400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 20 материал табылды

Республика күніне арналған тақырыптық сабақ

Материал туралы қысқаша түсінік
Даярлық топқа арналған тақырыптық сабақ
Материалдың қысқаша нұсқасы



«Детский сад «Өрлеу» ЖШС















Тақырыптық сабақ: «Жаса, жайна Қазақстан!»


Тәрбиеші: Түсіпбекова А.А.
























Семей қаласы

2024 – 2025 оқу жылы

25 қазан – республика күніне арналған

тақырыптық сабақ

«Отаным менің – Қазақстан!»

2024 – 2025 оқу жылы, қазан айы.

№1 «Балапан» ортаңғы тобы.


Тақырыбы: «Отаным менің – Қазақстан!»

Мақсаты: Балаларды туған жерін, туған елін, халқын құрметтеуге үйрету.

Міндеттері:

Білімділік: Бақытқа жетер даңғыл жолдың бірі- туған Отанды сүюден басталатындығын  түсіндіру.

Дамытушылық: Отанға деген патриоттық сезімдерін ояту.

Тәрбиелік: Бүлдіршіндер жүрегінде отанға деген сүйіспеншілік сезімін  ояту, мемлекетін құрметтей білуге тәрбиелеу.

Көрнекіліктер: Қазақстан республикасының туы, Қазақстан республикасының елтаңбасы, тулар, шарлар, суреттер, буклет.

Ұйымдастыру кезеңі: Балалар қолдарына ту ұстап отырады.. 

Кенге толы қойнауы

Төлге толы жайлауы

Ол - біздің Қазақстан!

Анамыздай тілеуі- ақ

Отан бізде біреу-ақ,

Ол біздің Қазақстан!

Қайырлы күн Қазақстандықтар!

Балалар, бүгінгі сабағымыз  ерекше болғалы тұр, ендеше әнұранмен бастайық. Әнұранға құрмет көрсетіп, оң қолымызды жүрегімізге қойып тік тұрамыз.

«Әнұран»

Таңғажайып сәт. Ой, балалар бізге почташы хат әкеліп берді, кәне бірге оқиық. Хатта жазылыпты: 25-шы қазан қандай мереке күні?  

- Балалар, сендер қандай мемлекетте тұрасыңдар?

- Қазақстан мемлекетінде тұрамыз.

- Қазақстан мемлекетінің  президенті кім?

- Қасым-Жомарт Тоқаев Кемелұлы.

- Бас қаламыз қай қала?

- Астана қаласы.

- Сендер қай қалада тұрасыңдар?

- Семей қаласында тұрамыз.

- Балалар, біз бүгін барлық әндерімізді, тақпақтарымызды біздің Отанымызға арнаймыз.

- Ендеше, Отан туралы қандай тақпақтар білесіңдер?

Дулат:

Көгінде күн нұрын төккен,

Жерінде  гүл жұпар сепкен.

Неткен сұлу, неткен көркем,

Осы менің  туған өлкем!

Асылым:

Шықты тарап ой данадан,

Бері қарады жұлдыз беті.

Өзі қалап сайлап алған,

Елімнің бар  Президенті.

Асылхан:

Әнұраным, жан ұраным

Туған жерім сағынарым.

Мәңгі-бақи шырқалады

Республика Әнұраны.

Айкөркем:

Ақжайық, Алтай арасы

Қазақтың шалқар даласы

Республикама қарашы!

Жерімнің дәні маржандай,

Қырманы асқар таулардай,

Республикама қарашы!

- Жарайсыңдар балалар!

Сергіту сәті:

Елімде тыныш, жерімде тыныш,

Бейбіткүн әні шырқалсын.

Бақытты елім, жақұтты жерім,

Тіл көзден сені сақтасын.

 Қазақстан рәміздері туралы мәлімет

1992 жылы 4 - маусымда  жаңа  мемлекеттік рәміздер  Елтаңба, Ту, Әнұран  бекітілді. Елтаңбаның, тудың  суретін  көрсету.

- Елтаңбаның  қандай  белгілері  бар?

- Тудың  түсі  қандай? Қандай белгілері  бар?

- Отан туралы қандай мақал – мәтелдер білесіңдер?

Мақал-мәтелдер:

Сафия:  «Отан оттан да ыстық»

Алихан:  «Отан — отбасынан басталады»

Асылхан:  «Отан үшін отқа түс күймейсің»

Қорытынды:

- Балалар, 25 - қазан қандай мерекені тойлаймыз?  

- Республика күнін тойлаймыз.

- Бас қаламыз қай қала?

- Астана қаласы.

- Республика рәміздерін кім біледі?

- Ту, Елтаңба, Әнұран.

Қазақстан елінің келешегі сендерсіңдер, білімді, ақылды болсаңдар, көк туымызды талай көктен желбірететіндеріңе біз  сенеміз!

 Балаларды мақтау – мадақтау.


Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
19 сәуір
151
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі