|
(МК, Т) Сабақтың тақырыбын
ашу
-Балалар, сабақтың тақырыбын
анықтау үшін, мына жұмбақты шешу
керек.
Қозғалмастан бір елі, Түні бойы
жүреді.
-Балалар, жұмбақтың шешуі не
болды?
-Ендеше мына сағаттарға қарап, олардың қандай
ұқсастығы мен айырмашылығы бар екенін
айтыңдаршы.

-Балалар, мұндай рим цифрлары
бар үлкен сағаттарды қайдан көруге
болады?
-Бұл сағаттарды кім көре
алады?
-Бұл оларға не үшін
керек?
/оқушылардың жауаптарын
тыңдау/
-Қалай ойлайсыңдар, бүгінгі
сабағымыздың тақырыбы қандай
болмақ?
-Қандай жетістіктерге жетеміз
деп ойлайсыңдар?
Сабақтың тақырыбы мен
мақсатын хабарлау.
Қызықты
ақпарат:
Цифрларды да арифметика ережелері сияқты, ешкім бірден
ойлап шығарған емес. Осы заманғы цифрлар ғасырлар бойы қалыптасып
жасалынған. Рим цифрлары
б.з.б. 500-жылдар шамасында пайда
болып, Ежелгі Римде қолданылған.

-Жалпы рим цифрларын өмірде
көп кездестіруге болады. Әртүрлі оқулықтар мен журналдарда, мұнара
сағаттарында, темір жол бекеттерінде
де.
Сонымен қоса рим цифрлары адам
өмірімен де тығыз
байланысты.
(МК
) Сабақтың басында біз қолданып
жүрген сандардың араб сандары екендігін хабарлау. Рим цифрларының
кестесін көрсету
(слайд).
(Ж) Жазбаларды есте сақтау мен рим
цифрларын оқу жұмысын жұптастырып орындату. Әр жұпқа 1 қорап
сіріңкеден таратып беру. Оқушылардан кестенің көмегімен 1-ден 12-ге
дейінгі рим цифрларын құрып, оқуын
сұрау
(Ө,Қ) «Менің өмірімдегі
сандар»
Оқушыларға ақ парақтарға
өздерімен байланысты рим цифрларын жазып, топтастарына көрсету
ұсынылады.
Мысалы: бүгінгі сабақ санын, сыныптағы
ұл, қыз , сыныбын, т.б.
(ОТ ) Дәптермен
жұмыс
4-бет, № 2, № 3
Б
(Бармақпен
бағалау)
Сергіту
сәті
1/Қалпақ арқылы
жүгірушілер таңдалады. 2/Жүгіруші парақта жазылған рим цифрасын
оқып, өз тобына жүгіріп айтып
отырады.
ІҮ, ҮІІ, Х, ІІІ, ІХ, ХІІ,
ҮІІІ.
3/Топтастары
жүгіруші айтқан санды кестеге
жазады.
Топтар тапсырмаларды
орындап болған соң, тексеру жүргізіледі. Әр дұрыс санның жанына «+»
таңбасы қойылады.
(Т,Қ) «Ойлан!
Тап!» ойыны
Оқушыларға
ойланып, ақылдасуға 1 минут
беріледі.
Тапсырма: Ешқандай
заттарды қолданбай, рим цифрларын құрастыру, көрсету.Дене мүшелерін
пайдалануға болады. Қарсы топтар көрсетіп тұрған цифрды табу
керек.
Топтар бір-бірін
шапалақтау арқылы
бағалайды.
(Ө,Қ) Карточкамен
жұмыс
Тапсырма •
Берілген сандардың арасынан
рим цифрларымен жазылған сандарды тауып, қоршап сыз және
оқы.
III 4 20 I 2 6 V 18
0 11 X 3 9 12 VI
• Берілген сандарды
рим цифрларымен жазыңыз
|