Республика күні-Ұлттық мереке

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Республика күні-Ұлттық мереке

Материал туралы қысқаша түсінік
25 қазан Республика күніне байланысты жазылған эссе
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Республика күні-Ұлттық мереке»

Эссе

Алматы облысы

Ұйғыр ауданы

Үлкен Диқан ауылы

«Заманбек Батталханов атындағы орта мектебі»КММ

8 «А» сынып оқушысы

Аянұлы Береке

Отан!

Отан!

Сен болмасаң не етер ем?

Мәңгілікке бақытсыз боп өтер ем,

Өмірден бұл өксуменен кетер ем.

Құс ұясыз,

Жыртқыш інсіз болмайды.

Отансыз жан өмірінде оңбайды.

Отан дегеніміз адамның туып өскен жері, туған-туысқандарымен, жақындарымен бірге тұратын атамекені. Қазақ елінде тұратын барлық ұлттардың Отаны-Қазақстан Республикасы.

Қазақстан батысында-Еділдің төменгі ағысынан, шығысында-Алтай тауларының етегіне дейін 3000 км-ге, солтүстігі-Батыс Сібір жазығынан, оңтүстіктегі Қызылқұм шөлі мен Тянь-Шань тау жүйесіне дейін 1600 км-ге созылып жатқан, жүгірген аңның тұяғы, ұшқан құстың қанаты талатын кең жазиралы даласы бар. Міне осындай кең байтақ республикамыздың егінді даласы, күміс шашқан өзен-көлдері, кенге бай өңірі, малға толы өрісі солтүстігінде Ресеймен, шығысында Қытай Халық Республикасы, оңтүстігі ТМД мемлекеттері: Қырғызстан, Өзбекстан, Түркіменстанмен шекараласады.

Елім деп еңіреп, жұртым деп жамырап, жан қиған қазағымыз ежелден еркіндік аңсаған. Сондықтан қазірге дейін Қазақстан көптеген қиындық жолдардан өтті деуге болады, себебі өзінің егемендігін, тәуелсіздігін жариялау үшін қаншама қаракөз апаларымыз, боздақ бозбала ағаларымызбен әкелеріміз, аталарымыз кеудесін оққа тосты, жан кешті. Найзаның ұшы, білектің күшімен ұлан байтақ Отанды бүгінгі ұрпаққа аманат етті. Тәуелсіздікті қаншама қазақтың зиялы қауымы армандағаны тарих беттерінде айқын көрініс тапқанын білеміз. Осы уақыттан кейін Қазақстан әлемде жеке дара дербес ел екенін дәлелдей білді. Өзінің белгіленген шекарасы, діні мен тілі, мемлекеттік рәміздері мен ұлттық құндылықтары, мәдениеті мен салт-дәстүрі бар тәуелсіз зайырлы елге айналды.

Республика күні-ұлттық мереке.Бұл мереке елімізді Тәуелсіздікке бастаған мейрам. Бұл күнді барша қазақ халқы аңсап, армандаған. 1990 жылдың 25 қазаны күні Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің шешімімен «Қаз ССР-нің мемлекеттік егемендігі туралы» декларация қабылданды.

Сол кезден бастап Қазақстан егеменді елге айналуының алғышартын бастап кетті. Еліміздің жеке территориясы, азаматтығы, мемлекеттік бюджеті, халықаралық қатынастардағы дербестігі, мемлекеттік рәміздері бекітілді.

1992 жылдан бастап тойланып, 2001 жылы ұлттық мерекелер қатарына енгізілген Республика күні, 2009 жылы бұрынғы президент Н.Ә.Назарбаевтың Жарлығымен ұлттық мерекелер қатарынан алынып тасталды. Он үш жылдан кейін қайта оралған мереке бүгінгі күн барша қазақ елі үшін қуанышты жайт. Республика күні- нағыз қазақтың кеудесі қуанышқа толы болатын, халықтың думандатып тойлайтын, мерекелік көңіл-күй орнайтын айтулы күн. Қазақстанның өзге елдермен терезесі теңесіп, шекарасы анықталып, өзіндік туы мен әнұраны бар жеке дара ел болып, әлем картасынан орын алған күн. Бұл ата-бабаларымыздың ғасырлар бойы армандаған азаттықтың таңы. Тарихымыз шежіреге толы, кең байтақ ұлы даламызда Менделеев кестесіндегі 99 элемент орналасқан. Ауыз толтырып айтатындай біздің байлығымызға бүкіл әлем қызығады, әрі көз тігеді. Қазір Отанымызда ынтымағы жарасқан 130-дан астам өзге ұлт өкілдері бір шаңырақ астында тұрып келеді. Дүнежүзі елдерімен достығымыз жарасқан, бірлігіміз біте қайнасқан. Қазақтың жазиралы жері-қандай кең болса, көңілі де-дархан даланың кеңдігіндей! Өзге елден озық тұсымыз да осы болып тұр.

Жарқырап жанған күндей азаттығы,

Көрінер ұлтымның да ғажаптығы.

Республика күнімен құттықтаймын,

Өйткені ол-Ұлт күні, Қазақ күні!

Осынау Республика күнінде бастау алған азаттықтың ақ жолын сақтау, ауызбіршілікті сақтап еліміздің жандануына үлес қосу әрбіріміздің міндетіміз болмақ! Ендеше 25 қазан Республика күні құтты болсын Қазақ елі!



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
20.00.2024
591
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Жариялаған:
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі