Республикам-мақтанышым

Тақырып бойынша 23 материал табылды

Республикам-мақтанышым

Материал туралы қысқаша түсінік
Республикам - мақтанышым.Тәрбие сағатына құқық және қауіпсіздік сабағыда кіріктірілді.
Материалдың қысқаша нұсқасы


Апта дәйек сөзі

«Отанды сүю – отбасынан басталады


Педагогтің Т.А.Ә. (болған жағдайда)

Хайрат А

Күні: 22.10.24 ж


Сынып:

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар саны:

Тәрбие тақырыбы

«Ұлттық мереке 25 қазан – «Республика күні»

«Республика мақтанышым!»

Құндылық

«Тәуелсіздік және Отаншылдық»

Қауіпсіздік сабағы 10 мин

«Табиғат аясындағы демалысқа қалай дайындалу керек?»


Сабақтың барысы:


Сабақтың кезені/ уақыт

Педагогтың әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы

Ұйымдастыру кезеңі

Өлең оқу

Көп аузынан түспейтін,

Отан деген немене,

Оның тұлға түс кейпін,

Достым білгің келе ме?.

Отан сенің ата-анаң,




Сабақтың ортасы

Жаңа сабақ: «Республика мақтанышым!»

Мұғалімнің кіріспе сөзі:

Отан – әр адамның жүрегіне жылы тиер қасиетті сөз.Отан –сенің туған елің, туған жерің, дос –жарандарың, туған туысқаның. Отан- бұл өзіңнің тұратын, өмір сүретін, қызмет ететін жерің. Отан адам үшін біреу ғана. Отанды анаға теңейді. Себебі, Отан сендерді анаңдай қорғайды, көмектеседі, күш береді.Біз Отанымызды, елімізді сүйеміз. Біз, Қазақстанның патриотымыз!

Көп аузынан түспейтін,

Отан деген немене?

Оның тұлға түс кейпін,

Достым білгің келе ме?

Отан дейміз от жаққан жерімізді,

Отан дейміз өсірген елімізді.

Отан дейміз туған жер, атамекен –

Биік тау, орман, тоғай көлімізді.

Сан ғасырлар бойы ата-бабаларымыз жерін жаудан қорғап, бүгінгі ұрпақ, бізге жеткізді


Қазақстан Республикамызда 120-дан аса ұлт өкілдері тұратын осынау қасиетті мекенде, асқақтаған өлкеде, кеңшілігі керемет дархан дастархандай далада, егіні теңіздей толқыған, төрт түлігі өрбіген, өндірісі өркендеген мекенде өмір сүруші әрбір адам өз Отанын жанындай сүйіп, оның көк байрағын көкке көтеруді мақтаныш тұтады. Ия Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаев Республика күні елдің мемлекет құру жолындағы тарихи қадамының символы болуы керек екенін атап айтты.

Бақыт бірлік күн талабы,

Тоқтамайды дүбір әні.

Мәңгі бақи шырқалады,

Республика Гимні!


ҚР. Гимні орындалады.


- Өз елін сүйетін адамды кім дейміз?

2.Тақырыпты ашу «Мен патриотпын»

«Синквейн»әдісі

Кім?Патриот

Қандай?Аса өнегелі, жауапты

Не істейді?Еңбектенеді, жасайды, күреседі, Өз Отанын сүйеді,

Синоним Азамат

Суреттер көрмесі(суреттер арқылы тақырыпты ашу)

Патриот деген кім, патриоттық сезімді қалай түсінесің?

Патриот Отанын, елін,халқын, жері мен суын шынайы сүйетін, халық мүддесі үшін бар күш-жігерін, қабілетін аямайтын адам. Балалар, сендер сүйікті Отанымыздың қасиетті белгілерін біледі екенсіңдер. Онда Отан дегеніміз не?
Балалар: - Отан дегеніміз біздің әке - шешеміз, туған туыстарымыз, ауыл қалаларымыз, өзіміз туып - өскен жеріміз.

Отан – сенің ата - анаң,
Отан – досың, бауырың
Отан - өлкең, астанаң
Отан – аудан, ауылың.

Отан – атам, Отан - әкем
Осы сөзім қате ме екен?
Қате болса неге біздер
Дейміз оны атамекен.


- Балалар, халқымыздың батыр ұлы Бауыржан Момышұлы айтқан екен: «Отан үшін отқа түс, күймейсің»,- деп. Басқа да батыр ағаларымыз, апаларымыз «Отан» деп жырлаған, қорғаған, қастерлеген және Отан үшін өмірлерін қиған екен.
Біз де осы ата - апаларымыз сияқты Отанымызды қорғауымыз керек. Отан үшін еңбек ету керек. Сендердің еңбектерің сендердің жақсы оқығандарың, тәртіпті бала болғандарың.
- Ал, балалар, біз Отан туралы мақалдар білеміз бе?

Отан елдің анасы,
Ел ердің анасы.

Отан қадіріне жетпеген

өз қадіріне жетпейді.

Отан от басынан басталады.

Отан оттан да ыстық,
жалыны бар шоқтан да ыстық.

Отансыз адам — ормансыз бұлбұл.

Отансыздың оты жанбайды.

Отан үшін еңбек етсең
халқыңның сүйген ұлы боласың.

Отан үшін күрес — елге тиген үлес.

- Күлімде күн, күлімде!

Күлсін барлық бала шат.

Берекелі бүгіндей,

Бейбіт болсын болашақ!- _____________ орындауында жеке ән "Мен бақытты баламын" әнін қабыл алыңыздар.


Ән: "Мен бақытты баламын"

1.Республикам киелім,
Соғып тұрар жүрегім.
Республикам жасай бер,
Мықты болып тірегің.


2.Республикам өзіңсің,
Сыйлар бізге гүл бағын.
Бір өзіңе арналар,
Таусылмайды жырларым.


3.Республикам әнімсің,
Жүрегімде тербелер.
Ел жоқ шығар өзіңе,
Республикам тең келер.

Тақпақтар айтады. Мақал мәтелдер айтады



Ақпараттық мәтін










Үлестірмелі қағаздар










Суреттер




Тірек-сызбалар






Кесте



ҚБ парағы

10 мин

8 САБАҚ. «ТАБИҒАТ АЯСЫНДАҒЫ ДЕМАЛЫСҚА ҚАЛАЙ ДАЙЫНДАЛУ КЕРЕК?»

Табиғат аясындағы демалыс кезінде тәртіп ережелерін талқылау, демалыс орындарында негізі қауіпсіздік ережелерін сақтауға үйрету. Сабақ барысы

1.Ұйымдастырукезеңі

Сәлемдесу. Жағымды мотивациялық көңіл күй орнату (1-2 мин).

2.Мақсат қою. Тақырыпты анықтау

- Балалар үшін ең тамаша уақыт – бұл каникул, ғажап кезең.

- Ол қандай жағдайлар? (балалар жауабы) - Ендеше, бүгінгі сабақта біз табиғат аясындағы демалысқа дайындық туралы әңгіме жүргіземіз. Өмірімізді сақтау үшін не істеу керектігі туралы білеміз.

3.Білімді өзектендіру. Топтық жұмыс (Карточкаменжұмыс).

- Табиғатқа аттану үшін мұқият дайындалуымыз керек. Ең бірінші түрде киетін киімдерді дайындау. Әр топ демалыс түрі бейнеленген карточка, иллюстрацияны алады да, дәл сол саяхат түріне арналған киімді таңдайды.

Негізгі бөлім

Демалыс кезінде туындайтын қауіп түрлері: Ормандағы өрт. Жәндіктердің шағып алуы, соның ішінде кенелер. Жануарлардың тістеп, не шағып алуы, соның ішінде жылан шағуы. Ірі сүтқоректі жануарлардың болуы, мысалы, аю, бұлан. Жабайы жануарлардың болуы.

- Егер сіз саяхатқа аттанар болсаңыз, міндетті түрде келесі ережелерді біліп алыңыз: Саяхат кезінде нұсқаушының айтқанын тыңда. Онымен қасарысып, сөз таластырма.

Топтың алдына шығып ұзап кетпе, артында да қалып қойма. Саяхат өзіне ие бола алмайтындарды, еркелікті көтермейді. Егер сен бір нәрсеге ренжіп қалсаң, қашып кетуші болма, негізгі топтан қалып қойма.

Табиғатқа ұқыптылықпен қара, бостан-босқа сіріңке жақпа, қоқыс пен бөгде заттарды лақтырып кетпе. Таныс емес жидектерді саңырауқұлақты, өсімдіктерді жеуші болма.

Қорытынды. Рефлексия - Пікірдің мағнасын түсіндір: «Әр адам – табиғаттың бір бөлшегі».

Табиғат аясындағы демалыс кезінде тәртіп ережелерін талқылайды, демалыс орындарында негізі қауіпсіздік ережелерін сақтауға үйретеді


Пайдалы сілтеме

https://youtu.be/sKT-1ot7paY?si=_ssBtHSfgosm-VZN

https://youtu.be/fqSa28dI6KM?si=8dmlBrieThknfOah


Сабақтың соңы

Қазақстан Республикасының күніне арналған, тәуелсіздігімізді, ұлттық бірлігімізді атап өтетін ерекше сәт. Біздің әрқайсымыз тәуелсіз еліміздің патриоты болуға, оның дамуына үлес қосуға, Қазақстанымызды әлемнің жарқын мемлекеті етуге міндеттіміз.







А4, конспект





































Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
07.00.2025
136
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Жариялаған:
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі