400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Рим мәдениеті

Материал туралы қысқаша түсінік
Ежелгі Рим мәдениетінің ерекшеліктері
Материалдың қысқаша нұсқасы

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Мәдениеттану мамандығы 1 курс студенті Мусиева Балнұр

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің оқытушысы Аликбаева Маржан Башановна



Рим мәдениетінің ерекшелігі

Рим мәдениеті ежелгі Римнің өнері, ғылымы, философиясы, діні, әдебиеті және тұрмыстық өмірін қамтитын мәдениет түрі болып табылады. Ол көптеген ғасырлар бойы дамып, бүкіл Батыс әлемінің мәдениетіне үлкен әсер еткен. Рим мәдениеті Ежелгі Грекияның мәдениетінің әсерімен дамып, бірақ өзінің ерекшеліктерін қалыптастырды.

Римдіктердің сәулет өнері ерекше дамыды. Олар өздерінің құрылысында аркалар, күмбездер және үлкен шеңберлі төбелерді жиі қолданды. Рим танымал сәулеттік құрылыстар:

  • Колизей — римдіктердің гладиаторлық ойындарын өткізу үшін салынған амфитеатр.

  • Пантеон — құдайларға арнап салынған ғимарат, оның күмбезі әлі күнге дейін әлемдегі ең үлкен күмбездердің бірі.

  • Рим жолдары мен көпірлері — Рим империясының аумағында жолдар мен көпірлердің кең желісі салынды.


Сонымен қатар Рим әдебитіде жақсы дамыды. Рим әдебиеті негізінен грек әдебиетінің ықпалымен дамыған болатын, бірақ римдік авторлар өздеріне тән стиль мен тақырыптарды таңдады. Мысала атақты Римдік әдебиетке үлес қосқан өкілдерді айта кетсек,

  • Вергилий — рим әдебиетінің ұлы өкілдерінің бірі, оның «Энеида» эпосы Римнің тарихын бейнелейді.

  • Цезарь — саяси қайраткер және жазушы, «Галль соғыстары туралы жазбалар» еңбегінің авторы.

  • Цицерон — рим философы, саясаткер және риторик, өзінің этика және саясат туралы еңбектерімен танымал.

Рим философиясында грек философиясының бағыттары кеңінен тарады, әсіресе стоицизм мен эпикурейлік философиялар.

Осы тұрғыда Рим құқығыда жақсы дамыды. Рим құқығы әлемдегі ең маңызды құқық жүйелерінің бірі болып табылады. Оның негіздері кейінгі батыс құқық жүйелерінің негізін қалады. Рим азаматтық құқығы, меншік құқықтары, келісім-шарттар және құқық қорғау органдары сияқты көптеген принциптер қазіргі құқық жүйелерінде қолданылуда.

Дінде ең маңызды бөліктердің бірі болды. Рим мәдениетінде дін маңызды орын алды. Алғашында римдіктердің пұтқа табынушылық діні болды, бірақ кейін христиандықтың таралуы Рим империясының мемлекеттік дініне айналды.

Римдік дін — әртүрлі құдайлар мен рухтарды, сондай-ақ императорды құдай ретінде табыну болды.

Христиандық — христиан дінінің Рим империясында кең таралуы, әсіресе 4 ғасырда император Константиннің христиандықты ресми дін ретінде қабылдауы арқылы болды.


Рим мәдениетінде жоғары таптың өмірі әсіресе сән-салтанатымен ерекшеленді. Римдіктер көпірлер мен жолдар, акведуктар сияқты техникалық жаңалықтарды қолдана отырып, қала өмірін жақсартты.

Римдік монеталар мен сәнді үй жиһаздары олардың экономикалық қуатын көрсетеді.

Римде банкеттер мен қоғамдық жиналыстар, фестивальдар мен мерекелер кеңінен өткізіліп тұрды.

Қортындылай келе, Рим мәдениеті адамзат тарихының маңызды кезеңін білдіреді, және оның әсері бүгінгі күнге дейін сақталып келеді. Римдіктердің заңдары, сәулет өнері, философиясы және әдебиеті көптеген мәдениеттерге ықпал етті.

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
7 желтоқсан
188
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі