400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

«Repeat», «For» опареторлары.

Материал туралы қысқаша түсінік
информатика пән мұғалімдеріне арналган
Материалдың қысқаша нұсқасы

Сынып: 9 сынып

Тақырып: «Repeat», «For» опареторлары.

Мақсаты:

Білімділік: Қайталау операторлары бойынша білімдерін жетілдіру, программада дұрыс

қолданылуын үйрету.

Дамыту: Оқушылардың логикалық ой-өрісін дамыту, компьютерлік сауаттылығын, сабаққа қызығушылығын, тапқырлығын, біліктілігін арттыру.

Тәрбиелік: Ұқыптылыққа, тазалыққа, жылдамдылыққа, шыдамдылыққа, компьютерді өз мақсатында дұрыс қолдану мәдениетінетәрбиелеу.

Сабақтың типі: Аралас.

Сабақ түрі: Дәстүрлі

Сабақтың әдісі: Түсіндіру, баяндау, сұрақ жауап, әңгімелесу, жазбаша жұмыс, өздік жұмыс.

Құрал – жабдықтар, көрнекті құралдар: Компьютерлер. Оқулық. Жұмыс дәптері. Практикалық тапсырмалар.

Сабақтың жоспары:

І. Ұйымдастыру кезеңі.(2 мин)

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау.(8 мин)

ІІІ. Жаңа тақырыпты түсіндіру.(20 мин)

IV. Жаңа тақырыпты бекіту.(10 мин)

V. Қорытынды:

а) Бағалау (3 мин)

б) Үйге тапсырма (2 мин)

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

- Сәлеметсіздерме балалар! Отырыңыздар!

- Бүгін сабақта кім кезекші? (жауап күтемін).

- Бүгін сабақта кім жоқ? ( журнал бойынша түгендеймін).

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау:

-Алдыңғы сабақта сіздерге үйге не берілді? (жауап күтемін) Ауызша сұрау.

ІІІ. Жаңа тақырыпты түсіндіру.

Дәптерлеріңізді ашып бүгінгі күнді және тақырыптың атың жазыңыздар «Repeat», «For» опареторлары.

Repeat қайталау операторы While операторына ұқсас, айырмашылығы - қайталану шарты цикл соңында тексеріледі, сондықтан ол кем дегенде бір рет орындалатын болады. Екінші өзгешелігі – цикл тұлғасы шарт жалған болғанда қайталанып,ол ақиқат болған кезде циклді орындау доғарылады. (While операторында керісінше болатын)

Бұл оператор Repeat (оқылуы: р и п и т, қайталау) және UNTIL (оқылуы: а н т и л, дейін, шейін) түйінді сөздерін пайдаланып орындалады.

Циклдің бұл түрінде:

  • Қайталану шарты цикл денесінен кейін тексеріледі, сондықтан кейінгі шартты цикл деп аталады.

  • Қайталанатын іс –әрекеттер кемдегенде 1рет орындалады.

  • Шартың нәтижесі true болғанда циклдің орындалуы тоқтайды.

Жазылу форматы:

Repeat

DrawObject1 <оператор>;

.................... {цикл денесі}

<оператор>;

Until <циклді аяқтау шарты>;


Repeat және Until сөздерінің арасындағы операторлар цикл денесі болады.

Циклдің орындалу тәртібі: алдымен цикл денесі орындалады, одан соң циклден шығу шарты тексеріледі. Eгер нәтиже false болса, цикл денесі тағы да орындалады, егер true болса, циклден шығады.

Repeat операторының блок –схемасы:

DrawObject2

DrawObject3

Оператор

DrawObject4


DrawObject5 Жоқ

DrawObject6

DrawObject7

Иә

Бұл жерде операторлар Repeat және UNTIL сөздерінің арасында орналасатындықтан, мұнда BEGIN және END сөздері жазылмайды.

Мысал:

999 саны енгізілгенше бүтін сандарды енгізе отырып, олардың қосындысын табу.

Program esep;

Var x: integer; sum: real;

Begin

Sum:=0;

Repeat;

Write (‘x-ti engiz’); readln (x);

If x <>999 then sum := sum + x;

Until x = 999;

Writeln (‘sandardyn kosyndysy=’, sum); readln;

End.

For опареторлары қайталанатын әрекеттердің саны алдын – ала белгілі болғанда қолданылады. Бұл оператор пареметрлі қайталану деп аталады, себебі, қайталану саны параметр немесе басқарушы айнымалы мәніне байланысты болады. Бұл айнымалыда қайталану саны көрсетіледі. Қайталанатын әрекеттер цикл денесі деп аталады.

Жазылу форматы:

  1. Өсу ретімен: for циклдың параметрі:= s1 to s2 do

<оператор>;

  1. Кему ретімен: for циклдың параметрі:= s2 downto <s1> do

<оператор>;

Мұндағы: s1, s2 – параметрдің бастапқы және соңғы мәндері;

for ... do – циклдің тақырыбы; <оператор> - циклденесі.

Цикл денесі жай және құрама оператор болуы мүмкін.

For операторы мынаны анықтайды:

  • Пареметрдің өзгеру аралығын және цикл денесінің қайталану санын;

  • Параметр мәнінің өзгеруін (to – өсу, downto – кему);

For опареторы параметр барлық мәндеріне ие болып біткенше, цикл денесінің орындалуын қайталауды тоқтатпайды.

Егер s2 > s1 болса, цикл денесі (s2 - s1+1)рет орындалады.

Егер s1 > s2 болса, цикл денесі орындалмайды.







For операторының блок –схемасы:DrawObject8

DrawObject9

DrawObject11 DrawObject10 DrawObject12 DrawObject13


<оператор>>;




DrawObject16 DrawObject15 DrawObject14

Мысал:

Экранға аты – жөніңді 10 рет шығару программасын жазып, нәтижесін тап.

Program aty joni;

Var I,s: integer;

Begin

S:=10;

For i:=1to 10 do

S:=s+I;

Write (‘Zhumagalieva Tomiris=’,s); readln;

End.

IV. Жаңа тақырыпты бекіту.

  1. Repeat операторының жазылу форматы?

  2. Repeat операторының шарты бірден ақиқат болса, онда оның циклдік тұлғасы орындала ма?

  3. For операторы жазылу форматы?

  4. Пареметрлі қайталану дегеніміз не?

  5. Цикл денесі дегеніміз не?

V. Қорытынды.

Бүгінгі сабақ түсінікті ме? Түсінікті болса, үйге тапсырма дәптерлеріңізге жазылғандарды оқу, ережелерді жаттау. Үйге: ««Repeat», «For» опареторлары».90- 91 беттер.



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
22 ақпан
521
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі