Республикам мақтанышым

Тақырып бойынша 31 материал табылды

Республикам мақтанышым

Материал туралы қысқаша түсінік
Республикам мақтанышым
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тақырыбы: «Республикам-мақтанышым»

Мақсаты:Балаларды Отанды сүйуге,Қазақстан Республикасының рәміздерін қастерлеуге,туған жерге деген сүйіспеншілігін арттыруға тәрбиелеу.Бүлдіршіндердің тілдік қорын дамыту.

Көрнекілік: ҚР-рәміздерінің суреті.Елбасымыз Қасым Жомарт Тоқаев Кемелұлының суреті.

Әдіс-тәсілдер: Түсіндіру,көрсету,сұрақ –жауап

Жүргізуші: Сәлеметсіздер ме? Құрметті ұстаздар және бүлдіршіндер. Бүгін біз дүниені дүр сілкіндірген тәуелсіздік туын алғаш көтерген әйгілі 1986 жылдың желтоқсанына арналған «Республикам-мақтанышым» атты мерекелік ертеңгілігімізді бастаймыз.

Тәрбиеші: Қанекей балалар ертеңгілігімізді гимнмен бастап алайық.

Әнұран:

Жүргізуші : Жарайсыңдар балалар .Ендеше балалар назарымызды кішкене экранға аударамыз.

Бейнеролик: «Тәуелсіздікке бастар жол» атты қысқа бейнеролик тамашалаңыздар.

Тәрбиеші: Мінеки балалар ата-бабаларымызосылайша тәуелсіздікке жеткен екен. Балалар бүгінгі ертеңгілігімізді 16-Желтоқсан Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік мерекесіне арналған «Республикам-мақтанышым» -деп, Өз еліміздің жетістіктеріне арнаймыз.

Балалар біздің еліміз қалай аталады ?

-Тәуелсіз Қазақстан Республикасы,

-Дұрыс, еліміз,Отанымыз, жеріміз Тәуелсіз Қазақстан Республикасы деп аталады. Біздің еліміз осы күнге дейін еліміз көптеген жетістіктерге жетті.

Күні бүгінге дейін Қазақстан Республикасын бүкіл әлемге танымал..

Жүргізуші: Ал мен жұмбақ жасырайын,шешіп көреміз бе балалар?

Алтын күн аспаны

Алтын дән даласы

Айтатын Әнұран

Қай елдің баласы

(Қазақ елінің баласы)

Еліміздің тірегі

Жеріміздің жүрегі,

Бас қаланың есімін

Қане кім біледі.

(Астана қаласы)

Туымыздан күн қарап

Күлімдейді әлемге

Күнмен бірге қандай құс

Қанат қаққан бар елге

(Қыран құс)

Қос пырағы,қос қанатты

Шаңырағым күн менең

Шолпан жұлдыз маңдайда

Бұл не ? (ҚР-ның Елтаңбасы)

Бұл жұмбақта нені жасырған екен?

-Қазақстан Республикасының рәміздері туралы жасырған.

ҚР-ның рәміздерін атап беріңдерші.

-Ту,Елтаңба,Әнұран.

Сипаттап мағынасын айтып берейыкші.







Ұлмерей

Ту.

Көк түс ашық аспанды білдіреді. Қыран құс еліміздің тыныштығы мен тәуелсіздігінің белгісі, ою-өрнек қазақ халқының өнерінің шеберлігінің белгісі.

Алинұр

Елтаңба. Қанатты тұлпар мәңгілік өмір,шексіз даму, бір шаңырақ астында өмір сүріп жатқанның белгісі. Шаңырақ әлемнің –бір тұтастығын,мемлекеттің бастауы,отбасы ошағын бейнелейді. Жұлдыз-Әр адамның жол сілтеушісі.

Жүргізуші: Тәуелсіздік мерекесіне арналған тақпақтарын тындаңыздар.

Аян.

Тәуелсіз азат елім,

Туып өскен-байтақ жерім.

Мәңгі жайнап тұра бер

Қазақстан елім менің.

Әлібек Әли.

Ұлан байтақ жері бар,

Пайдалы қазба кені бар.

Тәуелсіз ел Қазақстан,

Көркіне көркі жарасқан.

Бағдат.

Тәуелсіздік елдеміз

Қуанамыз күнде біз

Ата бабам қалдырған

Қазақтың біз батырымыз.







Рәзия.

Тәуелсіздік елдеміз,

Мәңгі жасар жеріміз.

Тәуелсіздік жасаған,

Аға әпкелеріміз.

Еркежан.

Он алтыншы желтоқсан

Тәуелсіздік алған күн

Ерекше болып мәңгілік.

Ел жадында қалған күн.

Рахима.

Ата жолын сақтаймыз.

Ана сүтін ақтаймыз

Ешкімге де ешқашан

Туған жерді сатпаймыз.



Би.Қыздар биі «Тәуелсіз қазақтың қызымын»

Ұлназым.

Жақсылықты жақтаймыз,

Жамандыққа баспаймыз

Барлық елмен дос болып,

Туған жерді сақтаймыз.

Раяна.

Байтақ жатқан даласы,

Батыр болған бабасы.

Ақ пейілді ақылды,

Мен қазақтың баласы.

Асылзада.

Атын жаттап өсемін

Аңызымен атаның

Дархан дала,кең дала

Менің туған Отаным!

Аяулым.

Біздің отан- дала,

Даладағы қала.

Ата мекен жерді,

Сақтап қалған баба.

Жүргізуші: Келесі кезекте ұл-қыздарымыздың биін тамашалаңыздар.

Би.Ұлдар мен қыздар биі. «Флешмоб»

Айым.

16-желтоқсан

Тәуелсіздік алған күн.

Мерекеде ел қуанып,

Шаттанып ән салған күн.

Сара.

Жүректе намыс оты лапылдаған,

Күш-жігері жастардың сарқылмаған.

Отан үшін олар шығып алаңға,

Қарсы шығып өзендей тасқындаған.

Сымбат.

Тәуелсіздік-тұғырым,

Бәйтерегім-шырағым.

Ел мерейін өсіріп,

Менде шыңға шығамын

Хор: «Қазақстаным» балалардың орындауында.

Жүргізуші:Ал ендеше балаларымыздың елімізге,Отанымызға арнап мақал-мәтел қабыл алыңыздар.

Отан туралы мақал-мәтел.

Қымбат.

Отансыз -адам ,ормансыз -бұлбұл.

Жәния.

Туған жердей жер болмас,

Туған елдей ел болмас.

Айлин.

Туған жер тұғырың

Туған ел қыдырың.

Арайлым.

Отан үшін отқа түс күймейсің,

Арың үшін алыссаң өлмейсің.

Ерасыл.

Отан от басынан басталады.

Мұхаммедали .

Отан оттан да ыстық.

Жүргізуші: Жарайсыңдар балалар өте тамаша өнерлерің өрге қарай самғай берсін.Ал ендеше бүгінгі ертеңгілігімізді ойынмен тамәмдасақ деп отырмын.Бізге қонаққа келген Апайлармен ойын ойнап жіберейік.

Ойын: Сұрақ-жауап

1. Әнұранның сөзін жазғандар және әнін жазған кім?

2. Астана қаласының бейресми символына айналған ғимарат?

3. Қазақстан Республикасының Ата Заңы қабылданған күн?

4.Жер шарының моделі қандай?

5.Көлікті күтетін жер қай жер?

6.Күрішті аймақ қай қала?

7.Карта жинағы қандай?

Қорытынды.

Талаптарыңа нұр жаусын деп бүгінгі мерекеміз өз мәресіне жетті.Құлақ тұріп тыңдап тамашалағандарыңыз ға үлкен алғыс білдіреміз.Мақсатымыз балаларды Қазақстанның атаулы мерекелерін біліп атап өтуге үйрету.

Байтақ дала жерім менің

Арта берсін даңқың сенің

Көк байрағың желбіресін

Егеменді елім менің

дей отырып, құрметті қонақтар, балалар осымен «Республикам-мақтанышым» атты ертеңгілігіміз аяқталды.

Мереке құтты болсын баршамызға қайта бас қосқанша сау болыңыздар.











«Қызыл телпек» бөбекжай балабақшасы.



Бекітемін.

Балабақша меңгерушісі

Шамуратова Г________







Ересек «Құлыншақ» тобы.

Тақырыбы: «Республикам мақтанышым».



















Тәрбиеші: Толыбай Ә.



2025-2026 оқу жылы

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
18.03.2026
0
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі