Республикам менің

Тақырып бойынша 31 материал табылды

Республикам менің

Материал туралы қысқаша түсінік
Отан, мемлекет, республика күні
Материалдың қысқаша нұсқасы






РЕСПУБЛИКАМ -АЙБЫНЫМ





«Бәйтерек», «Шағала», «Күншуақ» мектепалды даярлық топтары

























2025-2026 оқу жылы





Балалар көңілді әуенмен музыка залына қолдарына ту ұстап кіреді. Сап түзеп тұрады.


Жүргізуші:Қайырлы күн құрметті достар, қадірменді қонақтар! Біздің бүгінгі ұйымдастырып отырған салтанатты мерекемізге қош келдіңіздер!


Әнұраным – жан ұраным,

Айтар әнім – сөйлер сөзім,

Туған жерім – сағынарым,           

Мәңгі бақи шырқалады

Республика әнұраны.

ҚР мемлекеттік гимні айтылады.

Жүргізуші:Ұшырмай көкіректен жыр кептерін,
Өлеңсіз аша алам ба сыр беттерін?
Армысың жиналған топ үлкен, кіші,
Армысың айналайын халқым менің.

Қызыл бұлттай көрсең қырдың гүлдерін,
Көрсең ашық Ала таудың күндерін.
Жеріңде гүл, көгіңде күн бір жүзген,
Ұлан байтақ Республикам бұл менің.

Балалар кезекпен сахнаға шығып, жаттаған шумақтарын айтады.

1-бала:
«Көк байрағым көгімде,
Қыран құстай желбіре.
Қазақстан – Отаным,
Жарқырай бер мәңгіге!»

2-бала:
«Кезім жоқ Отан десе шалқымаған
Болса екен жерім тыныш, халқым аман.
Туған жер тал бесігім әлдилеген
Отаным – нәрін берген алтын анам»

3-бала:
«Тілім – қазақ, қазынам,
Мақтан етіп айтамын.
Қазақстан – елімді,
Жүрегімде сақтаймын!»

4-бала:
«Республика – ұраным,
Әрқашан да жыр-әнім.
Мәңгі жасап болашақ,
Көкте шалқып қыраным!»

Би «Рәміздер» Бәйтерек тобы

Бәйтерек тобы ҚР-ң картасына өз қолтаңбаларымен жан жағын өрнектейді.



Жүргізуші:
Қазақстан, Қазақстан – алтын күн,
Жанымызда жарылқайтын жарқын күн.
Атандың сен барлық әлем тілінде,
Атыменен «Қазақ» деген халқыңның.
Қазақстан, Қазақстан – ұлы анам,
Есіміңді естігенде қуанам
Қазақстан – қиял жетпес биік тау,
Қазақстан – жазғы күнгі гүл алаң.

Ойын «Рәміздерді тап»

Жүргізуші сұрақ қояды, балалар жауап береді:

  • «Көк түсті, күн мен қыран бейнеленген – не?» → Ту

  • «Шаңырақ бейнесі бар – не?» → Елтаңба

  • «Мемлекеттік тіліміз?» → Қазақ тілі

  • «Еліміздің бас қаласы астанамыз қалай аталады?» → Астана

    Жүргізуші: Келесі кезекті балаларымыздың өлең шумақтарына береміз.

    Тақпақтар

1-бала

Көк туым көтерілді бағым жанып,

Елтаңбам әлемге танылды анық.

Шырқадым ән ұранды бар дауыспен,

Арманым ата заңым қабылданып.

2-бала

Көгінде күн нұрын төккен,

Жерінде гүл жұпар сепкен.

Неткен сұлу, неткен көркем,

Осы менің туған өлкем!

3-бала

Өзіңдікі туыңда,

От пен ауа, суың да.

Жаса Қазақстаным,

Белді бекем буып ап.

4-бала

Байтақ дала жерім менің,

Арта берсін даңқың сенің.

Көк байрағың желбіресін

Егеменді елім менің!

5-бала

Кенге толы қойнауы,

Төлге толы жайлауы

Ол - біздің Қазақстан!

Анамыздай тілеуі ақ,

Отан бізде біреу-ақ,

Ол біздің Қазақстан!



Ән «Қазақстаным-Отаным»

Жүргізуші: Келесі кезекті мың бұралған биші қыздарымыздың орындауында «Текемет» биін қабыл алыңыздар!

Би «Текемет» Күншуақ тобы

Күншуақ тобының балалары , Елтаңба құрастырады (қағаздан қиылған бөліктерден).
Ұл балалар тобы уақыт ішінде суретті жинап, сахнаға көрсетеді.



Жүргізуші: Елім менің!
Қазақстан – менің туған анамсың,
Өзгеде жоқ, өзімде бар даламсың.
Кеңдігіңмен, молдығыңмен момақан,
Ақыл, сабыр үлестірген данамсың.

Елім менің атыңды атап ер жеттім,
Ақ сүт беріп, әлдиіңмен тербеттің.
Тербеттің де, құдіретті сөз бердің,
Тек өзіңе тең биікпен сөйлеттің.

Соның бәрін көрсеттірген өзіңсің,
Ғажаптармен жол шектірген өзіңсің.
Қазақстан, менің Қазақстаным!
Сөзімсің де жұртқа қарар көзімсің!

Би «Шаңырақ» Шағала тобы

Шағала тобы балалары үлкен шыны ыдыстағы суға көк түсті бояуды құю арқылы туды бейнелеп шығарады


Жүргізуші: Келесі кезекті балаларымыздың өлең шумақтарына береміз.

Тақпақтар

1-бала

Жарқырай түс, жайнай түс,

Республика күнінде.

Шаттық әуен байқалсын,

Қуанышты үніңде.

Мерекені тойлайық,

2-бала

Қазағым боп біз бірге.

Бірлігіміз жарассын,

Ынтымақты елімде.

3-бала

Арайлы атсын таңымыз,

Шуақ шашып, күн күліп.

Егеменді ел тойласын,

Мерекені бір жүріп.

4-бала

Республика күнімен құттықтаймын,

Егеменді, тәуелсіз қазақ елін.

Тыныштығың сақталып, қуанышың,

Жарқырай бер, жайнай бер ғажап елім.

5-бала

Қуанышың, шаттығың сарқылмасын,

Азаттықтың ақ таңы күлім қағып.

Егеменді еліміз мәңгі болсын,

Тәуелсіздік тұғыры жымың қағып.

6-бала

Ортаймасын ынтымақ, бірлігіміз,

Сыйластықта жүрейік әрбір қазақ.

Республика күнін бұл тойлайық бір,

Елімізде болып әр іс бәрі ғажап.



Жүргізуші:
Қазақстан – туған Отан алтын бақ, Қазақстан – мейірлі ана, дос қымбат.
Қазақстан – бізді туған Ұлы Отан, Ұлы жолға түсті келіп жарқылдап.
Қазақстан – көпті көрген қария, Жайнай берсін, жайнай бер сен мәңгілік!

Би «Қамшы» Ұлдар биі

Жүргізуші:
– Бүгін біз Республика күнін атап өттік. Бұл мереке – тәуелсіз еліміздің нышаны.
Балалар, Қазақстан әрқашан бейбіт, бақытты, берекелі ел болып, көк байрағымыз биік желбірей берсін!

Балалар қолдарын жоғары көтеріп, хормен айтады:
«Қазақстан жасасын!»


Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
19.01.2026
0
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі