Республика күні

Тақырып бойынша 31 материал табылды

Республика күні

Материал туралы қысқаша түсінік
Республика күніне
Материалдың қысқаша нұсқасы







Республика ерікті ел- ҚАЗАҚСТАН

25 қазан



Республика күні





2025-2026 оқу жылы









25-қазан Республика күні»
Мақсаты: Балалардың туған жерін, туған елін, халқын ардақтап өтуге үйрету. Отанға деген патриоттық сезімдерін ояту.ҚР рәміздерін қайталап,еске түсіру.

Көрнекілігі: Ту, Елтаңба, ұлы тұлғалардың суреттерін ілу.ҚР картасының суреті.

Біз, қазақ халқы оны ұзақ уақыт аңсадық, арман тілегімізді ғасырлар бойы жырға қосып, тасқа қашадық. Күннен күн келді, аңсаған таң атты, тілегіміз қабыл болып, егемендік болдық. Жүрегімізбен жар салып, жер жаhаннан сүйінші сұрадық. Алдағы күннен сенім арттық. Бүкіл ел болып әр жетістігіне балаша қуандық, алар асуымыз алда. Сен мықтылардың қатарындасын. Шарықта, самға,

Тәуелсіз Республикам менің!!! Тек алға!!!



сосын «Жаса, Қазақстан!» әні шырқалады. Ән орындау барысында флэш моб, видео ролик көрсетіледі/ Ерасыл мен Жанайым



ФАН ФАР /заставка/

Ортаға жүргізулер шығады



І. Әнұран.

Ақжайық, Алтай арасы

Қазақтың шалқар даласы

Республикама қарашы!

Жерімнің дәні маржандай

Қырманы асқар таулардай

Республикама қарашы!

Шолсаң да биік аспаннан

Қарқырар кені тастардан

Республикама қарашы!





Шырқаған сайын тірегі

Республикама қарашы!

Армысыздар, құрметті ұстаздар мен оқушылар, бүгінгі мерекеміз Республика күніне арналған, кешімізді ашық деп жариялаймыз!



1993 жылдың 25 қазан күні ҚазССР-нің мемлекеттік Егемендігі туралы Декларация қабылданып, 2001 жылы Республика күні деп жалпақ жұртқа жария еткен болатын. 8 жыл өткен соң мемлекеттік мерекелер тізімінен алынып тасталып, арада 13 жыл өткен соң мемлекет басшысы Қасым Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың бастамасымен бұл мейрам ұлттық мереке ретінде қайта тойланатын болды.

Ендеше алғашқы мерекелік құттықтау сөзі мектеп директоры беріледі.

Тәуелсіздік халықтың арман қанаты. 1991 жылы біз қанатымызды байлап тұрған құрсауды бұзып, биікке құлаш сермедік, әлемге Қазақстанды тәуелсіз мемлекет ретінде жарияладық. Біз, өз Отынымыздың жаңа дәуір тарихын бірге жаздық, негізін бірге қаладық. Халықтың ынтымағы бізді мызғымас тәуелсіз мемлекетке айналдырды, береке мен бірлік, татулық пен келісім бұл біздің тәуелсіз мемлекетіміздің жетістігі және өркениет көшіне ілесуінің кепілі болып табылады.

Қазақ биі: 7 сынып оқушылары

Еркіндігім.

Қасиеттім.

Қастерлім.

Өзің барда өзегімде жоқ шер мұң!

Кеше сенің келбетіңді арман ғып,

Боданына бұғауландық басқа елдің.

Бабалардың басын тігіп бәйгеге,

Аналардың жанарына жас бердің!

Уа, Еркіндік, қош келдің!

Патриоттық би: Бастауыш сынып оқушылары









Жүргізуші:

Өзегімді өртке ораған қоғамда,

Өз үйіме өзім өгей болам ба?!

Алшаң басып жүре алмаса алты алаш

Азаттығым! Қадірің де жоқ онда!

...Саған жету қиын болса қаншалық,

Сақтап тұру қиынырақ одан да!

Алла берген азаттықтың әр сәті-

Аманат қой

Маған,

Саған, Оған да!

Туған жер әні:

Жүргізуші:

Бүгінде Қазақстан Республикасының Президенті Қасым Жомарт Тоқаев Елбасы саясатының сабақтастығын сақтап, жүйелі реформалар жүргізу арқылы елімізді әлемдегі беделді әрі орынықты мемлекетке айналдыруды жалғастыруда.

Жүргізуші:

Отан, Отан!!! Сен болмасаң нетер ем?
Мәңгілікке бақытсыз боп өтер ем!
Қазақстан Республикасына деген әрбір азаматтың мақтаныш сезімі мереке кезінде қалай болса да шалқитындай реті бар. Ата - бабаларымыздың ғасырлар бойы аңсап өткен Тәлсіздікке қол жеткізгелі бері еліміз талай – талай асқарлы асуларды бағындырды. Өтпелі кезең ауыртпалықтарын бастан өткізіп, оңай тимеген экономикалық, саяси реформалар жүзеге асырылды. Қазақстанды бүгінде әлем жұртшылығы нарықтық экономикалы – демократиялық ел ретінде таниды. Елімізде халықтар достығы жақсы сақталып келеді. Ол жетістікте сөз жоқ еліміздің тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың сіңірген үлкен еңбегі бар. Ел бірлігін сақтауда татулықтың үлкен байлық екендігін бүгінде Қазақстан халықтарының барлыңы айқын сезінеді. Біз туған мемілекетіміздің тәуелсіздгін баянды етуге, қуаттын артыруға, оның игілігіне, халықаралық қоғамдастықта абыройының өсуіне адал қызмет етуге парыздармыз. Қазір қазақстан – көп елдермен терезесі тең, елдік рәміздері анық, мәртебесі беделді мемлекет.









Жүргізуші:
Қазақстан – туған Отан алтын бақ, Қазақстан – мейірлі ана, дос қымбат.
Қазақстан – бізді туған Ұлы Отан, Ұлы жолға түсті келіп жарқылдап.
Қазақстан – көпті көрген қария, Жайнай берсін, жайнай бер сен мәңгілік!

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
08.11.2025
24
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі