Республикалық "Мектепке жол" қайырымдылық акциясы

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Республикалық "Мектепке жол" қайырымдылық акциясы

Материал туралы қысқаша түсінік
Акцияның мақсаты – әлеуметтік көмек алуға құқығы бар аз қамтылған, көпбалалы, тұрмысы қолайсыз отбасылардың балаларына, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға және басқа санаттағы балаларға әлеуметтік көмек көрсету, оқумен қамтылмай қалған мектеп жасындағы балаларды анықтау және есепке алу, сондай-ақ әлеуметтік себептер (киімдерінің, аяқ киімдерінің, мектеп құралдарының жоқтығы) бойынша балалардың мектепке бармауын алдын алу, көмек көрсетіп, қолдау.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Талғар ауданы, Қызыл Ту 4 ауылы, «24 жалпы білім беретін орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі; Әлеуметтік педагог – Тилешова М.М.

Республикалық «Мектепке жол» акциясы

Қайырымдылық — халқымыздың ең ізгі қасиеттерінің бірі. «Жанашырлыққа — жан риза» дегендей, кемтар, жетім, қамқорлыққа алынған балалардың жанашыр қамқоршысы болып, аялы алақанын тосып, жүрек жылуын ұсыну, сауабы мол іске атсалысу - әрбір адамның азаматтық парызы. Осы мақсатта әр оқу жылының қарсаңында «Мектепке жол» акциясының өткізілуі №24 жалпы білім беретін орта мектеп қабырғасында дәстүрге айналып келеді. Биылғы 2021-2022 оқу жылында да аталмыш шара жалғасын табуда.

Акцияның мақсаты – әлеуметтік көмек алуға құқығы бар аз қамтылған, көпбалалы, тұрмысы қолайсыз отбасылардың балаларына, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға және басқа санаттағы балаларға әлеуметтік көмек көрсету, оқумен қамтылмай қалған мектеп жасындағы балаларды анықтау және есепке алу, сондай-ақ әлеуметтік себептер (киімдерінің, аяқ киімдерінің, мектеп құралдарының жоқтығы) бойынша балалардың мектепке бармауын алдын алу, көмек көрсетіп, қолдау.

Аталған шара аясында біздің білім ордасы осындай түрлі санаттағы оқушыларға көмек көрсету мақсатында мұғалімдер мен ата-аналарға арналған ақпарат бұрышын және әлеуметтік желі парақшаларына ауыл тұрғындарына, түрлі демеушілерге арнап сұраныстар дайындалды. Нәтижесі де көп ұзамай көрінді. Ауыл имамдары, мектеп ұжымы, түрлі демеушілер тарапынан көмекке мұқтаж балаларға жыл бойы азық-түлік, киім-кешек, оқуға қажетті құрал жабдықтар, ойыншықтар беріліп, өз қолдауларын көрсетіп отырды. «Жаңа жыл», «Балаларды қорғау күні» сияқты жағымды тосын сыйлар мен қуанышқа толы мейрамдар да әр түрлі санаттағы оқушыларды, жетім, «ерекше» балаларды қуантып, сыйлықтар беріліп, қолдау көрсетілді. Мектебіміздегі 2 мұқтаж балаға мектеп ұжымы, ауыл тұрғындары, мешіт имамдары бірлесе отырып, қаржылай еміне деп көмек көрсетті. Қашықтықтан оқу барысында мұқтаж балаларға мектеп ұжымы, қамқоршылық кеңес мүшелері, ата-аналар мен басқа да демеушілер бірлесіп, телефон, планшет алып беріп, оқушылардың кедергісіз білім алуына үлкен көмегін тигізді.

Шексіз қуанышқа бөленген балаларды көру - бақыт. «Жылуы жоқ үйден без, қайырымы жоқ биден без»,- дегендей қайырымдылық, адамгершілікті биік ұстап, кісілікті ту етіп, көкірегі қаяулы, жаны жаралы жанның жасын сүртіп, жылы лебізін аямай, қолдан келген жәрдемін ұсынып, достық пейілдерін таныта алатын жандардың арамызда әлі де бар екендігі қуантады. Олай болса, мектебіміздегі әлеуметтік жағдайы төмен оқушыларға көмек көрсеткен демеушілерге мектеп ұжымы атынан үлкен ризашылығымызды білдіре отырып, мектебімізде әлі де осындай игі істер жалғасын табады деген сенімдеміз. Жақсылық жасауға асығайық!





Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
03.12.2021
591
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі