резидент жазу үлгісі

Тақырып бойынша 22 материал табылды

резидент жазу үлгісі

Материал туралы қысқаша түсінік
авторлық бағдарламаға резидент жазу
Материалдың қысқаша нұсқасы

Жетісу облысы«Талдықорған қаласы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі

«Мектепке дейінгі шағын орталығы бар Ынтымақ ауылындағы №30 орта мектеп» КММ. Бастауыш сынып мұғалімі Кулимбетова Макпал Тлектесовнаның «Бастауыш мектепте сандық білім беру ресурстарын пайдалану әдістемесі» атты авторлық бағдарламасына


РЕЦЕНЗИЯ


Сандық білім беру ресурстары – білім беру үдерісін жетілдіруге арналған цифрлық форматтағы оқу-әдістемелік материалдар жиынтығы. Оларға электронды оқулықтар, онлайн курстар, білім беру платформалары, мультимедиялық ресурстар, симуляторлар, мобильді қосымшалар және басқа да сандық құралдар жатады. Бастауыш сынып оқушыларының жас ерекшеліктеріне байланысты олар ақпаратты ойын түрінде қабылдауға, интерактивті жаттығулар арқылы меңгеруге бейім. Сондықтан сандық білім беру ресурстары мұғалімдерге оқушылардың оқу мотивациясын көтеруге, олардың білімін тереңдетуге және өздігінен оқу қабілетін дамытуға көмектеседі.

1. Жұмыстың өзектілігі Қазіргі заманғы білім беру жүйесінде цифрлық технологияларды енгізу – уақыт талабы. Әсіресе, бастауыш мектеп оқушылары үшін оқу процесін қызықты әрі тиімді ұйымдастыру маңызды. Сандық білім беру ресурстары оқушылардың логикалық ойлау қабілетін дамытуға, шығармашылық белсенділігін арттыруға, өз бетінше білім алу дағдыларын қалыптастыруға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, Қазақстанда цифрландыру бағдарламасының қарқынды дамуы білім беру саласына жаңа технологияларды енгізуді қажет етеді. Осыған байланысты, бастауыш мектепте сандық білім беру ресурстарын қолданудың ғылыми-әдістемелік негіздерін зерттеу өзекті болып табылады.

2. Жұмыстың ғылыми-әдістемелік деңгейі:

  1. Ұсынылып отырған бағдарлама Бастауыш мектепте сандық білім беру ресурстарын пайдалану арқылы оқушылардың өз пікірін тұжырымдап жүйелі жеткізуіне дағдыландырып, рөлдік ойындар, талқылаулар және презентациялар арқылы сөйлеу дағдыларын ынталандыруға, оқылым, айтылым дағдыларын жақсарта отырып, жазылым дағдысына да төселдіруге, сыни тұрғыдан ойлауға үйретуге, өзін-өзі дамытуға ықпал етеді. Оқушылар білім алу белсенділігін арттыруға бағытталған геймификация элементтері, анимация, мультимедиялық сабақтар, виртуалды зертханалар қолдану арқылы жаңа технологияларды ойлап табуларына жол ашылады.

3. Жұмыстың жаңашылдық деңгейі:

3.1. Сандық білім беру ресурстары бастауыш сынып оқушыларының жас ерекшеліктеріне сәйкес педагогикалық тәсілдермен біріктіріліп ұсынылады.

  1. Сандық технологияларды оқытуда қолданудың әдістемелік нұсқаулығы жасалады.

  2. Мұғалімдер мен оқушыларға арналған тиімді цифрлық платформалар іріктеліп, олардың мүмкіндіктері зерттеледі.

  3. Сандық білім беру ресурстарының оқушылардың білім сапасына тигізетін әсері тәжірибелік зерттеулер арқылы дәлелденеді.

4. Жұмыстың ғылымилылығы:

Сандық білім беру ресурстары (мысалы, интерактивті бағдарламалар, бейне материалдар немесе тесттер) ғылыми тұрғыда шынайы, нақты және ұлттық білім беру стандарттарына сәйкес.Бастауыш сынып оқушыларының танымдық қабілеттері әлі дамып жатқандықтан, ресурстар көрнекі, жеңіл қабылданатын және қызықты болуы қажет. Бұл мультимедиялық элементтерді, ойын түріндегі тапсырмаларды қолдану арқылы жүзеге асып отыр.Педагогикалық мақсатқа бағытталуы: білім беру, тәрбиелеу, шығармашылық дамыту. Сандық ресурстар теориялық білімді бекітуге, практикалық дағдыларды игеруге және оқушылардың қызығушылығын арттыруға көмектеседі. Интерактивтілік пен қатысушылық оқушылардың белсенділігін арттыру үшін ресурстар интерактивті болуы маңызды. Бұл білім беру процесінде оқушының тікелей қатысуын қамтамасыз етеді және олардың есте сақтау деңгейін жақсартады.Ғылыми тұрғыда негізделген ресурстар тек теориямен ғана шектелмей, оны тәжірибеде қалай қолдануға болатынын көрсетеді. Мысалы, математикада интерактивті есептер арқылы теорияны бекіту. Сандық ресурстарды дұрыс қолдану арқылы оқушылардың оқу процесіне деген ынтасын арттырып, болашақта білімге құштар, ізденімпаз ұрпақ тәрбиелеуге болады

5. Ішкі бірлікті бағалау және жұмыстың әдіснамалық негізінің сипаттамасы: Бүгінгі таңдағы маңызды құрал ретінде білім беру саласына аса қажетті құжат.

6. Жұмыстың әрбір нәтижесінің, ғылыми жағдайының, түйіндері мен қорытындыларының негізділігі мен дәйектілігінің деңгейі. Бастауыш мектепте сандық ресурстарды қолдану оқушылардың оқу үлгерімін арттыруға оң әсер етеді. Әсіресе, математика, жаратылыстану, тілдік пәндер бойынша сандық платформаларды пайдалану оқушылардың пәнге деген қызығушылығын оятып, білімді тиімді меңгеруіне ықпал етеді.

7. Жұмыстың практикалық маңыздылығы Мұғалімнің жұмысын жеңілдетуге және оқушылардың сапалы білім алуын қамтамасыз ету үшін қолдануға болады. Толық қамтылға, рәсімдеуге талаптары дұрыс.

8. Жұмыстың аралық және қорытынды нәтижелерін ұсыну (апробациялау) формалары мен тәсілдері Ұсынылып отырға жұмыстың ережеге сай жазылуы және көшірілмеген түпнұсқа болуы негізінде авторлық бағдарламаның жазылу қағидалары толық сақталған.

9. Ресімдеу талаптарына сәйкестігі. Жұмыстың мазмұны бойынша кемшіліктер мен ескертулер. Жалпы авторлық бағдарлама талапқа сай. Білім стандарттарын негізге ала отырып жоғары, сапалы деңгейде жазылған.

10. Жұмысты пайдалану бойынша қорытындылар мен ұсыныстар Авторлық бағдарлама қолданысқа толық дайын.





Рецензент:

«Мектепке дейінгі шағын орталығы бар

Ынтымақ ауылындағы №30 орта мектеп»КММ

Директоры: _____________ Р.С. Усенова



«Мектепке дейінгі шағын орталығы бар

Ынтымақ ауылындағы №30 орта мектеп»КММ

Бастауыш сынып мұғалімі,

Орталық Азия Иновациялық

Уинверситеті бастауыш ғылымдарының магистрі _____ М.Е.Байдалина
















Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
13.05.2025
168
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі