жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Республикалық бірыңғай «Жас ұлан»балалар мен жасөспірімдер ұйымына қабылдау
Ә.Боранбаев атындағы жалпы білім беретін орта мектеп
Республикалық «Жас ұлан» бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымына қабылдаудың жүру реті
2018-2019 оқу жылы
Республикалық бірыңғай «Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымы
мүшелерінің анты
Мен ........................................ Республикалық бірыңғай «Жас Қыран » балалар мен жасөспірімдер ұйымының қатарына кіре отырып :
-Өз Отаным-Қазақстан Республикасының патриоты болуға
-Мемлекеттік рәміздерді құрметтеуге ,дәріптеуге
-Туған елім,жерім,Отанымды мақтаныш етуге
-Ата-анамды қадірлеуге
-Үлкенге құрмет,кішіге ізет көрсетуге
-Білімге табандылықпен ұмтылуға
-Салауатты өмір салтын ұстануға
-Табиғатты аялауға
-«Жас Қыран » ережесін бұлжытпай сақтауға және оны өз достарымнан талап етуге ант етемін.
Біздің жерлестеріміздің даңқты ерлігі,өнегесі негізінде ерлікке үйренуге және Отанға шексіз қызмет етуге салтанатты түрде
Ант етемін,Ант етемін,Ант етемін!
Республикалық бірыңғай «Жас ұлан»балалар мен жасөспірімдер ұйымына қабылдау салтанатты жиынының сценарииі.
Өтетін орны: Мектеп акт залы
Көрнекіліктер: «Жас Ұлан» ұйымының елтаңбасы,туы және ұйым туралы плакат суреттер ілінеді.
1-жүргізуші
Қайырлы күн құрметті қонақтар, оқушыларұстаздар!Республикалық бірыңғай «Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымы қатарына қабылдау салтанатты жиынына қош келдіңіздер.
2-жүргізуші
Бүгінгі Еліміздің тәуелсіздік күніне арналған және жас азаматтарды еліміздің нағыз патриоттары ,өзгерістерден қаймықпайтын ,еңбекқұмар,білімге құштар,өзін-өзі жетілдіруге үнемі ұмтылатын ,өршіл,қайсар етіп тәрбиелеуді,дәстүрімізді ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтарымызды қастерлейтін ,рухани дүниесі кең тұлғаны қалыптастыруды көздейтін Республикалық Бірыңғай «Жас Ұлан»балалар мен жасөспірімдер ұйымының қатарына қабылдау рәсіміне арналған салтанатты жиынымызды ашық деп жариялаймыз.
1-жүргізуші
Еліміз күннен күнге өркендеп гүлденуде.Біз осындай елде туғанымызға бақыттымыз.Бүгін міне,бәріміз мектеп ұландарының Республикалық бірыңғай «Жас Ұлан" балалар мен жасөспірімдер ұйымына қабылдау рәсіміне куә болғалы отырмыз.
2-жүргізуші
Түсініп терең,өмірдің мәнін
Жалынды жастар,сендерсің сәнім
Беретін бойға күш-қуат,жігер
Шырқалсын шаттық әнұран әнім.
ҚР мемлекеттік гимні шырқалсын !
1-жүргізуші
Қазақстан Республикасының тәуелсіздік мерекесіне арнайы орайластырып мектебіміздің оқушыларын Республикалық бірыңғай «Жас ұлан»балалар мен жасөспірімдер ұйымының қатарына қабылдау рәсіміне көше отырып алдымен ұйымның мақсат ,міндет,ережелерімен таныстыруға рұқсат етіңіздер.
2-жүргізуші
«Жас ұлан»ұйымының әрбір мүшесі:
Қоғамдық өмірде ,тұрмыста ,қазақ ұлттық болмыста ,халықтық келбетпен қалыпты сақтай отырып,ата-анасын шынайы сыйлап ,олардың өнегелі қасиеттерін бойға сіңіріп ,өсиеттерін орындауды перзенттік парыз деп түсінеді.Туған елін шексіз сүйеді.
1-жүргізуші
ҚР туының түсіндей галстук тағу керек және Республикамыздың мемлекеттік нышандарын құрметтеп,мемлекеттік әнұранды жатқа айту керек.
2-жүргізуші
Өзін тұрмыста ,қоғамдық өмірде сыпайы,қарапайым мінезде ұстайды.Қазақ тілін еркін меңгеріп елдің тарихын ,мәдениетін,әдебиетін ,салт-дәстүрін жақсы білу,дамыта түсу,сақтау үшін ынталы еңбектенетін болады.
1-жүргізуші
«Жас ұлан»ұйымының мүшесі-Отанының тәуелсіздігі мен бостантандығы үшін күресуші.
«Жас ұлан»ұйымының мүшесі оқуда,еңбекте және спортта өжет те қайсар.
2-жүргізуші
«Жас ұлан»ұйымының мүшесі –шыншыл,адал жолдас,әрқашан да шыншылдық үшін күресуге дайын болуы керек.
1-жүргізуші
«Жас ұйымының»қатарына қабылдана отырып :
1.ҚР патриоты болуға
2.Мемлекеттік рәміздерді құрметтеуге
3.Отанымызды мақтаныш етуге
4.Ата-ананы қадірлеуге
5.Білімге ұмтылуға
6.С алауатты өмір салтын ұстануға
7.Табиғатты аялауға
8. «Жас ұлан»ережесін бұлжытпай орындауға
9.Жерлестеріміздің даңқты ерлігі ,өнегесі негізінде ерлікке үйренуге және Отанға шексіз қызмет етуге міндетті.
2-жүргізуші
Білімді-көкіректе нұр деп түсін
Жігерлі,жалынды отты жыр деп түсін
Аталған мақсат,талап,ережені
Орындауға бәрің де міндеттісің
1-жүргізуші
Олай болса,Республикалық бірыңғай «Жас ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымына қабылдаудың салтанатты рәсімін бастайық.
/Музыка ойналады/
Топ жетекшілері мәлімдеме беруге дайындалыңдар.
Мәлімдеме берілсін.
Топ жетекшілері /4-топ/ өз топтарына : Топ,түзел,тік тұр.Біздің топ! Біздің ұран!-деген бұйрық береді /Топ мүшелері топ аттарын,ұрандарын айтады/де Ұланбасының алдына барып тұрып мәлімдеме жасайды:
-Ю.Гагарин атындағы орта мектептегі «Жас Ұлан» ұйымының -Ұланбасы
Бүгінгі Ел тәуелсіздігіне арнап мектеп оқушыларын
«Жас Ұлан» ұйымы қатарына қабылдауға арналған салтанатты жиынға дайынбыз.
Ұланбасы: Мәлімдеме қабылданды.Еркін тұр.
/Топ жетекшілері өз топтарына барып : «Еркін тұр».-командасын береді/
Ұланбасы: Ұландар түзел,тік.Республикалық «Жас ұлан» ұйымы қатарына қабылдану үшін салтанатты түрде уәде беруге дайындалыңдар.
Оқушылар: Әрқашанда дайынбыз.
Ұланбасы: Уәде берілсін.
/Ортаға бір оқушы шығып уәдені салтанатты түрде оқып береді,ал оқушылар «ант етеміз»-деп 3-рет айтады.//
1-жүргізуші
Егеменді еліміздің тірегі
Мектептің болашағы жігері
Достықпен татулық тілегі
Жас ұлан ұйымының біз түлегі-деп «Жас ұлан» ұйымының кіші буын өкілдері «Жас қырандықтарға» галстук байлау рәсімін мектебіміздің дарынды оқушылары,әртүрлі аудандық ,облыстық спорт және білім сайыстарының жүлдегерлері мен жеңімпаздарына тапсырамыз.
2./3-сынып оқушылары уәде береді/
2-жүргізуші
«Жас ұлан»ұйымының жоғарғы буын өкілдері 5-сынып оқушыларына галстук байлау рәсімін мектебіміздің 9-сынып оқушыларына тапсырамыз.
/Музыка ойналады «Жас ұлан» әні/
.2-жүргізуші
Құттықтау сөз кезегі мектеп директоры -- Махат С.Ж.беріледі.
2......................................................................................................
1-жүргізуші
Құрметті оқушылар «Жас Ұлан» ұйымына қабылдануларыңызбен құттықтаймыз.Егеменді еліміздің еңселі азаматтары болуларыңызға тілектеспіз.
2-жүргізуші
Ризамыз деп осындай жастық шаққа
Не жетер Жас ұлан деген атқа
Келеміз егеменді ел төріне өрлеп
Ашылып алдымыздан алтын қақпа
1-жүргізушіРеспубликалық бірыңғай «Жас ұлан»балалар мен жасөспірімдер ұйымы қатарына салтанатты қабылдау рәсімі өз мәресіне жетті.Салтанатты жиынымызды жабық деп жариялаймыз./жас ұлан гимні орындалады/

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген