Бибаева
Назым Турсынжановна
мұғалім
«А.Н.Бубенцов
атындағы орта мектеп-мектепке
дейінгі
шағын орталығымен» коммуналдық
мемлекеттік
мекемесі
Еңбекшіқазақ
ауданы
Алматы
облысы
bubensova2015@mail.ru
Робототехника
эллективті курсын орта мектепте оқыту
жаңашылдығы мен өзектілігі
Қазіргі
ақпарат пен технология тез әрі қарқынды
дамыған заманда, бүгінгі алдымызда
отырған әрбір оқушы ертеңгі күннің
бәсекеге қабілетті 21 ғасырдың маманы
екенін әрбір ұстаз ұмытпауы керек.
Күрделі
мәселелелерді шешу үшін, дәстүрлі
оқытудан бөлек оқушының сын тұрғысынан
ойлай алуы, шығармашылық қабілеті мен
топта жұмыс жасау дағдыларын
қалыптастыруымыз қажет.
Әрине
оқушы бойында талғампаздық, көшбасшылық
қабілет қалыптастыруымыз орынды.
Мемлекетте
әр түрлі пәндерді апробациядан өткізу
жұмыстары көптеп жүргізіліп жатқаны
анық. Мұғалімдердің біліктілігін арттыру
курстары да ұйымдастырылып отыр.
«Робототехника» эллективті курсының
тыңдаушысы ретінде өз кәсіби білімімді
толықтырып, жаңа тың сабақтың ұстазы
болатыныма қуаныштымын. Тәжірибелік
жұмыс пен қатар бағдарламалау, визуалды
модельдеу, логикалық ойлауын, топта
жұмыс жасау дағдыларын қалыптастыратын
бұл пән оқушылар арасында ғана емес
ата-аналар арасында да көптеп қолдау
табатыны анық.
Әр
түрлі деңгейде үйрететін клубтар,
қосымша білім беру курстары жоқ ауылдық
мектептерде «Робототехника» эллективті
курсының маңызы зор. Сабақ жоспарлауда
Кембридж оқыту тәсілі бойынша құрылған
қысқа мерзімді жоспар арқылы да әр
сабақты жүйелі, мазмұнды өткізіледі.
Оқушылар тәжірибелік жұмыстар арқылы
әр түрлі роботтар құрастырып, визуалды
түрде моделін құрып, графикалық бағдарлама
жасау ортасында өз роботының жұмысын
басқарып, құрып үйренеді. Бұл – сын
тұрғысын ойлау қабілеттерін, оқушының
ортада өз менін қалыптастыратын, топта
жұмыс жасап, бір-біріне әрқашанда көмекке
келетін, 21 ғасырда бәсекеге қабілетті
тұлға болып қалыптасатынына ықпал
ететініне сенімдімін.
Фильмдерде
көріп жүрген роботты детальдар арқылы
жинап, өз қалауынша бағындыра алу
жұмыстарын жүргізген оқушы жаңа
технологиялардың мұмкіндігін жете
түсінуге ат салысады.
Курс
тыңдаушысы ретінде үйренгеніміз бен
алған білімімізді жетілдіріп, халықаралық
деңгейдегі жарыстарға қатыса алатын
оқушылар дайындап, білімді ұрпақ
тәрбиелейтінімізге нық сенімдімін.
Оқушы
бойында жаңа қасиеттерін ашып, дарынды
балаларымыз мемлекетіміздің гүлденіп
дамуына өз үлестерін қосатынына, Англия,
Жапония, Сингапур, Финляндия мемлекеттерімен
терезесі тең мемлекетке айналатынымызға
үлкен үміт артайық.