Республика күні

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Республика күні

Материал туралы қысқаша түсінік
Республика күніне арнал,ан сценарии. Мектепке дейінгі балаларға
Материалдың қысқаша нұсқасы

Республика күні

Балалар залға музыкамен кіреді жартылай шенбер болып турады.

Ортаға жүргізуші шығады

Жүр: Армысыздар, құрметті ұстаздар мен балалар, бүгінгі мерекеміз Республика күніне арналған, кешімізді ашық деп жариялаймыз!

Барлығыңызды мерекеңізбен құттықтаймын! Кішкене бөбектеріміз сіздерді қуанта берсін! Еліміз тыныш ,дендеріміз сау, аспанымыз ашық болсын!

Бұл мереке салтанатты болғандықтан еліміздің әнұранымен ашуға рұқсат етіңіздер!



Гимн РК.

Жүргізуші глобусты алып шығады.

Жүр: Карандаршы балалар бұл глобус. Жүргізуші: Қараңдаршы, бұл глобус. Біз өмір сүретін планетамыз осылай көрінеді. Мұнда барлық елдер, теңіздер, өзендер, мұхиттар орналасқан.

Баяғыда республикамыздың шекарасы сызылған.

Глобуста көрсету.

Сол кезден бастап ол «Қазақстан» деп атала бастады. Енді жыл сайын 25 қазанда біз бұл күнді – республикамыздың туған күнін атап өтеміз.

Қазақстан Республикасының картасын айнала тұрып, сүйікті Отанымызға деген тілектерімізді айтайық.

Тілектер шеңбері. Балалар туған жерге деген тілектерін айта отырып, шеңбер бойымен жүректі айналдырады.

Балалар орындарына отырады.

Такпактар Хан

Туыспыз біз бәріміз,
Бір Отанды сүйеміз.
Бақытты елде тұрған соң,
Бақытты өмір сүреміз.

Қуат алған өзіңнен,
Туған елдің қызымын.
Бақытты етіп өсірген,
Отанымның гүлімін.

Ұлан байтақ жері бар,
Пайдалы қазба кені бар.
Тәуелсіз ел - Қазақстан
Көркіне көркі жарасқан.

Ән: «Қазахстан отаным»

Жүр: Жарайсындар балалар отырындар кандай тамаша ән енді мен сендерді аспапта ойнауға шакырамын

«Оркестр» ұрмалы аспаптармен

Жүр:

Ойын: Ұлттық ойын «Асық ойыны»
Ойын шарты: Әр топтың алдына асықтарды тастаймыз . Бұл ойында асықты кім көп құлатса сол топ жеңеді .

Жүргізуші: Қазақстан картасына қараңдаршы, мұнда қанша өзен, көл, пайдалы қазбалар бар, табиғаты қандай бай, неше түрлі аңдар мен құстар мекендейді. Біздің мемлекетімізде де еліміздің байлығын, қадір-қасиетін көрсететін рәміздер бар. Қандай мемлекеттік рәміздерді білесіңдер?

Балалар Туды, Елтаңбаны, Әнұранды екі тілде атайды.

Жүргізуші мемлекеттік рәміздер туралы айтады.

Рәміздерім – елдігімнің  белгісі,
Білу керек бала –дағы ең кіші.
Рәміздерім- ӘНҰРАН, КӨК ТУ, ЕЛТАҢБА,
Рәміздерді жатқа білген жөн кісі.
Жүргізуші: Балалар, біздің Отанымыз қалай аталады?
Балалар: Қазақстан.
Жүргізуші: Қазақстан қандай мемлекет?
Балалар: Қазақстан тәуелсіз, егеменді мемлекет.
Жүргізуші: Балалар, бүгін міне осы Тәуелсіздік мерекесі күні. Еліміздің президенті кім?
Балалар: Қасым Жомарт Кемелұлы Тоқаев.
Жүргізуші: Еліміздің елордасы қай қала?
Балалар: Астана.
Жүргізуші: Астана қандай қала?
Балалар: Астана-бас қала, әдемі, үлкен қала.

Такпактар

Отаным менің Қазақстан
Мәңгілік сенімен мақтанам
Саяңда жүрсем әрдайым
Күлімдеп жүрем бақ табам.

Отаным менің Қазақстан
Қарызбын саған әрқашан
Азаматтық борышты
Өтеуге мәңгі талпынам
.

Тәуелсіз азат елім,
Туып өскен- байтақ жерім.
Мәңгі жайнап тура бер
Қазақстаным менің!

Менің туған ауылым,
Туған жерім, мекенім.
Өскен жерім Шоқаным,
Жарқырасын жұлдызың



Жүр: Ал енді кезекті әнге берейік.

Ән: «Әркашан кун сонбесін» әні.

Жүр: Жарайсындар ! Ал енді балалар қолдарымызға жалауларымызды аламыз қатарға тұрамыз.

Би: Флешмоб флажоктармен

Жүргізуші: Бүгін біз елімізді туған күнімен құттықтадық, республикамыздың қандай бай, әдемі екенін білдік, ойын ойнадық, би биледік, тақпақтар оқыдық, ән айттық. Осы мен ертенгілік аякталды.Сау болыныздар!





Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
29.10.2023
4445
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі