400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Ресейдегі азамат соғысы және шетелдік интервенцияның себептері мен салдары қандай?

Материал туралы қысқаша түсінік
Азамат соғысы ұғымын біліп, шетелдік интервенцияның себептері мен салдарының ерекшелігін әңгімелеу; Азамат соғысы Ресей үшін қасіреті зор оқиға болғандығын жіктеу; Большевиктер азамат соғысында жеңіске жеткендігін және шетелдік интервенцияға тойтарыс бергендігін талдау.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Сабақ: 1


Мектеп: Ақтөбе қаласы №31 қазақ орта мектебі

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:Суйеуова Куляш Есжановна

Сынып: 9

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Пәні: Дүниежүзітарихы

Сабақтың тақырыбы: Ресейдегі азамат соғысы және шетелдік интервенцияның себептері мен салдары қандай?

Сабақ негізделген оқу мақсаты (мақсаттары)

8.1.1.1 - тарихи оқиғаның нәтижелерін талдау арқылы әлеуметтік құрылымның өзгеруіне Қазан төңкерісінің әсерін сипаттау;

8.3.2.6 - 1918-1922 жж. азамат соғысының себептері мен салдарын талдау.

Сабақ мақсаттары

Барлық оқушылар:Азамат соғысы ұғымын біліп, шетелдік интервенцияның себептері мен салдарының ерекшелігін анықтайды.

Оқушылардың басым бөлігі: Азамат соғысының Ресей үшін тарихи маңызын жіктейді.

Кейбір оқушылар: Азаматтық соғыстың себептері мен салдарын анықтап, ұрыс қимылдарының барысын қарастырып, қарама-қарсы күштерді талдайды.

Ойлау дағдыларының деңгейі

Білу, түсіну, қолдану, талдау.

Тарихи концепт:

Себеп және салдар Ресейдегі азамат соғысы және шетелдік интервенцияның себептері мен салдарына баға береді.

Дәлел Ресейдегі азамат соғысы және шетелдік интервенцияның болу себептеріне дәлел келтіреді.

Бағалау критерийлері

Азамат соғысы ұғымын біліп, шетелдік интервенцияның себептері мен салдарының ерекшелігін әңгімелеу;

Азамат соғысы Ресей үшін қасіреті зор оқиға болғандығын жіктеу;

Большевиктер азамат соғысында жеңіске жеткендігін және шетелдік интервенцияға тойтарыс бергендігін талдау.

Тілдік мақсат



Негізгі сөздер мен тіркестер:

Ақтар, қызылдар, большевик, меньшевик,эсерлер, интервенттер.

Құндылықтарға

баулу

  • Сыни ойлау дағдысын қалыптастыру;

  • Толеранттылық сананы қалыптастыру;

  • «Мәңгілік Ел» : ұлттық идеясының Зайырлы қоғам және жоғары руханият құндылығы негізінде азамат соғысының Қазақстан үшін тарихи маңызын анықтауда көрініс табады ;


Пәнаралық байланыстар

Қазақстан тарихы, география

АКТ дағдыларын қолдану

Интерактивті тақта, ғаламтор материалдары

Алдыңғы білім

1917-1924 жылдарда Ресейдегі өзгерістерді сипаттау («Сұрақ-жауап» әдісі)

Сабақтың кезеңдері

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

10 минут

I.Ұйымдастыру кезеңі.
Сыныппен амандасу, оқушыларды түгендеу.

Психологиялық ахуал қалыптастыру:

«Сіз білесіз бе?» тренингі






Оқушылар бір-бірінің тарихқа жақын мінез-құлықтарын атайды.

«Сұрақ-жауап» әдісі арқылы оқушылар алдыңғы өткен тақырыпқа қатысты сұрақтар қойылып, оқушылардан жауап алынады.

  1. Ресейде Ақпан революциясы қашан болды?

  2. Ақпан революциясының сипаты қандай?

  3. Қазан төңкерісі қашан болды?

  4. Қазан төңкерісінің нәтижесі қандай болды?

ҚБ: «Үш шапалақ» әдісі арқылы бір-бірін қолдайды, мадақтайды.


«Миға шабуыл» әдісі арқылы сабақ тақырыбын ашу.

Қазан төңкерісінен кейін Ресейде қандай жағдай орын алды?

Топқа бөлу: Оқушыларға тақырыпқа қатысты сөз құрастыру үшін әріптер таратылады,сол әріптерді жинақтау арқылы топқа бөлінеді.

1-топ «АҚТАР»

2-топ «ҚЫЗЫЛДАР»

3-топ «БОЛЬШЕВИКТЕР»

4-топ «МЕНЬШЕВИКТЕР»

























Кеспе қағаздар, А-4 форматындағы қағаздар,

маркерлер

Ортасы


25 минут





































































Жаңа сабақ. Оқушыларға бейнематериал көрсетіледі.

І.Топтық жұмыс. Әр топ бейнематериалды көру арқылы сұрақтарға жауап беру.

1-топ. Ресейдегі Азамат соғысының ерекшелігі неде?

2-топ. Казактар арасында қандай қозғалыстар пайда болды?

3-топ. Большевиктер елдің барлық ресурстарын неге айналдыруға қол жеткізе алды?

4-топ. Азамат соғысы кезінде большевиктердің қарсыластары ненің болуына келісе алмады?


Бағалау критерийі

Дескриптор

Азамат соғысы ұғымын біліп, шетелдік интервенцияның себептері мен салдарының ерекшелігін әңгімелеу.


1.Ресейдегі Азамат соғысының ерекшелігі туралы айтады.

2.Казактар арасында қандай қозғалыстар пайда болғандығын әңгімелейді.

3.Большевиктер елдің барлық ресурстарын неге айналдыруға қол жеткізе алғандығын дәлелдейді.

4.Азамат соғысы кезінде большевиктердің қарсыластары ненің болуына келісе алмағандығын ажыратады.

ҚБ «Смайликтер» арқылы топтар бір-бірін бағалайды.


ІІ. Оқулықпен жұмыс. «SWOT талдау» әдісі. Әр топ дескриптор бойынша 3 тапсырманы да орындайды.

1-топ. Күшті жақтары

2-топ. Әлсіз жақтары

3-топ. Мүмкіндіктері

4-топ. Қауіп-қатерлері



Бағалау критерийі

Дескриптор

Қазан төңкерісінен кейінгі әлеуметтік жағдайды анықтау және азамат соғысына талдау жасау

  1. Қазан төңкерісінен кейінгі әлеуметтік жағдайды сипаттайды.

  2. Азамат соғысының негізгі оқиғаларына тоқталады.

  3. Азамат соғысының себеп-салдарына талдау жасайды.


ҚБ «Екі жұлдыз, бір тілек» әдісі.


https://smk.edu.kz/Attach/FileDownload/b8c7571c-e2cb-41a6-a163-c619ff4eaf51



























Флипчарт, түрлі-түсті қарындаштар, стикерлер


1-қосымша



































Сабақтың соңы

5 минут

«Сұрақ ілмегі» әдісі.

1.Азамат соғысының басталуына қандай себеп болды?

2. Меньшевиктер, эсерлер, анархистер, тағы басқа саяси күштер Кеңес өкіметін қолдаудан бас тартуына қандай себеп болды?

3.Казактардың кеңес билігіне қарсы шығуына не себеп болды?

4.Чехословактардың көтеріліс жасауына қандай себеп болды?

5.  Англия мен Франция Ресей территориясында өз ықпалдарын күшейту туралы келісімі бойынша қай жерлер Францияның ықпалдарына көшетін болды?

6. Азамат соғысының нәтижесі қандай болды?







РЕФЛЕКСИЯ «СМС» әдісі арқылы оқушылар сөйлемді толықтырады.

Менің түсінгенім……

Менің көзқарасым.......

Мен былай баға беремін.....




ҚОСЫМША АҚПАРАТ http:// www.e-history.kz

Саралау – Сіз қосымша көмек көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Сіз қабілеті жоғары оқушыларға тапсырманы күрделендіруді қалай жоспарлайсыз?


Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
28 желтоқсан
1351
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі