400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 17 материал табылды

Рентген сәулесінің пайдасы және зияны

Материал туралы қысқаша түсінік
Материал 1-курс білім алушыларына арналған
Материалдың қысқаша нұсқасы

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

АЛМАТЫ ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

ТЕХНОЛОГИЯ – ЭКОНОМИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ




«ҒЫЛЫМҒА ҚАДАМ» конференциясы


«Рентген сәулесінің пайдасы мен зияны»










Жобаны орындаушы: Сарбай Диана Нұрболатқызы

«Тігін өндірісі және киімдерді модельдеу» мамандығының 2-курс білім алушысы


Жетекшісі:Әптайжанова Мархабат Берікқызы физика пәні оқытушысы











Алматы - 2020

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ..................................................................................................................3


1РЕНТГЕН СӘУЛЕЛЕРІНІҢ ДИФРАКЦИЯСЫ..........................................5

Рентген сәулелері....................................................................................................5

Дифракция құбылысы.............................................................................................8

Рентген сәулелерінің практикада қолданылуы...................................................9


2 ДИФРАКЦИЯЛЫҚ ҚҰРЫЛЫМДЫҚ ЗЕРТТЕУ ӘДІСТЕРІ.................10

2.1 Рентгендік дифракциялық зерттеулердің дифракциялық эксперименттік әдістері, классификациясы...................................................................................10

2.2. Қарапайым жағдайларда рентгендік дифракциялық зерттеулер құралдары...............................................................................................................12

2.3. Зерттеу материалына сипаттама...................................................................15


III.ҚОРЫТЫНДЫ...............................................................................................19


IV.ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР........................................................20




























КІРІСПЕ


Тақырыптың өзектілігі:Рентген сәулелерін алғаш зерттеушілер Стокс, Д.А.Гольдгаммер және Рентген, рентген сәулесі жылдам электрондар анодқа соқтығысып тежегенде шығарылатын электромагниттік толқын деген ойларын айтқан. Бірақ рентген сәулесінің бірқатар қасиеттері оның толқындық табиғатымен үйлеспеді. Рентген сәулесінің көптеген қасиеттерін зерттеу өте қиынға түсті. Бір ортадан екінші ортаға өткендегі рентген сәулесінің шағылуы мен сынуын көп уақытқа дейін бақылау мүмкін болмады. Рентген сәулесінің әлсіз шашырауын ғана байқаған, оны рентген сәулесінің корпускулалы табиғаты бойынша оңай түсіндіруге болады.

Рентген сәулелерінің толқындық табиғатын түсіндірудегі негізгі қиыншылық рентген сәулелерінің интерференциясы мен дифракциясы байқау мақсатында Рентген және басқа зерттеушілер жасаған тәжірибелердің сәтсіздігі. Көп уақыт өтпей-ақ рентген сәулесінің толқын ұзындығы көрінетін және ультракүлгін сәуленікінен әлде қайда кіші екендігі анықталды.

Рентгеннің алғашқы жұмысы жарық көргеннен кейін, 1897 жылы Стокс рентген сәулесінің табиғаты туралы қазіргі көзқарас шеңберінде дұрыс деп есептеуге болатындай ұсынысын жасаған. Стокс рентген сәулесін электрондар анодқа соқтығысып жылдамдығы күрт өзгергенде пайда болатын қысқа электромагниттік импульс деп есептеді. Қозғалыстағы заряд жылдамдығының мұндай өзгерісін электр тогының әлсіреуі деп қарастыруға болады. Ол қозғалыстағы электронмен байланысқан магнит өрісінің әлсіреуімен қатар жүреді. Магнит өрісінің өзгерісі қоршаған ортада айнымалы электр өрісін тудырады, ал ол айнымалы ығысу тоғын тудырады, және т.с.с. сонымен Максвелл түсіндіруіне сәйкес кеңістікте жарық жылдамдығымен таралатын электромагниттік испульс пайда болады.

Рентген сәулесінің табиғаты 1912 жылы Лауэ идеясы бойынша рентген сәулесінің дифракциясы құбылысын тәжірибе жүзінде алынғаннан кейін барып толығымен анықталды. Лауэнің ашқан жаңалығы кезінде рентген сәулесінің толқынды табиғатының айқын дәлелдемесі болды.

Зерттеудің мақсаты:Рентген сәулесінің шығу тарихымен танысу.Рентген түтіктерінде рентген сәулелерінің пайда болуын түсіндіру.Түрлі салаларда рентген сәулелерін пайдалану.












I РЕНТГЕН СӘУЛЕЛЕРІНІҢ ДИФРАКЦИЯСЫ


Рентген сәулелері

Оптикалық спектрдің ультракүлгін алқабының қысқа толқындық шетінен рентген спектрі деп аталатын спектрдің бір ерекше алқабы басталады. Бұл спектрлік алқапқа жататын сәулелердің толқынынан қысқа болады. Осындай өте қысқа толқынды ерекше сәулелер рентген сәулелері деп аталады.бұл сәулелерді ең алғаш, 1895 жылы, неміс физигі Рентген тапқан.

Рентген катодтық сәулелерді зерттеп тәжірибе жасап жатып, бір жолы катодтық түтіктен электр разряды өтіп тұрған кезде сол түтіктің жанында тұрған флуоресценцияланғыш экраннан жарық шығып тұрғандығын кездейсоқ байқады.

Түтікті қара қағазбен жауып қойғанда экранның жарық шығаруы тоқталмады. Рентген тағыда бірсыпыра тәжірибелер жасап: экран жарық шығарған кезде оған көзге көрінбейтін ерекше сәулелер түсетіндігін, ол сәулелер шыны түтіктің катод сәулелері түскен орнынан таралатындығын тағайындады. Осы ерекше сәулелерді еркін электрондардың ағыны екендігі мәлім. Олай болса, рентген сәулелері шапшаң электрондар келіп соғылған қатты денеден таралатын көрінбейтін сәулелер болады. Бұл сәулелердің мынадай негізгі қасиетері бар:

1)Рентген сәулелері кәдімгі жарық сәулелері өте алмайтын ағаш, шыны, мата, қара қағаз сияқты денелерден өте алады; алтын, темір, барий сияқты заттардан нашар өтеді, дәлірек айтқанда рентген сәулелері ауыр атомдардан түзілген тығыз емес заттардан горі жеңіл атомдардан түзілген тығыз емес заттардан жақсы өтеді.

2)Рентген сәулелері түскен фотопластинка кәдімгі жарық түскендегідей қараяды.

3)Рентген сәулелерінің әсерінен ауағу және басқа газдарға электр өткізетін қасиет пайда болады, өйткені олар рентген сәулелерінің әсерінен иондалады.

4)Рентген сәулелері түскен кейбір заттар жарық шығарады (флуоресценция құбылысы байқалады). Әсіресе платиносинородты барийдан жасалған экран жақсы флуоресценцияланады.

5)Рентген сәулелеріне электр өрісі мен магнит өрісі әсер етпейді, атап айтқанда электр және магнит өрістерінің әсерінен рентген сәулелерінің таралу бағыты өзгермейді.

Сонымен рентген сәулелерін бақылап зерттеу үшін оның осы айтылған қасиеттерін пайдалануға болады, яғни флуоресценцияланғыш экранды, фотопластинканы және иондалу камерасын қолдануға болады. Мұнымен қабат бұл үшін рентген сәулелерінің фотоэлектрлік және жылулық қасиеттерін де пайдаланылуы мүмкін.

Рентген сәулелерін алу үшін арнаулы түтіктер қолданылады. Сондай рентген түтіктерінің бір түрі 1-суретте көрсетілген; мұнда К-катод, ол вольфрам сымынан жасалған; А-анод, ол ауыр металдан, (платина, вольфрам т.б.) жасалады. Электр тогы жіберілгенде ол катод қызады да одан электрондар бөлініп шығады, сол электрондар К мен А арасындағы потенциалдар айырымының әсерінен анодқа қарай үдей қозғалады.

Олар анодтың бір орнына шоғырланып соғылу үшін вольфрам спиральді әдетте метал цилиндрдің ішінде орнатады.

Бұл түтіктің ішінде ауа өте мұқиат сиретіледі, қалған ауа сарқындысының қысымы болымсыз аз, шамамен (10-6 – 10-8 мм сынап бағанынын қысымындай) ғана болады. Сондықтан бұл түтіктегі электр тогы нағыз электрондар болып табылады, оған газ иондары қатыспайды. Мұндай түтіктер электрондық Рентген түтіктері деп аталады.бұлардың бір артықшылығы сол, олардың катод арқылы өтетін токтың күшін қалауымызша өзгертуге болады, олай болса катодтан ұшып шығатын термоэлектрондардың мөлшерін өзгертіп отыруға болады. Сонымен бірге түтіктің катоды мен анодының потенциалдарының айырмасын өзгерте отырып, әлгі термоэлектрондардың жылдамдығын демек кинетикалық энергиясын өзгертуге болады. Сөйтіп түтіктің жұмыс істеу режимін қалауымызша өзгертіп, рентген сәулелерін әртүрлі жағдайларда қоздыруға болады. Қоздыру жағдайларына қарай рентген сәулелері бөгеліс рентген сәулелері және сипаттауыш рентген сәулелері деп екіге бөлінеді. Бөгеліс рентген сәулелері тұтас спектр, сипаттауыш рентген сәулелері сызықтық спектр береді.

Электрондардың қозу энергиясы кәдімгі технологиялық қондырғыларда 100 000 эв. Қазіргі кезде рентген сәулелерін 1 000 000 эв, ал арнайы ядролық физикада соңғы кезде рентген сәулелерін энергиясы 100 000 000 эв. электрондарды тормоздау арқылы алынатын әдіс қоданылады. Рентген түтігі үздіксіз көп уақыт жұмыс істеген кезде оның анодын қызып кетуден сақтау үшін оны арнаулы тетік арқылы ағын сумен салқындатын отырады.


1.2. Дифракция құбылысы.


Жарықтың толқындық сипаты білінетін құбылыстардың біреуі дифракция құбылысы болады. Дифракция деп жарықтың түзу сызықты жолдың бұрылу құбылысы айтылады. Жарықтың осындай қасиеті бар екендігін мынадай тәжірибе жасап білуге болады. Еген бір саңылаудан өткен жарық шоғының жолында саңылаудан 40 см жерде, оған параллель етіп тартылған диаметрі 0,2 мм жіңңшке сым тұрған болса, сонда 2 метрдей жердегі ақ экранға түскен сымның геометриялық көлеңкесінің дәл ортасына жіңішке ақ жолақ пайда болады. Бұл тәжірибеден жарық толқыны сымды орағытып барып көлеңке алқабына түскені байқалады. Демек бөгетке кездесіп жарықтың жолы қисаяды.

Бұл ретте орыс физигі В.К.Аркадьев мынадай тәжірибе жасаған. Диаметрі 1,97 мм инеге одан 24,17 м қашықтықта тұрған өлшемдері 0,7х4мм саңылау арқылы толқын ұзындығы 0,46 мкм монохромат жарық шрғын түсірген; иненің екінші жағына 15,47 м жерге, фотопластинка қойып сол ине көлеңкесінің фотосуретін түсіріп алған.

Сонда ине көлеңкесінің дәл ортасында жіңішке жарық жолақ, екі жағында онымен қатарласа орналасқан бірнеше жарық және қара қоңыр көлеңкесінің жолақтарын байқаған (1/ - сурет). Бұдан жарық толқынының жолындағы инені айнала өтіп көлеңке алқабына барғаны байқалады.

Дифракция құбылысы тек жарыққа ғана емес, басқа да толқындық процестерге тән құбылыс. Мысалы: дыбыс толқындары да жолында кездескен бөгетті айнала бұрылып таралады. Биік үйдің бір жағынан шыққан дыбыс оның екінші жағынан да естіледі, өйткені дыбыс толқыны үйдің бұрышына жетіп бұрылады да қалқаланып тұрған алқапқа барады, басқаша айтқанда дифракцияланады.


1.3 Рентген сәулелерінің практикада қолданылуы.


Рентген сәулелерін медицинада науқас кісінің ауруын анықтау үшін және кейбір ауруды емдеу үшін пайдаланады.

Рентген сәулелерін ауруды анықтау үшін пайдалану рентген сәулелерінің жұтылу қасиеттерінің ерекшелігіне негізделген. Адамның мүшелері түзілген ұлпалардың рентген сәулелерін жұту қабілеті әр түрлі болады, мысалы рентген сәулелерін жұмсақ ұлпалар нашар жұтады, сүйектің минерал заттары өте күшті жұтады. Сондықтан адамның мүшесінен рентген сәулелері өткенде оның интенсивтілігі түрліше кемиді де көлеңке кескіні түседі. Ол кескіннен адамның ішкі органдарының формасы мен орналасуы айқын көрінеді. Осындай кескіндер бойынша олардың сау не аура екендігін білуге болады.

Рентген сәулелерінің көмегімен мысалы, адамның ішкі органының ауру-сауын айырғанда адамды рентген түтігімен флуоресценцияланғыш экранның аралығына тұрғызады да одан рентген сәулелерін өткізеді, содан экранның бетіне оның зерттелетін органдарының көлеңкелік кескіндері келтірілген. Флуоресценцияланғыш экранның орнынан рентген органның суретін (рентгенограммасын) түсіріп алуға да болады. Мұндай рентгенорамма флуоресценцияланғыш экран бетінде байқалатын кескінге ұқсас, бірақ контрастлығы керісінше болады, өйткені рентгенограмма негативті кескін болып табылады.

Рентген сәулелерін ауруды емдеу мақсатымен пайдалануға олардың билдогиялық әсеріне негізделген.рентген сәулелерінің биологиялық әсері тек олардың қатаңдығына және жұтылу мөлшеріне ғана емес, әр түрлі ұлпалардың рентген сәулесін сезгіштігіне де байланысты. Мысалы: мол рентген сәулелерінің әсерінен зардапты ісікиердің ұлпалары, сау ұлпалардан горі оңай бүлінеді, рак ауруын рентген сәулелерімен емдеу осыған негізделген.

Рентген сәулелері осы кездегі техникада кеңінен қолданылады. Мысалы: металлургиялық өнеркәсіпте, металл өңдеуші және машина жасаушы заводтарда рентген сәулелерін, технологиялық процестерді бақылап-басқарып отыру үшін, материалдар мен детальдарды бұзбай-жармай, олардың ішнде ақаудың бар-жоғын білу үшін пайдаланады. Ол үшін рентген сәулелерін сыналатын детальдан өткізіп, мысалы фотопленкаға түсіреді. Сонда пленка қараяды. Оның қараю дәрежесі әрине түскен рентген сәулелерінің иртенсивтілігіне байланысты, ал рентген сәулелерінің интенсивтілігі, оның детальдан өткенде бәсеңденуіне байланысты. Егер пленканың қараю дәрежесі барлық жерінде бірдей болмаса, онда пленканың көбірек қарайған орнына түскен рентген сәулелерінің интенсивтігі күштірек болғаны, яғни ол жерге түскен рентген сәулелері детальда аз жұтылғаны. Мысалы: металл құйманың ішінде кішкентай газды қуыс болса, оның рентгенограммасы осы айтылғандай болады, сонда пленканың көбірек қарайған орнына осы қуысты көрсетеді.

Осылайша детальдың басқа ақауларын, ішіндегі жарығын, кірмелерін т.б. да білуге болады.


































II ТАРАУ ДИФРАКЦИЯЛЫҚ ҚҰРЫЛЫМДЫҚ ЗЕРТТЕУ ӘДІСТЕРІ


2.1. Рентгендік дифракциялық зерттеулердің дифракциялық эксперименттік әдістері, классификациясы


Құрылымдық зертеулердің эксперименттік әдістерінің даму бағыттары М.Лауэ, В.Л.Брегг, П.Дебай және басқа зерттеушілердің алғашғы еңбектерінде айтылған. Дегенмен қатты дене физикасының бұл бөлімі үздіксіз дамуда және жетілдірілуде.

Рентгенографияның эксперименттік әдістерін классификациялау негізіне дифракциялық спектрді тіркеу тәсілі (фотографиялық немесе иондалу), немесе зерттелінуші объектінің агрегаттық күйін жатқызуға болады. Рентген сәулелерінің дифракциясы мәселесіне бірден-бір физикалық әдіс болғанына қарамастан, әртүрлі объектілерді экспериментальдық зерттеулердің әртүрлі ерекшеліктері бар және рентгенструктуралық анализдің арнайы бөлімдерінің пайда болуына әкеледі.

Рентген дифракциялық зертеулерді кәдімгі жағдайда да (бөлме температурасы, атмосфералық қысым), жасалынуына арнайы қосымша жабдықтау мен қондырғы қажет болатын, «ерекше» жағдайларда да жүргізуге болады.

Ерекше жағдай деп төменгі немесе жоғарғы температура, вакуум немесе жоғарғы қысым, магнит немесе электр өрісі және т.с.с. түсінеді.

Дифракциялық спектрді тіркеу фотографиялық немесе ионизациялық әдістің, фотографиялыққа қарағанда артықшылығы көп деп есептелініп келген. Практика фотографиялық әдістің де өзіндік артықшылықтары бар екендігін көрсетті. Мысалға құралдың қарапайымдылығы мен сенімділігі, бірмезгілде барлық дифракциялық спектрді немесе оның көп бөлігін бірден жазып алуға мүмкіндігінде. Осы екі дифракциялық картинаны тіркеу әдісінің қай-қайсысының да жетістігі мен кемшілігі бар. Зерттеу жұмысы практикасында екі әдістің де меңгеру және белгілі жағдай үшін тиімдісін қолдана білуі керек. Қазіргі кезде дифракциялық спектрдің әртүрлі нүктелерін бір мезгілде тіркеуге мүмкіндік беретін бір және екі өлшемді есептегіштер көмегімен дифракциялық картинаны тіркейтін дифрактометрлер жасалынған. Дифракциялық әдістермен кристал құрылымын эксперименталдық зерттеу негізіне шашыраған сәуленің интенсивтілігінің J(H) функционалдық тәуелділігін алу жатады.

Дифракциялық картина үлгіден шашыраған рентген сәулесінің кеңістіктік таралуы болып таралады және кристалды қоршаған кеңістіктің әрбір нүктесіндегі шашыраған сәуле интенсивтілігін көрсету әдісімен сипатталады.


2.2.Қарапайым жағдайларда рентгендік дифракциялық зерттеулер құралдары.


1) Рентген сәулесі көздері. Рентген сәулесі көздері ретінде ең көп таралған – рентген түтігі. Рентген – құрылымдық анализде әртүрлі рентген-оптикалық схемалар қолданылады, сондықтан (формасы) пішіні мен өлшемі әртүрлі фокусты рентген түтіктері қажет.

Рентген түтіктері жоғарғы кернеулік генераторлық құрылғылар көмегімен қоректендіріледі. Барлық дифракциялық картина бір мезгілде және ұзақ уақыт бойы тіркеледі, ал фотопленка сәуле интенсивтілігінің барлық тербелісін «орташалайды».

Дифрактометрлік зерттеулерде дифракциялық картина нүктеден нүктеге тізбектеліп тіркеледі, сондықтан бұндай жағдайларда рентген сәулесінің жоғары дәрежеде тұрақтылығы талап етіледі. Көпшілік жағдайда генераторлық құрылғыға берілетін кернеу, сонымен қатар рентген түтігінен өтетін ток тұрақтандырылады.

Дифракциялық картинаны тіркеуші детекторларретінде рентгендік пленкалар мен есептегіштер (гейгер, сцентилляциялық) қолданылады.

Интенсивтілігі үлкен, жоғары дәрежеде тұрақтандырылған рентген сәулесін генерациялау үшін, айналмалы анодты рентген түтігі орнатылған АРТВ-5,0 рентген аппараты қолданылады. АРТВ-5,0 аппараты құрамына рентген түтігін вертикаль немесе горизонталь орналастыруға мүмкіндік беретін үстел, суыту құрылғысы және жоғарғы кернеулік қоректендіру көзі кіреді. АРТВ-5,0 аппараты әртүрлі рентген камераларында фотографиялық әдістермен дифрактометрлер көмегімен ионизациялық әдістермен құрылымдық зерттеулер жүргізуге мүмкіндік береді.


2) Рентген камерасы.

Дебай-Шерер әдісімен поликристалдарды рентгенографиялық зерттеулер үшін ең көп таралған камера РКД-57 камерасы. Ол поликристалдың құрылымын зерттеу үшін, үлгілерде фазалық анализ жүргізу, кристалдардың элементар ұяшықтарының өлшемдерін анықтау үшін қолданылады. Дифракциялық картинаны тіркеу есептік диаметрі 57,3 мм цилиндрлік пленкада 40-840 бұрыштық интервалында тіркеледі.

Поликристалдармен жұмыс істеуге поликристалдар түсіру үшін камер-монхрометр сияқты күрделі камералар конструкциясымен жасалынған.

Монокристалдарды зерттеу арнайы рентгендік камераларда жүргізіледі, сонымен бірге олардың көпшілігін поликристалдардызерттеу үшін тиімді пайдалануға болады.

Рентген камераларда монокристалдарды центрлеу және үйлестіру арнайы гониометрлік құрылғымен жасалынады. Ол монокристалды өзара перпендикуляр екі бағытта қозғалуына және оның көлбеулігінің екі өзара перпендикуляр осьтерге қтысты өзгеруге мүмкіндік береді.

3) Рентгендік дифрактометрлер.

Ионизациялық әдісте дифракциялық картинаны тіркеу иондаушы сәуле есептегіші көмегімен қажетті бұрыштық интервалда нүктеден-нүктеге біртіндеп жасалады. Бұл рентген сәулесі көзінің және барлық жүйенің түгелдей орнықтылығына жоғары талапты қажет етеді. Дифрактометрлік құралдарда күрделі электрондық құрылғының болуы рентгендік құралды біршама күрделендіреді және оның бағасын фотографиялық тіркеуші рентгендік камералар бағасымен салыстырғанда бірнеше есе қымбыттатады. Қазіргі кезде рентген құрылымдық зерттеулерде рентгендік дифрактометрдің құрамдас бөлігі болып табылатын ЭЕМ кеңінен қолданылады.

ДРОН-2,0 рентгендік дифрактометр жалпы рентгенструктуралық анализ жүргізу үшін арналған, сонымен бірге поликристалдар, монокристалдардың пластикалар түрінде қиындықтарын зерттеу үшін де қолданылады.

ДРОН-2,0 күрделі құрал. Оның құрамына жоғарғы кернеулі қоректендіру көзі ВНП, дифрактометрлік бағана, ГУР гонометр, ақпараттар шығарылатын қондырғы, электронды есептегіш қондырғы және автоматты басқару блогі кіреді.

Қазіргі кездегі дифрактометрдің негізгі бөлігі дифракция бұрышын ионизация әдісімен өлшеуге арналған, күрделі оптико-механикалық құрал болып табылатын, рентгендік гониометрлік құрылғы (гонометр). Барлық дифрактометрлік өлшеулер дәлдігі гониметр дифракция бұрышын қаншалықты дәл өлшейтіндігіне байланысты. Отандық дифрактометрлерде бұрыштарды өлшеу дәлдігі ±0,005 дифракциялық спектрді -90÷+164 бұрыштық интервалда тіркеуді қамтамасыз ететін ГУР-5 ганиометрі қолданылады. Гониометр оперативтік үстелге рентген сәулесі көзіне қатысты өте дәл белгіленген орынға орнатылады. Арнайы тұтқа көмегімен үлгі мен есептегіш бұрыштық орнын, арнауы шкала бойынша бұрыштық бұрылуын бақылай отырып, бір-біріне байланыссыз немесе бір-бірмен байланысқан күйде керекті бұрыштық интервалда өзгертуге болады. Дифракциялық спектрді жазу электронды потенциометр диаграммалық лентасына немесе цифр жазушы құрылғы көмегімен жазылады. Бір жазу әдісінен екіншісіне өту арнайы ажыратып қосқыш көмегімен жүзеге асырылады.

ДРОН-2,0 дифрактометрінде рентген сәулесі көзі ретінде БСВ-8М және БСВ-10М рентген түтігі пайдаланылады. БСВ-8М мыс анодты түтігінің максимал қуаты 2кВт құрайды.

ДРОН-2,0 дифрактометрінің эксперименттік мүмкіндігін ГУР-5 рентген гониометріне орналастыруға болатын, әртүрлі қосымша құралдар көмегімен әжептеуір кеңейтуге болады. Бұл жеткілікті ірі үлгілердегі зерттеуге мүмкіндік береді. Қосымша бөлім – гониометрлік аз бұрыштық құрылғы ГМУ – пленкалар, пластинкалар мен талшықтарда аз бұрыштық рентгендік зерттеу жүргізуді қамтамасыз етеді. Ол ГУР-5 гонтометрі есептегіш саңылауына фокусталған, интенсивті монохромат рентген сәулесі шоғын беретін, ассиметриялы фокустаушы кварцтық монохроматтар.

Аз бұрышты ГМУ құрылғысы ДРОН-2 дифрактометрінде дифракциялық спектрді өлшеу 15/-тан 1000 дейінгі бұрыштық интервалда 2υ масштабынан жүргізіледі.

Сонымен әртүрлі көмекші құрылғылары бар ДРОН-2,0 дифрактометрі қатты дене құрылымдық функциясының көптеген есептерін шешуге мүмкіндік береді.


2.3. Зерттеу материалдарына сипаттама.


Силикагель

Силикагель дегеніміз PH>5-6 болғанда кремний қышқылы (nSiO2*mH2O) қаныққан ерітіндісінен түзілген кептірілген гель. Қатты гидрофильді сорбент.

Силикагель сілтілік металдардың ерітінділерінен қашқалдандырғанда түзілген гельді одан әрі жуып-шаю және кептіру арқылы алынады.

Силикагельдің бір-бірінен 0,5нм қашықтықта орналасқан SiOH топтарынан тұратын бетінің ауданы үлкен (500м2/1г). Бұл топтар белсенді центрлі болып табылады және берілген силикагель белсенділігі бұндай центрлер белсенділіктері мен санына тәуелді. Белсенді адсорбентте, яғни оның бетінде адсорбиленген судан ажыраған, көптеген центрлер белсенді болады. Бұндай белсенділіру гельді 150-2000С дейін қыздырғанда болады.

Жоғарырақ 200-4000С температура интервалында қыздырғанда су ыдырағанда болатын Si-O байланысы түзілуі нәтижесінде белсенділік жойылады. Бірақ бұл кезең қайтымды. 4000С жоғары температурада қыздырғанда силикагель беті өлшемі қайтымсыз кішірейеді.

Белсенді центрлер полярлы еріген заттармен негізінен сутегілік байланыстар есебінен әсерлеседі.

Тауарлық силикагельді өлшемі 5÷7 – ден 10-2 мм-ге дейін дән немесе шар тәрізді түйіршіктер түрінде шығарады. Силикагельдің әртүрлі маркаларының тесіктерінің орташа эффективтік диаметрі және меншікті бетінің ауданы 102-103м2/г.

Силикагельдің хромотографияда адсорбент ретінде, су булары мен органикалық еріткіштерді сіңіруші ретінде (кептіргіштер) және полярлы емес сұйықтарды адсорбциялық тазартуға қолданады. Сонымен қатар спирттілерді, аминоқышқылдарын, дәрумендерді, антибиотиктерді және т.с.с. жіктеу үшін қолданылады.

Ірі қуысты силикагельдер катализаторларды тасымалдаушылар ретінде де қоданылады. Силикагель радон – 222 ядросын және оның изатоптарын жақсы адсорбциялайды.

Силикагель сипаттамалары

1. Силикагель буланбайды, иісі жоқ, суда ерімейді. Адам ағзасына зиянды емес.

2. Силикагель бетінің ауданы 450м2/г – нан кем емес кремний диоксиді (қостотығы) (мөлшері 98%-дан кем емес) мөлдір немесе жартылай мөлдір түйіршіктерінен тұрады.

3. Силикагель суды, спиртті, бензолды, бензинді, күкірт қышқылының буын және органикалық еріткіштердің барлық түрлерін сіңіреді. Суды 40С төмен температурада максимал сіңіреді, 150-2000С температурада суды шығарады.

4. Силикагельді қалташаларда, силикагель суды жұтқанда (20%-дан) түсі қызғылт түске өзгеретін, сосын түссізденетін биологиялық залалсыз органикалық материалдардан дайындалған, жаңа залалсыз индикатордың көгілдір түйіршіктері болады.


Силикагель сипаттамалары

А – типі

В – типі

Судың мөлшері, %

2,5 – тен кем

2,5 – тен кем


Абцорбция дәрежесі, %

Салыстырмалы ылғалдылық 20%

8 – ден жоғары

3 – тен жоғары

Салыстырмалы ылғалдылық 50%

20 – дан жоғары

10 – нан жоғары

Салыстырмалы ылғалдылық 90%

30 – дан жоғары

50 – ден жоғары

рН

4-8

4-8


А және В – типті силикагельдерді басқа абсорбенттермен салыстыру. (50% және 90% салыстырмалы ылғалдылықтағы абцорбция дәрежесі)


Shape1 Shape2 Shape3 25

1


Shape4 20

Shape5 2


Shape6 15

Shape7 3


Shape8 10



Shape9 5

Shape10 Shape11 Shape12


0 1 2 Күндер



Салыстырмалы ылғалдылығы 50%





Shape13 Shape14 Shape15 60

1

Shape16 50

Shape17

Shape18 40

2

Shape19 Shape20 30

3

20

Shape21


Shape22 10

Shape23 Shape24 Shape25


0 1 2 Күндер


































ҚОРЫТЫНДЫ


Кремний қос тотығының құрылымының температураға тәуелділігін рентген құрылымдық зерттеу нәтижесінде төмендегідей қорытынды жасауға болады:

Рентген құрылымдық анализ әдісімен кремний қос тотығының микрокристаликтерінің орташа өлшемдерінің экспериментальдық мәндері анықталды.

Рентген сәулелерінің аз бұрыштық шашырау әдісімен, қыздыру температурасына байланысты бастапқы және қоспа ендірілген кремний қос тотығында да структуралық өзгерістер болатындығы, ал қыздыру температурасында кристалдық құрылымның түзілуі кәдімгі үлгідегіге қарағанда қоспа ендірілген үлгілерде жылдамырақ жүретіндігі анықталды. Бұл монокристаликтердің өлшемінің сәулелендіруге және әртүрлі құрамды қоспалардың болуына байланысты бірте – бірте артуымен түсіндіріледі. Сонымен, зерттеуден алынған мәлімет кремний қос тотығын қыздырғанда оның аморфты күйден кристалдық күйге өтетіндігін көрсетеді.

Рентгенструктуралық анализ үлгілердің кристалдық торлары параметрлері мен атомаралық қашықтықтарын анықтауға мүмкіндік берді. Осы зерттеу негізінде кристалданған кремний қос тотығы – параметрлері a = 4,95 , c = 7,11 , d = 1,1÷3,26 тетрагональды торлы α – кристобалит екендігі анықталды.

Бастапқы және қоспа ендірілген кремний қос тотығы микроқаттылығының қыздыру температурасына тәуелділігін зерттеу нәтижесінде, 2000С температурада микроқаттылықтың күрт артуы су молекуласының булануымен, ал екінші рет 6000С – де артуы үлгінің кристалдық фазаға өтуімен байланысты деп табылды.

Бастапқы және қоспа ендірілген кремний қос тотығының түсі температура артқанда өзгеріп, бастапқы үлгілер қоспа ендірілген үлгілерге қарағанда бұрын кристалдана бастайтындығы анықталды.

Қорыта айтқанда кремний қос тотығының құрылымын температураға байланысты зерттеулер температурасы 6000С болғанда аморфты кремний қос тотығы кристалдық фазаға өте бастайтындығы және де бастапқы SiO2 қоспа (Fe, Cu) ендірілген SiO2 – ге қарағанда ерте кристалдана бастайтындығы анықталды.











ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ:



1. R.A. Sigslce., R.H. Vilson. –J. Appl Phys 1973, 25. p541.

2. Ибрагимов Ж.Д., Ярклов У. Пробеги ионов Kr и Xe в аморфном Al2O3 и SiO2 в области энергии 4-100 кэВ. В сб. Структура и свойства облученных материалов. Ташкент, «Фан», 1975, -24с.

4. R.J.Kelly. Low – Energy Depth Distributions in pt, Al and KCl as abtained by sputteing – J. ApplPhys, 39, 11, 1968, p 5298.

5. Мясников А.А., Позднеев Д.В. Расчет среднего числа радиционных дефектов в Si и SiO2 облученных быстрыми нейтронами. ФТП. Т.5, 1971, с.976.

6. W.Primak. Mechanism for the Radiation compaction of vitreous silica. - J. ApplPhys – 43, 6, 1972 p1745.

7. Вахидов Ш.А., Гасанов Э.М., Ибрагимов Ж.Д., Хабибуллаев П.К. Фазовые превращения в α - кварце под действием нейтронного облучения. – Доклады АН УзССР, 9, 1984, с. 24-25.

8. Гегузин Я.Е. Очерки о диффузии в кристаллах. М. «Наука», с.253.

9. Макаревич А.И., Березина Г.М., Курилович Н.Ф. Влияние нейтронного облучения на механические свойства кремния. В сб. Радиационная физика неметаллических кристаллов. Минск, «Наука и техника». 1970,-71с.

10. Глазков В.М., Вигдорович В.Н. В кн. Микротвердость металлов и полупроводников. М. «Металлургия», 1969,-248с.

11. Брудный В.Н., Толебаев Б. Изменение микротвердости образцов SiС (6Н) при нейтронном облучении. Атомная энергия, т.59, 1985, с.232-233.

12. Ерматов С.Е., Тогжигитов К. Исследование корреляции фазавого перехода, микротвердости и диффузии на образцах двуокиси кремния при реакторном облучении и термоотжиге. В сб. Физика атомного ядра и космических лучей. Алма-Ата, 1980, с.109-115.

13. Вахидов Ш.А., Гасанов Э.М., Ибрагимов Ж.Д., Каланов М., Мустафакулов А.А., Хабибуллаев П.К. Рентгеноструктурное исследование кристаллов кварца, выращенных на нейтронно-облученных затравках.-Докл. АН УзССР, №4, 1984, с.27.

20

14. Абдукадырова И.Х., Вахидов Ш.А., Мухтарова Н.Н. Радиационна-индицированная перестройка структуры кварца.

УзССРфанлар Акад.

ахбороты, физ.мат. фанлари сер. Изв. УзССР, серия физ.мат. наук, №3, 1984, с.76-79.







18


Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
3 ұстаз жүктеп алған
9 мамыр
3227
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі