15 890₸ үнемдейсіз
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Риясыз сүйіспеншілік 10 сынып
Мектеп: № 3 Ембі қалалық ЖББОМ КММ
Мұғалімі: Сейлханова Гульшат Серикбаевна
Оқушылар саны:
Сыныбы: 10«А»
Тақырыбы: Риясыз сүйіспеншілік № 24
Құндылық: Сүйіспеншілік
Қасиеттер: сүйіспеншілік,кішіпейілділік, мейірімділік
Сабақтың мақсаты: рухани - адамгершілік сүйіспеншілік құндылығының негізінде махаббат және кішіпейілділік, аянбай қызмет ету, мейірімділік қасиеттерінің маңызын кеңірек ұғыну. Міндеттері:
-
Оқушылардың жақсы көру және
кішіпейілділік, аянбай қызмет ету
туралы білімдерін тереңдету. |
Ресурстар: оқулық, дәптер, баяу әуен,қима қағаздар, смайликтер |
Сабақтың барысы: 1. Ұйымдастыру кезеңі: Оқушылармен амандасып, Оқушылардың оқу құралдарын «5 затты» тексеріп, «Өзін - өзі тану» сабағының ережесін «5-Т» (тәртіп, талап, тыныштық, тазалық, татулық) қайталау. 2.Тыныштық сәті « Нұрға бөлену» Ыңғайланып отырыңыздар,денелеріңізді түзу ұстаңыздар. Аяқ-қолдарың- ызды айқастырмаңыз.Қолыңызды тізеңізге немесе үстелге қоюға болады. Көздеріңізді жұмуларыңызды өтінемін.Елестетіп көріңіз: Күн нұры сіздің төбеңізден өтіп,кеудеңізге қарай бойлап барады.Кеудеңіздің орта тұсында гүл түйнегі орналасқан.Гүлдің түйнегі нұрдан баяу ашылып келеді.Балғын және таза әсем гүл сіздің әр ойыңызды,әр сезіміңізді,эмоцияңыз бен тілек-қалауыңызды шайып,жүрегіңіздің қауызын ашты.Нұр сәулесі сіздің бойыңызға ақырын тарай бастағанын елестетіңіз.Ол біртіндеп күшейе түсуде.Оймен осы нұрды қолдарыңызға түсіріңіз.Сіздің қолдарыңыз нұрға бөленіп,сәуле шашуда.Қолымыз тек жақсы,ізгі істер істейді және баршаға көмектеседі.Нұр аяқтарыңызға тарады. Аяқтарыңыз нұр сәулесін шашуда.Олар сізді тек жақсылық жасау үшін жақсы жерлерге апарады. Одан әрі нұр сіздің аузыңызға,тіліңізге тарады.Тіліңіз тек шындықты және жақсы,ізгі сөздер ғана айтады.Нұрды құлақтарыңызға бағыттаңыз,құлақтарыңыз тек жақсы сөз бен әсем әуенді ғана естиді.Нұр көздерімізге де жетті,көзіміз тек жақсыға қарап, бәрінен жақсылықты ғана көреді.Сіздің басыңыз түгелдей нұрға бөленіп,басыңызға тек ізгі,сәулелі ой келеді.Нұр бірте-бірте қарқын және шұғылана бастайды,сіздің денеңізден шығып,жан-жағыңызға сәуле шашады.Осы нұрды туыстарыңызға,мұғалімдеріңізге,достарыңызға,таныстарыңызға бағыттаңыз.Нұрды уақытша түсініспей, ренжісіп жүрген адамдарға да бағыттаңыз,олардың да жүрегі нұрға толсын.Осы нұрды бүкіл әлемге,барлық адамдарға,жан-жануарларға,барлық тірі жанға таралсын.Ғаламның барлық түкпір-түкпіріне нұрды бағыттаңыз.Ойша айтыңыз: «Мен нұрлымын....Нұр менің ішімде... Мен нұрмын.»Осындай Нұр,Махаббат және Тыныштық күйінде отыра тұрыңыз.Енді осы Нұрды жүрегіңізге орналастырыңыз.Нұрға толы бүкіл әлем сіздің жүрегіңізде. Жаймен көзіңізді ашуға болады. Рахмет. Тыныштық сәтінен алған әсерлеріңіз қандай? |
Сабақ барысын талдау: баяу әуен қосылады |
3. Үй тапсырмасын тексеру: І.Есенберлин үзінді оқу |
|
4.Дәйексөз « Махаббатпен жаратқан адамзатты» Абай Дәйексөздің мағынасын қалай түсінесіңдер ?Дәйексөзді дәптерлеріне жаздыру |
|
5. Әңгімелесу. Мұғалім сыйы «Адамды адам еткен еңбек» |
|
6 Шығармашылық жұмыс. Топтық ,жеке жұмыс |
|
7. Үйге тапсырма беру: 23 сабақ |
|
8. Топпен ән айту «Елімізді сүйеміз» әні Сөзі: Қ. Мырзалиев Әні: Д. Ботбаев |
|
9. Сабақтың соңғы минутасы
|
баяу музыка
|

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген