400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 13 материал табылды

Реттік сан есімнің жазылуы

Материал туралы қысқаша түсінік
Оқудың ынтымақтастық ортасында оқушылар әлеуметтік және эмоционалдық тұрғыдан да дами түседі, өйткені олар түрлі көзқарастарды тыңдап, өз идеяларын айтуға және қорғауға мәжбүр болады. Мұндайда оқушылар сарапшылардың немесе мәтін аясында шектеліп қалмай, өздерінің ерекше тұжырымдамалық түсініктерін құруды бастайды. Осылайша ынтымақтастық оқу жағдайында оқушылар құрбы-құрдастарымен қарым-қатынас жасауға, идеяларды ұсынуға және қорғауға, әртүрлі ұстанымдармен алмасуға, басқа тұжырымдамаларға күмәнмен қарауға және оған белсенді қатысуға мүмкіндік алады.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Пәні: қазақ тілі


« Қайнар»мектеп-гимназия»

коммуналдық мемлекеттік

мекемесі

Күні: 10.04.2018

Мұғалімнің аты-жөні:

Мамыртаева Дана Умирзаковна






Сынып: 3 «Ә»

Қатысқандар саны: 10

Қатыспағандар саны: -


Сабақ тақырыбы

Реттік сан есімнің жазылуы

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары

Реттік сан есімнің жазылуы туралы білу

Сабақ мақсаттары

Барлық оқушылар білуге тиісті:

Реттік сан есімдердің ережесін, мысалын,жұрнағын қолдана алады. Санның ретін сақтай алады.

Оқушылардың көпшілігі білуге тиіс:

Реттік сан есім туралы ережені оқушылардың өздері қорытып түсінеді, сөйлем ішінде жұрнағын танып, сұрағын қоя алады. Реттілік ұғымын біледі.

Кейбір оқушылар білуге тиіс:

Реттілік қатарын өмірде қолдана біледі.

Заттың ретін сақтай алады.

Бағалау критерийлері

Санның ретін сақтай алу.

Реттілік ұғымын білу.

Заттың ретін сақтай алу.

Тілдік мақсаттар

Реттік сан есім туралы ережені оқушылардың өздері қорытып түсінеді, сөйлем ішінде жұрнағын танып, сұрағын қоя алады.

Пәнге қатысты лексика мен терминология:

Реттік сан есім, реттік сан есімнің жұрнақтары

Диалогқа/жазылымға қажетті тіркестер:

-Заттардың ретін қалай анықтаймыз?

Себебін айта аласыз ба...?

- Неліктен жұрнақ жалғанады?

Құндылықтарды дарыту



Оқушылардың санау дағдылары дамиды, жазылым тәсілдері дамиды, реттілік туралы өз түсінігін қолданады

Пәнаралық байланыстар

Математика, дене шынықтыру, музыка, еңбекке баулу.

АКТ қолдану дағдылары

Интерактивті тақта, тақырып бойынша слайдтар

Бастапқы білім


Реттік сан есім

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет


Ресурстар

Сабақтың басы

2 минут

























3 минут































3 минут

Психологиялық дайындық

Соғылады қоңырау,

Біз сабақты бастаймыз.

Табыс тілеп көзбенен,

Жаңа білім алуға,

Алға қадам басайық.

Жылуыма жылу қос,

Міне менің қолым.


Рисунок 2


Оқушыларды боймен сапқа тұрғызып, бірінші, екінші деп санатып, біріншілер бірінші топқа, екіншілер екінші топқа бірігеді.

І топ: «Бірінші» топ

ІІ топ: «Екінші» топ

Топ ережесін құру.

«Серпілген сауал» әдісі

1. Нешінші жылы туылдың?

2. Ата –анаңның нешінші перзентісің?

3. Қай жылы бірінші сыныпқа оқуға келдің?

4. Қазір нешінші сыныпта оқып жүрсің?

5. Сыныпта нешінші қатарда отырасың?

6. Қандай жарыстарға қатыстың? Нешінші орындарға ие болдың?

7. 1991 жылы нешінші желтоқсанда Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі туралы Заң қабылданды? 16 желтоқсанда

8. 1997 жылдың нешінші желтоқсанында Президент ел астанасын Ақмолаға ауыстырды? 10 желтоқсанда

9. 1998 жылы нешінші мамырда ел астанасы Астана қаласы деп жарияланды? 6 мамырда

10. 1993 жылы нешінші қарашада мемлекетіміздің ұлттық фалютасы – теңге айналымға шықты? 15 қарашада


Ережені есіңде сақта!

Реттік сан есім заттың саналу ретін білдіреді. Нешінші? деген сұраққа жауап береді: екінші қатар, үшінші сынып.

Дауысты дыбыстарға аяқталған сан есімдерге –ншы, -нші, дауыссыз дыбыстарға аяқталған сан есімдерге –ыншы, -інші жұрнақтары жалғанады: алты+ншы, он үш+інші.

«Кезбе тілші» әдісі

Реттік сан есімдер цифрмен берілгенде қалай жазылады:

Реттік сан есімдер араб цифрымен берілсе,

-ыншы,-інші,-ншы,

-нші жұрнағының орнына дефис (-) қойылады

Реттік сан есімдер рим цифрымен берілсе, -ыншы,-інші,-ншы,-нші жұрнағының орнына дефис қойылмайды

Реттік сан есім араб цифрымен берілсе де, жыл,ай, ғасырдан кейін дефис қойылмайды.

3-сынып,

1-орын,

5-қабат, т. б.

ХХІ ғасыр, VІ сынып,

І орын, Vбөлім,т.б.

2018 жыл,

22 наурыз,

1 мамыр,

21 ғасыр


интерактивті тақта

слайдтар



































Сабақтың ортасы

5 минут
































5 минут








2 минут



















10 минут




















5 минут

«Көбелекті өз гүліне қондыр» әдісі

1-жаттығу. Төмендегі сан есімдерге –ыншы,

-інші, - ншы, - нші жұрнақтарының тиістісін жалғап жаз. Реттік сан есімдерді сөз құрамына талда. Осы сан есімдерден үш сөйлем құрастырып айт.

Елу, бір, жеті, сегіз, алпыс бес, жүз, жиырма төрт.

2-жаттығу.

Екі, үш, алты, елу бес, алпыс алты, жетпіс жеті, тоқсан тоғыз.




Дәптермен жұмыс

3- жаттығу.

Мәтінді көшіріп жаз.

Ауылда бәйге жарысы болды. Елеместің атасы қосқан ат мәреге екінші болып келді. Бірінші, екінші келген ат иелеріне ақшалай сыйлық берілді.

Мәтіннен реттік сан есімдерді тап.

Сергіту сәті «Достар»


Қауіпсіздік ережесі

1.Қайшымен ойнауға болмайды!

2.Қайшыны арнаулы қайшы қапта сақта!

3.Желімді көзіңе жақындатпа, қолыңмен ұстама!

4. Желімді арнаулы құралмен жақ!

«Сәукеле» әдісі


4-жаттығу. Сөйлемдерде жазылған сан есімдерге –нші, - ыншы, - інші жұрнақтарының тиістісін жалғап жаз.

1.Бейжің Олимпиядасында біздің команда жиырма тоғыз.... орын иеленді. 2. Дәурен мектепішілік жарыста шахматтан бір....

жүлдені жеңіп алды. 3. Айжан он жеті.... пәтерде тұрады. 4. Дәулеттің туған күні сегіз.... сәуір. 5. Айзаданың інісі екі.... сыныпта оқиды.

«Баян» әдісі

6-жаттығу. Цифрды сөзбен жазсаң, қандай мақал шығады? Құрамында сан есімі бар мақалдардың жалғасын тап.

1лігі жоқ ел тозады,

1лігі күшті ел озады.



Рисунок 3

Сабақтың соңы

5 минут

«Бес қадамды сұхбат» әдісі

  1. Сан есім дегеніміз не?

  2. Реттік сан есім дегеніміз не?

  3. Реттік сан есімге қандай сұрақ қойылады?

  4. Реттік сан есімнің жұрнақтарын ата.

  5. Реттік сан есім араб цифрымен берілсе қалай жазылады?


Үйге тапсырма:

5-жаттығу 86 бет

Кері байланыс: «БББ» әдісі

- Мен білемін.
- Білгім келеді.
- Мен білдім.

стикер

Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы


«Серпілген сауал» әдісі, «Кезбе тілші» әдісі, «Көбелекті өз гүліне қондыр» әдісі, «Баян» әдісі, «Бес қадамды сұхбат» әдісі





Білім алушы:

Реттік сан есім туралы ережені оқушылардың өздері қорытып түсінеді, сөйлем ішінде жұрнағын танып, сұрағын қоя алады. Реттілік ұғымын біледі.

Дескриптор:

Білім алушы:

Санның ретін сақтай алады.

Реттілік ұғымын біледі.

Заттың ретін сақтай алады.


Денсаулық сақтау технологиялары.

Сергіту сәттері мен белсенді іс-әрекет түрлері.


Сабақ бойынша рефлексия

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да

ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың

жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу

қажет?




















«Қайнар» мектеп-гимназия» коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Shape1































Дайындаған: Д. У. Мамыртаева

2017– 2018 оқу жылы

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
13 мамыр
697
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі