Республика күніне сценарий

Тақырып бойынша 31 материал табылды

Республика күніне сценарий

Материал туралы қысқаша түсінік
Мақсаты 1. Балалардың Отанға деген сүйіспеншілігін арттыру, патриоттық сезімін тәрбиелеу. 2. Қазақстан Республикасының рәміздері мен мерекелерін танып-білуге үйрету. 3. Ән айту, би билеу, көрініс ойнау арқылы шығармашылық қабілеттерін дамыту
Материалдың қысқаша нұсқасы





Тақырыбы: «Менің Отаным – Қазақстан!»

Мақсаты

  1. Балалардың Отанға деген сүйіспеншілігін арттыру, патриоттық сезімін тәрбиелеу.

  2. Қазақстан Республикасының рәміздері мен мерекелерін танып-білуге үйрету.

  3. Ән айту, би билеу, көрініс ойнау арқылы шығармашылық қабілеттерін дамыту

  4. Жүргізуші:
    – Армысыздар, қадірлі қонақтар!
    Бүгін біз барлығымыз үшін ерекше мереке – Республика күнін атап өтеміз.
    Бұл күн – біздің Отанымыздың еркіндігін, тәуелсіздігін білдіретін күн.

  5. Балалар сіздер білесіздерме,біздің еліміз қалай аталады?

  6. Балалар: -Қазақстан!

  7. Ал біздің ел басымыз кім?

  8. Қасым жомарт Кемелұлы Тоқаев.

1-бөлім: Әнұран

  • Балалар қолдарын жүрек тұсына қойып тұрады.

  • Мемлекеттік Әнұран орындалады .

2-бөлім: Өлеңдер

Балалар кезекпен сахнаға шығып, жаттаған шумақтарын айтады.
Жүргізуші:«Көк байрағым көгімде,
Қыран құстай желбіре.
Қазақстан – Отаным,
Жарқырай бер мәңгіге!»

Балалардың орындауында «Қазақстаным » әнін қарсалыныздар!
Жүргізуші:« «Кезім жоқ Отан десе шалқымаған
Болса екен жерім тыныш, халқым аман.
Туған жер тал бесігім әлдилеген
Отаным – нәрін берген алтын анам»

Балалардың орындауында тақпақтар:

Республика күні бұл,
Мерекеміз мерейлі.
Тақпақ айтып жатаймыз,
Тақылдатып көмейді. Н.Амир

2) Республика күнімен

Құттықтаймын сіздерді,
Республика күнімен.
Құтты болсын қазағым,
Қуанатын күнің ең... Кәусар





3) Республика күнінде

Республика күнінде,
Ән айтамыз, билейміз.
Қайғы жұтып, алаңдап,
Мұңаюды білмейміз. Арнур


4) Балалармыз бақытты

Балалармыз бақытты,
Мерекені тойлайтын.
Республика күнінде,
Бар жақсыны ойлайтын. Даяна

«Жаса қазақстан» би флешмоб.

Республикам асылым

Республикам асылым,
Жанға қуат беретін.
Мен балаңмын сен үшін,
Маржан сөзді теретін...
Айзере


21) Республикам жырымсың

Республикам жырымсың,
Тұмарым қып тағатын.
Әуелетіп жүрекпен,
Шырқап әнге салатын. Нурмухаммед

22) Құтты болсын бүгінгі

Құтты болсын бүгінгі,
Республика күні бұл.
Әр қазақтың лүпілдер,
Жүрегінің үні бұл. Даниял

) Сен деп соғад(ы) жүрегім

Республика күні бұл,
Құтты болсын гүл елім.
Көңілімнің нұрысың,
Сен деп соғад(ы) жүрегім.Айша



Жүргізуші:«Тілім – қазақ, қазынам,
Мақтан етіп айтамын.
Қазақстан – елімді,
Жүрегімде сақтаймын!»

5) Мен бақытты баламын

Мен бақытты баламын,
Айтқан тілді аламын.
Республика күнінде,
Жұлдыз болып жанамын.
Аяулым

6) Республика күні бұл

Республика күні бұл,
Шаттығымды көбейтер.
Қазағымның үні бұл,
Тынысымды кеңейтер... Хамза




7) Құтты болсын Қазағым

Құтты болсын, Қазағым,
Республика күні бұл.
Мерейлі де тәуелсіз,
Қазағымның үні бұл. Миржан

8) Республикам жасай бер

Республикам жасай бер,
Атар таңың бақ сыйлап.
Тәуелсіз ел жасай бер,
Қуанышты күй сыйлап.
Амина

  • Балалар «Бәйге» биінің жеңілдетілген қимылдарын орындайды.
    Жүргізуші:«Республика – ұраным,
    Әрқашан да жыр-әнім.
    Мәңгі жасап болашақ,
    Көкте шалқып қыраным!»


Балалардың орындауында «Туған өлкем» әнін қабыл алыныздар

Ойын «Жасырылған ою»



4-бөлім: Ойын «Рәміздерді тап»

Жүргізуші сұрақ қояды, балалар жауап береді:

  • «Көк түсті, күн мен қыран бейнеленген – не?» → Ту

  • «Шаңырақ бейнесі бар – не?» → Елтаңба

  • «Мемлекеттік тіліміз?» → Қазақ тілі

  • «Астанамыз қалай аталады?» → Астана

5-бөлім: Би «Қазақ би» қыздарымыздың

Республикам сен барда

Республикам сен барда,
Түспес менің көңілім.
Тәуелсіз ел айбыным,
Шуақ берер өмірім.
(Адият)

Соғып тұрған жүрегім




Республикам киелім,
Соғып тұрар жүрегім.
Республикам жасай бер,
Мықты болып тірегің. Айханым


Республикам өзіңсің

Республикам өзіңсің,
Сыйлар бізге гүл бағын.
Бір өзіңе арналар,
Таусылмайды жырларым. Ерасыл


16) Республикам әнімсің

Республикам әнімсің,
Жүрегімде тербелер.
Ел жоқ шығар өзіңе,
Республикам тең келер. Марлен


17) Құтты болсын қазағым

Республика күні бұл,
Құтты болсын қазағым.
Елім менің тәуелсіз,
Таусылмасын базарың. Дария


18) Жасай берсін еліміз

Азаттығы жанданған,
Жасай берсін еліміз.
Республика күнінде,
Гүлдей берсін жеріміз. Б.Амир


  • Балалар «Оркестр» биінің жеңілдетілген қимылдарын орындайды.

7-бөлім: Ән

Балалар бірге шырқайды: «Отаным» (балаларға жеңілдетілген нұсқа).

Қорытынды

Жүргізуші:
– Бүгін біз Республика күнін атап өттік. Бұл мереке – тәуелсіз еліміздің нышаны.
Балалар, Қазақстан әрқашан бейбіт, бақытты, берекелі ел болып, көк байрағымыз биік желбірей берсін!

Балалар қолдарын жоғары көтеріп, хормен айтады:
«Қазақстан жасасын!»

Қажетті заттар тізімі



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
17.11.2025
35
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі