400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Реніштен арылу жолдары.

Материал туралы қысқаша түсінік
Реніштен, өкпе-наздан қалай арылу керек осы жөнінде мағлұматтар берілді.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тақырыбы: «Реніштен арылу жолдары»

Мақсаты:

  • Реніштің, мазасыздықтың, өкпелегіштіктің адам бойындағы нашар қасиеттер екенін түсіндіру;

  • Осы жаман қасиеттердің адам өміріне әсері туралы түсінік беру;

Реніштің себептері тым көп болуы мүмкін. Жақын тартып жүрген досыңыздың қатты кетіп қалжыңдауы, танысыңыздың сыртыңыздан өсек таратып, тіл жүгіртуі, біреудің тым қатты шығып кеткен дауысы. Әркім болмысына қарай түрлі нәрселерге ренжи береді. Кейбір азаматтардың өкпелей қоюы қиын болса, енді бірі абайсыз айтылған азғантай сөз үшін өкпесі қара қазандай болуы мүмкін. Біз өкпе мен реніштен құтылудың жолдары мен тәсілдері туралы айтатын боламыз. Бұл неге керек дейсіз бе? Әңгіме мынада. Ішіңізде пайда болған өкпе мен реніштің ешкімге зияны жоқ болып көрінсе де оның тигізетін кері әсері тым үлкен. Ең алдымен өзіңізге. Алда мақсатыңыз бар, өсіп-өркендеп, дамуды мақсат қылған адам болсаңыз, жүрегіңізде пайда болған өкпе сізді алға тартудың орнына кері кетіріп, құлдырата түседі. Яғни жүректегі сол бір жара сізге жүк болып, алға жылжуға мұрша бермейді. Қарапайым логикаға салсақ, бізге зиян келтіретін нәрселерден құтылудың жолын іздеуіміз керек. Яғни іште ренішті сақтамаудың тәсілдерін қарастыру керек. Себебі сыртқа шықпаған, көңілдің көлеңкесінде қалып қойған у бізді ішімізден жегідей жеп, құрта бастайды.  Алдымен өкпелетушінің мотивтерін түсінуге тырысқан жөн болады. Егер ол адам сіздің кемшілігіңізді айта отырып, түзегісі келген болса, оған ренжудің еш бір реті жоқ. Жылатып айтқан достан артық жолдастың болмайтынын түсіну керек. Бұл жағдайда сезіміңіз бен ойыңызды қайта қарастырып алған жөн болады деп ойлаймын. Тағы бір момент. Өкпелетуші сол ісі арқылы сізді төменшіктетіп, түрлі айла-тәсілдер арқылы өзін жоғары көрсетуді мақсат қылуы мүмкін. Мұндай жағдайда осы туралы өз ойыңызды бүкпесіз жайып салған өте орынды. Біріншіден негатив іште қалмайды. Екіншіден ол пендені орнына қойып, өз ойыңызды ұқтырасыз. Бұл әрекет болашақта ренжісуге әкелетін іс-қимылдардың қайталанбауына себеп болады. Сөзіңіз пенденің көкейіне жетпесе, онымен араласудан бас тартқан дұрыс. Қысқасы, реніш пен өкпені іште сақтама. Негативтен арыл.
Кейбір адамдар біреудің сөзін көңіліне алып, тез ренжіп қалады. Әдетте олар жақындарынан, әріптестерінен, достарынан белгілі бір әрекетті, сөздерді және көзқарасты күтеді, «былай деп айтар-ау, маған көмектеседі-ау» деп үміттенеді. Бірақ әр адам – жеке тұлға. Біреуге «дұрыс» көрінген нәрсе басқаға ақылға қонымсыз болуы мүмкін екені шарт. Ренжігіштік – жағымсыз, пайдасыз, рухани дамуға үлкен кедергі келтіретін қасиеттердің бірі. Жан-жағыңыздағы адамдар сіздің көңіліңіз, пікіріңіз және қалауыңызбен санасуға міндетті емес. Олардың игі істерін, қамқорлығын міндет деп емес, сый деп қабылдауды үйреніңіз. Біреу бізді ренжіткенде қандай сезімде боламыз? Егер біреу көңілімізге тиетін әрекет жасаса, оған ашуланып, бейсаналы түрде жамандық тілейміз. Саналы түрде «оқ тиген қоянның» рөлін ойнаймыз. Жылдар өткен соң ол жағдай да ұмытылады. Ал кейбір адамдар ренішін жылдар асырып, ішінде сақтап жүреді. Ол негатив ішіңізде шіріп, денсаулығыңызды құртады. Қаныңызға, сүйектеріңізге, тамырларыңызға әсер етіп, ауру шақырады. Психологтардың «ісік ауруының барлығы реніштен басталады» деген тұжырымын естіген боларсыз? Жылдар асып, өсіп келе жатқан реніш кек, ыза, мұң сезімдерін еселене береді. Реніштен құтылу үшін рухани деңгейді көтеру керек. Эмоция емес, сезімді бірінші орынға қоятын отбасында руха деңгейді ұлғайту әлдеқайда жеңіл. Мұндай жанұяда адамдар бір-бірін кемшіліктеріне қарамастан қабылдап, бір жағдайға қатысты пікір мен ойлары әртүрлі болуы мүмкін екенін түсінеді. Адам өзгелерді сынап, мінеп, өз түсінігі бойынша баға беруге бейім. Дәл осы әдеттер адамның ренжігіштігін дамытады. Сезімталдылығын арттырады. Өзін жетік танып, биікке өрлеуге кедергі етеді.



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
3 ұстаз жүктеп алған
4 наурыз
3657
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі