Рим империясы Шығыста неліктен сақталды? ҚМЖ 5-сынып

Тақырып бойынша 14 материал табылды

Рим империясы Шығыста неліктен сақталды? ҚМЖ 5-сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Рим империясы Шығыста неліктен сақталды? ҚМЖ 6-сынып
Материалдың қысқаша нұсқасы

Бөлім

Рим империясының құлауы

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып:

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы


Рим империясы Шығыста неліктен сақталды?


Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

6.3.2.3 Византияның ішкі саясатын сипаттап, оның ұзақ өмір сүруінің себептерін анықтау және жіктеу

Сабақтың мақсаты

Византияның ұзақмерзімділік себептерін анықтау

Бағалау критерийі

  • Византияның әлеуметтік топтарының өмір ерекшеліктерін шынайы айқындайды;

  • Византияның ұзақмерзімділік себептерін анықтайды;

  • Өзінің көзқарасын түсіндіреді.

Тілдік мақсаттар


Тілдік құзіретті дамыту:

Тыңдалым: ауызша пікірлерді тыңдау.

Оқылым: мәтіндік мәліметпен жұмыс.

Жазылым: жазба жұмыстарын орындау.

Айтылым: барлық сыныппен жұпта/топта ұжымдық талқылау, сондай-ақ сұрақтарға жауап беру кезінде.

Пәнге тән лексика мен терминология: Рим империясы, Византия, ғұндар, түріктер, дипломатия, эфталиттер, Юстиниан заңдары.

Диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестер:

Келесі себептер/факторлар әлеуметтік/экономикалық/саяси/мәдени... болып табылады.

Келесі себептер/факторлар қысқа мерзімді/орта мерзімді/ұзақ мерзімді... болып табылады.

Кейбір факторлардың басқа факторларға, мысалы, .... әсері болды.

Құндылықтарды дарыту

жұптық/топтық жұмыстарды және бағалауды ұйымдастыру арқылы ынтымақтастық, сыйластық пен академиялық шындықты дамыту

Пәнаралық байланыстар

География (Батыс Рим империясының аймағы), Қазақстан тарихы (Халықтардың Ұлы қоныс аударуы)

Бастапқы білім

Оқушыларда 5 сыныпта өткен Рим империясы жайлы қысқаша ақпартты біледі.

Сабақтың барысы

Сабақтың кезеңі

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет


Ресурстар

Сабақтың басы








  • Ұйымдастыру сәті (сәлемдесу, оқушыларды түгендеу, тиянақтылығын қадағалау).

  • Оқушылардың зейінін сабаққа аудару, сыныпта жағымды психологиялық ахуал туғызу.

  • Ой шақыру. Тақырыпқа шығу.

(Б) Оқушылар назарына Еуразия және Африка картасы көрсетіледі.

Орта ғасырларда осы екі аймақты не біріктірді?

Оқушылардың пікірлері тыңдалады. (Бұл аумақтар Шығыс Рим империясының құрамына кірді, Батыс Рим империясына қарағанда 1453 ж.дейін билігін сақтап қалды)

(М) Сабақтың тақырыбы, мақсаты мен оқу мақсаттары, бағалау критерийлері оқушыларға таныстырылады.



Сабақтың ортасы





















Византияның гүлденуі

Империяның аумағы Эгей және Жерорта теңіз-дерінің аралдарымен қоса, екі материктің жерінде: Еуразияда және Африкада орналасқан. Импе-рияның астанасы Константинополь шығыс және батыс елдерін байланыстыратын «Алтын көпір» деп аталды..Византиялықтар өздерін «ромейлер» деп атаған, грек тілінде бұл «римдіктер» деген мағынаны білдіреді. Гректер халық құрамында басым болғандықтан, уақыт өте келе грек тілі ла-тын тілін ығыстырып, мемлекеттік тілге айналды.Тиімді географиялық орналасудың нәтижесінде өзге елдермен сауда-саттық жасауға мүмкіншілік көп болды. Ал византиялық алтын ақша «номисма» ха-лықаралық валюта дәрежесінде жүрді.. Жан-жақтан келген саудагерлер византиялық бұйымдарға қы-зығатын.Қолнершілерге қажетті шикізат әртүрлі жерлерден әкелінетін. Қажет болғанда олар Кавказдан темір, күміс және мыс кендерін, Египеттен жазу үшін па-пирус алғызатын. Қызылкүрең бояуды жасау мақса-тында, қолөнершілер финикиялықтар өндірген теңіз қабыршақтардан алынатын шикізатты пайдаланған.Жақсы климат пен бай жерлер де елдің дамуы-на ықпалын тигізді. Батыс Рим империясына қа-рағанда, құлдар еңбегі азырақ пайдаланылды. Ауыл шаруашылығында еркін шаруалар мен егіншілер қауымдастықтары басым болды. Бір жылда олар түрлі азықтардың бірнеше өнімін алатын. Импе-рия астықты Египет пен Фракиядан алдыртқан. Ал жайылымдардың молшылығы болса мал шару-ашылығын дамытуға мүмкіндік берді.

1-тапсырма

Кестені толтырыңыз: «Византиядағы қандай әлеуметтік топтар жақсы өмір сүрді?»

Әлеуметтік топтар

Қолөнерші

Көпе

Шаруа

Жер иесі

Өмір сүру жағдайлары







2-тапсырма

Мәтінді оқып, Византияның ұзақмерзімдік себептерін топтастыру (саяси, экономикалық, әлеуметтік):

Саяси

Әлеуметтік-экономикалық

1. Император күшті армияны және ірі флотты қамтамасыз ете алады.

2. Мемлекеттің орталықтандырылған басқару жүйесі.


1. Құлдықтың қарқынды дамуы.

2. Жоғары өнімділік

3. қала мен ауыл арасындағы айырбастау.

4. Қолөнер және сауданың дамуы.

5.Император алым- салықтардан көп табыс алды.

Себептердің қайсысы ең маңызды болып табылады?

Талқылау нәтижесінде оқушыларды сабақтың негізгі сұрағына жауап беруге бағыттау керек. Неліктен Византия ұзақ өмір сүрді?



Дескрипторлар:

  • Византияның ұзақмерзімді саяси себептерді анықтайды;

  • Византияның ұзақмерзімді әлеуметтік-экономикалық себептерін анықтайды;

  • ең маңызды факторды айқындайды;

қорытынды шығарады.



Презентация


https://youtu.be/TdmPtP8fLuU?si=D6YniBNf-kO7MgLW







Сабақтың соңы


Мәселелік сұрақты талқылау:

-Византияның географиялық жағдайы оның байлығынан әлдеқайда маңызды болды ма?

-Византияның байлығы және географиялық орналасуы өзара байланысқан ба?

- Рим империясы Шығыста неліктен сақталды?




Рефлексия

Сөйлемдерді жалғастырыңыз:

Бүгін мен ...

... қиын болды

Мен түсіндім ...














Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
07.00.2024
370
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Жариялаған:
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі