400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Роботатехника әлемінде

Материал туралы қысқаша түсінік
: Балаларды бірлесіп жұмыстандыра отырып, роботехникаға қызығушылығын арттыру, Роботышқан, Lego Education 2.0, Lego Education (қарапайым механизмдер) жиынтығы туралы мәлімет беру. Констукторлардың қасиеттерін, топтарын ажырата білуге, заңдылықтарды табуға үйрету. Шығармашылық елестетуін, танымдық ойлау қабілеттерін, есте сақтау және зейінін дамыту. Жан - жақты, өз бетімен жұмыс істеуге тәрбиелеу.
Материалдың қысқаша нұсқасы


Ұйымдастырылған оқу қызметі


Білім беру саласы: «Таным»

Тақырыбы: «Роботехника әлемінде»

Мақсаты: Балаларды бірлесіп жұмыстандыра отырып, роботехникаға қызығушылығын арттыру, Роботышқан, Lego Education 2.0, Lego Education (қарапайым механизмдер) жиынтығы туралы мәлімет беру. Констукторлардың қасиеттерін, топтарын ажырата білуге, заңдылықтарды табуға үйрету. Шығармашылық елестетуін, танымдық ойлау қабілеттерін, есте сақтау және зейінін дамыту. Жан - жақты, өз бетімен жұмыс істеуге тәрбиелеу.

Алдын - ала жұмыс: компьютер кабинетінде құрылғыларымен таныстыру, ғарыш әлемі туралы әңгімелесу.
Әдіс – тәсілдер: сұрақ – жауап, ойлан, жұптас, талқыла (СТО), машықтық

Пайдаланылған жаңа ақпараттық технологиялар: Ноутбук, дискі, Роботышқан, Lego Education 2.0, Lego Education (қарапайым механизмдер) жиынтығы

Үштілді компонент: тышқан – мышка - mouse

Іс-әрекет кезеңдері

Жетекшінің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Мотивациялық қозғаушылық



- Сәлеметсіңдерме балалар?

- Көңіл-күйлерің қалай?

Шаттық шеңбері:

Арайланып таң атты,

Алтын сәуле таратты,

Жарқырайды күніміз,

Жайнай түсті даламыз,

Қайырлы таң, баршаңа.

Біз ерекше баламыз.

-Балалар айналамызға қарайықшы, жерде не шашылып жатыр? (құрастырып болған кезде қарапайым дискі сиқырлы дискіге айналып кетеді)

-Бұл сиқырлы дискі болғаны ғой, біз қайда тап болдық?

(Роботехника әлемінен достарымыз шыға келеді)

-Сәлем, балақайлар! Біздің әлемімізге қош келдіңіздер! Бізге ақылды, зерек балақайлар қонаққа келеді. Бұл – Роботехника әлемі.

Ендеше, сіздерді Роботехниканың 3 кезеңінен өткізетін боламыз.

-Міне, керемет. Балалар, сіздер дайынсыздарма?

Балалар топ бөлмесінде жартылай шеңбер болып отырады.

  • Сәлеметсізбе!

  • Здраствуйте!

  • Good morning!

Арайланып таң атты,

Алтын сәуле таратты,

Жарқырайды күніміз,

Жайнай түсті даламыз,

Қайырлы таң, баршаңа.

Біз ерекше баламыз.

  • Жануарлар дискісі


-Балалар таңданып жан-жағына қарайды



-Өте керемет, бізге барлығы қызық...


-Сіздерден көп нәрсе үйренгіміз келеді.

-Иә

Ұйымдастырушылық ізденістік


- 1 тапсырма. Жүк көтергіш жасау

Иә, қазір біз жүк көтергіш жасап үйренеміз. Кітапшаны пайдалана отырып, роликті, рычагты, дөңгелек сияқты қарапайым механизмдердің бөлшектерін қолданып, жүк көтергіш жасап шығарады.

2-тапсырма. Роботышқан жиынтығымен жұмыс

Роботышқанның аты кім?

Плиткалар арқылы тышқанның жүретін ойын алаңын жасаймыз, қоршаулар құрамыз, тышқан арқылы бағдарламалауды үйренеміз.

Сергіту сәті. Көзге арналған жаттығулар.


3 тапсырма. Lego Education 2.0 – «Желдеткіш» құрастыру.

Қауіпсіздік ережесі түсіндіріледі.

Бөлшектерді пайдалана отырып, алғашқы роботтарды құрастырады. Қажетті бөлшектер:

-Smart Hub

-констуктор 2 бөлшегі

-мотор

-2 жасыл плиткағатқысқа осьті бекітіп желдеткіш бөлшегі дайын.

-ноутбук пен Smart Hubты байланыстырып қосу.

-блоктар арқылы бағдарлама жазу.

-тестілеп көру

-мотор жылдамдығы -9ға қою.

-Бұл Lego Education ғой


-Барлығы дайын болды, өте оңай екен





-Колби

-керемет



Барлығы сергіту сәтін жасайды.


Көрсетілген нұсқаулық бойынша желдеткіш құрастырады.

Рефлексивті-түзетушілік


Роботехника әлемі: Керемет балалар, өте тамаша. Мен сіздердің ақылдарыңыз бен білімдеріңізге риза болдым.

Флешка – лезде сіздерді жеткізіп тастаймын.

-Балалар, робототехника әлемінен не үйрендік? Сіздерге оқу қызметіміз ұнады ма?

-Біздер, қандай құрылғылармен таныстық?

-Жарайсыздар балалар, ендеше бүгінгі оқу қызметіміз аяқталды. Сау болыңыздар!

- Ендеше біздің қайтатын уақытымыз болды, ақпарат тасымалдаушы флешка бізді өз әлемімізге апарып тастаңызшы.

-бүгінгі Робототехника әлемінде ерекше мәліметтер алдық.

-Роботышқан, Lego Education 2.0, Lego Education


Сау болыңыздар!




Күтілетін нәтиже:

Орындайды: Берілген тапсырмаларды өз беттерімен орындап, ақпараттық құралдармен дұрыс жұмыс істейді.

Түсінеді: жаңа мәліметтерді ұғынып, нәтиже көрсетеді. Әр құрылғының қызметін түсінеді.

Қолданады: машықтық жұмыс арқылы тапсырмаларды тиянақты саралап, қажетті құрылғыны нәтижелі қолдана алады.





Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
22.12.2021
704
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі