Республикам Мақтанышым!

Тақырып бойынша 31 материал табылды

Республикам Мақтанышым!

Материал туралы қысқаша түсінік
Республика күніне орай 8 сынып оқушыларымен сайыс сабақ өткізілді. Әнұран орындалып, сайыстар ұйымдастырылды. Жасыл жайлау әнімен қорытыланды.
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Амангелді атындағы жалпы білім беретін мектебі»

















ТӘРБИЕ САҒАТЫ


Тақырыбы: «Республикам Мақтанышым!»

Сынып: 8

Мұғалімі: Әзімханова Гүлзат Әшімханқызы



















2025-2026 оқу жылы


Күні: 20.10.25

Сыныбы: 8

Тәрбие сағатының тақырыбы: «Республикам Мақтанышым!»

Сабақтың мақсаты: Тәуелсіздік және отаншылдық: Оқушыларға Қазақстанның тәуелсіздігі – ел дамуының негізгі құндылығы екенін түсіндіру.
    Қазақстан елінің жері, рәміздері тіл саясаты, тәуелсіздік жолындағы белестерге тоқталып, оқушылардың туған елге деген сүйіспеншілігін арттыру.
Сабақ барысы:

оқушылар бүгінгі «Республикам Мақтанышым!» атты интеллектуалдық ойынымызды тәрбие сағатымызды бастаймыз.

І. Ұйымдастыру кезеңі (5 мин)

  • Мұғалім: «Бүгінгі тәрбие сағатымыз Қазақстан Республикасының басты мерекелерінің бірі — Республика күніне арналады.»

  • Оқушылар орнымыздан тұрып, Әнұранды орындаймыз.

Сайыс 2 топ арасында өтеді. Әр топқа атау беріледі:

  • 1-топ: Тәуелсіздік

  • 2-топ: Болашақ


Қазақстан дейтін менің бар елім,
Жатыр алып жарты дүние әлемін,
Бұл даланы анам жаспен суғарған
Бұл далада атам қолға ту алған,
Бұл далада жылап жатып, уанған
Бұл далада өскен жанда жоқ арман.
дей отырып, ойынымыздың шартымен таныстырып өтейін.

1.    Күн шуағы.
2.    Мемлекеттік рәміздер.
3.    Сөз құрастыру
4.    Мақал – мәтелдер жарысы.

ҚАЗАҚСТАН бейнеролик

І Бөлім «Күн шуағы»
     
Ойыншыларға тарихи күндер мен тарихи жылдар күн сәулесіне жауап береді.

Дұрыс жауап 1 ұпай.
1.    Қазақстан Республикасының Заңы қашан қабылданды?
(30 тамыз 1995 жыл)
2.    Қазақстан тәуелсіздігін қашан алды?
(1991 жыл)
3.    Қазақстанның астанасы Алматыдан Астанаға қай жылы көшірілді?
(1997 жылы)
4.    Қай жылы Ақмола атауы Астана деп өзгертілді? ( 1998 жыл)
5.    Төл теңгеміз айналымға енгізілген уақыт?
(15 қараша 1993 жыл)

6. Қазақстанның мемлекеттік егемендігі туралы Декларация қашан қабылданд? (1990 жылы 25 қазанда)

Ән «Менің отаным Қазақстан» орындайтын Ергеш Нұрсая мен Талғатқызы Айару

ІІ Бөлім.
Мемлекеттік рәміздер.

Дұрыс жауап 2 ұпай.
1.    Тыныштық пен байлықтың белгісі.
(күн)
2.    
Айбындылық, еркіндік, дархандық, қырандылықтың белгісі. (қыран, бүркіт)
3.    Мәңгілік өмір, шексіз даму және Қазақстан секілді бір шаңырақ астында өмір сүріп жатқан халықтардың рухани байлығының белгісі.
(Қанатты пырақ)
4.    Әлемнің біртұтас, мемлекет бастауы – отбасы ошағының белгісі.
(Шаңырақ)
5.    Қазақ халқының ұлттық мәдиниетінің белгісі.
(Ою – өрнек)

ІІІ Бөлім Сөз құрау.
«Қазақстан» сөзінің әріптерін қолдану арқылы бірнеше сөз жазу.(Әр сөз 1 ұпай)
Қаз, қазақ, тас, ана, наз, қас, қат, қан, ақ, сақ, саз, тақ, қант, ант.
Оқушылар жазу кезінде, әдеби монтаж.
1.    Қазақстан туған жерім – киелі.
Қасиеттіңді қастерлеп басымды да иемін.
Табиғатым тұнып тұрған қазына,
Соның бәрін аялаймын, сүйемін.
2.    Ата – бабам жанын қиып қорғаған,
Тәңірі қолдап, бақ – береке орнаған.
Қазақстан – азат елсін сен бүгін,
Ақ тілегін болашаққа арнаған.
3.    Қазақстан – көк байрақты нұр едің.,
Сен дегенде лүпілдейді жүрегім.
Өзің менің қуанышым, бақытым,
Өзің менің мақтанышым тірегім.
4.    Менің оның қасиетті тілін сүйем,
Мен оның құдіретті үнін сүйем.
Отан, Отан бәрінен биік екен,
Мен оны мәңгілікке сүйіп өтем.
5.    Бойымда қайрат, тұрғанда сенім,
Құрбаның болам, жолыңда сенің,
Құлпырып мәңгі жасай бер жаса,
Сүйікті отан, сүйікті елім.

Би Қыздар тобы «Шабыт биі» қарсы алыңыздар
ІV Мақал – мәтелдер сайысы.
«Жалғасын тап» 1 ұпай.
1.    Отансыз адам – ......?
(Ормансыз бұлбұл)
2.    Туған жерге .....? (туынды тік)
3.    Туған жер тұғырың. ...?
(Туған ел қыдырың.)
4.    Опасызда ....?
(Отан жоқ)
5.    Туған жердің қадірін?
(Шетте жүрсең білесің)
6.    Отан .....
(Оттан да ыстық)
7.    Ер жігіт ел үшін туады,
(Ел үшін өледі)
8.    Батыр туса – ел ырысы
(Жаңбыр жауса – жер ырысы)

Тақырыбы: "Қауіпсіз ашық ойын алаңының ережелері"

Мақсаты:

  • Оқушыларды ашық ойын алаңындағы қауіпсіздік ережелерімен таныстыру.

  • Түсіндіру:

    • Ашық ойын алаңы дегеніміз не?

    • Онда қандай қауіптер болуы мүмкін?

ҚАУІПСІЗ АШЫҚ ОЙЫН АЛАҢЫНЫҢ ЕРЕЖЕЛЕРІ

  1. Ойын алдында тексер
    – Алаң таза ма, құралдар бүтін бе – соған көз жеткіз.
    – Сынық, тайғақ немесе тот басқан жер болса, ересекке айт.

  2. Құралдарды дұрыс пайдалану
    – Таңдалған әткеншекке, сырғанаққа, арқанға кезекпен мін.
    – Бір-біріңді итерме, итеріп сырғытпа.

  3. Киім мен аяқ киім ыңғайлы болсын
    – Бауы шешілмеген, таймайтын аяқ киім ки.
    – Үлкен әшекейлер, ұзын шарф немесе мойынға ілетін нәрсе тақпа.

  4. Басқаларға құрметпен қара
    – Кішкентайларға жол бер, достарыңды итерме, ұрыспа.
    – Біреу құлап қалса, көмектес немесе ересекке айт.

  5. Ересектердің қасында ойна
    – Ата-анаң немесе сенімді үлкен адам алыстан бақылап тұрсын.
    – Рұқсатсыз ойын алаңынан кетпе.

  6. Күн мен ауа райына назар аудар
    – Қатты ыстықта немесе жаңбырда ойнама.
    – Су болған сырғанаққа шықпа – тайғақ болады.

  7. Тәртіп пен тазалықты сақта
    – Қоқыс тастама, бөтелке, тасты алаңда қалдырма.
    – Құралды сындырып немесе бүлдіріп кетпе.

Бұл ережелерді сақтау – өз қауіпсіздігің мен достарыңның амандығын қорғау деген сөз ?


V Қорытынды.
     Балалар бүгін біз сендермен
Туған еліміз Қазақстан туралы көптеген мәліметтер алдық. Републикамыз қандай ел екен. Туған жер, ел туралы көптеген мақал – мәтелдерді еске түсіре білдік.

Қорытынды сұрақтар

  1. «Егемендік» деген сөз нені білдіреді?

  2. Республика сөзінің түбірі мен мағынасы қандай?

  3. Республика күні туралы өз ойыңды қалай жеткізер едің?

  4. Республика күні алғаш рет қашан атап өтілді?


Хор «Атамекен»

  • Әр топтың ұпайы есептеледі.

  • Жеңімпаз топ марапатталады.

  • Мұғалім қорытынды сөз айтады:

«Республика – біздің тәуелсіздігіміздің бастауы. Егемен еліміздің әр азаматы оны құрметтеп, қорғауға тиіс!»




















Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
13.11.2025
87
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі