400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·20.10.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Ридуан серті

Материал туралы қысқаша түсінік
Исламтану мамандарға
Материалдың қысқаша нұсқасы

Дәріс жоспары №26


Топ

13-11-93а


Дәрістің өткізілетін күні




Пән аты: Ислам тарихы

Оқытушы: Кулжанов Темурбек

Дәріс хана: №_______________

Дәрістің түрі: Теориялық сабақ (Аралас сабақ)

Оқыту әдісі: Көрнекілік әдіс

Дәрістің тақырыбы: Ридуан серті

Дәрістің мақсаттары:

Білімділік: Оқушыларға Ридуан сертін баяндау, соған қатысты мәселелерді түсіндіру, олар туралы түсінік бере отырып меңгерту.

Дамытушылық: Оқушылардың Ридуан серті туралы түсініктерін қалыптастыру, логикалық ойлау, зейінділік пен белсенділік іс-қимыл қабілеттерін дамыту, шығармашылық іскерліктері мен дағдыларының қалыптасуына жағдай жасау.

Тәрбиелік: Оқушыларды жауапкершілікке, әр бір көрнекі құралдарды ұқыпты пайдалануға тәрбиелеу.

Пәнаралық байланыстар:

1. Исламдағы мәзхабтар мен ағымдар –

2. Ақида –

3. Фиқһ –

Дәріске қолданылатын көрнекі құралдар: Интерактивті тақта, аудио-бейне материалдар, мәтіндер


Дәріс барысы


І. Ұйымдастыру кезеңі (5 мин): Оқушылармен сәлемдесу, дәрісхана тазалығын тексеру, оқушыларды түгелдеу, оқушылардың назарын сабаққа аударту.


ІІ. Оқушыларды мына тақырып бойынша тексеру (25 мин): Умра сапары

Сұрақтар:

1. Ислам тарихының маңызы?

2. «Умра сапары» дегеніміз не?

3. Ислам тарихы қай кезден басталады?

4. Құран кәрімдегі сол туралы аяттар?


ІІІ. Жаңа сабақты түсіндіру жоспары (40 мин):

1. Пайғамбар деген кім?

2. Пайғамбар болып кім тағайындалды?

3. Халифа сөзінің мағынасы қандай?

4. Халифа сөзінің тілдік мағынасы қандай?

5. Осы кезеңде қандай оқиғалар орын алды?

6. Осы кезеңде жіберілген пайғамбарлар кімдер?

7. Басшылардың тұлғалық қасиетін баяндаңыз?

8. Ислам дінін жаюдағы жетістіктері қандай еді?

9. Саяси әлеуметтік жағдай қалай болды?

10. Насихат жасау себептерін баяндаңыз?


ІV. Жаңа сабақты бекіту (10 мин):

1. Құран кәрім кітабында бұл туралы не айтылған?

2. Алға қойған мақсаттары жайлы баяндау.

3. Ерекше мән берілетін жайттар?

4. Хадистерде бұл жайлы не делінген?

5. Осы кезеңнің жалпы мағынасы.

6. Кіші және үлкен жиһад деген не?

7. Алла жолында жан тапсыру деген не?

8. «Ридуан серті» сөзі туралы түсіндіру.

V. Сабақты қорытындылау және бағалау (5 мин):

Оқушыларды сұрақ-жауап арқылы қорытындылап, тапсырмаларды орындау дәрежесіне қарай білімдерін бағалау.


VI. Үй тапсырмасы (5 мин):

Осы жайлы базалық түсінік қалыптастырып, жан-жақты түсіндіріп беру.

(тест сұрақтарын құрастыру).


Қолданылатын әдебиеттер:


Әдебиеттер тізімі


1.Негізгі әдебиет

  1. Пайғамбарлар тарихы, Қ.Сейтұлы, Алматы, 2011.

  2. Пайғамбарымыз Мұхаммедтің өмірбаяны, Ә.Қайназарұлы, Алматы, 2011.

  3. Әділетті төрт халифа, А.Жолдасұлы, Алматы, 2015.

  4. Мұсылман әулеттері, К.Э.Босворт, Алматы, 2008.


2.Қосымша әдебиет

  1. Пайғамбарлар қиссасы, С.Ибадуллаев, Алматы, 2010.

  2. Қисас ан-нәбийин лил атфал, ән-Нәдуи, Стамбул, 2010.

  3. Адамзаттың асыл тәжі, Д.Өмірзаққызы, Алматы, 2013.

  4. Фиқһ ас-сира, Рамазан әл-Бути, Дамаск, 2012





Оқытушының қолы: _____________________


Кафедра меңгерушісі: _____________________


Әдіскер:____________________________







Ридуан серті


Хазіреті Османның мүшріктер қолынан ―өлгенін естігенде РасулАлла (с.а.у.) қатты қайғырады. Құрайыштың бұнысынан соң үндемей қалу мүмкін емес-ті. Пайғамбарымыз олармен қырқысуға бел буады. Бейбіт келісімді қостамағаны былай тұрсын, елшінің қанын жүктеген деген не сұмдық!

Пайғамбарымыз асхабына:

―Алла Тағала маған серт беру қажеттігін бұйырды,-деді де Алла елшісі Мұхаммед (с.а.у.) «Рыдуан» аталатын ағаштың астына барып тұрды. Мұсылмандар жеке-жеке сол жерде серт берді. Олар шайқастан бас тартпайтындықтарына, Алла және РасулАлла жолынан ҿлсе айнымауға ант-су ішті. Тек біреуі ғана мунафиқ - Жәдд ибн Қайс серт беруден бас тартты.

Ант беру рәсімі муһажирлерді батылдандырып, жігерлендірді. Қатты толқығандары сондай тезірек мүшріктермен шайқасуды тіледі.

Алла Тағала осы рәсімге қатысқан мұсылмандардан разы екендігін Фәтх сүресінің 18-19 аяттарда білдірген:

―Расында, Алла муминдерден ағаштың астында саған серт берген сәтте, разы болды да олардың жүректеріндегіні біліп, оларға жан тыныштығы, сенімділік салды. Сондай-ақ оларға таяуда іске асатын бір жеңіс жҽне кенелетін мол олжалар сыйлады. Алла - тым ғазиз ҽрі хикмет иесі.

Аллатың ризалығына бөленуге себеп болған осы серт кейіннен «ризашылық, алғыс серті» деп аталады.

Ардақты Алла Елшісі бір хадисінде бұл турасында: ―Ағаш астында ант бергендердің ешбірі жәһаннамға кірмейді,-деген.

Серт беру рәсімі туралы хабар құрайыш мүшріктеріне жеткен сәтте олар үш күн қамауда ұстаған Хазіреті Османды босатып қоя берді.

Хазіреті Осман қапастан шыққан бойда Пайғамбарымызға жетуге асықты. Оның сау-саламат екенін кҿрген мұсылмандар қатты қуанды. Алайда шайқасуға серт беріліп, болар іс болған-ды.

Хазіреті Османға Меккені бір көруге ынтық муһажирлердің бірі:

―Қағбаны тауап еткен шығарсың…,-дейді.

Хазіреті Османның жауабы да ғибратты:

―Уа Алла ! Меккеде бір жыл қалсам да, РасулАлла Худайбияда отырса, Ол Қағбаны зиярат еткенге дейін мен жалғыз өзім тауап етпес едім!

Хижреттің 6 жылы, зилқағда айы. Б.э. 628 жылы, наурыздың 13-і. Алла Елшісі бірде түсінде асхабымен бірге жайбарақат Қағбаны тауап етуге барғанын, қобалжу, қорқынышсыз Меккеде алшаң басып жүргендерін көреді. Пайғамбарымыз көрген түсін сахабаларына баяндағанда олар малақайларын аспанға атып қуанады. Өйткені муһажирлер Меккеден Мәдинаға қоныс аударғалы да аттай алты жыл өткен. Осы уақыт аралығында үлкенді-кішілі істер тындырып, үлкен нҽтижелерге қол жеткізгенмен отанға деген сағыныш көңіл түкпірлерінен терең орын алған. Туып-өскен ата мекеннің топырағына ат басын тірейтін күнді іштей аңсайтын. Күнделікті бес уақыт намаздағы құбылалары – қасиетті мекенді аңсамау сірә мүмкін бе? Сондықтан Алла Расулының ―Сіздер түбінде Қағбадағы Харам мешітіне барасыздар деген сөзін көңілдеріне демеу еткен. Пайғамбарымыздың түсінен соң сахабалар құдды бүгін-ертең туған жермен қауышатындай күй кешкен.

Бағыт- Мекке

Пайғамбарымыз тағы да Мәдинада Абдуллаһ ибн Үммү Мҽктумды өкіл етіп қалдырды. Күн дүйсенбі. 1400 мұсылман жолға шығуға даяр. Араларындағы 4 әйелдің бірі – Хазіреті Мұхаммедтің ақ некелісі Үммү Сәлама. 200 сарбаз атқа мінген.

Меккеге умра – кіші қажылық жасау мақсатымен шыққан мұсылмандар қылыштан басқа қару алған жоқ. Қағба жанында құрбан шалуға ниеттенген олар түйелерін айдап жолға шықты.

Пайғамбарымыз асхабымен бірге «Зул-Хулайфа» деген жерге жеткенде Хазіреті Омар суырылып шығып:

―Уа, РасулАлла! Сені атарға оғы болмай отырған қауымға қарусыз, атсыз кіргенің қалай болар екен? Қару-жарағымызды сайлап шыққанымыз дұрыс болмас па еді? Әлде қалай шайқасып қалып жатсақ…,- деп еді, Алла Расулы:

―Менің ниетім – умра ғибадатын орындау. Шайқасу үшін жолға шыққам жоқ,- деп қаруланбауының себебін тағы да нығарлай көрсетті. Мұсылмандар сонда да қобалжып келе жатқан. Саад ибн Убада да ішкі қаупін білдірді.

―Уа, РасулАлла! Қару-жарақтарымызды алып шыққан болсақ, олардан күдіктенген сәтте ұрысқа кірісер едік,- деді ол.

Пайғамбар алдыңғы жауабын бұл жолы да қайталады. ―Мен қару алып жүрмеймін, өйткені ниетім – тек қана кіші қажылық.

Зул-Хулайфада мҽдиналықтар ихрамға – қажылық үшін арнайы ақ киімге оранады.

Пайғамбарымыз да сол жерде бесін намазын оқыған соң ихрамын киеді. Құрбандық түйелерге де таңба салынды. Мұсылмандар да қажылық киімдерін киінді. Намаздан кейін Пайғамбарымыз құбылаға қараған күйі:

―Ләббәйк! Аллаһүммә Ләббәйк! Иннәл хамдә уәнниғматә ләкә уәл мүлкә лә шәрикә ләк,- деді.

Осынау киелі сөзден атырап нұрланып сала бергендей. Сахабаларының толқыныстары да жүздерінен оқылады.

Зул-Хулайфадан шықпай тұрып Алла Елшісі (с.а.у.) мүшріктердің жай-күйін біліп, ҽрі өздерінің келе жатқанынан хабардар ету үшін Бүср ибн Суфианды Меккеге бақылаушы ретінде жолдады. Бүср ибн Суфиан Мәдинаға пайғамбарымызбен кездесуге келген еді де, РасулАллатың өтінішімен Меккеге бірге қайтқан-ды.

Сырт көзге иманды болып көрініп, ішкі пиғылдары қараниеттілікке негізделген мунафиқтардың бар мақсаты – Пайғамбарымыз (с.а.у.) бен мұсылмандарға зиян шектіру. Сол мақсаттары жолында аянбай – талмай тыраштанатын. Тіпті Пайғамбарлар Сардарының (с.а.у.) ақ некелі пҽк зайыптарына күйе жағып, кір келтіргендерімен қоймай, нас ҽрекеттеріне масаттанатын.

Ислам тарихында Айша анамызға бас мунафиқ Абдуллаһ ибн Үбәй тарапынан жабылған жала оқиғасы жан-жақты түсіндіріледі. Оған қатысты Құран аяты да түскен. Оқиға былай болған.


Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
19.03.2020
732
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі