Республика күніне сценарий

Тақырып бойынша 31 материал табылды

Республика күніне сценарий

Материал туралы қысқаша түсінік
Балабақшада Мад топтар арасында сценарий
Материалдың қысқаша нұсқасы

Ж ШС «Кішкентай данышпан» бөбекжай –балабақшасы








Бекітемін:

«Кішкентай данышпан»

бөбекжай - балабақшасының

меңгерушісі: У.К.Ешенкулова







Тақырыбы:

Республикам - мақтанышым!



Тәрбиешілер: Қалдыбаева А

Алтай Д

Назарова Б





















Шымкент қаласы 2025 - 2026 оқу жылы


Тақырыбы: «Республикам –мақтанышым!»


Мақсаты: Балалардың отанға деген сүйіспеншілігін арттыру, туған елін мақтан етуге тәрбиелеу.


Қонақтар: Өзбекстан елінен келген құрметті меймандар


? 1. Кіріспе

Жүргізуші 1.

Армысыздар, ардақты ата-аналар, құрметті ұстаздар және бүгінгі мерекенің қадірлі қонақтары!


Жүргізуші 2:

Бүгін біз Қазақстан Республикасының ең қастерлі мерекелерінің бірі – РЕСПУБЛИКА КҮНІН қарсы алып отырмыз!

Жүргізуші 1:

Қазақстан Республикасы 1991 жылы 16 желтоқсанда тәуелсіздігін жариялады. Бірақ Республика күні 25 қазанда, яғни 1990 жылы біздің еліміздің мемлекеттік егемендігі туралы декларация қабылданған күні аталып өтеді.

Жүргізуші 2:

Бұл күн- біздің азаттығымыздың, еркіндігіміздің,мәңгілік ел болуға ұмтылған халқымыздың ұлы мерекесі!

Жүргізуші1: Ал енді іс шарамызды бастамас бұрын шағын көрініске кезек берсек.Қабыл алыңыздар!


Тақырып: "Отанға деген сағыныш"

Кейіпкерлер:

1. Әке – елден еріксіз кеткен қандас

2. Ана – елі мен жерін сағынған ана

3. Бала – шетелде туған қазақ баласы

4. Ауыл қариясы – елде қалған

5. Жастар – туған жердің болашағы


I көрініс — Шетелде

(Сахнада қазақтың ұлттық киіміндегі әке мен ана отыр. Үстелде домбыра, дастарқан, артта – елдің суреттері ілулі.)


Әке (сағынышпен):

Ее, туған жердің топырағы да ыстық еді ғой…

Шіркін, бір иіскеп көрсем ғой…

Сол иіс – балалықтың, сағыныштың, анамның алақаны сияқты…

Әр тасы, әр ағашы, тіпті желі де таныс…

Арада қанша жыл өтсе де, жүрек бәрібір елге тартады екен…

Өзге жерде жүрек тыныштық таппайды, туған жердің әр бұрышы – жанға шипа…

Қайда жүрсем де, көз алдымнан ауылымның шаңы мен самал желі кетпейді…

Елге деген сағыныш – жанның тереңінен шығады екен…

Иә, балам… туған жерден қымбат ештеңе жоқ. Жаным елге жеткенде ғана тыныш табады...


Ана:

Мен сағындым... Жусан иісін, даланың самал желін, ауылдың балалық шағым қалған көшесін...

Ана,

Мен сағындым...

Жусан иісін,

Даланың самал желін,

Ауылдың топырағын,

Таңғы шықпен жуылған гүлін.

Сағындым...

Балалық шақтың у-шулы күндерін,

Көшенің шаңын бұрқыратып жүгірген достарымды.

Қуыршақ ойнаған аулада

Күнге күйіп, кешке дейін ұйықтамайтын сәттерімді.


Сағындым...

Ана, сен қайнатып берген сүттің дәмін,

Таңғы күлкіңді, кешкі ертегіңді...

Түнде бетімнен сүйіп,

«Жарығым» деген үніңді...


Сағындым...

Сол аңғал күлкімді,

Мақтау күткен еркелігімді.

Сағындым бәрін...

Өткен күндерді емес —

Сол күндердегі өзімді...

Сағындым... ( деп жылап қалады)


Бала:

Анашым жыламаңызшы деп, - (анасын құшақтайды)

Әке, мен туған жерімді білмеймін. Қазақстан қандай?


Әке (жүрекпен):

Қазақстан – біздің тамырымыз. Біз қайда жүрсек те, жүрегіміз сол жақта соғады, балам...


(Домбырамен баяу күй ойнайды)


II көрініс — Ауылда

(Сахнада ауыл қариясы жастармен сөйлесіп отыр)


Қария:

Қарақтарым, туған жердің қадірін біліңдер. Бізге арман болған Тәуелсіздік сендердің аманаттарың.


(Кенет алыстан келген шетелдегі отбасы шығады. Әке жерге еңкейіп, топырақты иіскейді.)


Әке:

Атамекен... Сағындым... Кешір, елім...


Ана (көзіне жас алып):

Ештеңе туған жерге жетпейді екен...

Әке; Көрдің бе балам!Сен енді өз еліңде қазақ балабақшасына, қазақ мектебіне барасың!


Бала (қуана):

Мен енді Қазақстанда оқимын! Достар табам! Мен — қазақпын!Алақай!


III көрініс — Қорытынды

(Барлығы бір-бірін құшақтап, бір шеңберге жиналады. Артқы фонда Қазақстан туы ілулі.)


Қария:

Елге оралған әр қазақ – Тәуелсіздіктің жемісі. Біз — бірге біргеміз!


Барлығы хормен:

Республика күні құтты болсын!

Қазақстан – ортақ үйіміз!


Жүргізуші: Ал енді құрметті қонақтар, біз бүгін бақшамызда керемет мерекеміз, Республика күнін атап өтіп жатырмыз!Төрге жайғасыңыздар!Қонақ болыңыздар!

Жүргізуші:

Ендеше келесі кезекте ертеңгілігімізді жалғастыру үшін балабақшамыздың мектеп алды даярлық топтарының ұл-қыздарын ортаға шақырайық.Қарсы алыңыздар!


(Залда жеңіл әуен ойнап тұрады. Балалар бірінен соң бірі, қолдарында кішкентай жалаушалармен сахнаға шығады.)


Көк аспандай көгілдір ту желбіреп,

Ел бірлігі, ерлік рухы көркіне кеп.

Мерекелі, берекелі елім менің,

Қазақстан – туған жерім ең керемет!

Ендеше, мерекемізді еліміздің Мемлекеттік Әнұранымен ашайық!

1. Мемлекеттік Әнұран

(Барлығы тік тұрып, Әнұран айтылады.)

Жүргізуші:

  • Балалар сендер қандай елде тұрасыңдар?

  • Қандай қалада тұрасыңдар?

  • Елордамыз қай қала?

  • Елімдің қандай символдарын білесіңдер?


? 3. Ән: «Балдырғандар»


(Ересек топтың балалары орындайды.)


Жүргізуші:


Қандай тамаша! Біздің балдырғандарымыз Отанын әнмен өрнектеп, шаттық сыйлады

Жүргізуші:

Нұрдәулет:

Ақжайық алтай арасы,

Қазақтың шалхар даласы

Республикама қарашы!

Жерімнің дәні маржандай,

Қырманы асқар таулардай

Республикама қарашы!

Раяна:

Шолсаң да биік аспаннан

Қарқырар кені дастаннан

Республикама қарашы!

Шырқаған сайы тірегі

Республикама қарашы!

Жанайым:

Туыспыз біз бәріміз

Бір Отанды сүйеміз

Бақытты елде тұрған соң

Бақытты өмір сүреміз

Қуат алған өзіңнен

Туған елдің қызымын

Бақытты етіп өсірген

Отанымның гүлімін

Айым:

Жасай берсін еліміз

Азаттығы жанданған

Жасай берсін еліміз

Республика күнінде

Гүлдей берсін жеріміз!

Асемай:

Республика күні бұл

Шаттығымды көбейтер

Қазағымның үні бұл

Тынысымды кеңейтер

Жүргізуші:

  • Жарайсыңдар балалар!


Жүргізуші:


Жарайсыңдар, балалар! Әрбір өлең жолынан туған жерге деген сүйіспеншілік сезіледі.


Жүргізуші:


Бүгінгі мерекеміз ерекше!


Себебі бізге алыстан – бауырлас Өзбек елінен құрметті қонақтар келіп отыр

Жүргізуші:

Көрші елдің құрметті ұл-қыздары,


Бүгін бізге мерекеге келіп жатыр!


Достық күлі көктем болып жайнасын,


Қазақ-өзбек бірлігі мәңгі сақталсын!


Қонақтар келеді:

Жүргізуші:


Қош келдіңіздер, қадірлі қонақтар!


Ассалом алейкум, меҳмонлар!


Өзбек атаның сөзі:


Ассаламу алейкум, қадірлі қауым!

Мені алыстан – Ташкенттен арнайы шақырып, үлкен құрмет көрсеткендеріңіз үшін мың алғыс!


Мен Қазақстанға табан тіреген сайын, жүрегім жылып сала береді. Өйткені бұл ел – кең пейілді, дархан далалы, бай табиғатты, мықты мемлекет!

Жері бай – астында қазынасы, үстінде ырысы бар!

Елі бай – тілі мен ділі сақталған, рухы биік халық!


Қазақстан – бейбіт өмірдің, тұрақтылықтың мекені. Әрбір аймағы – алтынға бергісіз.

Алатауы – аңыз, Сырдариясы – тіршілік нәрі, Бәйтерегі – биік арманның нышаны!

Мұндай жер – Жаратқанның сыйы. Мұндай ел – бауырластың мақтанышы!


Жүргізуші: ия дұрыс айтасыз.

Сонау алыс елден біздің кереметтей мерекемізге құр алақан келмеген боларсыз!

Өзбек елінен келген қонақ;

Әрине, біз балаларымызбен сіздердің мерекелеріңізге керемет ұлттық биімізді тарту еткелі келдік.

БИ: «ЛЕГЕН»


Барно: Сіздерге тек тыныштық, балаларға білім мен бақыт, еліңізге – мәңгілік даму тілеймін!

Қазақстан — мықты ел, болашағы жарқын ел!


Жүргізуші: Бірлік,Татулық.Ынтымақ.Қазақ халқы осы үш ұғымның қадірін жақсы біледі.Қазақстан Республикасы жүздеген ұлт пен ұлыстың басын біріктіріп, ынтымағын жалғастырып отырған Ұлы мемлекет!

Жүргізуші:

Би билейік, шаттық толы жүрекпен

Қазақ биі – өрнек бізге өнерден

Қимыл сапйын көрінеді сұлулық

Көріңіздер, құрметті қонақ көңілмен дей келе бүлдіршіндердің қазақша Домбыра биін қабыл алыңыздар!

6. Би: «Домбыра биі»


Жүргізуші:


Тамаша би! Қазақтың биі – еркіндіктің, шаттықтың биі!

Жүргізуші:

Ал енді келесі кезекте біздің кішкентай бүлдіршініміз «Балауса» мад тобының тәрбиеленушісі Даниалға берсек.


7.М.Мақатаев « Отан туралы»


Мен оның түнін сүйем, күнін сүйем,
Ағынды өзен, асқар тау, гүлін сүйем,
Мен оның қасиетті тілін сүйем,
Мен оның құдіретті үнін сүйем.
Бар жәндігін сүйемін қыбырлаған,
Бәрі маған: «Отан!» деп сыбырлаған
Жаным менің,
Кеудемді жарып шық та,
Бозторғайы бол оның шырылдаған!
Отан!
Отан!
Бәрінен биік екен.
Мен оны мәңгілікке сүйіп өтем.
Отанды сүймеуің де күйік екен,
Отанды сүйгенің де күйік екен...
Жүргізуші:

Жарайсың Даниал!Өркенің өссін!

Жүргізуші:

Биімізбен бейнеледік ұлы елді

Рәміздерім мәртебем мен тілегім

Қазақ елі-тәуелсіздік тұғыры

Мәңгі жаса-туған елім тұғырым!-дей келе келесі кезекті «Рәміздер» биіне береміз

8 Би: «Рәміздер»

Жүргізуші: Жарайсыңдар балалар. Келесі кезекті кішкентай балаларымыздың осы рәміздеріміз жайлы өлең шумақтарына берсек.

Алинұр:

Әнұраным, жанұраным

Айтар әнім, сөйлер сөзім

Туған жерім сағынарым

Мәңгі бақи шырқалады

Республикам, Әнұраным

Рамазан:

Елтаңбасы елімнің

Неткен көркем әдемі

Тұнығындай көңілдің

Ортада аспан әлемі

Хантөре:

Жарасқан байрақтың әні бар

Көк аспан, көк қыран сәні бар

Көк байрақ ашық көк кеңісін

Алтын күн-белгісі жеңістің

Бейбарыс:

Көк аспандай көгілдір

Туым бар ғой төрімде

Қыран құсым қалықтап

Желбірейді елімде

Жүргізуші:

Ән айтамыз жүрек толы қуаныш

Әр әуенде балдай тәтті сағыныш

Ән арқылы жеткіземіз елге арнап

Туған жерге деген ыстық сағыныш!

9.Ән: «Отан туралы»

?9. Қорытынды

Жүргізуші:


Балалар, біз бүгін өз елімізді мақтан ететін тамаша ұрпақ екенімізді көрсеттік!


Отан – әр баланың жүрегінде мәңгі сақталатын қазына!

Жүргізуші:

Қазақстан - туған Отан алтын бақ,

Қазақстан- мейірлі ана, дос қымбат.

Қазақстан – бізді туған ұлы Отан,

Ұлы жолға келді түсті жарқылдап,

Қазақстан-көпті көрген қария

Жайнай берсін, жайнай сен бер мәңгілік!

Жүргізуші:

Ел іргесі берік болсын,

Көк ту мәңгі желбіресін!

Қазақстан – бақ ордалы,

Берекелі ел болсын!


Жүргізуші: Құрметті қонақтар мерекеміз тағы да құтты болсын! Еліміз тыныш, аспанымыз ашық болсын!


(Музыка ойнап, балалар қонақтарға қол бұлғайды. Мереке әнмен, би мен шат күлкімен аяқталады.)



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
31.10.2025
86
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі