400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Республикам мақтанышым

Материал туралы қысқаша түсінік
Республикам мақтанышым
Материалдың қысқаша нұсқасы

Республикам-мақтанышым!.

Күні: 01.12.2026ж.

Тақырыбы: Республикам-мақтанышым.

Мақсаты:

*Балаларға тәуелсіздік туралы түсінік беру.

*Отанын сүюге,құрметтеуге тәрбиелеу.

*Қазақұстан рәміздерін тануға,қадірлеуге үйрету.

*Балалардың өнерін (өлең,ән,би) дамыту.

Көрнекілігі:

Ту,Елтаңба,Президент суреті,шарлар,көк түсті безендіру,Отан туралы әдемі көркем сөздер.

Шаттық шеңбері:

Армысың,туған жерім,

Армысың,жарық елім!

Тәуелсіз күн- шат күнім,

Жарқыраған бақ күнім!

Барлығы:

-Тәуелсіздік күні құтты болсын!

*Тәрбиешінің кіріспе сөзі:

-Құрметті қонақтар жәнеде балғын бөбектер!

Бүргін біз қазақ халқы үшін ең қастерлі,ең ардақты мерекені-

Тәуелсіздік күнін атап өту үшін жиналдық.

Ежелден еркіндікті аңсаған халқымыз 1991 жылы -тарихта тұңғыш рет өз тәуелсіздігін жариялады.

Содан бері Қазақстан-Көк туын желбіреткен,Елтаңбасын биік танытқан,Әнұранын асқақтатқан Азат ел!

Тәуелсіздік-біздің бейбіт аспанымыз,тыныш күніміз,бала күлкісі мен жарқын болашағымыз.

Ал енді ертеңгілігімізді біз еліміздің қасиетті Әнұранымен бастаймыз.

Әнұран :

Көк туымды желбіреткен –Тәуелсіз,

Асқақтатқан биіктерге әуелсіз

Бейбіт күнім-ең үлкен бақ-береке,

Қазақ елінде мәңгі болсын мереке,-деп бүгінгі ертеңгілігімізді сұрақ-жауаппен бастасақ дейміз.

Сұрақ-жауаптар:( «Сиқырлы сандықша» тәсілімен өткізіледі,төмендегі тізім бойынша сұрақтар жазылады )

1.Біз қай елде тұрамыз?

2.Қазақстанның бас қаласы қалай аталады?

3.Біздің туымыздың түсі қандай?

4.Туымызда ненің суреттері бар?

5.Қазақстанның рәміздері қанша?

6.Тәелсіздік деген не?

7.Тәуелсіздік күні қай мезгілде және қай айда?

8.Біз қандай елміз?

9.Қазақстанда қандай ұлттар тұрады?

10.Қазақстанды не үшін құрметтейміз?

(Туған жеріміз,Отанымыз болғаны үшін).



Тақпақтар:

1.Айдана.

Отан-сенің ата-анаң

Отан-досың, бауырың

Отан-өлкең,астанаң

Отан-аудан,ауылың

2.Қ.Заңғар.

Айнымайды аспаннан

Біздің тудың бояуы

Оны халық қашанда

Биікке іліп қояды.

3.Дайана.

Тәуелсіздік таңымен

Жарқырайды сәнімен

Қуанышты күн бүгін

Жүрек толы мәнімен

4.Рамазан.

Тәуелсіз ел атандық биік даңқың

Бар әлемге әйгілі мәлім атың

Ата-баба қанымен келген бізге

Тәуелсіздік құт болып қонды еліме.





5.Айша.

Толтырған гүлге даланы

Жайнатқан ауыл-қаланы

Ардақты Атамекенім

Отаным-Қазақстаным

6.А.Заңғар.

Тәуелсіз елміз бүгінде

Бейбіт өмір сүргенде

Ата-баба арманы

Талмай жеткен бұл күнге

7.Мейірім.

Тәуелсіздік тірегім

Тәуелсіздік тілегім

Ертеңі деп елімнің

Дүрсілдейді жүрегім

8.Санжар.

Елім менің-Қазақстан

Құшағыңда жайнап жан

Балаларға бақыт боп

Ашылады көк аспан





9.Ұлдана.

Таңымыз шуақ төгеді

Еліміз бақыт береді

Тәуелсіз ел- Қазақстан

Балалар оны сүйеді

Ән: (Балалар хормен орындайды)

10.Адия.

Мерекеге шығады

Бүкіл халық біліп қой

Отандастар ұғады

Тәелсіздік ұлы той

11.Ясина.

Ән айтамыз қуанып

Би билейміз шаттанып

Тәуелсіз ел –Қазақстан

Өсіп келем жаңарып

12.Нұрайша.

Туған жерім Қазақстан

Күлімдейді күн аспан

Отанымды сүйемін

Әнмен отыр би дастан





13.Аслан.

Қазақстан-туған жер

Барлық бала мақтанар

Тәуелсіз күн келгенде

Барлық әлем шаттанар

14.Томирис.

Қазақстан-туған ел

Баласына пана ел

Ркспубликам-жерің кең

Бейбіт өмір сыйлаған

15.Омар.

Біз Отанның гүліміз

Туған жердің нұрымыз

Тәуелсіз біздің еліміз

Қазақстан бай жеріміз

16.Аяулым.

Республика-елім менің

Бақыт құсын көрген жерім

Татулықпен қатарланған

Тәуелсіз күн берген жемін

17.Нұрдәулет.

Тәуелсіздік тұғырым

Елдігім мен мұратым

Желтоқсанда жанған От

Болсын мәңгі ұраным

18.Бақытжамал.

Тәуелсіздік туымыз

Тәуелсіздік сырымыз

Арналады тек саған

Ән менен күй жырымыз

Би:«Қазақстан»

Көрініс (4 баладан тұратын шағын көрініс)

Ойын: (Балалар музыка әуенімен баяу шеңбер болып журеді музыка тоқтасымен жерде жатқан жалауды қай бала бірінші болып алса сол бала тәрбиешінің сөзін жалғастыруы керек.Мыс:Біздің Отанымыз-...., Туымыздың түсі-....,

Бүгін қандай мереке,-деген сөздер айтылады)

Би:«Сен Қазақсың»

Ойын ұстаздармен (Қорапшадан қағаз таңдау арқылы ішіндегі мақалдарды жалғастыру)

1.«Атадан жақсы ұл туса-Жердің қадірін біледі»

2.«Жақсының аты өлмейді-ғалымның хаты өлмейді»

3.«Жақсы жігіт ел-жұртының құлы-Жаман жігіт өз құлқының құлы»

4.«Тарихын білмеген ел-тәуелсіздіктің қадірін білмейді»

5.«Жақсының жақсылығын айт-нұры тасысын»

6.«Ел боламын десең-бесігіңді тузе»

7.«Алақаны ашықтың-ырысы мол»

Қорытынды:

Тәрбиеші:

Балалар бүгін біз қандай мерекені атап өттік?

(Тәуелсіздік мерекесін)

Тәуелсіздік бізге не үшін керек екен?

(Еркін ,бейбіт болу үшін өз Әнұранымыз,Туымыз,Елтаңбамыз болуы үшін керек екен)

Өте жақсы жауаптар!

Жарайсыңдар балалар!

Құрметті қонақтар,сүйкімді бүлдіршіндер!

Бүгін бізТәуелсіз Қазақстанның ең қуанышты,ең қадірлі мерекесін-

Тәуелсіздік күнін кішкентай жүректері таза,ниеті ақ бүлдіршіндерімізбен бірге атап өттік.

Тәуелсіздік-бабалар қанымен келген қасиетті ұғым,қастерлі құндылық,әр қазақтың жүрегіндегі жарық шырақ.

Біз бейбіт күнімізді,көк аспанымызды,желбіреген көк байрағымызды балалардың бағалап өсуі үшін бүгінгі «Республикам-мақтанышым» тақырыбы арқылы жеткіздік.

Бүгінгі ертеңгілігімізге белсене қатысқан балаларымызға ашық аспан,тамашалаған қонақтарымызға үйлеріңізде ырыс-береке мен тыныштық орнасын дегіміз келеді!

Баршаңызды тәуелсіздік күнімен шын жүректен құттықтаймыз!

Балалар хормен:

-Тәуелсіздік күні құтты болсын!













ЖШС«Қызыл телпек» бөбекжай балабақшасы.

Бекітемін:

Балабақша меңгерушісі:

----------Шамуратова





Ертеңгілік

Тақырыбы:«Республикам-мақтанышым!»





Тәрбиеші:Тлеубаева Ж.

2025-2026ж.ж.



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
22 наурыз
53
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі