400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·20.10.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 27 материал табылды

РОБОТОТЕХНИКА – ЗАМАН ТАЛАБЫ

Материал туралы қысқаша түсінік
әдістемелік көмек ретінде
Материалдың қысқаша нұсқасы

РОБОТОТЕХНИКА – ЗАМАН ТАЛАБЫ

Қазақстан дамыған елдер қатарына қосылу мақсатында ғылыми-техникалық прогрестің

маңызды бағытынан құр қалмауда. Қазіргі таңда бүкіл дүние жүзінде робототехника ғылымы

кең қолданыс тауып отыр. Робототехника автоматтандырылған техникалық жүйелерді

құрумен айналысатын қолданбалы ғылым болып табылады. Робототехника бағдарламалау

және механика сияқты пәндерге сүйенеді. Робототехника механика және жаңа технологиялар

проблемасын жасанды интеллект проблемаларымен ұштастырады.

Орта білім беру саласында факультатив және элективті курстарда роботехника негіздері

пәні енгізілуде. Осы пән бойынша түрлі конкурстар, сайыстар өткізіліп, оқушылар бір-бірімен

ғылыми-техникалық идеялар, техникалық ақпарат және инженерлік білімдерімен алмасуда.

ҚР Білім және ғылым министрлігінің бастамасымен еліміздегі бірқатар білім беру мекемелері

жаңа LEGO Education жиынтықтарымен жабдықталып, болашағы зор бағытты дамытуға сай

алғашқы қадамдар жасау үстінде. Солардың бірі робот техникасы болып табылады. Роботты

техника оқушыларды ғылым, технология, математика арқылы жаңашылдыққа шабыттандырады.

Робототехника курстары – бірқатар қиын техникалық пәндерді оқушыларға үйретуде керемет

құрал. Мұнда оқушылардың тек логикалық ойлау қабілеті жетіліп қана қоймай, сонымен қатар,

математикалық, алгоритмдік жалпы қабілеттері мен электронды сызбаларды түсіну, өз ойын

нақты және дұрыс жеткізу, проблемаларды түрлі жолдармен шешу, топпен жұмыс жасау секілді

басқа да зерттеушілік біліктіліктерін де дамытады. Нәтижесінде оқушылар өз жобаларын жүзеге

асыра алады.

2017 жылдың қазан айында «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Ақмола облысы бойынша

педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтының базасында информатика,

математика және физика пәнінің мұғалімдері «Робототехника негіздері» тақырыбында

біліктілігімізді арттырып, курстан өттік. Курстың мақсаты – білім және ғылым саласындағы

жетістіктерді ескере отырып, мұғалімдердің робот техникасы құралдарын қолданудағы

ақпараттық және техникалық сауаттылығын дамыту. Курс тыңдаушылары роботтарды

модельдеу, бағдарламалауды, құрастыру дағдыларын меңгерді.

Болашақта мұғалімдер осы курста алған білімдерін шыңдап, шәкірттері «Робототехника»

бойынша түрлі сайыстарда, конкурстарда жоғары деңгейде нәтиже көрсетіп, биіктерден

көрінетіндігіне сенімдімін.

2017-2018 оқу жылының наурыз айында облыстық оқушылар арасында «Робототехника»

бойынша конкурс өткізілді. Конкурсқа Ақмола облысы, Целиноград ауданы, Қажымұқан ауылы

№4 негізгі мектебінің 7 сынып оқушылары Орынбеков Нұрболат пен Жұмаділда Олжас қатысып

кегельринг квадро бойынша 4 – орынды иеленді. Робототехника саласын енді ғана бастаған

біздер үшін бұл үлкен жетістік.

Роботтардың қолдану аймақтары күннен- күнге көбеюде. Роботтарды жинау, құрастыру,

модельдеу және бағдарламалау арқылы оқушылар робот техникасы және инженерлік жүйелерді

жобалау саласындағы білімі мен дағдыларын дамытады. Болашақ робот құрастырушы

математика мен физиканы, информатика мен сызуды, басқа да ғылым саласын міндетті түрде

меңгеруі тиіс. Робототехниканы үйрететін мұғалімдердің де қызығушылықтары өте жоғары,

олар қазір өздерінің біліктілігін арттырып, болашақ үшін аса қажетті мамандықты меңгеру ісіне

араласуда.

Әдебиеттер тізімі:

1. МИФ журналы №2 бөлім, 2017

2. Білім айнасы газеті, № 7

3. Интернет желісі , http://bilimainasy.kz/?p=14337

Аннотация. Робототехника курстары – бірқатар қиын техникалық пәндерді оқушыларға

үйретуде керемет құрал. Мұнда оқушылардың тек логикалық ойлау қабілеті жетіліп қана қоймай,

сонымен қатар, математикалық, алгоритмдік жалпы қабілеттері мен электронды сызбаларды

549

түсіну, өз ойын нақты және дұрыс жеткізу, проблемаларды түрлі жолдармен шешу, топпен

жұмыс жасау секілді басқа да зерттеушілік біліктіліктерін де дамытады. Нәтижесінде оқушылар

өз жобаларын жүзеге асыра алады.

Аннотация. Курс робототехники – отличный способ преподавать студентам ряд сложных

технических дисциплин. Он не только развивает способность логического мышления студентов,

но и развивает другие исследовательские навыки, такие как математические, алгоритмические

общие способности и электронные рисунки, самоактуализация, точная доставка, проблема,

решение по-разному, совместная работа. В результате ученики могут реализовать свои проекты.

Abstract. Robotics courses – a great way to teach a number of difficult technical disciplines for

students. It not only develops the logical thinking ability of students, but also develops other research

skills such as mathematical, algorithmic general abilities and electronic drawings, self-actualization,

accurate delivery, problem, solving in various ways, teamwork. As a result, students can realize their

projects.

Түйін сөздер: робототехника, жаңа технология, LEGO Education, робототехника негіздері,

роботтарды модельдеу, бағдарламалау, кегельринг квадро

Ключевые слова: робототехника, новые технологии, LEGO Education, основы робототехники,

моделирование роботов, программирование, кегельринг квадро

Key words: robotics, new technologies, LEGO Education, basics of robotics, modeling of robots,

programming, kegelring kvadro__

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
09.08.2019
880
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі