Тақырып бойынша 18 материал табылды

“Республикам-мақтанышым!”

Материал туралы қысқаша түсінік
16-желтоқсан Тәуелсіздік күніне арналған ашық ұйымдастырылған іс-әрекет
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тақырыбы: «Республикам – мақтанышым!»


Мақсаты:           

Балаларды Отанды сүюге, Қазақстан Республикасының    рәміздерін  қастерлеуге, туған жерге деген сүйіспеншіліктерін  арттыруға  тәрбиелеу. Сөйлеу мәнерін қалыптастырып, қойылған сұрақтарға дұрыс, толық жауап берулерін қадағалау.

 

Көрнекіліктер:           

Президент портреті, Қазақстан Республикасының  туы,  елтаңбасы,  әнұраны және тағы басқа көрнекіліктер.

 

Әдіс-тәсілдері:  түсіндіру, көрсету, сұрақ-жауап.

 

Оқу іс-әрекеттің барысы:

Тәрбиеші: Балалар, біздің бүгінгі оқу қызметіміз ерекше. Балалар, алдымызда 16 желтоқсан Тәуелсіздік күні мерекесі жақындап келеді.Ендеше бүгінгі оқу іс-әрекетіміз осы мерекеге байланысты болмақ.

 

Бәрі тік тұрып Әнұран орындайды.

 

Тәрбиеші: Отырыңыздар.

  Балалар қазір жылдың қай мезгілі?

Балалар:   Қыс.

Тәрбиеші: Дұрыс, қыс. Қыс айларын атайық.

Балалар:   Желтоқсан,  қаңтар, ақпан. Қыс бізде 3 ай қонақта болады.

Тәрбиеші: Кім айтады біздің еліміз қалай аталады?

Балалар:   Қазқақстан Республикасы.

Тәрбиеші: Дұрыс айтасыздар. Балалар, ерте кезде біздің елімізді хандар, сұлтандар, билер басқарған. Біздің еліміз Ресеймен бірге болған,елімізді Ресейдің Президенті басқарған. Ал қазір өзіміздің Президентіміз  басқарады.   Балалар сендер, білесіңдер ме,біздің президентіміз кім?

Балалар:   Қасым-Жомарт Тоқаев.

Тәрбиеші: Дұрыс айтасыңдар.

Мен казір сендерге Желтоқсан оқиғасы туралы қысқаша айтып беремін.

1986 жылы Желтоқсан оқиғасында  Ербол Сыпатаев, Қайрат Рысқұлбеков, Ләззат Асанова, Сабира Мұғаметжанова тағы басқа жап-жас аға-апаларымыз құрбан болды.  Содан бері қанша жыл өтсе де бұл азаматтарды ұмытпай әр жыл сайын басымызды иіп, еске аламыз.

Өздері өмірлерін қисада,арттарында өшпеш іздері қалды. Олардың арман тілегі орындалды. Қазір біздің еліміз тыныш, жақсы өмір сүріп жатырмыз.

Ал мен сендерге жұмбақ жасырайын,шешеміз бе?

 

 Алтын күн аспаны

Алтын дән даласы

Айтатын Әнұран

Қай елдің баласы   (Қазақ елінің баласы)

 

Еліміздің тірегі,

Жеріміздің жүрегі

Бас қаланың есімін,

Қане кім біледі? (Астана)

 

Туымыздан күн қарап

Күлімдейді әлемге

Күнмен бірге қандай құс.

Қанат қаққан бар елге   (Қыран)

 

 Есімізге түсірейікші  Туымыздың түсі қандай? Мына суретте не бейнеленген.

Ахмед: Ту.Оның түсі- көк.

Көк ашық аспанды білдіреді.  Қыран құс-еліміздің  тыныштығы мен тәуелсіздігінің белгісі. Ою-өрнек  қазақ халқының өнерінің, шеберлігінің белгісі.

Балалар ал мынау не?

 

Балалар:   Елтаңба.

Тәрбиеші: Дұрыс айтасыңдар.

Саида:Бұл Қазақстан Республикасының Елтаңбасы.

Шаңырақ-Қазақстан  атты үйіміздің жарық түсетін саңлағы. Арғымақ- еркіндіктің белгісі. Масақ- тоқшылықтың белгісі. Жұлдыз-жол сілтеуші жарық белгі.

Мынау Әнұран.

Тәрбиеші: Балалар Тәуелсіздікке арналған тақпақтарымызды айтайықшы.

 

 

Айдын:     Жыр арнадым еліме тебіріне,

                  Үміт артам елімнің ертеңіне

                   Тәуелсіздік алғалы көп жыл болып,

                   Отаным жылдан жылға көркеюде.

 

Айбат:  Арнаймын саған ән-жырды

Сен туралы жырлаймын

Көркейе бер, Отаным,

Сенсіз жерге сыймаймын.

 

Атанияз:   Отан-анаң ауялы,

                   Отан- әкең,ақылшың.

                   Отан-асыл арманның,

                  Аялаған өз елін.

 

Еркеназ:  Қазақтың жері кең байтақ,

                  Бабамның берген еншісі.

                   Желбірей бер көк байрақ

                  Отанымның белгісі.

 

Елнұр:   Көк аспанда көкпеңбек

Қазақстан жалауы.

Көк емес ол тектен тек,

Елдің ашық қабағы.

 

 Әбу-Бакр:    Атағы артық, жаны аппақ,

                     Әй Отаным, Отаным

                     Үмітіңді мен ақтап,

                     Үлесімді қосамын.

 

 

Есжан:    Елтаңбасы елімнің,

                    Неткен айбат әдемі 

                    Тұнығындай көңілдің,

                    Ортада аспан әлемі.

 

Тәрбиеші: Отыра қойыңдар. Ал енді балалар, қазір мен сендерге сұрақ қоямын. Сендер соған жауап беріңдер. Қазақстан Республикасы Тәуелсіздікті қай жылы алды?

 

Аяла:       Қазақстан Республикасы 1991 жылы 16 желтоқсанда Тәуелсіздік алды.

 

Тәрбиеші: Туған ел, Отан туралы мақал-мәтел кім айтады?

 

Нурбол:             Өз елім- өлең төсегім.

 

Алинур:      Өзге елде сұлтан болғанша,

                   Өз еліңде ұлтан бол.

 

Жангир:        Отан-оттан да ыстық.

 

 

Тәрбиеші: Енді балалар тағы да «Отан», «Қазақстан» туралы тақпақ айтайық.

Би   «Тәуелсіз елім»

  

Аяна:       Отан деген атамекен,

                  Отан деген туған жер

                  Отан-Ана, Отан үлкен

                  Қазақстан туған ел!

 

 

Тәрбиеші: Өркениетті ел боламыз келешек,

                   Шет елдерге болмаймыз біз берешек

                  Екі мың отыз келген кезде бұйырса,

                  Елім дейтін, халқым дейтін ер өседі.

                  Аш болмайды, тоқ болады халқымыз,

                  Ешқашанда бұзылмайды халқымыз,

                   Ешқашанда бұзылмайды салтымыз

                  Президентті әрқашанда қолдаймыз,

                  Жастарыма, толық сенім артамыз.

 

 Айя:    Отаным, Қазақстаным,

                  Жұмбағым Қазақстаным

                  Сен менің желеп-жебеушім,

                   Тәуелсіз Қазақстаным!

 

   

Алижан:        Елтаңбасы елімнің,

                            Ортасында шаңырақ

                            Мемлекеттік туымнан

                            Күн шығып тұр жарқырап.

 

 

Алим:         Өзіңдікі туыңда

                    Отпен ауа суыңда          

 

Тәрбиеші: Кең байтақ туған елім Қазақстан,

                   Мен сені әрқашанда мақтан тұтам

                   Алтын дән, мыс, мырышы, мұнайымен,

                   Баршаны байлығымен таңқалдырған.

                   Төбеңде көк байрақты желбіретіп,

                   Жасашы, жасай берші Қазақстан!

 

Хор:           «Менің Қазақстаным».

 

Тәрбиеші: Сонымен балалар біздер бүгінгі оқу қызметімізде тәуелсіздік туралы, Қазақстан Республикасының рәміздерімен таныстық. Бүгінгі іс қызметіміз қызықты өтті барлықтарыңа мың алғыс,жарайсыңдар.



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
03.04.2026
0
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі