Республика күні

Тақырып бойынша 31 материал табылды

Республика күні

Материал туралы қысқаша түсінік
Оқушыларды Отанын сүюге, елін жерін қадірлей білуге тәрбиелеу
Материалдың қысқаша нұсқасы

Менің Отаным Қазақстан

Өткен уақыты: 21.09.22ж сағ 11

Мақсаты: Оқушыларды өз Отанын сүюге, қазақ екенін,Қазақстанда тұратынын мақтаныш етуге,туған халқын тілін, мәдинетін,салт-дәстүрін қастерлейтін саналы да парасатты азаматар тәрбиелеу.

Тәрбие сағатының әдісі: сұрақ –жауап,әңгімелесу

Көрнекілігі: Қанатты сөздер,өлең жолдар, ҚР –ның рәміздерінің авторларының сүреттері, кітаптар.

Сабақ барысы:
Армысыздар, құрметті ұстаздар мен оқушылар, бүгінгі мерекеміз Республика күніне арналған, тәрбие сағатымызды бастаймыз!
Қайырлы күн, кұрметтi достар!
Республика! Ерiктi ел Қазақстан!
Келдi ақыры көптен күткен жаз алыстан,
Келдi аңсатып, алыстатып, армандатып.
Гиорды бұзған, мен де бiр аз арыстан


Ақжайық, Алтай арасы
Қазақтың шалқар даласы
Республикама қарашы!
Жерімнің дәні маржандай
Қырманы асқар таулардай
Республикама қарашы! І. Әнұран..орындалады.
ІІ. Хор: «Қазақстаным Отаным »
Елші:
- Өзі бұл жер қай ел екен, жөн сұрап білейін?!

Мұғалім
- Сәлеметсіз бе? Сіз кім боласыз? Қат
елеспесем, біздің елге басқа жақтан келгенсіз - ау деймін.
Елші:
- Мен ел аралап жүрген елшімін. Сыңғырлаған балалардың күлкісін естіп, қай елдің бақытты балалары екенін білейін деп келдім.
Жүргізуші:
- Олай болса, қош келдіңіз! Қазір бізде 25 қазан Республика күніне арналған тәрбие сағат өткелі жатыр. Балалардан сұрап біліңіз.
Елші:
- Сәлем, балалар! Сендер өте көңілді, әрі бақытты көрінесіңдер. Сендердің Отандарың, қасиетті мекендерің қай Республика?
Балалар:

- Қазақстан Республикасы.
Елші:
- Президент кім?
Балалар:
-
Қасымжомарт Тоқайұлы

Е лші:
- Отандарыңның астанасы қай қала?
Балалар:
- Астана қаласы.
Елші:
- Елдеріңіз өзінің қандай қасиеттерімен айбатты?
Балалар:
- Әнұран, Туы, Елтаңбасымен.
Елші:
- Өте жақсы. Осы елдің бақытты ұл - қыздары екендеріңді қалай дәлелдейсіңдер?

Мейірбек:

Әнұраным, жан ұраным
Айтар әнім, сөйлер сөзім
Туған жерім сағынарым
Мәңгі - бақи шырқалады
Республикам, Әнұраным
Диас:

Е лтаңбасы елімнің
Неткен көркем, әдемі
Тұнығындай көңілдің
Ортада аспан әлемі.
Қалима:Жарасқан байрақтың мәні бар
Көк аспан, көк қыран сәні бар
Көк байрақ ашық көк кеңісін
Алтын күн – белгісі жеңістің.

Ж үргізуші:
- Балалар, сендер сүйікті Отанымыздың қасиетті белгілерін біледі екенсіңдер. Онда Отан дегеніміз не?
Балалар:
- Отан дегеніміз біздің әке - шешеміз, туған туыстарымыз, ауыл қалаларымыз, өзіміз туып - өскен жеріміз.
Ерназар:Отан – сенің ата - анаң,
Отан – досың, бауырың
Отан - өлкең, астанаң
Отан – аудан, ауылың.
Анель:

Отан – атам, Отан - әкем
Осы сөзім қате ме екен?
Қате болса неге біздер
Дейміз оны атамекен.
Мұғалім:

- Балалар, халқымыздың батыр ұлы Бауыржан Момышұлы айтқан екен: «Отан үшін отқа түс, күймейсің»,- деп. Басқа да батыр ағаларымыз, апаларымыз «Отан» деп жырлаған, қорғаған, қастерлеген және Отан үшін өмірлерін қиған екен.
Біз де осы ата - апаларымыз сияқты Отанымызды қорғауымыз керек. Отан үшін еңбек ету керек.
- Сендердің еңбектерің – сендердің жақсы оқығандарың, тәртіпті бала болғандарың.
- Ал, балалар, біз Отан туралы нақыл сөздер білеміз бе?


















Елімізде мәңгі тыныштық болсын!Сүйікті Отанымыз Азат Қазақстан мәңгі жайнай берсін!. Бірлік , татулық , ынтымақ! Халық осы үш ұғымның қадірін жақсы біледі.Еліміз үшін республика күнінің маңызы өте зор болып табылады.Жаңа Қазақстанды құратын жасөспірімдер өз елін, өз жерін әрқашанда құрмет тұтуымыз керек.Сондықтан егемендігіміз баянды болып, халқымыз аман болсын деп тәрбие сағатымызды аяқтаймыз.







Батыс Қазақстан облысы әкімдігі білім беру басқармасының

Орал қаласы білім беру бөлімінің

«Мектептен тыс жұмыс орталығы» МКҚК











Тәрбие сағаты:

Тақырыбы: «Менің Отаным Қазақстан»










Өткізген: қосымша білім беру педагогы:Т.Е.Хамитова.












Орал қаласы 2022ж.



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
03.02.2023
371
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі