15 890₸ үнемдейсіз
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Ресми іс-қағаздар стилі
АКТИВТІ ҮЛЕСТІРМЕЛІ МАТЕРИАЛ
Пән: Мемлекеттік тілде іс қағаздарын жүргізу Практикалық сабақ Тақырып: Ресми іс-қағаздар стилі. 1 сағат.
|
Түсінік
РЕСМИ-ІС ҚАҒАЗДАР СТИЛІ
Стиль –
латын сөзі, қазақ тіліне аударғанда
«жазу мәнері» дегенді білдіреді.
Стилистика – тілдің қолданылу
заңдылықтарын зерттейтін ғылым, ол
тілдік белгілердің дұрыс қолданылу
нормасын көздейді.
Қазіргі
қазақ әдеби тілінің стильдік тармақтары:
1. ауызекі сөйлеу стилі
2. көркем-әдебиет стилі
3. публицистикалық стиль
4. ғылыми стиль
5. ресми іс қағаздар стилі
Ауызекі сөйлеу стиль. Ауызекі сөйлеу стилі адамдардың өз ойларымен, сезімдерімен, ақпараттарымен, пікірлерімен және т.б. сөйлесу үшін адамдар арасындағы күнделікті қарым-қатынаста қолданылады. Ауызекі сөйлеу стилі күнделікті тұрмыста: үйде, көшеде, дүкенде, қызметкерлер арасындағы жұмыс кезінде, бейресми жағдайларда қолданылады. Ауызекі сөйлеу стилінің негізгі функциясы – адамдар арасындағы күнделікті тұрмыстағы қарым-қатынасты қамтамасыз ету.
Ауызекі сөйлеу стиліне тән сипаттамалар: сөйлеудің ауызша формасы, бейресмилік, қарапайымдылық, эмоционалдық, ауызша қарапайым лексиканы пайдалану.
Сөйлеу стилінің жанрлары (түрлері) қарым-қатынас жағдайына байланысты: диалог (сөйлесу), телефонмен сөйлесу, хат, жазба. Кейінгі кездері ауызекі сөйлеу стилі Интернетте, ұялы телефонмен (sms) хат алмасу жанры арқылы байытылды.
Ауызекі сөйлеу стилі – әңгімелесуді жүзеге асырудың әдеттегі қарапайым үлгісі, бұл стиль тек ауызша сөйлеуде қолданылады, тілдік материалды алдын ала іріктеп қолданбайды.
Көркем-әдебиет стилі.
Көркем-әдебиет стилі – сөйлеу стилінің ең бай стилі, өйткені ол барлық стильді қамтитын стиль. Дәл стильдің осы түрінде жалпыхалықтық тілдің әртүрлілігі мен байлығы көрінеді – ол cөз өнері, көркем бейнені жасаушы құрал. Көркем әдебиет тілінің стилі немесе көркем сөз – ойды және сезімді образ арқылы бейнелейтін айрықша өнер.
Көркем-әдебиет стилі тілде көркемдік, эстетикалық қызмет атқарады. Көркем-әдебиет стилі түрлі тілдік құралдарды қолдана отырып, оқырманның сезіміне әсер етеді.
Көркем-әдебиет стилінің түрлері: әдебиет бағыттарының, әдеби мектеп стилі, әдеби тектері (эпикалық, лирикалық, драма), жазушылар мен ақындардың жеке стилі.
Өзіне тән ерекшеліктері: бейнелілік, эстетикалық, даралық, стилистикалық реңктегі сөздік қорын пайдалану, көркемдік және экспрессивті құралдар (троптар, сөйлеу фигуралары, дыбыстарды, түсті бейнелеу).
Негізгі жанрлары (әдебиет түрі бойынша): эпос – роман, әңгіме, эссе, новелла, поэма, мысал; лирика – өлең, поэма, элегия, ән, арнау; драма – трагедия, драма, комедия, романс, трагикомедия.
Публицистикалық стиль.
Публицистикалық стильді пайдалану саласы – қоғамдық өмір, саясат, экономика, мәдениет. «Публицистика» латын сөзінен аударғанда «көпшілік, әлеумет» деген мағынаны білдіріп, қоғам өмірі үшін маңызды мәселелерді талқылау деген ұғымда жұмсалады.
Негізгі қызметі – әлеуметтік және қоғамдық мәселелерді талқылауға қоғамдық пікірді туғызу, адамдарға әсер ету. Қызмет ететін салалары: бұқаралық ақпарат құралдары, саясаткерлердің сөйлеген сөздері, сотта адвокаттардың сөз сөйлеуі, жиындарда сөйлеген сөздер, баяндамалар, пікірталастар.
Стильдің өзіне тән ерекшеліктері: өзектілігі, уақтылығы, жеделдігі, бейнелігі, айқындығы, эмоционалдығы, бағалауыштығы, дәйектілігі, мол ақпараттылығы, басқа стильдерді пайдалану (әсіресе көркем және ғылыми), кең аудитория үшін түсінікті болуы.
Тілдік ерекшеліктері: қоғамдық-саяси лексиканы, стереотиптік, тұрақты оралымдар мен тіркестерді кеңінен қолдану; риторикалық әдістер (сұрақтар, лепті сөйлемдер, арнау), эмоционалдық реңктегі сөздер.
Публицистика жанрлары: сұхбат, репортаж, мақала, очерк, эссе, фельетон, баяндама, пікірталас, шаршы топ алдында сөз сөйлеу (ойын-сауық, ақпараттық, үгіт-насихат) және т.б.
Сөйлеу түрі - монолог, диалог, полилог.
Ғылыми стиль. Бұл стиль ғылым мен техниканың дамуымен қалыптасқан. Ғылыми стильде зерттеу объектісі болатын зат не құбылыс ғылыми негізде сипатталып, логикалық тұрғыдан дәлелдеуді қажет етеді. Лексикадағы ғылыми стильдің ерекшелігі – сөз тек өз мағынасында ғана жұмсалады.
Ғылыми стиль ғылыми қызмет саласында қолданылады: дәрістер, семинарлар, конференциялар, симпозиумдар, коллоквиумдарда; ғылыми әдебиеттерде.
Негізгі функциясы – ғылыми ақпаратпен алмасу, ғылыми нәтижелер туралы есеп беру және т.б.
Өзіне тән ерекшеліктері: ресмилік, сөйлеуге дайындық, жазбаша және ауызша формалардың жиынтығы, объективтілік, қисындылық, дәйектілік, дәлдік, жинақтау, арнайы, кәсіби лексика, терминдер, күрделі синтаксистік тіркестер, дереккөздерге сілтемелер, цитаталар.
Жанры: ғылыми монография, ғылыми мақала, ғылыми баяндама, тезистер, диссертация, дәріс, шолу, баяндама, оқулық, ғылым-көпшілік шығармалар, талқылау және т.б.
Ресми-іс қағаздар стилі. Ресми іс қағаздар стилі кеңсе стилі, ресми стиль, іс қағаздар стилі деп те атала береді. «Ресми іс қағаздары» термині мекемелер мен ұйымдардың басқару қызметін құжаттау, құжаттауды ұйымдастыру.
Ресми стиль ресми жағдайда қолданылады: іс қағаздар жүргіу саласында, заңнама, дипломатия.
Ресми стильдің негізгі функциялары – қоғам мен мемлекет арасындағы, мемлекет арасындағы, азаматтардың еңбек, әлеуметтік қызмет, меншік және құқықтық қатынастар саласындағы қарым-қатынастарын реттеу; ақпараттық қызмет. Ресми стильге жататын мемлекеттік құжаттар: белгілі бір қалыптасқан үлгіде, баяндау тәсілімен жазылады; ойдың логикалық жүйелілігін сақтау мақсатымен сөйлем күрделі құрылады.
Ресми стильдің ерекшеліктері: жазбаша формада, ресмилік, мәтін бір ізбен жүйелі стандартталған, дәлдік, мазмұнының қысқалығы әрі нақтылығы, сөздер мен терминдердің тура мағынасында пайдаланылуы, қалыптасқан мазмұндық-құрылымдық нормалардың қатаң сақталуы, ресми іскерлік лексиканың басымдығы.
Қызмет көрсету саласына қарай ресми стильдің жанрлары: заңдар, нормативтік актілер, қаулылар, бұйрықтар, шешімдер, бұрыштамалар, ескертпелер, хабарландырулар, сертификаттар, есептер, сауалнама, мәлімдемелер, сенімхаттар, өмірбаяндар, қорытындылар, сипаттамалар, актілер, хаттамалар, нұсқаулар, келісімшарттар, шарттар және т.б.
Сөйлеу түрі – монолог.
Ресми іс қағаздарында кейде бір заттың я ұғымның атауы қолданылу орнына қарай әр түрлі аталады. Мысалы, адам деген сөз ресми құжаттарда – азамат, жолдас, телефон станциясында – абонент, ательеде – заказ беруші, шаштаразда – клиент, ауруханада – науқас, санаторийде – демалушы, тынығушы, кітапханада – оқырман, қызмет орнында – маман, қызметкер, қоғамдық көлікте – жолаушы т.б. болып табылады.
Іс қағаздары стиліне әр түрлі мекемелерде жүргізілетін жазу үлгілері болады.
Бақылау сұрақтары:
Қазіргі қазақ әдеби тілінің қандай стильдік тармақтары бар?
Әр стильге тән белгілері қандай?
Ресми құжат стильдеріне тән қандай белгілер бар?
1-тапсырма.
Мәтінді оқыңыз. Оқылған мәтін бойынша
сұрақ дайындаңыз . (5 сұрақ).
Жастар – болашағымыз
Жастарсыз – болашақ жоқ. «Ұлт болам десең, ұрпағыңды ойла» деген ұлағатты қағида осыдан қалған. Бүгінгі жас – ертеңгі ел тізгінін ұстайтын ел ағасы. Еліміздің ертеңі, мемлекетіміздің болашағы – жастардың еншісінде. Бүгінгі алдыңғы толқын аға буынның орнын басар, ізін жалғастырар жастар болмақ. Ата-бабаларымыз қазақ жерін, қазақ елін, салт-дәстүрін, тілін, дінін көздің қарашығындай етіп сақтап, осы күнге аманат етіп қалдырды.
Еліміздің ендігі дамуы мен өркендеуі, келешегі жастарға тікелей байланысты. Жастардың өң бойынан халықтық қалып, әдет-ғұрып, салт-дәстүріміз көрініп тұру керек. Әрі білімді, бәсекеге барынша қабілетті, сонымен қатар дені сау, жастарымыз белсенді болуы, маңдай алды атануы керек. Ұлы Мағжан Жұмабаев айтқандай, «Арыстандай айбатты, жолбарыстай қайратты, қырандай күшті қырағы» болу керектігін бүгінгі қоғам, қазіргі нарық және бәсеке заманы тілеп-ақ тұр.
Ж
астық
шақ адам өміріндегі ең құнды да, қайта
келмес кезең болып табылады. Жастық
өмірін мәнді, әр уақытын тиімді өткізіп,
өзінің рухани білімін шыңдаумен өткізген
жас, ертеңгі өзінің ұрпағына айтар
ақылы, ізгі өсиеті мол абыз қария болмақ.
2-тапсырма.
Өлеңді
мәнерлеп оқып талдаңыз
Мен жастарға сенемін!
-
Көздерінде от ойнар,
Сөздерінде жалын бар,
Жаннан қымбат оларға ар,
Мен жастарға сенемін!
Жас қырандар – балапан
Жайып қанат ұмтылған,
Көздегені көк аспан
Мен жастарға сенемін!
Жұмсақ мінез жібектер
Қасиетті тілектер
Мен жастарға сенемін!
Тау суындай гүрілдер,
Алаш отын аспанға
Шығарар олар бір таңда,
Мен жастарға сенемін!Мағжан Жұмабаев
3-тапсырма. «Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың жастарға деген қамқорлығы» тақырыбында шағын эссе жазыңыз.
Тест тапсырмаларын орындаңыз
$$$ Іс қағаздарын жүргізу стиліне тән тілдік бірліктерді көрсетіңіз.
$
Ескертілсін,
қамтамасыз етіледі, туралы
$
Келу,
алу, алып жүру
$ Жүргізу, университет, оқытылады
$ Келіп-кетті, теледидар, сөз сөйлеу
$$$
Іс
қағаздарын жүргізу бұл –
$
Негізгі
құжаттың жекелеген ережелерінің мазмұнын
түсіндіретін құжат.
$
Деректер
немесе шаралар туралы хабардар ететін
құжат.
$
Құжаттар
дайындау және кеңсе құжаттарымен жұмыс
жүргізуді қамтамасыз ететін қызмет
саласы.
$
Қызметтік
сипаттағы деректерді растайтын құжат.
$$$ Іс қағаздарына тән стильді белгілеңіз.
$
Ғылыми
стиль
$
Көркем
әдебиет стилі
$
Публицистикалық
стиль
$ Ресми-іс қағаздар стилі
$$$ Ресми сөзі арқылы жасалған мағынасы дұрыс тіркесті көрсетіңіз.
$ ресми мақсат, ресми тіркес, ресми өнім
$ ресми сөз, ресми тіл, ресми топ, ресми қағаз
$ ресми көше, ресми ел, ресми аумақ
$ ресми қала, ресми курс, ресми компания
Глоссарий
Қазақ тілінде |
Орыс тілінде |
Ағылшын тілінде |
білімді маман |
образованный специалист |
educated specialist |
білім сапасы |
качество образования |
the quality of education |
бәсекеге қабілетті |
конкурентноспособный |
competitive |
бәсекеге қабілеттілік |
конкурентноспособность |
competitiveness |
сенім арту |
оказать доверие |
have confidence |
үздіксіз білім алу |
получать непрерывное образование |
receive continuing education |
болашақ |
будущее |
future |
халықаралық деңгейдегі білім |
знание на международном уровне |
knowledge at the international level |
СӨЖ № 2
Қазақстан Республикасындағы тіл туралы Қазақстан Республикасының негізгі заң актілері
1. Қазақстан Республикасының Конституциясының тіл туралы баптары (7,19,93-баптар)(конспект жазыңыз)
2. ҚР тіл туралы ҚР заңы (конспект)
3. Тілдерді қолдану мен дамытудың 2001-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы (конспект)
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
1. Амандықова Г. Қазақ тілі: Оқу құралы. – Алматы, 2010. – 316 б.
2. Тасибеков К. Ситуативный казахский [об изучении языка]. – Алматы: Издательство «Ценные бумаги», 2012 г. - 262 с.
3. Ерназарова З.Ш. Қазақ тілі. Жаттығылар жинағы. – Алматы, 2006. – 112 б.
4. Мерзімді баспасөз материалдары мен Интернеттен алынған материалдар.

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген