Материалдар / Республикалық бірыңғай «Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымына қабылдау

Республикалық бірыңғай «Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымына қабылдау

Материал туралы қысқаша түсінік
Жас ұлан мен жасөсрпірімдер ұйымына қабылдау сценариі
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады

Республикалық бірыңғай «Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымына қабылдау салтанатты жиынының сценарийі



Өтетін күні:10.12.2018 ж

Өтетін орны: Жамбыл орта мектебі


  Шақырылатын қонақтар: Ұстаздар, қонақтар, оқушылар және мектеп әкімшілігі.


І жүргізуші:

- Қайырлы күн қонақтар, ұстаздар,оқушылар! Республикалық бірыңғай «Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымы қатарына қабылдау салтанатты жиынына қош келдіңіздер!


ІІ жүргізуші:


  • Армысыздар құрметті ұстаздар, қонақтар және оқушылар! Бүгінгі 16-желтоқсан «Қазақстан Тәуелсіздігі» күніне арналған, сондай-ақ, жас азаматтарды еліміздің нағыз патриоттары, еңбекқұмар, білімге құштар, өзін-өзі жетілдіруге үнемі ұмтылатын, өршіл, қайсар етіп тәрбиелеуді, дәстүрімізді, ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтарымызды қастерлейтін, рухани дүниесі кең тұлғаны қалыптастыруды көздейтін «Бірыңғай «Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымы» Республикалық Қоғамдық Бірлестігінің қатарына мектеп оқушыларын қабылдау  рәсіміне арналған салтанатты жиынымызды ашық деп жариялаймыз!


  • ІІ жүргізуші:

  • Түсініп терең, өмірдің мәнін, Жалынды жастар, сендерсің сәнім Беретін бойға күш-қуат,жігер Шырқалсын шаттық әнұран әнім!



І-жүргізуші:

  • Бүгінгі жиынымызда 4- сыныптың үздік оқушылары «Жас қыран» ұйымына қабылданады.


ІІ-жүргізуші: Бүгінгі «Жас қыран» ұйымына қабылданатын оқушыларды ортаға шақырамыз!

      

ІІ-жүргізуші: Ендеше, тәуелсіздік күніне арнайы орайластырылған оқушыларды «Жас Ұлан» ұйымының қатарына қабылдау рәсімін көре отырып, алдымен ұйымның мақсат, міндет, ережелерімен таныстыруға рұқсат етіңіздер.
«Жасұлан» ұйымының әрбір мүшесі:


І жүргізуші:

Қоғамдық  өмірде, тұрмыста, қазақтың  ұлттық  болмысында, халықтық келбетпен қалыпты сақтай отырып, ата-анасын шынайы сыйлап, олардың  өнегелі қасиеттерін бойға сіңіріп, өсиеттерін орындауды перзенттік парыз деп түсінеді. Туған елін шексіз сүйеді.


ІІ жүргізуші:

Қазақстан Республикасының туының түсіндей галстук тағу керек және Республикамыздың мемлекеттік нышандарын құрметтеп, мемлекеттік әнұранды жатқа айту керек.




І жүргізуші:

Өзін тұрмыста, қоғамдық өмірде сыпайы, қарапайым мінезде ұстайды.


ІІ жүргізуші:

Қазақ  тілін еркін меңгеріп елдің тарихын, мәдениетін, әдебиетін, өнерін, салт-дәстүрін жақсы білу, дамыта түсу  сақтау үшін ынталы еңбектенетін болады.


І жүргізуші:

Жасұлан ұйымының мүшесі  - Отанына адал.
Жасұлан ұйымының мүшесі  - Отанының адал азаматтары.


ІІ жүргізуші:

Жасұлан ұйымының мүшесі  - Отанының тәуелсіздігі мен бостандығы үшін күресуші


І жүргізуші:

Жасұлан ұйымының мүшесі - батырларымыздың атын құрметтеп, оның мәңгі қорғаушысы болуға дайындалады.


ІІ жүргізуші:

Жасұлан ұйымының мүшесі  - оқуда, еңбекте және спортта өжет те қайсар.

І жүргізуші:

Жасұлан ұйымының мүшесі  - шыншыл, адал жолдас, әрқашан да шыншылдық үшін күресуге дайын болуы керек.


І жүргізуші:

«Жас Ұлан» ұйымының негізгі мақсаты – оқушылардың қоғамдық, әлеуметтік, танымдық және шығармашылық қабілеттерін дамыту. Ал міндеттері - әлеуметтік тәжірибені байыту және дамыту, мектептегі тәрбиелік әлеуетін жүзеге асыру болып табылады.


ІІ жүргізуші:

Келесі кезекті Ұлан басшысының бүгінгі Республикалық бірыңғай «Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымына қабылдау салтанатты жиынына дайындықтары туралы рапорт тапсыру рәсіміне берейік.


Ұлан басшысы: «Жас Ұлан», «Жас Қырандықтар» тік тұрыңдар! Рапорт тапсыруға дайындал!


  1. «Жас Ұлан» топ басшысы рапорт тапсырады.

Топтын атауы : «Жас Ұлан»

Ұраны: Оқушылар таңдаған табыс кілті айқын және өміршең:

  1. Топтың атауы: «Жас Қыран»

Ұраны: Алға бірге самғаймыз,

Достықты әрі жалғаймыз.

Оқу өнер іздеген,

Жас Қыран біз боламыз !

Ұлан басшысы:

  • «Жас Ұлан», «Жас Қырандықтар» теңел тік тұр!

Құрметті директор мырза. «Жас Ұлан» тобы бүгінгі Республикалық бірыңғай «Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымына қабылдау салтанатты жиынына дайын. Рапорт тапсырушы ұлан басшысы Смағұлова Жанаргүл Әубәкірқызы . Рапорт тапсырылды.

Мектеп басшысы: Рапорт қабылданды!

«Жас Ұлан», «Жас Қыран» ұйымының әнұраны орындалсын


ІІ жүргізуші:

Егеменді еліміздің тірегі

Мектептің болашағы жігері Достықпен татулық тілегі

«Жас Ұлан» ұйымының біз түлегі Сөз кезегін ардагер ұстазымыз: Сүлейменова Канилхаят Камешқызына беріледі.



І жүргізуші: «Жас қыран» ұйымына қабылданған оқушыларға галстук, төсбелгілерін тағу құрметін мектебіміздің ардагер ұстаздарымыз: Отарбай Рахметолла Манапұлы, Саменова Кенжегүл Көпейқызы, Шарымов Тұрсынбек Иманғазы ұлына беріледі.



ІІ жүргізуші: Құрметті, оқушылар «Жас Қыран» ұйымына қабылдануларыңызбен құттықтаймыз! Егеменді еліміздің еңселі азаматтары болуларыңызға тілектеспіз.



І жүргізуші: Отанының ер ұланы,

Жер қайысқан қалың қол.

Тәуелсіз ел ұланы

Ант беруге дайын бол!


( «Жас Ұланның» 1 мүшесі ант береді, қалғандары «Ант етеміз, ант етеміз, ант етеміз» деп 3 рет қайталайды)

Анттың мәтіні:



Мен, ____________________, Республикалық бірыңғай «Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымының қатарына кіре отырып:


Өз Отаным – Қазақстан Республикасының патриоты болуға;

Мемлекеттік рәміздерді құрметтеуге, дәріптеуге;

Туған елім, жерім, Отанымды мақтаныш етуге;

Ата-анамды қадірлеуге;

Үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсетуге;

Білімге табандылықпен ұмтылуға;

Салауатты өмір салтын ұстануға;

Табиғатты аялауға;

«Жас Ұлан» Ережесін бұлжытпай сақтауға және оны өз достарымнан талап етуге ант етемін.


Біздің жерлестеріміздің даңқты ерлігі өнегесі негізінде ерлікке үйренуге және Отанға шексіз қызмет етуге салтанатты түрде


\АНТ ЕТЕМІН, АНТ ЕТЕМІН, АНТ ЕТЕМІН!/



ІІ жүргізуші:

Бүгінгі жиынның ең жауапты сәті, ант тапсыру рәсімін «Жас қыран» ұйымының қатарына қабылданушы 4-сынып оқушысы Амантаев Назарға береміз.

Мен- Қазақстан азаматы «Сүйікті Отаным Қазақстанның дүние жүзіндегі алдыңғы қатарлы ел болуы үшін сапалы білім аламын. Туған халқымның ата – дәстүрін жалғастырамын.Мемлекеттің Президентін құрметтеймін.Ата заңды бұлжытпай орындаймын.Қазақстан – 2030 жылға дейінгі бағдарламасында айтылған міндеттерді іске асыруға үлес қосамын.Елімнің Туын,Елтаңбасын, Әнұранын, Алтын ұя мектебімді сыйлап,қастерлеймін» деп Ант етемін!




І жүргізуші:

Ризамын деп осындай жастық шаққа,

Не жетер «Жас Ұлан» «Жас Қыран»деген лайық атқа.

Келеміз егеменді ел төріне өрлеп,

Ашылып алдымыздан алтын қақпа.


  

ІІ жүргізуші: Республикалық бірыңғай «Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымы қатарына салтанатты қабылдау рәсімі өз мәресіне жетті, салтанатты жиынымызды жабық деп жариялаймыз.



І жүргізуші:

Құрметті қонақтар, ұстаздар, оқушылар! Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған концерттік бағдарламамызды бастаймыз.


ІІ-жүргізуші: Тәуелсіздік туын тігуге қаншалықты қажыр-қайрат керек болса, оны құлатпай сақтап қалуға соншалықты қажыр-қайрат керек деп, біз бүгінгі Қазақстан Республикасының тәуелсіздік күніне арналған концерттік бағдарламамызды аяқтаймыз.
































Ақмола облысы

Астрахан ауданы

«Жамбыл орта мектебі»ММ







Тақырыбы

«Елімнің еркіндігі - Тәуелсіздік»











Өткізген: Смағұлова Ж.А






2018-2019 ж

Жариялаған:
Смағұлова Ж.А
05 Ақпан 2019
569
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі