баласының жақсы адам болуы,
еңбексүйгіштігі, оқу мен еңбектегі табыстары.
Баланы бастан бақпасаң,
Жамандықтан қақпасаң,
Қадірден жұрдай қасқа боп,
Кешкенің өмір босқа тек, - дегендей, баланың ыстық-суығына
күймейтін, жақсылығына сүйінбейтін ата –ана жоқ шығар.
Бүгінгі ұл –ертеңгі әке, ол әкеге қарап өседі. Бүгінгі қыз
–ертеңгі ана, ол шешеге қарап өсіп, бой түзейді. Балаға
білім, тәрбие беруде басты тұлға ұстаз болса, оны жалғастырушы,
демеуші –ата –ана.
- Біздің бүгінгі сіздермен өткелі отырған
тренингіміздің
тақырыбы
«Ренішті қалай кешіруге болады?»- деп
аталады.
I.
Топқа бөлу. Түрлі түсті
қағаздармен
II. Таныстыру: Ата-аналар өз есімдерімен
таныстырып, балаларының есімдерін
атап.
III. Постер қорғау: 2-топқа тапсырма
беріледі:
«Реніш» пен «кешіру» туралы
ойымызды топтап
алайық.
-Міне, ата-аналар сіздер «реніш» пен
«кешіру» туралы өз ойларыңызды
топтадыңыздар.
- Сіздер қалай ойлайсыздар, ренішті қалай
кешіруге болады?
-Дұрыс айтасыздар ренішті кешіре білудің
өзіадамгершілік
қасиетке
жатады екен. Өзгені кешіре білу үшін адам
әуелі өзін өзі тани білу керек. Олай болса келесі
бөлім.
3. Өзіңді өзің тани
біл.
-Қазір сіздерге үлестірмелі қағаздар
таратылып беріледі, ондағы «Мен кіммін, қандаймын және мен туралы
басқалар не деп ойлайды?» деген сұрақтарға жауап
жазасыздар
Мен
_____________________________
Мен______________________________
Мен туралы басқалар не деп
ойлайды?
Сіздер өздеріңіздің қандай екендеріңізді,
сонымен қатар сіздер
туралы
өзгелер не деп ойлайтынын айтып
өттіңіздер.
Адам баласы кез келген нәрсені оқығанда
немесе көрген де одан ғибрат алу керек екен.Олай болса келесі
бөлім:
4. “Кім мәреге бірінші
жетеді?”
Сіздің балаңыз сізді қатты қуантты.. (бір
ісімен). Сіз не айтасыз? Қалай қолдайсыз? (Әр топтың бір мүшесі
тақтаға шығып, балаға мадақтау сөздерін айтып, мәреге бірінші
жетуге тырысады).
“Баланы тәрбиелеу үшін әр бір тәрбиешінің өзі
тәрбиелі болуы керек. Себебі, бала айтып ұқтырғаннан гөрі,
көргеніне көп еліктегіш келеді. Солай болған соң балаға не жақсы
мінез болсын, іспен көрсету керек.”
4.
Бейнебаян:
Оқып, талдап,ғибрат
қыл.
-Мен қазір сіздерге әңгіме оқып беремін,
мұқият тыңдаңыздар. (Баяу музыка
ойналады.)
Ертеде бір кісі баласын әбден
есіртіп,еркелетеді. Өсе келе тілі удай ащы, есерсоқ, бейәдеп жігіт
атанады. Жұрт безердей болғандықтан, оның қасына ешкім жүрмеуге
тырысады.
Әкесі әбден ойланып, мынадай айла жасайды.
Баласын шақырып алып, бір жалпақ тақтай береді. Күніне қанша адамды
ренжітсең, мына тақтайға сонша шеге қақ дейді. Бірінші бала
тақтайға 37 шеге
қағады.
«Балам,өзіңді тежеп ұстап, шегеңді азайтуға
тырыс» депті. Баласы әкесінің сөзін тыңдап, азайта отырып, бір күні
ешкіммен ұрыспайтын, шеге қақпайтын да күнге жетіпті. Сол күні
әкесі былай деп ақыл
айтады:
«Енді балам, ешкіммен ұрыспайтын болдың. Бір
адамды қуантқанда бір шегеден суырып отыр». Бала әкесінің сөзін
орындауға тырысып, тақтайдағы шегені де күндердің бір күнінде
таусыпты. Әкесі қуанып «Балам мен сені дұрыс адам болмайтын шығар
деп қорқып едім. Міне өзіңді өзің тәрбиеледің, жақсы адам болып
жолға түстің. Бірақ балам, мына тақтайға қарашы,бұрынғысындай тегіс
әдемі емес. Беті шұрық тесік. Сен қанша кешірім сұрасаң да олар
қанша кешірдім десе де кезінде айтылған сөздерді қалай өшіресің?
Бәрібір ол жүректің түбінде қалады ғой. Әрине, бұл күндердің
әркіммен бір ұрысып жүргеннен жақсы. Бірақ бұл саған өмірлік сабақ
болсын, тіліңе ие бол»,
-дейді.
-Бұл әңгімеден сіздер қандай ғибрат
алдыңыздар, оны сұрақтар арқылы талдап
көрелік.
-Әкесі неге қарапайым талап
қойды?
-Ата-анасының баласын еркелеткені дұрыс
па?
-Тақтайдың бетін немен бітеуге болады,
көңілде қалған сөздерді немен өшіруге
болады?
-Осы баланың орнында өздеріңіз болсаңыздар не
істер едіңіздер?
-Жақын достарыңызды, әріптестеріңізді,
балаларыңызды ренжіткен кездеріңіз болды
ма?
-Сіз өзіңіз біреуге ренжідіңіз
бе?
Яғни, біреуді ренжітпеу,оны кешіре білу үшін
бойымызда жақсы қасиеттер басым болу керек екен. Ендеше келесі
бөлім:
7.
Қорытынды.
Қорыта келгенде, адам бойында екі сәуле пайда
болады екен. Ол ақ сәуле адам бойында басым болса, жақсылық пен
мейірімділік
көп жасалады.
Ал
қара сәуле
басым
болса,
жамандықты көп
жасайды екен. Сондықтан бойымызда ақ сәулені басым ұстап, ешкімді
ренжітпеуді, ренжітсек кешіре білуді басты мақсат етіп қояйық.
Өмірдегі болып жатқан нәрселерге екі жақты көзқараспен қарап, бір
бірімізге кешірімді, мейірімді, иманды
болайық.
Тілек
шамы: Оттың басы отанымыздың түтүні
түзу болу үшін, ашу ренжісімізді осы жерде қалдырып бір-бірімізге
тілек айтып, бүгінгі тренингтен алған әсерімізді
бөліссек. Тренингке келіп
қатысқандарыңыз үшін көп- көп
рахмет!
Психологиялық
кеңес:
-
Балаларыңызды жетістік пен
дәрежесі үшін емес, сол қалпында сөзсіз қабылдап жақсы
көретініңізді сездіріңіз.
-
Қателескені үшін баланы
кекетіп, бетінен алмаңыз, басқа балалармен оны
салыстырмаңыз.
-
Баланың сұрақтарына жауап
берген кезде шын және шыдамдылықпен жауап
беріңіз.
-
Күнде балаңызбен жеке
сөйлесуге уақыт бөліңіз.
-
Жас мөлшері әртүрлі адамдармен
дұрыс қарым-қатынас жасауға
үйретіңіз.
-
Баланың әрбір жетістігі үшін
мақтап отырыңыз.
-
Балаға баға бермеңіз, оның
іс-әрекетін бағалаңыз.
-
Табысқа күшпен жетуге
болмайды, сондықтан балаңызға күш көрсетіп, тапсырманы орында деп
талап етпеңіз.
-
Баланың қателік жіберуге
құқығы бар екенін айтыңыз.
-
Үлкендер балаға қалай қараса,
бала да өзіне солай қарайды.
-
Жалпы, өзіңізді баланың орнына
қойып отырыңыз.
БАЛА ҚАШАН
РЕНЖИДІ
Барлық сәтсіздіктерді саған артса, ренішті;
Жетістіктері байқалмаса, ренішті;
Егерде саған сенбесе, ренішті;
Сенің қолыңнан келетін істі басқа адамға тапсырса, ренішті;
Басқалары қызықты нәрсемен айналысқанда, сені жабырқаңқы,
тез болған іспен айналысуға мәжбүрлегенде, ренішті;
Түсінікті және қызықты іс машақатқа, құтыла алмайтын іске
айналғанда,
ренішті;
Үшінші тұлғалардан өзін туралы «жаңашылдық» білгенде, ренішті;
Өз шаруаларымен жүріп, сен туралы ұмытқанда, ренішті;
Сенен күмәнданса, ал сенде ақталу мүмкіндігі болмағанда,
ренішті;
Біз еске алмағдандардың көбі үшін
ренішті.