400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Реттік санау. Қатарға тұрамыз. Алдыңғы және кейінгі.

Материал туралы қысқаша түсінік
: Өткен тақырыпты пысықтау, зейінін аудару, үйрету. Жаңа тақырыпты түсіндіру, алдыңғы және кейінгі ұғымдарын таныстыру, меңгерту. Сандардың орналасу реттілігін түсіндіру. Ойын арқылы балалардың ойлау, есте сақтау қабілетін дамыту.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тақырыбы: Реттік санау.

Қатарға тұрамыз. Алдыңғы және кейінгі.


Мақсаты: Өткен тақырыпты пысықтау, зейінін аудару, үйрету.

Жаңа тақырыпты түсіндіру, алдыңғы және кейінгі ұғымдарын таныстыру, меңгерту. Сандардың орналасу реттілігін түсіндіру. Ойын арқылы балалардың ойлау, есте сақтау қабілетін дамыту.


Әдіс-тәсілдері: Дамыта оқыту, шығармашылық дарындылығын дамыту.


Көрнекілігі: Интеративтік тақта, суреттер, асықтар, дәптер.


Сабақтың барысы: 1. Ұйымдастыру.


Шаттық шеңбері: Ашық менің жүрегім,

Ылғи күліп жүремін.

Бірге ойнап, бір күлген,

Достарым көп білемін.

1.Балалар қазір жылдың қай мезгілі?

2.Қыс мезгілінде неше ай бар?

3. Қыс мезгілінің басқа жыл мезгілдерінен ерекшеліктерін ата.


(Балаларды орындарына отырғызу)

-Балалар біз өткен оқу қызметте қандай ұғыммен таныстық?

-Артық, кем, тең.


Слайд арқылы балаларға өткен тақырып туралы суреттер көрсетіледі.

Вазадағы алмаларды салыстыру. Қайсысы артық, қайсысы кем?

Ер балалармен қыз балалардың суреттері көрсетіледі. Салыстырады.


Жаңа тақырып: Алдыңғы және кейінгі.


Балаларға слайд көрсетіледі. Жаңа тақырып бойынша отбасылық суреттер.

-Балалар мына суретте отбасының суреттері бейнеленген.

-Атасының алдында кім отыр?

-Әжесінің алдында кім отыр?

-Атасы мен әжесінің артында кімдер тұр?


-Ал мына суретте вагондар. Вагонның алдыңғы қатарында кім отыр?

-Ортадағы қатарда кім отыр?

(Суреттерді көрсете отырып, адамдардың қай жерде отырғандығын көрсетіп, алдыңғы және кейінгі ұғымдарды түсіндіреді)


Балалардың қай қатарда отырғандығын сұрау. Алдыңғы және кейінгі қатарда кімдер отыр? Анықтау.


Балаларға стол үстіне әртүрлі үлкен асықтар қойылады.

Балалардан асықтардың түстеріне қарай қалай орналасқандығын сұрайды.


Сергіту сәті: Балалар сергіту сәтін әуен арқылы қимыл – қозғалыс жасай отырып орындайды.

Дәптермен жұмыс: Балалар дәптермен жұмыс жасайды. Берілген тапсырмаларды орындайды.

Тапсырма – 1 «Өз орыныңды тап»


(Балаларға әр түрлі сандар беріледі, сол сандар бойынша өз орындарын тауып, қатарға тұрады)



Тапсырма – 2 «Вагондарды орналыстыр»


(тақтаға вагондар суреті қойылады. Балалар реттімен орналастырады.)


Ойын «Шертпекіл»

Балалар ойынды асықпен ойнайды.


Қорытынды:


-Балалар бүгін біз қандай ұғымдармен таныстық?

-Алдыңғы кейінгі.

-Бүгін ойындарды немен ойнадық?

-Балаларды мадақтау.


Балалар шеңберге тұрып:


Ортаға келіп тұрайық,

Шеңберді біз құрайық.

Көріскенше күн жақсы,

Сау саламат болайық.

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
17 ақпан
588
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі