400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 25 материал табылды

Рим цифрлары. Бәрін білгім келеді

Материал туралы қысқаша түсінік
сабақ жоспары
Материалдың қысқаша нұсқасы



Тақырыбы: Рим цифрлары. Бәрін білгім келеді

Күні: 06.11.18ж Сынып: 2

Мұғалімнің аты-жөні: Д.С.Базилбекова

Қатысқан саны: 1


Оқудың мақсаттары

2.1.1.3 12-ге дейінгі рим нумерациясын оқу, жазу жəне пайдалану

Жетістік критерийі

Оқушы өз біліктерінің мақсатқа сай екенін салыстырады, осы сабақта оқушы:

- рим цифрлары қалай құрылатынын білемін;

- рим цифрларын дұрыс жаза аламын.

Құндылықтарды дарыту

Ынтымақтастық

Пәнаралық байланыс

Дүниетану

Тілдік мақсаттар

Пəндік лексика жəне терминология: Сан, цифр, бір таңбалы, екі таңбалы сандар, саннның жазылуындағы цифрдың орны, ондықтар, бірліктер, қосылғыштардың разрядтық қосындысы, сандарды салыстыру.

Сабақта диалог/жазу үшін пайдаланылатын тіл. Талдау:

-Рим цифрларын қайдан кездестіруге болады?

-Екі таңбалы сан қалай құрылады?

-Ондықтар мен бірліктердің қосындысы нені білдіреді?

Жазу:

-Сандарды 1-ден 12-ге дейінгі рим цифраларымен жазу.

Ресурстар

санау материалдары, кесте, оқулық, жұмыс дәптері №2

Тірек білім, білік, дағдылар

Екі таңбалы сандардың нумерациясы

Сабақтың барысы:

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

2 минут

Ширату. Разрядтарға жіктеу: 78, 48, 58, 96, 100.

Үй жұмысын тексеру (ереже қайталау)

Интерактивтік қосымша

Сабақтың ортасы

30 минут




















































Сабақтың аяқталуы

5 минут


Тақырыпты болжау. Суретпен жұмыс (№1)

-Мұндай таңбаларды қай жерде кездестіреміз? (сағат, ай жəне басқа нұсқаларды көрсетуіне болады).

- Сендер рим нумерациясындағы цифрлар нені білдіретінін жəне қалай пайдалануға болатынын білесіңдер ме? Бұл сабақта рим нумерациясындағы цифрлардың неге ұқсайтынын, бұл жүйеде 1-ден 12-ге дейінгі сандарды қалай жазуға болатынын анықтаймыз.

Түсіндіре отырып, бекіту. (№2)

Сан - есептеу мен өлшеудің нәтижесін білдіретін ең негізгі математикалық  ұғым. Сандар химия, физика, механика, астрономия және көптеген ғылым салаларында кеңінен қолданылады. Күнделікті өмірде де сандарды үнемі  пайдаланамыз.

Цифр - сандарды жазу үшін керекті таңбалар. Цифр деген сөздің  төркіні арабтың «Әс-сифр» деген сөзінен алынған, ал оның мағынасы  — үнді халқының бос орын — «Сунья» деген сөзінің аудармасы екен.

Араб сандары: 1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8, 9 араб сандары деп аталады. Араб сандарын үнділер тапқан, кейін келе ол арабтардың арасына тараған. 12 ғ-дың басында Италия ғалымы Фибоначчи (Leonardo Fibonacci, 1170-1250 жж.) латын тілінде жазылған «Есеп шот» деген кітабында үнді сандарын еуропалықтарға таныстырған. Еуропалықтар бұл сандарды арабтардан қабылдағандықтан, мұны араб сандары деп атап кеткен.

Араб цифрлары «цифр мәндері олардың жазылуындағы бұрыш сандарына тура келеді» қағидасымен құрылған екен. Бірақ, қазіргі уақытта цифрлар дөңгелектеніп кеткен, ал ертеректе , нөлден басқа цифрлар тік бөліктерден құралған. Яғни, нөлдік – бұрыш жоқ, бірлік –бір бұрыш, екілік –екі бұрыш және т.с.с.

Рим Цифрлары–таңбалау жүйесінің сандарды белгілеу үшін қолданылатын дәстүрлі атауы. Б.з.б. 500-жылдар шамасында этрускілерде пайда болып, Ежелгі Римде қолданылған.

- Кəдімгі нумерацияда неше цифр бар, ал рим нумерациясында ше?

- Сандарды қандай таңбалармен белгіледі?

-Сен оларды бейнелей аласың ба?

-12-ге дейінгі сандарды жазу үшін рим нумерациясында неге осылай таңбалайтыны туралы ойладың ба?.

-Тапсырманы үлгі бойынша орындайды.

Есепте (№4)

64+5 64+2 33+3 1 дм 4 см + 5 см

42+5 47-6 78-5 9 дм 7 см – 5 см

25-2 78-2 81+8 85 см – 3 см

Сызбамен жұмыс (№3)

Біздің сыныпта 16 оқушы спорт үйірмесіне, 9 оқушы музыка үйірмесіне қатысады. Спорт және музыка үйірмесіне барлығы неше оқушы қатысса, сонша оқушы сурет салу үйірмесіне барады. Неше оқушы сурет салу үйірмесіне қатысады?

(16+9, 25+25)

Кестемен жұмыс (№6)

19+х=79 у+12=20 36+х=40 47-х=30 х-18=20 100-у=60

Үй жұмысы (4 бет №3, №4 (д))

-Суретке қарап, монеталардағы рим цифрларын ата және оларды араб цифрыен жаз. (2, 5, 7, 11)

-Сызбаға қарап, есеп құрастырып, шығар. (5кг+4кг)

-Цим цифрлары не үшін беріледі?


Рим цифрлары



Оқулық 6-7 беттер































Жұмыс дәптері №2 (4 бет)

Сабақтың соңы

3 минут


Кері байланыс. Ауызша кері байланыс

Рефлексия.

Жетістіктер жолағы

Дифференциация

– оқушыларға көбірек қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілетті жоғары оқушыларға қандай тапсырмалар қоюды жоспарлап

отырсыз?


Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін тексеру жоспарыңыз?


Пәнаралық байланыс

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы
АКТ
Құндылықтармен байланыс (тәрбие)

Қолдау көрсету.

Қабілеті жоғары оқушылар толық ондықтар, 100 саны көлеміндегі сандарды ауызша қосады және азайтады

«Ойды аяқта» тапсырмасы


Әдебиеттік оқу

Оқушыларды ынтымақтастыққа тәрбиелеу

Қорытынды бағамдау

Қандай екі нəрсе табысты болды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

1:


2:


Қандай екі нəрсе сабақты жақсарта алды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

1:


2:


Сабақ барысында мен сынып немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағымды жетілдіруге көмектесетін не білдім?








Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
2 ұстаз жүктеп алған
6 қараша
1546
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі