Материалдар / Республикалық олимпиада 8 ә сынып
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Республикалық олимпиада 8 ә сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Биология,қазақстан тарихы пәні
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
21 Желтоқсан 2020
148
0 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

ӘР МҰСЫЛМАН БІЛУІ
ТИІС МӘСЕЛЕЛЕР

Сұрақ: Раббың кім?
Жауап: Алла Тағала.
Сұрақ: Дінің не?
Жауап: Ислам.
Сұрақ: Кітабың не?
Жауап: Құран Кәрім.
2

Сұрақ: Құбылаң қай жер?
Жауап: Қағба / Мекке қаласы.
Сұрақ: Мұсылмансың ба?
Жауап: Әлхамдулилләһ, мұсылманмын.
Сұрақ: Қашаннан бері мұсылмансың?
Жауап: Әл-мисақтан бері.
3

Сұрақ: Әл-мисақ дегеніміз не?
Жауап: Адам баласы рухтарының бұл дүние
тіршілігенен бұрын рухтар әлемінде Алланың
құдіретін танып, Оған қайтып келетіні туралы
ант берген кезең.

4

Сұрақ: Мұсылмандығыңның дәлелі қайсы?
Жауап: «Әшһәду ән лә иләһә иллаллаһу уә
әшһәду әннә Мухаммадән абдуһу уә расулуһу»
(Алладан басқа тәңірі жоқ екендігіне,
Мұхаммед Оның құлы және елшісі екендігіне
куәлік етемін).

5

Сұрақ: Кімнің ұрпағысың?
Жауап: Адам атаның ұрпағымын.
Сұрақ: Кімнің үмбетісің?
Жауап: Мұхаммед пайғамбардың (с.ғ.с.).
Сұрақ: Пайғамбарың кім?
Жауап: Мұхаммед Мұстафа (с.ғ.с.).
6

Сұрақ: Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) қай жерде
туған?
Жауап: Мекке қаласында.
Сұрақ: Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) қай жылы
туған?
Жауап: 571 жылы 20-сәуірде.

7

Сұрақ: Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) ай (қамари)
санауы бойынша қай күні туылған?
Жауап: Рабиул әууәл айының 12-сі, дүйсенбі
күні.
Сұрақ: Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) Исламға
дейін халық арасында танылған сипаты
қайсы?
Жауап:
Мухаммадул
әмин
(сенімді
Мұхаммед)
8

Сұрақ: Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) ең көп
аталатын есімдері қандай?
Жауап: Ахмет, Махмуд, Мұхаммед және
Мұстафа.
Сұрақ: Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) әкесінің
есімі кім?
Жауап: Абдулла.
9

Сұрақ: Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) анасының есімі кім?
Жауап: Әмина.
Сұрақ: Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) сүт анасының есімі кім?
Жауап: Халима.

10

Сұрақ: Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) атасы кім?
Жауап: Әбдімүтәліп.
Сұрақ: Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.)
бауырлары кімдер?
Жауап: Шәйма, Үмәйса, Абдулла.

11

сүт

Сұрақ: Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) немере
ағалары кімдер?
Жауап: Хамза (р.а.), Аббас (р.а.), Әбу Тәліп,
Харис, Әбу Ләһаб, Зубайр, Хажл, Дирар және
Муқаууим.
Сұрақ: Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) қанша жасында үйленді?
Жауап: 25 жасында.
12

Сұрақ: Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) алғашқы
әйелі кім?
Жауап: Хадиша бинт Хуайлид.
Сұрақ: Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) өз балалары кімдер?
Жауап: Ибраһим, Қасым, Абдулла, Зейнеп,
Рұқия, Үммү Гүлсім және Фатима.
13

Сұрақ: Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) немерелері кімдер?
Жауап: Хасан және Хұсейн.
Сұрақ: Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) Меккелік
кезеңі қанша жыл?
Жауап: 13 жыл.
14

Сұрақ: Алланың соңғы елшісіне (с.ғ.с.) қанша
жасында пайғамбарлық берілді?
Жауап: 40 жасында.
Сұрақ: Пайғамбарымызға (с.ғ.с.) алғашқы
уахи қай жерде келді?
Жауап: Хира үңгірінде.
15

Сұрақ: Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) пайғамбарлық
міндетін қанша жыл бойы атқарды?
Жауап: 23 жыл.
Сұрақ: Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) ұлы көші
хижреті қай жылы қай қалаға бағытталды?
Жауап: Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) 622 жылы
Меккеден Мәдина қаласына көшті.
16

Сұрақ: Хижретте Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.)
жанында кім болды?
Жауап: Әбу Бәкір (р.а.).
Сұрақ: Пайғамбарымызбен (с.ғ.с.) Әбу
Бәкірдің хижретте жасырынған үңгір қалай
аталады?
Жауап: Сәуір.
17

Сұрақ: Ислам тарихында алғаш салынған
мешіт қалай аталады?
Жауап: Құба мешіті.
Сұрақ: Құба мешіті қай қалада орналасқан?
Жауап: Мәдина қаласында.
Сұрақ: Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) Мәдинада
қанша жыл өмір сүрді?
Жауап: 10 жыл.
18

Сұрақ: Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) қай жылы
қайтыс болды?
Жауап: 632 жылы. 63 жасында.
Сұрақ: Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) қай жерде
қайтыс болды?
Жауап: Мәдина қаласында.

19

Сұрақ: Әйгілі төрт халифа кімдер?
Жауап: Әбу Бәкір (р.а.), Омар (р.а.),
Осман (р.а.), Әли (р.а.)
Сұрақ: Құран Кәрім қай халифаның дәуірінде
кітап болып жиналды?
Жауап: Әбу Бәкір (р.а.) дәуірінде.

20

Сұрақ: Құран қанша аяттан тұрады?
Жауап: 6216 аят.
Сұрақ: Құранда қанша сүре бар?
Жауап: 114 сүре.
Сұрақ: Құранда қанша пара (жүз) бар?
Жауап: Құранда 30 пара бар.
21

Сұрақ: Ең алғаш түскен сүре қайсы?
Жауап: «Алақ» сүресінің алғашқы бес аяты.
Сұрақ: Құран қай сүремен басталады?
Жауап: «Фатиха» сүресімен.
Сұрақ: Құран қай сүремен аяқталады?
Жауап: «Нас» сүресімен.
22

Сұрақ: Мәзһаб деп нені айтамыз?
Жауап: Шариғатта арнайы тәсілдер, ережелер арқылы Құран мен сүннеттен шығарылған
үкімдер мен көзқарастар жиынтығы.
Сұрақ: Төрт үлкен мәзһабты атаңыз?
Жауап: 1-Ханафи мәзһабы;
2-Шафиғи мәзһабы;
3-Малики мәзһабы;
4-Ханбали мәзһабы.
23

Сұрақ: Сенімдегі мәзһабымыз қайсы?
Жауап: Әһли сүннет уәл жамағат, яғни
пайғамбарымыз (с.ғ.с.) бен сахабалары жүріп
өткен сара жол.
Сұрақ: Сенімдегі имамымыз кім?
Жауап: Сенімдегі имамымыз Әбу Мансур
Мұхаммед әл-Матуриди.
24

Сұрақ: Әбу Мансур Мұхаммед әл-Матуриди
кім?
Жауап: Әбу Мансур Мұхаммед әлМатуриди IX ғасырда Самарқанд маңындағы
Матурид қалашығында дүниеге келген
мүжтаһид ғалым.
Сұрақ: Амалдағы (шариғаттағы) мәзһабымыз
қайсы?
Жауап: Ханафи мәзһабы.
25

Сұрақ: Амалдағы мәзһаб имамымыздың аты
кім?
Жауап: Нұғман ибн Сәбит Имам Ағзам Әбу
Ханифа.
Сұрақ: Имам Ағзам Әбу Ханифа қай жылы
туылды?
Жауап: һижри 80 жылы, милади 699 жылы
26

Сұрақ: Имам Ағзамның туған жері қайда?
Жауап: Ирак елі, Куфа қаласында.
Сұрақ: Әбу Ханифа қай сахабалардың
көзін көрген?
Жауап: Әнас ибн Мәлик, Абдуллаһ
ибн Ауф, Уасила ибн Асқия, Сахл ибн
Сайда, Әбу Туфайл Амр ибн Уәсила.
27

Сұрақ: Әбу Ханифаның ұстаздарынан
кімдерді білесің?
Жауап: Алқама ибн Қайс ән-Нәхәи, Мәсруқ
ибн Әждә, Әмир ибн Шәрәхил әш-Шағби, Ибрахим ибн Язид ибн Қайс ән-Нәхәи, Ата ибн
Әбу Рабах, Мәлік ибн Әнас, Куфалық Хаммад
ибн Әбу Сүлеймен әл-Әшғари.

28

Сұрақ: Әбу Ханифа қай жылы қайтыс болды?
Жауап: һижри 150 жылы, милади бойынша
767 жылы.
Сұрақ: Балиғат жасы қай жастан басталады?
Жауап: Ер балаларда 12-15 жас аралығы; Қыз
балаларда 9-12 жас аралығы.

29

Сұрақ: 32 парызды санап бер?
Жауап: Иманда - 6,
Исламда - 5,
Дәретте - 4,
Бой дәретте - 3,
Тәйәммүмде - 2,
Намазда - 12 парыз.
30

Сұрақ: Иман шарттары нешеу?
Жауап: Иман шарттары алтау, оның реті:
1-Алланың бар және бір екеніне;
2-Алланың періштелеріне;
3-Алланың пайғамбарларына;
4-Алланың кітаптарына;
5-Ақырет күніне;
6-Жақсылық пен жамандықтың Алладан
екеніне шын жүрекпен илану.
31

Сұрақ: Ислам шарттары қанша?
Жауап: Ислам шарты бесеу, оның реті:
1-Кәлима шәһадат келтіру;
2-Намаз оқу;
3-Зекет беру;
4-Ораза тұту;
5-Қажылыққа бару.

32

Сұрақ: Дәрет қалай алынады?
Жауап:
1- Ниет;
2- Қолды білекке дейін жуу;
3- Ауызды және мұрынды шаю;
4- Бетті жуу;
5- Оң және сол қолды шынтаққа дейін жуу;
6- Басқа, құлаққа және мойынға мәсіх тарту;
7- Аяқты тобықпен қоса жуу.
33

Сұрақ: Дәреттің парызы қанша?
Жауап: Дәреттің парызы төртеу, олар:
1-Жүзді жуу;
2-Екі қолды шынтақпен қоса жуу;
3-Бастың төрттен біріне мәсіх тарту;
4-Аяқтарды тобықтармен қоса жуу.

34

Сұрақ: Ғұсыл (бой дәрет) қай жағдайда
алынады?
Жауап:1-Жүніп (Ерлі-зайыптылар жыныстық
қатынаста болса, ұйқыда немесе ояу кезінде
ләззатпен шәуіт шықса).
2-Хайыз (Босану мен науқастанудан тыс
уақыттарда әйел жатырынан келетін қан).
3-Нифас (Босанғаннан кейін әйел жатырынан келетін қан).
35

Сұрақ: Ғұсылы жоқ адамға тыйым салынатын істер.
Жауап:
1-Қағбаны тауап ету;
2-Құранды ұстау, оқу;
3-Мешітке кіру.

36

Сұрақ: Ғұсылдың парыздары қанша?
Жауап: Ғұсылдың парызы үшеу, олар:
1-Ауызға су алып шайқау;
2-Мұрынға су жіберіп шаю;
3-Бүкіл денені толық жуу.
Сұрақ: Тәйәммүм қай жағдайда алынады?
Жауап: Дәрет немесе ғұсыл алу үшін су табылмаса немесе су бола тұрып пайдалану
мүмкіндігі болмаған жағдайда.
37

Сұрақ: Тәйәммүм қалай алынады?
Жауап: Топыраққа немесе құм, тас секілді
таза нәрселерге мәсіх ету арқылы.
Сұрақ: Тәйәммүмнің парызы қанша?
Жауап: Тәйәммүмнің парызы екеу, олар:
1-Ниет ету;
2-Екі қолды топыраққа соғып бетті сипау,
сосын екі қолды қайта топыраққа соғып екі
қолға мәсіх тарту.
38

Сұрақ: Мұсылманның іс-әрекеті қанша түрлі
үкімге бөлінеді?
Жауап: Сегіз түрлі үкімге бөлінеді:
1. Парыз: Алла тағаланың бұйырғандары.
Парызды орындамау – үлкен күнә, мойындамау
– күпірлік. (Мысалы: бес уақыт намаз сияқты);
2. Уәжіп: Парызға жақын міндет (үтір
намазы, айт намазы сияқты);
39

3. Сүннет: Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) істеп
және бізге істеу керектігін айтқан амалдары
(сақал қою, мисуак сияқты);
4. Мустахаб: Істесе сауап, істемесе күнә жоқ
амалдар (қосымша нәпіл намаздар сияқты);
5. Мубах: Істеуге де, істемеуге де болатын
ерікті нәрселер (ішіп-жеу, киіну);
6. Харам: Алланың қатаң тыйым салған
нәрселері (Арақ ішу, құмар ойнау, өсім жеу,
зина жасау);
40

7. Мәкруһ: Жағымсыз, ұнамсыз, жаман ісәрекет (Дәрет пен ғұсыл алғанда суды ысырап
ету, т.б.);
8. Муфсид: Бастаған ғибадатты бұзу (намазда күлу сияқты).

41

Сұрақ: Шариғаттағы дәлелдер қайсы?
Жауап: Құран, сүннет, ижмағ, қияс.
Сұрақ: Азан дегеніміз не?
Жауап: Парыз намаздардың уақыттарын
білдіру үшін айтылатын арнайы сөздер.
Сұрақ: Исламның алғашқы азаншысы кім?
Жауап: Біләл әл-Хабаши.
42

Сұрақ: Күніне неше уақыт намаз оқу парыз
етілген?
Жауап: Күніне бес уақыт, олар:
1-Таң;
2-Бесін;
3-Екінті;
4-Ақшам;
5-Құптан, Үтір уәжіп.
43

Сұрақ: Намаздың парызы қанша?
Жауап: Намаздың парыздары – он екі.
Бұлардың алтауы – сыртында, алтауы – ішінде.
Намаз сыртындағы парыздары:
1-Хадасаттан тазалық: Дәреті болмаса дәрет,
бой дәреті болмаса бой дәрет алу;
2-Нәжістен тазалық: Дене, киім және намаз
оқитын жердің таза болуы;
44

3-Әурет жерін жабу: Өзгенің қарауы
харам, жабылуы парыз болған ұятты мүшелер.
Ердің әурет жерлері, кіндік пен тізенің арасы, әйелдің әуреті жүзі, қолы, аяғынан басқа
барлық денесі.
4-Құбылаға бет бұру;
5-Намаз уақытының кіруі;
6-Ниет ету.
45

Намаз ішіндегі парыздары:
1-Ифтитах тәкбірі (Намазды «Аллаһу Әкбар»
деп құлақ қағып бастау);
2-Қиям (Тіке тұру);
3-Қырағат (Құран оқу);
4-Рүкүғ (қолдарды тізеге қойып төмен қарай
иілу);
5-Сәжде: Маңдай мен мұрын, екі аяқ, екі қол,
екі тізе (жеті сүйекті) жерге тигізу;
46

6-Ақырғы отырыс: «әт-Тахият» дұғасын
оқитындай уақыт отыру.
Сұрақ: Намазды не бұзады?
Жауап:1-Намазда сөйлеу, дауыстап күлу;
2-Намазда ішіп-жеу;
3-Қатарынан бірнеше әрекет жасау;
4-Құбыладан бұрылу;
5-Намазда әурет жерінің ашылуы;
6-Намазда дәреттің бұзылуы;
47

7-Намазда талып қалу;
8-Ниеттің ауысуы;
9-Намаздың бір парызын тастау;
10-Әйел адаммен бір сапта намаз оқу;
11-Тәйәммүммен оқыған адамның суды
көруі;
12-Намаз бітпей сәлем беру;
13-Парыз, уәжіп намаздарының уақытының
шығуы;
48

14-Мәсіге тартылған мәсіх уақытының
аяқталуы.
Сұрақ: Қандай нәпіл намаздарды білесің?
Жауап: 1-Тәһәжжүд - Құптан мен таң
намазының арасындағы 2 немесе 8 рәкаттық
намаз);
2-Дұха (Сәске) - Күн найза бойы көтерілгенінен
күн тас төбеге жетуіне жарты сағат қалғанға
дейін оқылатын 2, 4 немесе 8 рәкаттық намаз);
49

3-Әууабин - Ақшам намазынан кейінгі
2 немесе 4 рәкаттық намаз;
4-Тахиятул Мәсжид (Сәлем намазы) - Мешітке сәлем беру мақсатында ғана оқылатын 2
рәкаттық намаз);
5-Қажет намазы - әлдебір қажеттілікке байланысты оқылатын 2 немесе 4 рәкаттық намаз;
6-Истихара - бірнеше нәрсенің қайырлысын
білу үшін оқылатын 2 рәкаттық намаз;
50

7-Тәсбих - кез келген уақытта оқылатын 4
рәкаттық намаз;
8-Кусуф - күн тұтылғанда оқылатын 2
рәкаттық намаз;
9-Хусуф - ай тұтылғанда оқылатын 2 немесе
4 рәкаттық намаз.

51

Сұрақ: Жұма намазының үкімі?
Жауап: Ер адамдарға парыз.
Сұрақ: Оразаның парызы қанша?
Жауап: Оразаның парызы үшеу
1-Ниет ету;
2-Ниеттің алғашқы және соңғы уақытын
білу;
3-Оразаны бұзатын нәрселерден алыс болу.
52

Сұрақ: Нәпіл оразалар қайсы?
Жауап: Күнара тұту;
Әр айда үш күн ұстау;
Әр аптаның дүйсенбі, бейсенбі күндері ораза
ұстау;
Шәууәл айында алты күні ұстау;
Арафа күні ұстау;
Мухаррам айының 9, 10 (ашура) және 11-ші
күндері ауыз бекіту;
53

Харам айларының (Зилқағда, Зилхижжа,
Мухаррам және Рәжап) бейсенбі, жұма, сенбі
күндері ұстау;
Шағбан айында ұстау.

54

Сұрақ: Зекет дегеніміз не?
Жауап: Нисап көлеміне жететін дәулеті
бар мұсылманның Алла разылығы үшін
байлығының белгілі бір бөлігін шариғатқа сай
жылына бір мәрте Құранда көрсетілген белгілі
бір адамдарға беру.

55

Сұрақ: Зекет кімдерге беріледі?
Жауап: 1- Пақырларға (Нисап мөлшеріне
жететін байлығы жоқ адамдар);
2- Міскіндерге (Ешнәрсесі жоқ адам);
3-Зекет жинауға тағайындалған арнайы
адамдарға;
4-Муәллафатул-қулууб
(Ислам
дінін
жаңадан қабылдаған иманы әлсіз адамдар);
5- Құлдарға (Қожайынынан азат болу үшін
белгілі ақшаға келіскен құлдар);
56

6- Қарызға батқандарға (Қарызынан тыс
нисап мөлшеріндегі малы жоқ немесе басқа
біреуде қарызы болып, бірақ қайтарып ала
алмағандар);
7- Алла жолындағыларға (Алла ризалығы
үшін ілім іздеушілер);
8- Қаржылары бітіп жолда қалғандарға.

57

Сұрақ: Қажылықтың парызы қанша?
Жауап: Қажылықтың парызы үшеу.
1-Ихрамға кірерде ниет ету;
2-Арафатта тұру;
3-Қағбаны тауап ету.
Сұрақ: Алла Тағаланың қандай сипаттары
бар?
Жауап: Алла Тағаланың алты зати және сегіз
субути сипаты бар. Олар:
58

Зати сипаттары:
1-Ужуд – Бар болу;
2-Қидам – Әуелден бар;
3-Бәқа – Мәңгілік;
4-Уахданият – Алланың бір екендігі;
5-Мухалафатун лилхауадис – Жаратылғандарға ұқсамау;
6-Қиям би нәфсиһи – Мұқтаж емес, өздігінен
бар болу.
59

Субути сипаттары:
1-Хаят – Тірі болу;
2-Илим – Білу;
3-Самиғ – Есту;
4-Басар – Көру;
5-Ирадә – Қалауы болу;
6-Құдырет – Күші жету;
7-Кәләм – Сөйлеу құдыреті болу;
8-Тәкуин – Жоқтан бар етуі.
60

Сұрақ: Жауапкершілігі жағынан ең үлкен періштелер нешеу?
Жауап: Төрт үлкен періште бар
1-Жәбірейіл – Алла тағаланың бұйрықтары
мен уахиларын пайғамбарларға жеткізуші періште;
2-Әзірейіл – Жан алатын періште;
3-Микайл – Табиғатқа қарайтын періште;
4-Исрафил – Қиямет күні ұлы сырнай сүрді
үрлейтін періште.
61

Сұрақ: Мүнкәр мен Нәкир қандай періште?
Жауап:
Қабірде
сұраққа
тартатын
періштелер.
Сұрақ: Қасиетті саналатын кітаптар қанша?
Кімдерге жіберілген?
Жауап:
1-Тәурат, Мұса пайғамбарға;
2-Забур, Дәуіт пайғамбарға;
3-Інжіл, Иса пайғамбарға;
4-Құран, Мұхаммед (с.ғ.с) пайғамбарға.
62

Сұрақ: Қай пайғамбарларға Алла Тағаладан
парақ түскен? Олардың жалпы саны қанша?
Жауап:
1-Адам пайғамбарға 10 парақ;
2-Шит пайғамбарға 50 парақ;
3-Идрис пайғамбарға 30 парақ;
4-Ибраһим пайғамбарға 10 парақ;
Барлығы 100 парақ.
63

Сұрақ: Пайғамбарлардың қанша сипаты
бар?
Жауап: Пайғамбарлардың бес сипаты бар
олар:
1-Турашыл (сыддық) болуы;
2-Сенімді (аманат) болуы;
3-Дінді өз дәрежесінде халыққа тәблиғ ету;
4-Үлкен парасат иесі болуы;
5-Күнәдан пәк болуы.
64

Сұрақ: Мұхаммед пайғамбарымыздың (с.ғ.с.)
өзге пайғамбарлардан ерекшеліктері қандай?
Жауап:
1-Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) Алланың ең сүйікті
құлы;
2-Ең соңғы пайғамбар;
3-Бүкіл адамзат пен жындардың да
пайғамбары;
4-Оның пайғамбарлығы қиямет қайымға
дейін;
65

5-Ол әкелген дін де қиямет қайымға дейін.
Сұрақ: Салауат дегеніміз не?
Жауап: Алла Елшісіне (с.ғ.с.) айтылатын ерекше дұға.
Сұрақ: Миғраж дегеніміз не?
Жауап: Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) Ұлы
Жаратушыға көтерілуі.
66

Сұрақ: Құранда қанша пайғамбардың есімі
аталған?
Жауап: Құранда 25 пайғамбардың есімі бар.
Олар мыналар:
1. Адам (а.с.), 2. Идрис (а.с.), 3. Нух (а.с.), 4.
Худ (а.с.), 5. Салих (а.с.), 6. Ибраһим (а.с.), 7.
Лут (а.с.), 8. Исмайл (а.с.), 9. Исхақ (а.с.), 10.
Иақуб (а.с.), 11. Юсуф (а.с.), 12. Әййуб (а.с.),
13. Шуғайб (а.с.), 14. Муса (а.с.), 15. Дауд (а.с.)
16. Харун (а.с.), 17.Сулейман (а.с.), 18. Иляс
67

(а.с.), 19. Илясағ (а.с.), 20. Зулкифл (а.с.), 21.
Иунус (а.с.), 22. Зәкария (а.с.), 23. Яхия (а.с.),
24. Иса (а.с.), 25. Мұхаммед (с.ғ.с.).

68

Сұрақ: Хижри мұсылманша ай аттарын
атаңыз?
Жауап: 1. Мухаррам, 2. Сафар, 3. Рабиул
әууәл, 4. Рабиул ахир, 5. Жумадил әууәл, 6.
Жумадил ахир, 7. Рәжаб, 8. Шағбан, 9. Рамазан, 10. Шәууәл, 11. Зулкағда, 12. Зулхижжа.

69

Сұрақ: Ең үлкен күнәлар қайсы?
Жауап: 1- Аллаға серік қосу;
2- Алладан басқаның атын айтып ант ету;
3- Діннен бас тарту;
4- Жаттаған әрі оқыған Құранды ұмыту;
5- Дүние қызығына берілу, ақыретті ұмыту,
міндеттерін ұмыту;
6- Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) атынан жалған
сөйлеу;
7- Сахабаларға тіл тигізу;
70

8-Дініміздегі қасиетті нәрселерді балағаттау;
9- Арақ ішу;
10- Зина жасау;
11- Доңыз етін жеу.

71

Сұрақ: Мүмин деп кімді айтамыз?
Жауап: Аллаға, Оның Елшісіне және Ислам
дінінің әкелген барлық діни үкімдеріне жантәнімен иланған, иман еткен кісі.
Сұрақ: Кәпір деп кімді айтамыз?
Жауап: Аллаға және пайғамбарларына сенбеген, діннің әмір мен тыйымдарына қарсы келген, жаратылыс ақиқатын мойындамаған кісі.
72

Сұрақ: Мұнафық (екі жүзді) деп кімді
айтамыз?
Жауап: Имансыз бола тұра, өтірік мұсылман
болып көрінген кісі.
Сұрақ: Муһажир деген кім?
Жауап: Пайғамбарымызбен (с.ғ.с.) бірге
Меккеден Мәдинаға көшкендер.
73

Сұрақ: Ансар деп кімді айтамыз?
Жауап: Муһажирлерге көп жәрдем еткен
мәдиналық мұсылмандар.
Сұрақ: Сахаба деген кім?
Жауап: Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) көзін
көріп, иман келтіргендер.
74

Сұрақ: Табиғин деген кім?
Жауап: Сахабаларды көрген мұсылмандар.
Сұрақ: Тірі күнінде жәннатпен сүйіншіленген
он сахабаны (Ашара мубашшара) ата?
Жауап:
1.Әбу Бәкір (р.а.);
2.Омар (р.а.);
3.Осман (р.а.);
4.Әли (р.а.);
75

5.Абдрахман ибн Ауф (р.а.);
6.Әбу Убайда ибн Жаррах (р.а.);
7.Талха ибн Убайдулла (р.а.);
8.Зүбәйр ибн Әууам (р.а.);
9.Сағд ибн Әбу Уаққас (р.а.);
10.Саид ибн Зәйд (р.а.).

76

Сұрақ: Марқұмдарға Құран қалай бағышталады?
Жауап: Құран бағыштаудың ел арасында қалыптасқан ең қарапайым үлгісі бойынша, алдымен «Фатиха» сүресі, содан соң 3
рет «Ықылас» сүресі оқылып, дұға жасалады.
Сондай-ақ, басқа сүрелерді оқуға да болады.
77

«Фатиха» сүресінің оқылуы
Ә’уузу билләәһи мин әш-шәйтаа-нир-ражиим
Бисмилләәһир-рахмәәнир-рахиим
«Әлхамду лилләәһи раббил-’аләмиин, әррахмәәнир-рахиим, мәәлики иәумид-диин,
ийәкә на’буду уа ийәәкә нәстә’иин, иһдинәссираатал-мустақиим,
сираатал-ләзиинә
ән’амтә ’аләйһим, ғайрил-мағдууби ’аләйһим
уәләддаааал-лиин». Әмин!
78

«Ықылас» сүресінің оқылуы
Бисмилләәһир-рахмәәнир-рахиим
«Қул һууаллааһу ахад, Аллааһус-самад,
ләм иәлид уә ләм иууләд, уә ләм иәкул-ләһуу
куфууән ахад».
Садақаллааһул ‘азиим.
Субхаанә раббикә раббил ‘иззәти ‘аммә
йәсиифуун Уәсәләәмун ‘аләл мурсәлиин
Уәлхамдулилләәһи раббил ‘ааләмиин
79

«Иләһи әмин» деп қол жайып тілек тіленеді.
Тілек тілеудің үлгісі
Уа, Алла, Осы оқыған Құранымыздың сауабын
екі дүниенің сардары пайғамбарымыз Мұхаммед
Мұстафа саллаллаһу аләиһи уәссәлләмнің рухына, оның отбасына, әулетіне, саңлақ сахабалардың
рухына, барша әулие-әнбиелердің рухына, ел
үшін, дін үшін аянбай тер төгіп өткен асыл
азаматтарымыздың рухына және өмірден елеусіз,
ескерусіз өткен барша мұсылмандардың рухына,
80

сондай-ақ ............ (ұлы немесе қызы) .................
дың рухына бағыштадым!
Уа, Алла, ол кісілердің жатқан жерін жарық,
жанын жәннатта, тәнін рахатта, топырағын торқа
етіп, Өзіңнің рахметіңді, пайғамбарымыздың
(с.ғ.с.) шапағатын тигізе гөр! Уа, Алла, біздің де
алдымызды пейіш, артымызды кеніш етіп, соңғы
сөзіміз «Ләә иләәһә иллаллаһ, Мухаммәдәр
расуулуллаһ» болуын нәсіп еткейсің! Әмин! деп
бетті сипап тәмәмдайсыз.
81

Сұрақ: Дастархан батасын білесіз бе?
Жауап: Дастархан батасы көп. Соның бірі
төмендегідей.
Сыртыңнан дұшпан жүрмесін,
Көңіліңе үрей кірмесін.
Көре алмаған күншілдер,
Күшіктей шулап үрмесін.

82

Сыйлы етіп Алла басыңды,
Ғұмырлы етсін жасыңды.
Алла қолдап өр-шыңға,
Домалатсын тасыңды.
Қадірін білгің анаңның,
Қызығын көргің балаңның.
Күнің мен ісің түспесін,
Қолына топас сараңның.
83

Асқақтап атсын арманың,
Арайлап атсын таңдарың.
Мақсаттарыңа жете бер,
Аман болып мал-жаның.
Әумин!

84

УДК 28
ББК 86.38
И 87

Дайындаған: ҚМДБ-ның Діни уағыз-насихат бөлімі
Жауапты редакторы: Алтынбек ҰТЫСХАНҰЛЫ


И 87 Исламдағы таңдаулы 100 сұрақ. – Ал­ма­ты: 2012. – 85 бет.
ISBN 978-601-80227-6-0

Бұл шағын кітапшада әр мұсылман білуі тиіс сұрақ-жауаптар
жинақталған.
ISBN 978-601-80227-6-0

УДК 28
ББК 86.38
© «Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы» 2012 жыл.
Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!