400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 30 материал табылды

Реттік санау

Материал туралы қысқаша түсінік
Реттік санау туралы оқушыларға түсініктеме беру
Материалдың қысқаша нұсқасы

6. Тақырыбы: Реттік санау

Мектеп/МҰ:

Күні:

Педагогтің аты-жөні:

Мектепалды сынып/топ

Қатысушылардың саны:

Қатыспағандардың саны:

Оқыту мақсаттары

0.1.1.3.Заттарды ені, биіктігі, жуандығы бойынша салыстырып, көлемдерінің арақатынасы көрсетілген заттарды табу, оларды өлшемдерінің өсу (кему) ретімен орналастыру.


Күтілетін нəтижелер

Барлық тəрбиеленушілер:

-заттарды ені, биіктігі, жуандығы бойынша салыстырады.

Көптеген тəрбиеленушілер:

-көлемдерінің арақатынасы көрсетілген заттарды табады, оларды өлшемдерінің өсу (кему) ретімен орналастырады.

Кейбір тəрбиеленушілер:

-салыстыру үшін заттардың бірнеше нұсқасын ұсынады.

Тілдік мақсаттар

Дағдыларын дамыту:

Өзінің сұрақтарын қойғанда жəне мұғалім мен тəрбиеленушілердің сұрақтарына жауап берген кезде лексика мен терминологияны пайдалана алады.

Пəндік лексика жəне терминология:көбірек, азырақ, кеңірек, тарлау, ұзынырақ, қысқарақ, биігірек, төменірек.

Пікір алмасуға арналған сұрақтар:

Заттарды көлемі бойынша қалай салыстыру керек екенін түсіндір.



Сенің қандай ойыншықтарың бар?

Заттардың көлемі бойынша салыстыруды жəне ретімен қоюды білесің бе?



Жазу:

-түсті қарындаштармен бояу, торкөздер бойынша, салынған үзік сызықтар бойынша бастырып жазу, біріктіру сызықтарын жүргізу.


Алдыңғы білім


Заттардың көлемдерінің сипаты туралы алғашқы білім, геометриялық фигуралар мен денелердің атауы.


Жоспар

Жоспарланған уақыт

Жоспарланған іс-əрекет

Ресурстар

Басталуы

Ынталандыру.

Сəлеметсіңдер ме, балалар, терезеге қараңдаршы, бүгін далада қандай керемет шуақты күн.

Өзектендіру.

Педагог балаларға өздерінің сүйікті ойыншықтары туралы əңгімелеп беруді ұсынады.





Ортасы

Мақсат қою (проблемалық жағдай).

Қандай ойыншықтарда қайталанатын элементтер кездеседі?

Олардың көлемі əрқашан бірдей ме?

Жаңалық ашу.
















Педагог проблемалық жағдаят ұсынады: Барлық сақиналар қатар жатпайды. Олардың өлшемі бойынша қалай салыстыруға болады?

(Ұ) Проблемалық жағдайды шешу үшін, балалар салыстырудың тиімді тəсілдерінің бірін таңдайды жəне пирамиданың барлық элементтерін ең кішкентай сақинадан ең үлкеніне қарай кезекпен біріктіре отырып, сызық жүргізеді. Содан кейін сақиналардың түстерін дəл сол кезектілігімен бояу ұсынылады.

Балалар қандай заттардың үлкен, ал қандай заттардың кішкентай екенін түсінгеннен кейін, келесі кезеңге кірісуге болады: биік – аласа, қысқа – ұзын жəне т.б. ұғымдар. Заттарды биіктігі жəне жалпақтығы бойынша салыстыру үшін балаларға үлестірмелі материалдар беріледі.

Сергіту сəті.

Педагогтің қалауы бойынша. (Əдістемелік нұсқаудың соңын қараңыз.)


Үлестірмелі материалдар.

Рефлексия


Рефлексия.

Педагог қорытынды жасайды.

Сабақтағы өз жұмысын «Сəттілік сатысы» арқылы бағалауды ұсынады.

Педагог түсіндіреді: егер балада қателіктер көп болса, төменгі сатыда көңілсіз смайлдың суретін салуға болады. Қателіктер аз блса, ортаңғы сатыда ауызы түзу смайлды салуға болады. Қателіктер болмаса жəне бала барлығын жақсы түсінсе, жоғарғы сатыда күлімдеген смайлды салуға болады.


Əліппе-дəптер




Тексерілді__________________________


Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
21.12.2017
381
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі