«Робот техникасы» элективті курсының оқу бағдарламасы

Тақырып бойынша 13 материал табылды

«Робот техникасы» элективті курсының оқу бағдарламасы

Материал туралы қысқаша түсінік
«Робот техникасы» элективті курсының оқу бағдарламасы; 5,6,7 сыныптар
Материалдың қысқаша нұсқасы
«Робот техникасы»
элективті курсының
оқу бағдарламасы
1-деңгей
5, 6 және 7 сыныптар

1

Робот техникасы
1-деңгей
БАҒДАРЛАМАҒА ШОЛУ
Роботтар — қарқынды дамып келе жатқан болашақтың жоғарғы
технологияларының бірі. Қазіргі кезде роботтар өміріміздің көптеген
саласына, атап айтқанда, ғарышты игеру, денсаулық сақтау, өндіріс,
қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, қорғаныс ісі және басқа да
салаларға еніп үлгерді.
Қазақстан
Республикасында
өнеркәсіптің
жеделдетіле
индустрияландырылуы, жаңа технологиялардың қарқынды дамуы
өскелең ұрпақты жоғарғы білікті техникалық сала мамандары ретінде
даярлауды талап етеді. Осыған байланысты «Назарбаев Зияткерлік
мектептері» ДББҰ жалпы білім беретін мектеп оқушыларына арнап
«Робот техникасы» курсы 1-деңгейінің (5, 6 және 7 сыныптарға
арналған) бағдарламасын әзірлеп шығарды.
Оқушылар аталған курс аясында жаратылыстану-ғылыми
бағыттағы математика, физика, информатика және т.б. пәндер
бойынша алған білімі мен дағдыларын кіріктіре отырып, робот
техникасы, инженерлік дизайн және технология негіздерін зерттейді.
Практикалық жобаларды орындау принципіне негізделіп
құрастырылған курста робот техникасы және инженерлік жүйелерді
жобалау саласы бойынша білім негіздері мен дағдылары
меңгертіледі. Оқушылар курс барысында әртүрлі есептерді шығару
үшін роботтардың үлгілерін әзірлейді, оларды жасау техникасын
бағдарламалайды және роботтар құрастырады. Курстың теориялық
материалдары практикалық бөлігімен сәйкестендірілген. Оқушылар 2
немесе 3 адамнан тұратын топта жұмыс жасап, күрделі роботтарды
жинақтайды және тестілеуден өткізеді. Курс жұмысы роботтар
жарысымен аяқталады.
Курс
барысында
білім
алушылардың
инженерлiк,
конструкторлық, шығармашылық қабілеті мен әлеуетін арттыруға
мүмкіндік беретін алдыңғы деңгейлі LEGO® MINDSTORMS® EV3 оқу
конструкторлары пайдаланылады.
Осы бағдарлама бойынша білім алған оқушылардың жаңа
технологияларды жобалау ісіне қызығушылығы артып, жоғары оқу
2

орны деңгейіндегі іргелі ғылым және инженерия саласында білімін
жетілдіруге дайын болады деп болжанып отыр.
Бағдарлама оқушылардың өз бетінше білім алуына да мүмкіндік
береді.

ОҚУ НӘТИЖЕЛЕРІ:
Оқушылар курс соңында:
 робот техникасы дамуының тарихы және білім негіздері туралы;
 роботтардың қабылдау, жоспарлау, жауап берулеріне қатысты
негізгі тәсілдерін біледі.
Оқушылар курс соңында:
 түрлі мақсаттағы міндеттерді жүзеге асыру үшін роботтарды
жобалау;
 робот техникасы жүйелеріндегі датчиктер мен моторларды
қолдану;
 қарапайым роботтарды басқару;
 жоспарланған концепцияларды сипаттау және таныстыру;
 LEGO® MINDSTORMS® Education EV3 және LEGO® Digital
Designer бағдарламаларында жұмыс жасай алу;
 математика, физика, геометрия және информатика пәндерінде
алған теориялық білімдерін робот техникасы жүйелерінде
қолдану;
 алған білімдерін топтық және жобалық тапсырмалар кезінде
қолдану;
 бірнеше дереккөзден алынған ақпараттарды синтездеу т.б.
жұмыстарды жүзеге асыра алады.
Оқушылар курс соңында:
 білім алуға арналған конструкторларды пайдалану арқылы
роботтарды жинастыру, модельдеу және құрастыру;
 роботтарды визуалды графикалық ортада бағдарламалау;
 топтық, зерттеушілік және эксперименталды жұмыстарды жасау
дағдыларын меңгереді.
3

Оқушылар курс соңында:
 алгоритмдеу және бағдарламалау арқылы роботтар секілді
күрделі жүйелерді модельдеуге болатынын;
 робот техникасы курсы бойынша алған білімі ғылым, техника,
медицина, білім беру және мәдениет салаларының дамуына
ықпал ететінін;
 робот техникасы курсында алған есептеу және ойлау
дағдыларын әртүрлі жағдайда туындаған күрделі жайттарға
талдау жасау кезінде қолдануға болатынын;
 құрастыру, модельдеу және бағдарламалау дағдыларын
пайдалану адамның түрлі салалардағы қызметін жеңілдету және
жақсарға қажетті құрал-жабдықтар жасауға және тың ойлардың
пайда болуына ықпал ететінін түсінеді.
ПЕДАГОГИКАЛЫҚ КӨЗҚАРАСТАР
Педагогикалық көзқарастарға мыналар жатады:
 әрбір оқушының пікіріне құлақ асу;
 әрі қарай даму мақсатында бастапқы білім мен түсінікті
қолданудың маңыздылығын түсіну;
 ынталандыра және дамыта оқыту;
 оқытудың белсенді әдістерін қолдану;
 мәселеге бағдарланған оқыту тәсілдерін пайдалану;
 оқушылар мен олардың қажеттіліктеріне сәйкес оқытудың түрлі
стильдерін пайдалану;
 саралап оқыту тәсілдері;
 оқушыларға «оқыту үшін бағалау» тәсілі арқылы қолдау көрсету;
 зерттеушілік белсенділікке қолдау көрсету;
 оқушылардың білім алуына көмектесу мақсатында олардың
ақпаратты қалай сұрыптайтынын білу;
 мәселені тапқырлықпен шешу дағдыларын дамыту;
 оқушылардың ғылыми логикасы мен ғылыми базасын дамыту;
 оқушыларға ашық сұрақтар және тапсырмалар ұсыну;

4

 оқушылардың қате пікірлерін анықтап, оларға талқылау және өз
ойларын басқа қырынан талқылауға мүмкіндік бере отырып,
қайта білім алуға көмектесу;
 оқушылардың сыни ойлау дағдыларын дамыту;
 мұғалім-оқушы қарым-қатынасының мүмкіндіктерін арттыру;
 оқушылардың жаңа ақпаратты меңгеруі кезінде оны қарқынды
бақылай алулары үшін қажетті жайлылық деңгейлерін арттыру;
 оқытуда тоғыспалы даярлауды және тұтастық тәсілдерін дамыту;
 оқушылардың танымдық қызығушылығын, интеллектуалдық және
шығармашылық қабілеттерін дамытуға қажетті жағдай жасау, өз
бетінше бағдарлама компоненттерін қолдануға және оның
мазмұны арқылы өз білімдерін жақсартуға бағытталған ісшараларды жүзеге асыру;
 жеке
және
топтық
жұмыстарды,
сондай-ақ
сыныптық
жұмыстарды ұйымдастыру;
 жобамен жұмыс істейтін оқушыларға, жеке немесе топтасып
жобалауға, мақсаттар қоюға, болжам жасап, оны дәлелдеуге,
қажетті ақпаратты іздеуге, тәжірибелер жасап, атқарылған жұмыс
нәтижелерін ұсынуға, талдау жасауға және жасаған жұмысын
бағалауға, сондай-ақ жобаны шығармашылықпен қорғауға
мүмкіндік беру;
 оқушылардың бай академиялық тілін қалыптастыру мақсатында
диалог құруда/жазуда қажетті сөздік қорды пайдалануы үшін
жүйелі тілдік қолдау қолдану;
 сыныптастар арасында жоғары оқу орнына түсуге немесе
қызметтік мансапты құруға бағытталған оңтайлы оқыту ортасын
құру;
 оқу үдерісіне оқушылардың ата-аналары мен отбасы
мүшелерінің қатысуына қолдау көрсету.
КҮНТІЗБЕ ЖОСПАРЫ
Төменде жоспарланған сабақтар күнтізбесі ұсынылған. Оған
мұғалімнің пікірі бойынша өзгерістер енгізілуі мүмкін.

5

Сабақ

1

1.1

1.2

1.3

1.4

1.5

1.6

Тақырып

Сағат
саны

Күтілетін нәтижелер

МОДУЛЬ 1: КУРСҚА КІРІСПЕ ЖӘНЕ LEGO® MINDSTORMS® EV3-МЕН
ЖҰМЫС ІСТЕУ НЕГІЗДЕРІ
Робот техникасы негіздерін
түсіндіру, «робот» ұғымымен
таныстыру, роботтардың
Робот техникасы курсына
түрлерін және пайдалану
кіріспе: Робот техникасының
1
салаларын зерттеу.
негіздері, пайдалану салалары,
«Робот» терминінің мағынасын
түрлері.
анықтау, механиканың дамуы
және адамзаттың техникалық
жетістіктері туралы айту.
Робот техникасының
Робот техникасының тарихы
1
тарихымен және болашағымен
және болашағы.
танысу.
LEGO® жинағының құрамымен
Курс жабдықтарымен танысу:
танысу: электронды
LEGO® MINDSTORMS® EV3
1
компоненттер, тісті
Education жинағы.
доңғалақтар, осьтер,
конструкциялық элементтер.
EV3 дегеніміз не?
Техникалық сипаттамасы,
аккумуляторларды орнату,
EV3 модулі.
1
EV3-ді қосу және өшіру,
индикаторлар және
батырмалар, порттар.
Robot Educator-мен және оның
Роботтың негізгі үлгісін
1
мақсатымен танысу, негізгі
құрастыру.
үлгісін құрастыру.
Үлкен және орташа мотор.
Түс датчигі, ультрадыбыс
датчигі, жанасу датчигі,
Моторлар және датчиктер.
1
гироскопиялық датчик.
Моторлар мен датчиктерді қосу.
EV3-ді компьютерге қосу.

6

1.7

EV3 модулінің интерфейсі.

1

1.8

Бағдарламалау дегеніміз не?
EV3-дің бағдарламасы.

1

1.9

1.10

2

2.1

2.2
2.3

2.4

2.5

LEGO® Digital Designer
бағдарламасында роботтың
негізгі үлгісін модельдеу:
1 бөлім.
LEGO® Digital Designer
бағдарламасында роботтың
негізгі үлгісін модельдеу:
2 бөлім.
1-модуль бойынша барлық
сағат саны

1

1

EV3-дің мәзірі: соңғы
бағдарламаны іске қосу;
Файлды таңдау; Модульдің
қосымшалары; Баптаулар.
Әзірлеуге арналған
бағдарламаны орнату және
онымен танысу. Жоба
құрылымының түсінігі.
Бағдарламаны жаңарту.
LEGO® Digital Designer атты 3D
модельдеу бағдарламасымен
танысу. EV3-дің негізгі үлгідегі
роботын жобалау.
3D модельдеу, роботтың
прототип үлгісін құрастыру.

10

МОДУЛЬ 2: МОТОРЛАР АРҚЫЛЫ ҚОЗҒАЛЫС
Қозғалыс дегеніміз не?
EV3-ге алғашқы бағдарламаны
жасау.
Үлкен моторлардың қозғалысы:
Рульдік Басқару блогы.
«Биші Робот» жобасы және
берілген тапсырмалар бойынша
командалық жұмыс.
Роботтың қолын қозғалту:
Орташа Мотордың блогы.
«Қоқыс тазалағыш робот»
жобасы және берілген
тапсырмалар бойынша
командалық жұмыс.
Үлкен Мотор блогы.

1

1
1

1

Үлкен моторларды және
Рульдік басқару блогын
қолдану, роботтардың
қозғалысын қамтамасыз ету
үшін доңғалақтарды калибрлеу.
Берілген тапсырмаларды шешу
үшін оқушылардың топта
жұмыс жасауы.
Орташа мотордың блогымен
танысу және оны іске қосу.
Берілген тапсырмаларды шешу
үшін оқушылардың топтасып
жұмыс жасауы.
Үлкен мотордың блогымен
танысу және оны іске қосу.

7

2.6

3

3.1

3.2

4

«Күшік» роботын құрастыру.

1

2-модуль бойынша барлық
сағат саны

6

МОДУЛЬ 3: БҰРЫЛЫСТАР

Бұрылыс дегеніміз не?
Бір орындағы бұрылыс:
Моторларды Тәуелсіз басқару
блогы.

«Көлік тұрағы» жобасы және
берілген тапсырмалар бойынша
командалық жұмыс.
3-модуль бойынша барлық
сағат саны

1

1

Моторларды Тәуелсіз басқару
блогын және оның
баптауларын оқу, роботтың
әртүрлі бұрыштарға бұрылу
механизмдерін зерттеу,
берілген градустарға роботтың
бұрылуына арналған
бағдарлама жазу.
Берілген тапсырмаларды
орындауы үшін оқушылардың
топтасып жұмыс жасауы.

2

МОДУЛЬ 4: ДАТЧИКТЕР

4.1

Жанасу датчигі. Батырманың
басылуын анықтау.

4.2

«Жүк тасымалдағыш робот»
жобасы және берілген
тапсырмалар бойынша
командалық жұмыс.

4.3

Әртүрлі бұйрықтарға әрекет
ететін және Түспен жанасу
датчиктерін пайдаланатын
робот үлгісімен танысу.

«РобоҚол» роботын құрастыру.

1

Жанасу датчигінің жұмыс істеу
принципімен танысу және
зерттеу. Бағдарламалау
барысында моторларды іске
қосу үшін жанасу датчигінің
батырмаларын пайдалану.

1

Берілген тапсырмаларды
орындау үшін оқушылардың
топтасып жұмыс жасауы.

1

Нысандарды табу және
белгіленген жерге жылжыту
үшін Түспен жанасу
датчиктерін қолданатын роботқол үлгісімен танысу.

8

4.4

Ультрадыбысты датчик.
Кедергілерге реакция және
оларды анықтау.

1

4.5

«Сигналдар» жобасы және
берілген тапсырмалар бойынша
командалық жұмыс.

1

4.6

Гироскопиялық датчик.
Бұрыштық ауытқуды анықтау.

1

4.7

«Маневр» жобасы және
берілген тапсырмалар бойынша
командалық жұмыс.

1

4.8

«Гиробой» роботын құрастыру.

1

4.9

Түс датчигі. Түсті анықтау.

1

4.10

«Бағдаршам» жобасы және
берілген тапсырмалар бойынша
командалық жұмыс.

1

4.11

«Түстісұрыптауыш» роботын
құрастыру.

1

4-модуль бойынша барлық
сағат саны

11

5

Қашықтықты анықтайтын
датчиктің жұмыс істеу
принципін зерттеу. Оны
қарапайым бағдарлама жазу
үшін қолдану.
Берілген тапсырмаларды
орындау үшін оқушылардың
топтасып жұмыс жасауы.
Гироскопиялық датчиктің
жұмыс істеу принципімен
танысу. Бұрыштық ауытқуды
анықтайтын бағдарламаны
жазу.
Берілген тапсырмаларды
орындау үшін оқушылардың
топтасып жұмыс жасауы.
Өз бетінше теңестіру үшін
ультрадыбысты және жанасу
датчиктерін қолданатын робот
үлгісімен танысу.
Түс датчигімен, оның
баптауларымен және жұмыс
істеу принциптерімен танысу.
Объектінің түсін анықтауға
арналған бағдарлама жасау.
Берілген тапсырмаларды
орындау үшін оқушылардың
топтасып жұмыс жасауы.
Түс датчигі мен жанасу
датчигін, сондай-ақ
моторларды қолдану арқылы
объектілерді түстеріне қарай
сұрыптайтын робот үлгісін
құрастыру.

Модуль 5: СЫНЫПТАҒЫ ЖАРЫСТАР

9

5.1

Сыныпқа жарыстың басталуы
туралы хабарлау.
Идеялардың таныстырылымы.

1

5.2

Өз роботтарының үлгісін жасау.

1

5.3
5.4
5.5

Роботты бағдарламау және
тестілеу.
Роботтардың таныстырылымы
және сайысы.
Роботтардың таныстырылымы
және сайысы.
Жеңімпаздарды анықтау.
5-модуль бойынша барлық
сағаттар саны
Курс бойынша барлық
сағаттар саны

WRO ережелерімен және
жарыстың тапсырмаларымен
таныстыру. Оқушыларды
топтарға бөлу. Идеяларды
ұсыну.
Өз үлгілерін құрастыру және
бағдарлама жазу арқылы алған
білімдерін бекіту.

1

Оқушылардың топтық жұмысы.

1

Оқушылардың топтық жұмысы.

1

Оқушылардың топтық жұмысы.
Жеңімпаздарды анықтау.

5
34

«Робот техникасы»
элективті курсының зерттеу нәтижесін бағалау тәсілдері
Курстан күтілетін нәтиже оқушылардың оқудағы жетістіктерін
мұғалім мен оқушы арасындағы кері байланыс арқылы формативті
және суммативті бағалау жолдары бойынша бағаланады.
Формативті және суммативті бағалау курстың оқу бағдарламасы
бойынша оқушылардың білімі мен дағдылары жетістіктерінің деңгейін
өлшеуге бағытталған:
Модуль

1

Білім

Дағдылар

Оқушы біледі:

Оқушы:

Робот техникасы негіздерін,
құрал-жабдықтарын, EV3
мәзірін.

Роботтың түрлерін
ажырата алады,
бағдарламаны орнатады,
10

роботтың прототип үлгісін
жасайды.
2

Роботтың қозғалыс
теориясын, үлкен және
орташа моторды,
датчиктерді.

Роботты құрастырады,
үлкен және орташа
моторды, датчиктерді
қолданады.

3

Моторды Тәуелсіз басқару
блогын және оның
баптауларын, роботты
әртүрлі бұрышқа бұру
механизмін.

Роботты қозғалтатын
бағдарламаның кодын
жазады.

4

Объектілерді табу және
жылжыту үшін жанасу
датчиктің жұмыс істеу
принципін.

Роботты құрастырады және
бағдарламаның кодын
жазады.

5

WRO ережелерімен және
сайыс тапсырмаларымен
таныса алады.

Жасаған роботты өз
бетінше немесе топтың
құрамында ұсына алады.

Формативті бағалау үздіксіз жүргізіледі
уақытылы жетілдіріп отыруға мүмкіндік береді.

және оқу үдерісін

Суммативті бағалау оқу курсының соңындағы өлшемдер
бойынша ұсынылған жобаларды бағалау арқылы өткізіледі.

Жобаны ұсыну және көрсету өлшемдері
(роботтар, виртуалды роботтар)

Өлшемдер
1 Түпнұсқалық
және сапа

2

Техникалық
тұрғыдан түсіну

Сипаттама
Жоба айрықша үлгіде ұсынылған, жан-жақты
ойластырылған және өмірде қолдануға
жарайды (дизайн, тұжырымдамасын),
оқушылардың шығармашылық қабілетін
танытады.
Топ роботты үлгілеу, құрастыру және
бағдарламалау кезінде өз құзыреттілігін

11

3

4

көрсетті, ұсынған жобасының нақты қалай
жұмыс істейтінін түсіндіре алды, тиімді
инженерлік тұжырымдамасын біліп
пайдаланды.
Көрсету
Жоба алдын ала межеленгендей, жоғары
дәрежеде жұмыс істейді. Топ жобаны жанжақты зерттегенін жоғары дәрежеде танытты.
Нәтижелерді нақты тұжырымдай алды.
Оқушылар өздерінің жобасына қатысты
сұрақтарға жауап берді. Топтың барлық
мүшелері жобаға қатысты бірдей білім деңгейін
көрсетті.
Практикалық
Жобаны практикалық тұрғыдан қолдануға
тұрғыдан қолдану болады.

12
Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
pdf
17.02.2024
130
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі