АБАЙ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
Информатика және білімді ақпараттандыру кафедрасы
«Робототехника тақырыптары негізінде 5-сынып оқушыларының цифрлық құзыреттілігін бағалауға арналған»
Білім беру жүйесінде оқушылардың тек теориялық білімді меңгеруі жеткіліксіз.Бүгінгі таңда ең маңызды дағдылардың бірі – алған білімді нақты өмірде қолдана білу, түрлі жағдайларда шешім қабылдау және цифрлық құралдармен еркін жұмыс істей алу. Осыған байланысты мектеп бағдарламасында цифрлық құзыреттілікті дамытуға ерекше көңіл бөлініп келеді.
Робототехника тақырыптары 5-сынып оқушылары үшін өте қызықты. Себебі бұл тақырыпта оқушылар тек дайын ақпаратты оқып қана қоймай, өз қолымен құрастырады, модельдермен жұмыс істейді, түрлі тапсырмаларды тәжірибе арқылы орындайды. Осындай әрекеттер олардың сабаққа деген қызығушылығын арттырып қана қоймай, логикалық ойлауын, шығармашылық қабілетін және цифрлық дағдыларын дамытуға ықпал етеді.
Сонымен қатар робототехника элементтерін оқу үдерісіне енгізу оқушылардың алгоритмдік ойлауын қалыптастыруға, мәселені кезең-кезеңімен шешуге үйретеді. Бұл әсіресе 5-сынып деңгейінде өте маңызды, себебі осы кезеңде оқушылардың базалық цифрлық дағдылары қалыптаса бастайды.
Осы әдістемелік құралды дайындау барысында мен робототехника тақырыптары негізінде 5-сынып оқушыларының цифрлық құзыреттілігін бағалауға болатын дельта жүйесі дайындалды. Мұнда тек білімді тексеру ғана емес, оқушының практикалық әрекеті, цифрлық құралдарды қолдану дағдысы, тапсырманы орындау барысындағы логикасы да ескерілген.
Әдістемелік құралдың негізгі мақсаты – мұғалімге оқушының цифрлық құзыреттілік деңгейін тек нәтижеге қарап емес, оның жұмыс процесіне қарай да бағалауға мүмкіндік беру. Яғни оқушының қалай ойлайтынын, қандай қадамдар жасайтынын және цифрлық ортада қалай әрекет ететінін бақылау арқылы нақты бағалау жүргізуге жағдай жасау.
Бұл құрал сабақ барысында робототехника элементтерін тиімді бағалауға, оқушылардың белсенділігін арттыруға және оқу процесін қызықты етуге көмектеседі деп ойлаймын. Сонымен қатар ол информатика пәні мұғалімдеріне және педагогикалық бағытта білім алып жүрген студенттерге әдістемелік қолдау ретінде пайдалануға ыңғайлы.
1 ЦИФРЛЫҚ ҚҰЗЫРЕТТІЛІКТІ ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ 6
1.1 Цифрлық құзыреттілік ұғымы және оның құрылымы 7
1.2 Робототехника – заманауи білім беру құралы 9
2 РОБОТОТЕХНИКА НЕГІЗІНДЕ ОҚЫТУДЫ ҰЙЫМДАСТЫРУ ӘДІСТЕРІ 11
2.2 LEGO Education және Arduino платформаларымен жұмыс 14
3 ЦИФРЛЫҚ ҚҰЗЫРЕТТІЛІКТІ БАҒАЛАУ ЖҮЙЕСІ 22
3.1 Цифрлық құзыерттілікті Delta Framework үлгісі негізінде бағалау құрылымы 22
3.2 Delta framework негізінде бағалау әдістемесі 24
КІРІСПЕ
Қазіргі білім беру кеңістігі үздіксіз жаңарып, цифрлық технологиялар күнделікті оқу үдерісінің ажырамас бөлігіне айналып отыр. Осындай өзгерістер заманында жас ұрпақтың цифрлық сауаттылығын қалыптастыру, шығармашылық ойлауын дамыту және технологиялық ортада еркін әрекет етуіне жағдай жасау – бүгінгі білім беру жүйесінің басты міндеттерінің бірі. Соның ішінде робототехника бағыты оқушылардың тек техникалық қабілетін ғана емес, олардың логикалық ойлауын, зерттеушілік дағдысын, топпен жұмыс істеу мәдениетін және заманауи цифрлық құзыреттілігін қалыптастыруда ерекше маңызға ие.
Ұсынылып отырған «Робототехника тақырыптары негізінде 5-сынып оқушыларының цифрлық құзыреттілігін бағалауға арналған әдістемелік құрал» – педагогтерге арналған тәжірибелік әрі ғылыми-әдістемелік бағыттағы еңбек. Бұл құрал жалпы білім беру ұйымдарындағы информатика, STEM, робототехника бағытында жұмыс жасайтын мұғалімдерге көмекші құрал ретінде әзірленді. Әдістемелік жинақта оқушылардың цифрлық құзыреттілігін қалыптастыру және бағалау жолдары жүйелі түрде қарастырылып, тәжірибеде қолдануға ыңғайлы тапсырмалар мен бағалау үлгілері ұсынылды.
Бүгінгі таңда оқушыны тек білім алушы ретінде емес, жаңашыл идея ұсынушы, технологияны тиімді пайдаланушы тұлға ретінде тәрбиелеу маңызды. Робототехника сабақтары оқушылардың алгоритмдік ойлауын, бағдарламалау дағдыларын, инженерлік қабілеттерін және мәселелерді шешу дағдыларын дамытуға мүмкіндік береді. Сонымен қатар оқушылардың практикалық әрекет арқылы цифрлық құралдарды қолдану мәдениеті қалыптасады.
Робототехника сабақтары арқылы бала қоршаған ортаны зерттеуге, мәселені шешуге, алгоритм құруға және өз жобасын қорғауға үйренеді. Мұндай жұмыстар оқушының бойында жауапкершілік, ізденімпаздық және креативтілік қасиеттерін дамытады. Сондықтан цифрлық құзыреттілікті бағалау тек баға қою үдерісі емес, ол – оқушының дамуын бақылау мен қолдаудың тиімді құралы.
Алайда робототехника сабақтарында қалыптасатын цифрлық құзыреттілікті бағалау көбіне тек нәтиже арқылы жүзеге асады. Оқушының нәтижеге жету барысындағы логикалық ойлауы, қателермен жұмыс жасауы, топтық әрекеті мен шығармашылық шешімдері толық бағаланбайды.
Осы мәселелерді шешу мақсатында халықаралық Delta Framework үлгісі негізге алынды. Бұл үлгі цифрлық құзыреттілікті үш негізгі компонент бойынша бағалауға мүмкіндік береді (knowledge, skills, mindsets).
Бағыты: «Робототехника тақырыптары негізінде 5-сынып оқушыларының цифрлық құзыреттілігін бағалауға арналған» әдістемелік құралдың негізгі бағыты – білім алушылардың цифрлық сауаттылығын, алгоритмдік ойлауын, инженерлік қабілетін және заманауи технологияларды тиімді қолдану дағдыларын дамытуға арналған бағалау жүйесін қалыптастыру. Құрал робототехника сабақтарында оқушылардың практикалық әрекеті арқылы цифрлық құзыреттілігін анықтауға, бақылауға және жетілдіруге бағытталған.
Өзектілігі: Қазіргі цифрлық қоғам жағдайында оқушылардың ақпараттық технологияларды еркін меңгеруі – білім сапасының негізгі көрсеткіштерінің бірі. Бүгінде мектептерде робототехника бағыты қарқынды дамып келе жатқанымен, оқушылардың цифрлық құзыреттілігін бағалауға арналған жүйеленген әдістемелік материалдар жеткіліксіз. Сондықтан робототехника негізінде цифрлық дағдыларды бағалау мәселесі ерекше өзекті болып табылады.
5-сынып оқушылары үшін робототехника – тек техникалық құрал емес, ол баланың логикалық ойлауын, шығармашылық қабілетін, топпен жұмыс жасауын және технологиялық сауаттылығын дамытатын маңызды білім беру алаңы. Осыған байланысты оқушылардың практикалық дағдыларын нақты критерийлер арқылы бағалау білім сапасын арттыруға мүмкіндік береді.
Мақсаты: 5-сынып оқушыларының робототехника сабақтарындағы цифрлық құзыреттілігін анықтау, дамыту және бағалаудың тиімді әдістерін ұсыну арқылы білім сапасын арттыру.
Робототехника негізінде цифрлық құзыреттіліктің мазмұнын анықтау;
Оқушылардың алгоритмдік және логикалық ойлау дағдыларын дамыту;
Практикалық тапсырмалар арқылы цифрлық сауаттылықты қалыптастыру;
Бағалау критерийлері мен диагностикалық материалдар әзірлеу;
Мұғалімдерге арналған әдістемелік ұсыныстар ұсыну.
Жаңалығы: Әдістемелік құралдың жаңалығы – робототехника сабақтарындағы цифрлық құзыреттілікті бағалаудың кешенді моделін ұсынуында. Құралда:
робот құрастыру мен бағдарламалау әрекеттерін бағалау критерийлері;
алгоритмдік ойлауды анықтайтын практикалық тапсырмалар;
цифрлық сауаттылықты диагностикалау әдістері.
1 ЦИФРЛЫҚ ҚҰЗЫРЕТТІЛІКТІ ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
Қазіргі қоғам – цифрлық технологиялардың қарқынды даму кезеңін бастан өткеріп отырған жаңа дәуір қоғамы. Бүгінде ақпараттық технологиялар адам өмірінің барлық саласына еніп, білім беру жүйесінің де мазмұны мен құрылымын түбегейлі өзгертуде. Осындай өзгерістер жағдайында оқушылардың цифрлық құзыреттілігін қалыптастыру – білім сапасын арттырудың негізгі бағыттарының біріне айналды. Әсіресе мектеп қабырғасынан бастап цифрлық ортада еркін әрекет ете алатын, технологиялық ойлауы қалыптасқан, заманауи құралдарды тиімді пайдалана білетін тұлға тәрбиелеу маңызды міндет болып отыр.
Цифрлық құзыреттілік – оқушының ақпаратты іздеу, өңдеу, сақтау, талдау және цифрлық технологияларды күнделікті өмірде тиімді пайдалану қабілеті. Бұл ұғым тек компьютерді қолданумен шектелмейді. Ол оқушының сыни ойлауын, ақпараттық мәдениетін, қауіпсіздік ережелерін сақтауын және цифрлық ортада шығармашылықпен жұмыс істеуін қамтиды. Сондықтан цифрлық құзыреттілікті қалыптастыру – болашақ қоғамның интеллектуалды әрі бәсекеге қабілетті азаматын тәрбиелеудің маңызды шарты.
Бүгінгі таңда робототехника бағыты цифрлық білім берудің ең тиімді құралдарының бірі ретінде танылуда. Робототехника оқушыларға теориялық білімді тәжірибемен ұштастыруға мүмкіндік береді. Робот құрастыру барысында оқушы инженерлік ойлау, алгоритм құру, бағдарламалау және мәселені шешу дағдыларын меңгереді. Сонымен қатар робототехника баланың шығармашылық қабілетін дамытып, зерттеушілік қызығушылығын арттырады. Әсіресе 5-сынып оқушылары үшін робототехника сабақтары қызығушылыққа негізделген оқытудың тиімді формасы болып табылады.
Робототехника арқылы оқушы тек дайын ақпаратты қабылдамайды, керісінше өз бетінше ізденіп, тәжірибе жасап, нақты нәтижеге жетуге үйренеді. Бұл олардың функционалдық сауаттылығын арттырып, технологиялық ортаға бейімделуіне ықпал етеді. Роботтың қозғалысын бағдарламалау, сенсорлармен жұмыс жасау, түрлі жобаларды құрастыру барысында оқушылардың логикалық ойлауы мен математикалық сауаттылығы да дамиды. Осындай әрекеттер арқылы білім алушыда XXI ғасыр дағдылары қалыптасады.
Цифрлық құзыреттілікті қалыптастырудың теориялық негіздерінің бірі – STEM білім беру жүйесі. STEM бағыты ғылым, технология, инженерия және математиканы біріктіре отырып, оқушының кешенді ойлау қабілетін дамытады. Робототехника осы бағыттың негізгі компоненттерінің бірі ретінде оқушыларды практикалық әрекет арқылы білім алуға жетелейді. Бұл тәсіл оқушыны белсенді әрекетке тартып, оқу мотивациясын арттырады.
Сонымен қатар цифрлық білім беру барысында ақпараттық қауіпсіздік мәселесіне де ерекше назар аударылады. Оқушылар интернет кеңістігінде қауіпсіз жұмыс жасау, жеке мәліметтерді қорғау, цифрлық этиканы сақтау сияқты маңызды дағдыларды меңгеруі қажет. Бұл – қазіргі заман оқушысының негізгі мәдениетінің бір бөлігі.
Қорытындылай келе, цифрлық құзыреттілікті қалыптастыру – заманауи білім берудің стратегиялық бағыты. Робототехника сабақтары оқушылардың цифрлық сауаттылығын дамытып қана қоймай, олардың шығармашылық, зерттеушілік және инженерлік қабілеттерін жетілдіруге мүмкіндік береді. Сондықтан мектептегі робототехника бағытындағы жұмыстар болашақ ұрпақтың технологиялық қоғамда табысты өмір сүруіне негіз болатын маңызды білім беру алаңы болып саналады.
1.1 Цифрлық құзыреттілік ұғымы және оның құрылымы
Қазіргі ақпараттық қоғамда цифрлық технологиялар адам өмірінің барлық саласына терең енуде. Білім беру жүйесі де осы өзгерістерге бейімделіп, оқушылардың жаңа заман талаптарына сай дағдыларын дамытуға бағытталуда. Осындай маңызды дағдылардың бірі – цифрлық құзыреттілік. Бұл ұғым бүгінгі күні тек техникалық білімнің көрсеткіші ғана емес, тұлғаның ақпараттық ортада еркін әрекет ете алу қабілетін сипаттайтын кешенді ұғым ретінде қарастырылады.
Цифрлық құзыреттілік – адамның ақпараттық-коммуникациялық технологияларды сенімді, тиімді және қауіпсіз пайдалана алу қабілеті. Ол ақпаратты іздеу, өңдеу, сақтау, талдау, цифрлық құрылғылармен жұмыс жасау, интернет ресурстарын қолдану және цифрлық ортада қарым-қатынас орнату дағдыларын қамтиды. Сонымен қатар цифрлық құзыреттілік адамның шығармашылықпен жұмыс істеуіне, мәселені шешуіне және жаңа технологияларға бейімделуіне мүмкіндік береді.
Қазіргі мектеп оқушысы үшін цифрлық құзыреттілік оқу әрекетінің негізгі құралдарының біріне айналды. Әсіресе робототехника, бағдарламалау және STEM бағытындағы сабақтарда бұл қабілет ерекше маңызға ие. Себебі цифрлық технологиялармен жұмыс жасау барысында оқушы тек теориялық білім алып қана қоймай, тәжірибелік дағдыларын да жетілдіреді.
Цифрлық құзыреттіліктің құрылымы бірнеше маңызды компоненттен тұрады. Бірінші компонент – ақпараттық сауаттылық. Бұл оқушының қажетті ақпаратты іздей білуі, оны сұрыптауы, талдауы және тиімді қолдануы. Ақпараттық сауаттылық қазіргі қоғамда дұрыс шешім қабылдаудың маңызды негізі болып табылады.
Екінші компонент – коммуникациялық құзыреттілік. Ол цифрлық ортада қарым-қатынас жасау, онлайн платформаларды пайдалану, топпен бірлескен жұмыс ұйымдастыру және цифрлық этиканы сақтау дағдыларын қамтиды. Бүгінде оқушылар түрлі онлайн ресурстар арқылы білім алып, жобалар дайындайды. Сондықтан цифрлық коммуникация мәдениеті маңызды орын алады.
Үшінші компонент – техникалық құзыреттілік. Бұл компьютер, планшет, интерактивті құрылғылар, робототехникалық жабдықтар және бағдарламалық қамтамасыз ету құралдарымен жұмыс жасау қабілеті. Оқушы құрылғылардың қызметін түсініп, оларды тәжірибеде тиімді пайдалана алуы қажет.
Төртінші компонент – қауіпсіздік құзыреттілігі. Цифрлық ортада жұмыс жасау барысында жеке ақпаратты қорғау, интернет қауіпсіздігін сақтау, кибермәдениет ережелерін білу маңызды. Бұл оқушылардың ақпараттық ортада қауіпсіз әрекет ету мәдениетін қалыптастырады.
Бесінші компонент – шығармашылық және инновациялық құзыреттілік. Оқушы цифрлық технологияларды қолдана отырып жаңа идеялар ұсынып, жобалар жасап, мәселелерді шешуге үйренеді. Робототехника сабақтарында бұл қабілет ерекше дамиды, себебі оқушылар өз роботтарын құрастырып, бағдарламалау арқылы нақты нәтижеге қол жеткізеді.
Цифрлық құзыреттілікті қалыптастыруда мұғалімнің рөлі ерекше. Педагог оқушыларға тек техникалық білім беріп қана қоймай, олардың цифрлық мәдениетін, жауапкершілігін және шығармашылық белсенділігін дамытуы тиіс. Сабақ барысында практикалық жұмыстар, жобалық тапсырмалар және интерактивті әдістерді қолдану оқушылардың қызығушылығын арттырады.
Қорытындылай келе, цифрлық құзыреттілік – қазіргі заман оқушысының негізгі қабілеттерінің бірі. Ол оқушының ақпараттық қоғамда табысты өмір сүруіне, технологиялық ортада еркін әрекет етуіне және болашақ кәсіби қызметіне дайын болуына мүмкіндік береді. Сондықтан мектепте цифрлық құзыреттілікті қалыптастыру – білім беру жүйесінің маңызды міндеттерінің бірі болып қала береді.
1.2 Робототехника – заманауи білім беру құралы
XXI ғасыр – технология мен инновация ғасыры. Қазіргі таңда білім беру жүйесінде оқушылардың тек теориялық білім алып қана қоймай, алған білімін тәжірибеде қолдана білуіне ерекше көңіл бөлінуде. Осы бағытта робототехника – заманауи білім берудің ең тиімді әрі қызықты құралдарының бірі ретінде кеңінен қолданылып келеді. Робототехника оқушылардың шығармашылық қабілетін, логикалық ойлауын, инженерлік дағдыларын және цифрлық сауаттылығын дамытуға мүмкіндік береді.
Робототехника – ғылым, технология, инженерия және математиканы біріктіретін кешенді білім беру бағыты. Ол оқушыларға әртүрлі механизмдерді құрастыру, бағдарламалау және роботтың қызметін басқару арқылы нақты тәжірибе жасауға жағдай туғызады. Бұл оқыту тәсілі оқушыны белсенді әрекетке тартып, білімді дайын күйінде қабылдаудан гөрі, өз бетімен ізденуге және мәселені шешуге үйретеді.
Бүгінгі күні мектептерде робототехника сабақтарының енгізілуі білім беру мазмұнының жаңаруымен тікелей байланысты. Себебі қазіргі қоғамға тек білімді ғана емес, технологияны меңгерген, шығармашылықпен ойлайтын және жаңа идея ұсына алатын тұлғалар қажет. Робототехника осы талаптарға сәйкес келетін білім беру құралы болып табылады.
Робототехника сабақтарында оқушылар түрлі бөлшектерден робот құрастырып, оған бағдарламалық код жазады. Мұндай жұмыстар барысында оқушының алгоритмдік ойлауы дамиды, математикалық есептеулерді қолдану қабілеті артады және инженерлік дағдылары қалыптасады. Сонымен қатар оқушылар командалық жұмыс жасауға, өз ойын дәлелдеуге және жобаны қорғауға үйренеді.
Әсіресе 5-сынып оқушылары үшін робототехника үлкен қызығушылық тудырады. Бұл жастағы балалар тәжірибе жасауды, қозғалыстағы механизмдерді бақылауды және жаңа технологиялармен жұмыс істеуді ұнатады. Робототехника олардың танымдық белсенділігін арттырып, оқу мотивациясын күшейтеді. Оқушы өз қолымен робот құрастырып, оның қозғалысын басқарған кезде оқу үдерісі қызықты әрі есте қаларлық болады.
Сонымен қатар робототехника оқушылардың цифрлық құзыреттілігін қалыптастыруда маңызды рөл атқарады. Бағдарламалау, сенсорлармен жұмыс жасау, цифрлық құрылғыларды пайдалану барысында оқушылар технологиялық ортада еркін әрекет етуге дағдыланады. Олар ақпаратты талдауды, жүйелеуді және цифрлық құралдарды тиімді қолдануды меңгереді.
1.3 5-сынып оқушыларының жас ерекшеліктері мен цифрлық дағдылары
5-сынып оқушылары – бастауыш білімнен негізгі орта буынға өтетін ерекше кезеңдегі білім алушылар. Бұл жаста оқушылардың психологиялық, физиологиялық және танымдық дамуы қарқынды жүреді. Олар жаңа ортаға бейімделіп, өздігінен ойлау, шешім қабылдау және қоршаған әлемді тереңірек тануға ұмтылады. Сондықтан осы кезеңде оқушылардың цифрлық дағдыларын дамыту – олардың болашақтағы білім алуына және технологиялық ортаға бейімделуіне маңызды негіз болады.
5-сынып оқушыларының басты ерекшелігінің бірі – танымдық қызығушылықтың жоғары болуы. Олар жаңа ақпаратты тез қабылдап, тәжірибе жасауға, зерттеуге және түрлі технологиялық құралдармен жұмыс істеуге қызығады. Әсіресе визуалды материалдар, қозғалыс элементтері және интерактивті тапсырмалар олардың оқу белсенділігін арттырады. Робототехника сабақтары дәл осы ерекшеліктерді ескере отырып ұйымдастырылғанда, оқушының пәнге деген қызығушылығы күшейеді.
Бұл жаста оқушылардың логикалық ойлауы біртіндеп қалыптасып, алгоритмдік әрекеттерді түсіну қабілеті дамиды. Олар қарапайым бағдарламаларды құруға, әрекеттер тізбегін жоспарлауға және мәселені кезең-кезеңімен шешуге үйренеді. Робототехника мен бағдарламалау сабақтары осы қабілеттерді дамытуға үлкен мүмкіндік береді. Оқушылар роботтың қозғалысын басқару арқылы себеп пен салдардың байланысын түсінеді және өз әрекетінің нәтижесін бақылауға үйренеді.
5-сынып оқушылары эмоциялық тұрғыдан белсенді әрі әсерленгіш келеді. Сондықтан сабақ барысында мадақтау, қолдау көрсету және жетістікке жету жағдайын жасау маңызды. Робототехника сабақтарында оқушылар өз қолымен робот құрастырып, оны іске қосқан кезде қуаныш сезімін бастан кешіреді. Бұл олардың өзіне деген сенімін арттырып, шығармашылық белсенділігін дамытады.
Цифрлық дағдылар – қазіргі заман оқушысының негізгі құзыреттіліктерінің бірі. 5-сынып оқушылары цифрлық құрылғыларды пайдалану, интернеттен ақпарат іздеу, бағдарламалау элементтерімен жұмыс жасау және онлайн платформаларды қолдану сияқты дағдыларды меңгере бастайды. Бұл кезеңде олардың цифрлық мәдениетін дұрыс қалыптастыру маңызды. Оқушылар тек технологияны қолдануды ғана емес, оны қауіпсіз әрі тиімді пайдалануды да үйренуі қажет.
Оқушылардың цифрлық дағдылары бірнеше бағытта дамиды. Біріншіден, ақпараттық дағдылар қалыптасады. Олар қажетті ақпаратты табу, оны сұрыптау және пайдалану жолдарын меңгереді. Екіншіден, коммуникациялық дағдылар дамиды. Оқушылар цифрлық ортада бірлескен жұмыс жасауға, пікір алмасуға және онлайн платформаларды қолдануға дағдыланады. Үшіншіден, техникалық дағдылар қалыптасады. Бұл компьютер, планшет, робототехникалық құрылғылар және бағдарламалау орталарымен жұмыс жасау қабілеттерін қамтиды.
5-сынып оқушылары үшін ойын элементтері мен тәжірибелік жұмыстар ерекше тиімді. Себебі бұл жаста балалар көріп, ұстап, әрекет жасау арқылы жақсы меңгереді. Робототехника сабақтарындағы практикалық тапсырмалар олардың цифрлық дағдыларын табиғи түрде дамытуға мүмкіндік береді. Мысалы, роботты бағдарлама арқылы қозғалысқа келтіру, сенсорлармен тәжірибе жасау немесе шағын STEM жобаларын орындау оқушылардың технологиялық сауаттылығын арттырады.
2 РОБОТОТЕХНИКА НЕГІЗІНДЕ ОҚЫТУДЫ ҰЙЫМДАСТЫРУ ӘДІСТЕРІ
Қазіргі білім беру жүйесінде робототехника оқушылардың цифрлық сауаттылығын, инженерлік ойлауын және шығармашылық қабілетін дамытудың маңызды бағытына айналып отыр. Робототехника сабақтары арқылы оқушылар тек техникалық білім алып қана қоймай, тәжірибелік әрекет жасауға, мәселені шешуге және заманауи технологияларды тиімді қолдануға үйренеді. Сондықтан робототехника негізінде оқытуды дұрыс ұйымдастыру – білім беру сапасын арттырудың маңызды шарттарының бірі.
Робототехника сабақтарын ұйымдастыру барысында ең алдымен оқушының жас ерекшелігі мен қызығушылығы ескерілуі қажет. Әсіресе 5-сынып оқушылары үшін сабақтар тәжірибелік әрекетке, ойын технологияларына және көрнекілікке негізделген жағдайда тиімді болады. Бұл жастағы оқушылар қозғалыстағы механизмдерді бақылауға, өз қолымен бір нәрсе құрастыруға және жаңа технологиялармен жұмыс істеуге ерекше қызығушылық танытады.
Робототехника сабақтарында цифрлық технологияларды тиімді пайдалану маңызды орын алады. Scratch, LEGO Education, Arduino сияқты платформалар оқушылардың бағдарламалау дағдыларын қалыптастыруға мүмкіндік береді. Визуалды бағдарламалау орталары арқылы оқушылар кодтарды жеңіл меңгеріп, роботтың қозғалысын басқара алады. Бұл олардың алгоритмдік ойлау қабілетін дамытуға ықпал етеді.
Ойын технологиялары робототехника сабақтарын қызықты ұйымдастырудың тиімді тәсілдерінің бірі болып табылады. Робот жарыстары, лабиринт тапсырмалары, квест ойындары және шығармашылық сайыстар оқушылардың белсенділігін арттырады. Ойын барысында оқушылар мәселені шешуге, логикалық ойлауға және өз идеясын жүзеге асыруға ұмтылады. Бұл сабақтың нәтижелілігін күшейтеді.
Топтық жұмыста робототехника негізінде оқытудың маңызды әдістерінің бірі. Оқушылар бірлесіп әрекет жасау барысында пікір алмасады, міндеттерді бөліседі және ортақ шешім қабылдауға үйренеді. Мұндай жұмыстар олардың коммуникативтік қабілетін, жауапкершілігін және көшбасшылық қасиеттерін қалыптастырады. Сонымен қатар топтық жұмыс арқылы оқушылардың өзара қолдау мәдениеті дамиды.
Робототехника сабақтарында бағалау жүйесін дұрыс ұйымдастыруда маңызды. Бағалау, бақылау парақтары, жобалық жұмыстарды қорғау және өзін-өзі бағалау әдістері оқушылардың жетістігін анықтауға мүмкіндік береді. Бағалау барысында оқушының тек дайын нәтижесі ғана емес, оның ізденісі, шығармашылығы және практикалық әрекеті де ескерілуі қажет.
2.1 Робототехника кабинетінің оқу ортасын ұйымдастыру. «Болашақ зертханасы – робототехника кабинеті»
Қазіргі білім беру кеңістігі оқушының тек білім алу орны ғана емес, оның шығармашылық қабілеті мен технологиялық ойлауын дамытатын инновациялық ортаға айналуы тиіс. Әсіресе робототехника кабинеті – оқушылардың қиялы мен ғылыми ізденісі тоғысатын ерекше білім алаңы. Мұндай кабинетте әрбір бұрыш оқушыны жаңа идеяға жетелеп, тәжірибе жасауға шабыттандыруы қажет. Сондықтан робототехника кабинетінің оқу ортасын ұйымдастыру – заманауи білім берудің маңызды бағыттарының бірі.
Робототехника кабинеті ең алдымен қауіпсіз, ыңғайлы және шығармашылық атмосфера қалыптастыратын орта болуы тиіс. Кабинетке кірген сәттен бастап оқушы өзін болашақ инженер немесе өнертапқыш ретінде сезінуі қажет. Қабырғадағы STEM жобалары, робот модельдерінің көрмесі, цифрлық технологиялар туралы мотивациялық сөздер мен заманауи дизайн оқушының қызығушылығын арттырады. Мұндай орта баланың сабаққа деген ынтасын күшейтіп, шығармашылық белсенділігін оятады.
Кабинетті ұйымдастыруда оқу аймақтарын дұрыс бөлу маңызды. Робототехника кабинеті бірнеше функционалдық аймақтан тұрғаны тиімді:
робот құрастыру аймағы;
бағдарламалау аймағы;
тәжірибе және сынақ алаңы;
шығармашылық жоба бұрышы;
цифрлық ресурс аймағы.
Робот құрастыру аймағында LEGO Education, Arduino, түрлі сенсорлар мен моторлар сақталып, оқушылардың еркін жұмыс жасауына жағдай жасалуы керек. Бұл жерде оқушылар топпен бірігіп робот модельдерін құрастырады. Арнайы құрал-жабдықтардың ретімен орналасуы оқушылардың еңбек мәдениетін қалыптастырады.
Бағдарламалау аймағы компьютерлермен, интерактивті тақтамен және интернет желісімен қамтамасыз етілуі тиіс. Оқушылар осы ортада Scratch, LEGO бағдарламалары немесе басқа платформалар арқылы роботтың қозғалысын басқарады. Сандық технологиялармен жұмыс жасау олардың алгоритмдік ойлауын дамытып, цифрлық сауаттылығын арттырады.
Тәжірибе және сынақ алаңы робототехника кабинетінің ең қызықты бөлігінің бірі болып саналады. Мұнда роботтардың қозғалысын тексеруге арналған арнайы жолақтар, лабиринттер, жарыс алаңдары ұйымдастырылады. Оқушылар өз роботтарын сынақтан өткізіп, нәтижесін бақылау арқылы қателерін түзетуге және жаңа идеялар ұсынуға үйренеді. Бұл олардың зерттеушілік қабілетін дамытады.
Шығармашылық жоба бұрышы оқушылардың қиялын дамытуға арналған ерекше орта болуы тиіс. Бұл жерде оқушылар өз жобаларын таныстырып, робот модельдерінің көрмесін ұйымдастырады. Қабырғаға оқушылардың жетістіктері, сертификаттары және үздік жобалары ілінсе, ол балаларға үлкен мотивация береді. Әрбір оқушы өз еңбегінің бағаланатынын сезінуі қажет.
Цифрлық ресурс аймағында электронды оқулықтар, QR-код арқылы ашылатын бейнесабақтар, бағдарламалау нұсқаулықтары мен STEM материалдары орналастырылуы тиімді. Бұл оқушылардың өздігінен ізденуіне және қосымша ақпарат алуына мүмкіндік береді.
Робототехника кабинетінің дизайны да шығармашылыққа негізделуі тиіс. Заманауи стильдегі интерьер, ашық түстер, технологиялық элементтер және жарықтандыру жүйесі оқушылардың көңіл күйіне оң әсер етеді. Кабинетте «Бүгінгі қиял – ертеңгі технология», «Әр робот – жаңа идея» сияқты мотивациялық сөздердің болуы оқушылардың шабытын арттырады.
Сонымен қатар кабинетте қауіпсіздік ережелеріне ерекше назар аударылуы қажет. Электр құрылғыларымен жұмыс жасау тәртібі, құралдарды дұрыс пайдалану нұсқаулығы және техникалық қауіпсіздік ережелері көрнекі жерде орналасуы тиіс. Бұл оқушылардың жауапкершілік мәдениетін қалыптастырады.
2.2 LEGO Education және Arduino платформаларымен жұмыс
LEGO Education және Arduino платформаларымен жұмыс жасау әдістемесі
Қазіргі робототехника сабақтарында ең кең қолданылатын білім беру платформаларының бірі – LEGO Education және Arduino жүйелері. Бұл платформалар оқушылардың цифрлық құзыреттілігін, алгоритмдік ойлауын, инженерлік және шығармашылық қабілеттерін дамытуға мүмкіндік береді. Сонымен қатар олар теориялық білімді тәжірибемен ұштастырып, STEM білім беру жүйесінің тиімді жүзеге асуына ықпал етеді.
LEGO Education платформасымен жұмыс. LEGO Education дегеніміз не?
LEGO Education – оқушыларға робот құрастыру мен бағдарламалау негіздерін үйретуге арналған заманауи білім беру платформасы. Бұл жүйе түрлі бөлшектерден робот моделін құрастыруға және оны арнайы бағдарламалау ортасы арқылы басқаруға мүмкіндік береді.
LEGO Education платформасының негізгі артықшылығы – оқушылардың жас ерекшелігіне сай қарапайым әрі қызықты түрде ұйымдастырылуында. Әсіресе 5-сынып оқушылары үшін бұл жүйе ойын мен оқытуды біріктіретін тиімді құрал болып табылады.
LEGO Education платформасымен жұмыс кезеңдері 1-кезең.
Робот моделін құрастыру
Оқушылар LEGO бөлшектерін пайдаланып робот моделін жинақтайды. Құрастыру барысында олар:
бөлшектердің қызметін анықтайды;
механизмдердің байланысын түсінеді;
инженерлік ойлау дағдыларын дамытады;
нұсқаулықпен жұмыс жасауға үйренеді.
М
ысалы:
«Қозғалатын
робот» моделін құрастыру кезінде мотор,
доңғалақ және сенсорлар қолданылады.
2-кезең. Роботты бағдарламалау
LEGO бағдарламалау ортасында оқушылар блоктық кодтарды пайдаланады.
Мысалы:
алға қозғалу;
оңға бұрылу;
дыбыс шығару;
жарықты қосу;
кедергіден тоқтау.
Оқушылар кодтарды ретімен орналастыру арқылы алгоритм құрады. Бұл олардың логикалық және алгоритмдік ойлау қабілетін дамытады.
3
-кезең.
Роботты сынақтан өткізу
Оқушылар роботтың жұмысын тексеріп, нәтижесін бақылайды. Егер қате анықталса:
бағдарламаны өзгертеді;
робот құрылымын жетілдіреді;
қозғалысты қайта тексереді.
Бұл әрекеттер зерттеушілік және шығармашылық қабілеттерді дамытады.
Arduino платформасымен жұмыс. Arduino дегеніміз не?
Arduino – электронды құрылғылар мен автоматтандырылған жүйелер жасауға арналған ашық бағдарламалық платформа. Arduino оқушыларға микроконтроллерлермен, сенсорлармен және электронды схемалармен жұмыс жасауға мүмкіндік береді.
Arduino платформасы арқылы оқушылар:
жарық датчигімен;
дыбыс сенсорымен;
қозғалыс сенсорымен;
LED шамдармен;
моторлармен жұмыс жасайды.
Бұл жүйе оқушылардың инженерлік және техникалық қабілеттерін дамытуда өте тиімді.
Arduino платформасымен жұмыс кезеңдері:
1-кезең. Құрылғыларды қосу
Оқушылар Arduino тақтасына сенсорлар мен LED шамдарды қосады. Мысалы:
LED шамды қосу;
батырма арқылы басқару;
жарық сенсорын орнату.
Бұл кезеңде электр тізбегі туралы бастапқы түсініктер қалыптасады.
2-кезең. Код жазу. Arduino IDE бағдарламасы арқылы оқушылар қарапайым код жазады. Мысалы:
void
setup() {
pinMode(13, OUTPUT);
}
void loop()
{
digitalWrite(13, HIGH);
delay(1000);
digitalWrite(13,
LOW);
delay(1000);
}
Бұл бағдарлама LED шамды жанып-сөндіреді.
Оқушылар:
код құрылымын түсінеді;
алгоритм құруды үйренеді;
қателерді түзету дағдысын меңгереді.
3-кезең. Жобалық жұмыс
«Ақылды жарық» жүйесі;
«Автоматты есік» моделі;
«Кедергіден сақтанатын робот»;
«Температураны бақылау» құрылғысы.
Жобалық жұмыстар оқушылардың шығармашылық және зерттеушілік қабілеттерін дамытады.
LEGO Education мен Arduino платформаларының айырмашылығы
LEGO Education және Arduino платформалары робототехника сабақтарын тиімді ұйымдастырудың маңызды құралдары болып табылады. LEGO оқушылардың қызығушылығын арттырып, алгоритмдік ойлауын дамытса, Arduino инженерлік және техникалық қабілеттерді терең қалыптастыруға мүмкіндік береді. Екі платформа да оқушылардың цифрлық сауаттылығын, шығармашылық белсенділігін және STEM бағытындағы зерттеушілік дағдыларын дамытуда үлкен рөл атқарады.
LEGO Education |
Arduino |
Құрастыруға ыңғайлы |
Электроникаға бағытталған |
Блоктық бағдарламалау |
Код арқылы бағдарламалау |
Бастапқы деңгейге тиімді |
Терең техникалық білім береді |
Ойын арқылы оқыту |
Инженерлік бағытты дамытады |
5-сыныпқа қолайлы |
Жоғары қызығушылық тудырады |

2.3 Робот құрастырудың бастапқы кезеңдері
Робототехника – оқушылардың инженерлік ойлауын, цифрлық сауаттылығын және шығармашылық қабілетін дамытатын заманауи білім беру бағыты. Робот құрастыру барысында оқушылар тек техникалық білім алып қана қоймай, тәжірибе жасауға, мәселені шешуге және алгоритмдік ойлауға үйренеді. Әсіресе 5-сынып оқушылары үшін робот құрастырудың бастапқы кезеңдерін дұрыс ұйымдастыру олардың пәнге деген қызығушылығын арттырып, болашақ STEM бағытындағы дағдыларының қалыптасуына негіз болады.
Робот құрастыру жұмысы белгілі бір жүйе бойынша кезең-кезеңімен ұйымдастырылады. Әр кезең оқушының теориялық білімін тәжірибемен ұштастырып, техникалық қабілетін дамытуға бағытталады.
Робот құрастырудың алғашқы таныстыру кезеңі
Бастапқы кезеңде оқушылар робототехника ұғымымен, роботтардың түрлерімен және олардың қызметімен танысады. Мұғалім роботтардың күнделікті өмірдегі қолданылуын түсіндіреді. Мысалы:
өндірістегі роботтар;
медицина саласындағы роботтар;
тұрмыстық роботтар;
білім беру роботтары.
Бұл кезеңде оқушылардың робототехникаға деген қызығушылығы қалыптасады және технологиялық ойлауына алғашқы қадам жасалады.
Құрал-жабдықтармен танысу кезеңі
Робот құрастыру алдында оқушылар қажетті бөлшектер мен құрылғылардың қызметін меңгереді. Олар: мотор, сенсор, доңғалақ, контроллер, кабельдер, батарея блогы сияқты бөлшектермен танысады. Әр бөлшектің қызметін түсіну робот құрылымын дұрыс жинауға көмектеседі. Сонымен қатар бұл кезеңде қауіпсіздік ережелері де түсіндіріледі. Оқушылар құрылғыларды ұқыпты пайдалану мәдениетін меңгереді.
Робот моделін құрастыру кезеңі
Бұл – робототехникадағы ең қызықты кезеңдердің бірі. Оқушылар нұсқаулық бойынша немесе мұғалімнің көмегімен роботтың қарапайым моделін жинақтайды. Құрастыру барысында олар:
бөлшектерді сәйкестендіреді;
құрылымның тұрақтылығын бақылайды;
механизмдердің байланысын түсінеді;
кеңістіктік ойлау қабілетін дамытады.
Алғашқы кезеңде қарапайым қозғалатын роботтар немесе дөңгелекті модельдер құрастырылады. Бұл оқушылардың сенімділігін арттырады және тәжірибе жасауға ынталандырады.
Сенсорлар мен моторларды орнату кезеңі
Робот қозғалыс жасау үшін моторлар мен сенсорлар орнатылады. Оқушылар мотордың робот қозғалысындағы рөлін, ал сенсорлардың сыртқы ортадан ақпарат қабылдайтынын түсінеді. Мысалы: жарық сенсоры, дыбыс сенсоры, қозғалыс сенсоры, қашықтық сенсоры. Бұл кезеңде оқушылар роботтың тек механикалық құрылғы емес, белгілі бір әрекетті орындайтын интеллектуалды жүйе екенін түсінеді.
Бағдарламалау кезеңі
Робот құрастырылғаннан кейін оған бағдарлама жазылады. Бастапқы кезеңде визуалды бағдарламалау ортасы қолданылады. Оқушылар блоктық кодтар арқылы роботқа командалар береді. Мысалы: алға жүру, артқа қозғалу, бұрылу, дыбыс шығару, кедергіден тоқтау. Бағдарламалау кезеңі алгоритмдік ойлауды қалыптастырып, логикалық қабілеттерді дамытады. Оқушылар әрекеттердің реттілігін сақтауға үйренеді.
Роботты сынақтан өткізу кезеңі
Робот дайын болғаннан кейін оның жұмысы тексеріледі. Оқушылар роботтың қозғалысын бақылап, қателерді анықтайды. Егер робот дұрыс жұмыс істемесе:
бағдарламаны өзгертеді;
құрылымды түзетеді;
сенсорлардың орналасуын реттейді.
Бұл кезең зерттеушілік қабілетті дамытып, оқушыларды талдау жасауға үйретеді. Сонымен қатар тәжірибе арқылы оқыту принципі жүзеге асады.
2.4 Практикалық тапсырмалар арқылы цифрлық дағды қалыптастыру
Цифрлық технологиялардың қарқынды дамуы білім алушылардан ақпараттық ортада еркін әрекет ету, бағдарламалау негіздерін меңгеру, цифрлық құрылғылармен жұмыс жасау және технологиялық мәселелерді шеше білу қабілетін талап етеді. Осы тұрғыдан алғанда практикалық тапсырмалар – цифрлық дағдыларды тиімді қалыптастыратын негізгі құралдардың бірі.
Цифрлық дағдылар – ақпараттық технологияларды қолдану, бағдарламалау, ақпаратты өңдеу және цифрлық құрылғылармен жұмыс жасау қабілеттерінің жиынтығы. Робототехника сабақтарындағы практикалық тапсырмалар осы дағдыларды табиғи түрде қалыптастырады. Оқушылар роботтың қозғалысын басқару, сенсорлармен жұмыс жасау және алгоритм құру барысында цифрлық ортада әрекет етуге үйренеді.
Практикалық жұмыстардың ең маңызды ерекшелігі – оқушылардың белсенді әрекетке қатысуы. Олар дайын ақпаратты қабылдап қана қоймай, өз бетінше тәжірибе жасап, нәтижесін тексереді. Мысалы, роботты белгілі бір бағытта қозғалту тапсырмасын орындау кезінде оқушы бағдарламаны құрып, оны тексереді және қателерді түзетеді. Бұл олардың зерттеушілік қабілетін дамытады.
Робототехника сабақтарында қолданылатын практикалық тапсырмалардың бірнеше түрі бар. Соның бірі – бағдарламалау тапсырмалары. Оқушылар Scratch немесе LEGO бағдарламалау орталарында роботтың қозғалысын басқаратын кодтар құрастырады. Мұндай жұмыстар алгоритмдік ойлау мен логикалық қабілетті қалыптастырады.
Келесі маңызды бағыт – сенсорлармен жұмыс жасау. Оқушылар жарық, дыбыс немесе қашықтық сенсорларын роботқа қосып, олардың қызметін тәжірибе арқылы зерттейді. Бұл цифрлық құрылғылардың жұмыс принципін түсінуге мүмкіндік береді және инженерлік ойлауды дамытады.
Практикалық тапсырмалар шығармашылық қабілетті де дамытады. Оқушылар өз жобаларын жасап, роботтың жаңа моделін құрастыруға тырысады. Мысалы:
кедергіден өтетін робот;
жарықты сезетін құрылғы;
автоматты қозғалыс жасайтын робот;
робот жарысына арналған модельдер.
Топтық практикалық жұмыстар да цифрлық дағдыларды қалыптастыруда маңызды рөл атқарады. Оқушылар бірлесіп жоба орындау барысында өзара пікір алмасып, ортақ шешім қабылдауға үйренеді. Бұл олардың коммуникациялық және әлеуметтік дағдыларын жетілдіреді. Сонымен қатар топтық жұмыс жауапкершілік пен ынтымақтастық мәдениетін қалыптастырады.
2.5 Цифрлық платформаларды тиімді пайдалану жолдары
Қазіргі
білім беру жүйесінде цифрлық технологиялар
оқыту үдерісінің маңызды құрамдас
бөлігіне айналды. Әсіресе робототехника
сабақтарында цифрлық платформаларды
пайдалану оқушылардың білім алу
мүмкіндігін кеңейтіп, олардың цифрлық
құзыреттілігін дамытуға ықпал етеді.
Цифрлық платформалар арқылы оқушылар
бағдарламалау, робот басқару, онлайн
тәжірибе жасау және STEM жобаларын орындау
сияқты әрекеттерді жүзеге асырады.
Сондықтан цифрлық платформаларды тиімді
пайдалану – сапалы білім берудің маңызды
шарттарының бірі.
Цифрлық платформа – білім беру мазмұнын ұйымдастыруға, ақпарат алмасуға, тапсырмалар орындауға және оқу нәтижесін бақылауға арналған электронды орта. Мұндай платформалар оқушылардың өздігінен білім алуына, шығармашылықпен жұмыс жасауына және заманауи технологияларды меңгеруіне мүмкіндік береді.
Робототехника сабақтарында қолданылатын цифрлық платформалардың бірнеше түрі бар. Соның бірі – бағдарламалау платформалары. Scratch, LEGO Education, Arduino IDE сияқты платформалар оқушыларға роботтың қозғалысын бағдарламалауға мүмкіндік береді. Бұл платформалар арқылы оқушылар алгоритм құрып, кодтарды ретімен орналастырып, роботтың әрекетін басқарады.
Scratch платформасы 5-сынып оқушылары үшін өте қолайлы. Оның визуалды бағдарламалау жүйесі арқылы оқушылар күрделі кодтарды жаттамай-ақ бағдарламалау негіздерін меңгереді. Түрлі түсті блоктар арқылы код құрастыру оқушылардың қызығушылығын арттырып, логикалық ойлауын дамытады.
LEGO Education платформасы робот құрастыру мен бағдарламалауды біріктіретін тиімді құрал болып табылады. Оқушылар робот моделін жинап, арнайы бағдарлама арқылы оның қозғалысын басқарады. Бұл инженерлік және алгоритмдік қабілеттердің дамуына ықпал етеді.
Arduino IDE платформасы оқушыларды электроника және бағдарламалау негіздерімен таныстырады. Бұл ортада оқушылар код жазып, сенсорлар мен моторларды басқаруға үйренеді. Arduino платформасы инженерлік ойлау мен техникалық дағдыларды терең дамытуға мүмкіндік береді.
Цифрлық платформаларды тиімді пайдаланудың маңызды жолдарының бірі – интерактивті оқыту әдістерін қолдану. Онлайн тапсырмалар, виртуалды тәжірибелер, цифрлық тесттер және бейнесабақтар оқушылардың сабаққа белсенді қатысуын қамтамасыз етеді. Мұндай әдістер оқушылардың ақпаратты тез қабылдауына және есте сақтауына көмектеседі.
Цифрлық платформаларды тиімді пайдалануда жобалық жұмыстардың рөлі ерекше. Оқушылар онлайн платформалар арқылы бірлесіп жоба дайындап, роботтың бағдарламасын бөлісіп және нәтижесін талқылай алады. Мұндай әрекеттер олардың коммуникациялық дағдыларын және топпен жұмыс жасау қабілетін дамытады.
Білім беру платформаларын пайдалану бағалау жүйесін де жеңілдетеді. Мұғалім электронды тесттер, цифрлық мониторинг және онлайн бақылау құралдары арқылы оқушылардың жетістігін жылдам анықтай алады. Сонымен қатар оқушылар өз нәтижесін көріп, қателерін түзетуге мүмкіндік алады.
Цифрлық платформаларды пайдалану барысында ақпараттық қауіпсіздік мәселесіне де назар аудару маңызды. Оқушылар интернеттегі қауіпсіздік ережелерін сақтап, жеке мәліметтерді қорғауды үйренуі қажет. Бұл олардың цифрлық мәдениетін қалыптастырады.
5-сынып оқушылары үшін цифрлық платформаларды қолдану сабақтың қызықтылығын арттырады. Түрлі анимациялар, интерактивті тапсырмалар және роботты басқару мүмкіндігі оқушылардың оқу мотивациясын күшейтеді. Сонымен қатар цифрлық ортада жұмыс жасау олардың болашақ технологиялық қоғамға бейімделуіне ықпал етеді.
Мұғалім цифрлық платформаларды пайдалану барысында оқушылардың жас ерекшелігін ескеріп, тапсырмаларды қарапайымнан күрделіге қарай ұйымдастыруы қажет. Сонымен бірге платформаларды қолдану білім беру мақсатына бағытталып, оқушының белсенді әрекет жасауына мүмкіндік беруі тиіс.
3 ЦИФРЛЫҚ ҚҰЗЫРЕТТІЛІКТІ БАҒАЛАУ ЖҮЙЕСІ
3.1 Цифрлық құзыерттілікті Delta Framework үлгісі негізінде бағалау құрылымы
Қазіргі білім беру жүйесінде бағалау оқушының білімін тексерудің ғана емес, оның даму деңгейін анықтаудың және оқу үдерісін жетілдірудің маңызды құралы болып табылады. Әсіресе робототехника сабақтарында цифрлық құзыреттілікті бағалау оқушылардың теориялық білімін ғана емес, олардың практикалық әрекетін, алгоритмдік ойлауын, шығармашылық қабілетін және технологиялық сауаттылығын анықтауға мүмкіндік береді. Сондықтан цифрлық құзыреттілікті бағалау жүйесін тиімді ұйымдастыру – жаңа дельта бағалау жүйесі негізінде қарастырылады.
Цифрлық құзыреттілікті бағалау – оқушының ақпараттық технологияларды пайдалану, бағдарламалау, робот құрастыру, цифрлық құрылғылармен жұмыс жасау және мәселені шешу қабілеттерін анықтау үдерісі. Бұл бағалау оқушының тек дайын ақпаратты меңгеруін емес, оның тәжірибелік әрекет жасауын және технологиялық ортада еркін жұмыс істей алуын бағалауға бағытталады.
Робототехника сабақтарындағы бағалау жүйесінің басты ерекшелігі – практикалық әрекетке негізделуінде. Оқушылар робот моделін құрастыру, бағдарламалау, сенсорлармен жұмыс жасау және жобалық тапсырмаларды орындау арқылы өз білімін көрсетеді. Зерттеу аясында бейімделген Delta Framework моделі үш өзара байланысты компоненттен тұратын жүйелі құрал ретінде ұсынылады.
Үлгінің әрбір компоненті оқушы тұлғасының цифрлық дамуының нақты деңгейлерін айқындайды:
Knowledge (Білім) — «Оқушы не біледі?»: Бұл компонент цифрлық сауаттылық пен робототехниканың базалық теориялық негізін құрайды. Мұнда оқушының терминдерді, робот элементтерін, бағдарламалау интерфейсін және датчиктердің жұмыс істеу принциптерін тану, түсіну және есте сақтау қабілеті бағаланады. Теориялық базасыз келесі деңгейге өту мүмкін емес.
Skills (Дағды) — «Оқушы не істей алады?»: Бұл кезең теориялық білімнің функционалдық сауаттылыққа ауысуын көрсетеді. Бағалау оқушының роботты техникалық құрастыру, сымдар мен датчиктерді дұрыс жалғау және алгоритмге сәйкес қатесіз код жазу дағдыларына бағытталады. Бұл — цифрлық құзыреттіліктің орындаушылық деңгейі.
Mindsets (Ойлау) — «Оқушы қалай жасайды?»: Бұл ең жоғары, трансформациялық деңгей. Мұнда оқушының шығармашылық ізденісі, логикалық және сыни ойлауы, сондай-ақ топтық жұмыстағы (ынтымақтастық) белсенділігі бағаланады. Оқушы тек дайын кодты көшірмейді, қатемен жұмыс істейді, алгоритмді оңтайландыру жолдарын іздейді және өз шешімдерін логикалық тұрғыдан негіздейді.
Delta Framework – білім алушылардың цифрлық құзыреттілігін кешенді бағалауға арналған халықаралық құрылым.Бұл үлгінің негізгі ерекшелігі – оқушыны тек теориялық білім арқылы емес, оның іс-әрекеті мен ойлау жүйесі арқылы бағалау.
Delta Framework үш негізгі компоненттен тұрады:
Knowledge (Білім): Оқушының теориялық білім деңгейін анықтайды. Робототехника сабақтарында бұл:
сенсорлар түрлері;
бағдарламалау блоктары;
робот қозғалысының принциптері;
алгоритм ұғымдары;
командалық блоктардың қызметтері.
Skills (Дағды): Практикалық әрекет арқылы қалыптасатын қабілеттер.
Мысалы:
робот құрастыру;
код жазу;
сенсорларды іске қосу;
бағдарламаны тестілеу;
қатемен жұмыс.
Mindsets (Ойлау жүйесі): Оқушының мәселеге көзқарасын және логикалық ойлауын анықтайды.
Бұл бағыт:
есептеуіш ойлау;
талдау;
рефлексия;
топтық жұмыс;
шығармашылық;
қателіктерді түзету әрекеттерін қамтиды.
3.2 Delta framework негізінде бағалау әдістемесі
Бағалау жүйесін ұйымдастыру жолдары
Бағалау үдерісін ұйымдастыру барысында келесі кезеңдер басшылыққа алынады:
Оқу мақсатын анықтау;
Delta компоненттерін сәйкестендіру;
Бағалау критерийлерін құру;
Индикаторлар әзірлеу;
Бағалау құралдарын таңдау;
Рефлексия жүргізу.
Робототехника сабақтарында бағалау жүйесі оқушының әрекетін сабақ бойы бақылауға негізделеді.
Мұғалімнің әрекеті:
бақылау;
бағыт беру;
кері байланыс;
бағалау;
диагностика.
Оқушының әрекеті:
құрастыру;
бағдарламалау;
талдау;
түзету;
рефлексия.
Бағалау критерийлері – оқушының оқу жетістігін анықтайтын нақты көрсеткіштер жүйесі. Критерийлер арқылы оқушы қандай әрекет үшін бағаланатынын алдын ала біледі. Бұл оқу мақсатын түсінуге, өз жұмысын талдауға және нәтижеге бағытталған әрекет жасауға көмектеседі. Робототехника сабақтарында бағалау критерийлері оқушының теориялық білімін ғана емес, оның практикалық әрекетін де қамтуы қажет.
Бағалау критерийлерін әзірлеудің алғашқы кезеңі – оқу мақсатын нақты анықтау. Мұғалім сабақтың немесе жобаның негізгі мақсатын белгілеп, сол мақсатқа сәйкес бағалау талаптарын құрастырады. Мысалы, егер сабақтың мақсаты робот қозғалысын бағдарламалау болса, бағалау критерийлері бағдарламаның дұрыстығына, алгоритмнің құрылымына және роботтың қозғалыс сапасына негізделеді.
Критерийлерді әзірлеу барысында оқушылардың жас ерекшелігі ескерілуі қажет. 5-сынып оқушылары үшін бағалау түсінікті, қарапайым және ынталандырушы сипатта болуы маңызды. Тым күрделі немесе түсініксіз талаптар оқушының қызығушылығын төмендетуі мүмкін. Сондықтан критерийлер нақты әрі қысқа түрде берілуі тиіс.
Робототехника сабақтарында бағалау критерийлері бірнеше бағыт бойынша құрылады. Бірінші бағыт – робот құрылымын бағалау. Бұл критерийлер арқылы оқушының роботты дұрыс құрастыруы, бөлшектерді тиімді орналастыруы және модельдің тұрақтылығы анықталады.
Мысалы:
робот бөлшектері дұрыс жалғанған;
құрылым тұрақты;
моторлар мен сенсорлар дұрыс орнатылған.
Екінші бағыт – бағдарламалау дағдыларын бағалау. Мұнда оқушының алгоритм құру қабілеті, кодтардың реттілігі және робот қозғалысын басқару сапасы ескеріледі.
Мысалы:
бағдарлама дұрыс құрылған;
робот командаларды орындайды;
шарт операторлары мен циклдер қолданылған.
Үшінші бағыт – шығармашылық және зерттеушілік әрекет. Бұл критерий оқушының жаңа идея ұсынуын, робот моделін жетілдіруін және мәселені шешудегі белсенділігін анықтайды.
Мысалы:
роботтың ерекше функциясы бар;
оқушы өз идеясын ұсынды;
жобаны жетілдіру әрекеті байқалады.
Төртінші бағыт – топтық жұмыс және коммуникация. Робототехника сабақтарында оқушылар көбінесе топпен жұмыс жасайтындықтан, олардың бірлескен әрекеті де бағалануы тиіс.
Мысалы:
топпен тиімді жұмыс жасайды;
пікір алмасуға қатысады;
міндеттерді жауапкершілікпен орындайды.
Бағалау критерийлері Delta Framework компоненттері негізінде әзірленеді.
Delta компоненті |
Бағалау бағыты |
Knowledge |
Теориялық білім |
Skills |
Практикалық әрекет |
Mindsets |
Логикалық ойлау және мәселе шешу |
Бағалау критерийін құру алгоритмі
Сабақ мақсатын анықтау;
Delta компонентін таңдау;
Бағалау әрекетін анықтау;
Индикатор жазу;
Дескриптор әзірлеу.
Бағалау критерийлерін әзірлеуде дескрипторлардың рөлі ерекше. Дескриптор – оқушының белгілі бір критерий бойынша әрекетін сипаттайтын нақты көрсеткіш. Ол мұғалімге де, оқушыға да бағалау нәтижесін түсінуге көмектеседі.
Мысалы:
Критерий |
Дескриптор |
Роботты бағдарламалау |
Робот алға және артқа қозғалады |
Сенсорды қолдану |
Кедергіні анықтап тоқтайды |
Жобаны қорғау |
Өз идеясын түсіндіреді |
Бағалау критерийлері сабақтың басында оқушыларға таныстырылуы қажет. Бұл олардың мақсатқа бағытталған әрекет жасауына мүмкіндік береді. Сонымен қатар оқушылар өз жұмысын бағалау талаптарына сәйкес тексеруге үйренеді.
Практикалық жұмыстарды бағалау әдістері:
Бақылау әдісі: Мұғалім оқушының әрекетін сабақ барысында бақылайды.
Чек-парақ әдісі:Оқушының орындаған әрекеттері арнайы кесте арқылы белгіленеді.
Өзін-өзі бағалау: Оқушы өз жұмысын талдап, жетістігін анықтайды.
Өзара бағалау: Оқушылар бір-бірінің жұмысын бағалап, пікір білдіреді.
Жобаны қорғау: Оқушылар өз роботтарының қызметін түсіндіріп, нәтижесін көрсетеді.
Практикалық жұмыстарды бағалау робототехника сабақтарындағы маңызды үдерістердің бірі болып табылады. Арнайы тапсырмалар арқылы оқушылардың цифрлық сауаттылығы, бағдарламалау қабілеті, инженерлік ойлауы және шығармашылық белсенділігі анықталады.
Диагностикалау әдістері
Бақылау әдісі:Мұғалім оқушының практикалық әрекетін бақылайды.
Электронды тест: Цифрлық білім деңгейін тексеруге арналған онлайн тапсырмалар орындалады.
Практикалық жұмыс: Оқушылар роботты бағдарламалап, құрылғылармен жұмыс жасайды.
Сауалнама әдісі: Оқушылардың цифрлық ортаға қызығушылығы мен тәжірибесі анықталады.
Өзін-өзі бағалау: Оқушылар өз цифрлық дағдыларына талдау жасайды.
3.3 Өзін-өзі бағалау және рефлексия
Қазіргі білім беру жүйесінде оқушыны тек білім алушы ретінде емес, өз әрекетін талдай алатын, жетістігі мен қиындықтарын бағалай білетін тұлға ретінде қалыптастыру маңызды. Осы тұрғыдан алғанда өзін-өзі бағалау және рефлексия әдістері оқушылардың оқу әрекетіне саналы көзқарасын қалыптастыруда ерекше рөл атқарады. Робототехника сабақтарында бұл әдістер оқушылардың цифрлық құзыреттілігін, шығармашылық қабілетін және зерттеушілік белсенділігін дамытуға мүмкіндік береді.
Өзін-өзі бағалау – оқушының өз жұмысын арнайы критерийлер негізінде талдап, өзінің жетістігі мен кемшілігін анықтау үдерісі. Бұл әдіс арқылы оқушы өз әрекетіне жауапкершілікпен қарап, оқу мақсатына жету деңгейін бағалайды. Робототехника сабақтарында өзін-өзі бағалау практикалық жұмыстардан, бағдарламалау тапсырмаларынан және жобалық әрекеттерден кейін тиімді қолданылады.
Рефлексия – оқушының сабақ барысында не үйренгенін, қандай қиындық кездескенін және келесі жолы нені жақсарту қажет екенін талдау әрекеті. Рефлексия оқушының ойлау мәдениетін қалыптастырып, өз әрекетін саналы түрде бағалауға үйретеді.
Робототехника сабақтарында рефлексия әсіресе практикалық жұмыстардан кейін тиімді жүзеге асады. Оқушылар роботтың не себепті дұрыс немесе қате жұмыс істегенін талдайды және бағдарламаны жетілдіру жолдарын ұсынады.
Өзін-өзі бағалау: «Менің роботым» бағалау парағы:
Бағалау сұрағы |
Иә |
Жоқ |
Роботты өзім құрастырдым |
✓ |
|
Бағдарламаны дұрыс құрдым |
✓ |
|
Сенсорларды қолдандым |
✓ |
|
Қателерді түзете алдым |
✓ |
|
Тапсырманы толық орындадым |
✓ |
|
«Бағдаршам» әдісі: бұл әдіс арқылы оқушылар өз түсіну деңгейін бағалайды.
Жасыл – тапсырманы толық түсіндім.
Сары – аздап көмек қажет болды.
Қызыл – тапсырманы орындауда қиындық көрдім.
«Екі жұлдыз, бір тілек» әдісі: өз жұмысыңдағы екі жақсы әрекетті және бір жақсартуды қажет ететін тұсты жаз.
Үлгі:
Робот жақсы қозғалды.
Бағдарлама дұрыс жұмыс істеді.
Келесі жолы сенсорды жылдамырақ орнатамын.
«Рефлексия күнделігі»: сабақ соңында төмендегі сұрақтарға жауап жаз:
Мен бүгін не үйрендім?
Қандай тапсырма қызықты болды?
Қандай қиындық кездесті?
Келесі сабақта нені жақсартамын?
«Смайлик арқылы бағалау»
тапсырманы жақсы орындадым.
кейбір тұстарда қиналдым.көмек қажет болды.
Рефлексия әдістерінің түрлері:
Ауызша рефлексия: Оқушылар өз ойларын ауызша айтады.
Жазбаша рефлексия: Күнделік немесе шағын эссе жазады.
Графикалық рефлексия: Смайлик, сурет немесе стикер арқылы көрсетеді.
Сандық рефлексия: Онлайн платформаларда пікір қалдырады.
4 ӘДІСТЕМЕЛІК ҰСЫНЫСТАР
Қазіргі білім беру жүйесінде робототехника оқушылардың цифрлық құзыреттілігін, алгоритмдік ойлауын және инженерлік қабілетін дамытуға бағытталған маңызды пәндердің бірі болып табылады. Сондықтан мұғалімнің сабақты тиімді ұйымдастыруы, заманауи әдістерді қолдануы және оқушылардың жеке ерекшеліктерін ескеруі ерекше маңызға ие. Әдістемелік ұсыныстар бөлімі педагогтерге робототехника сабақтарын сапалы ұйымдастыруға, бағалау жұмыстарын жүргізуге және дельта жүйесін тиімді жүзеге асыруға көмектеседі.
Мұғалімге арналған сабақ жоспарлары
Робототехника сабақтары нақты мақсатқа бағытталған, практикалық әрекетке негізделген және оқушы белсенділігін арттыратын құрылымда ұйымдастырылуы тиіс.
Сабақ жоспарының негізгі бөлімдері:
Сабақтың тақырыбы
Оқу мақсаты
Практикалық тапсырмалар
Бағалау критерийлері
Рефлексия кезеңі
Қысқа мерзімді жоспар үлгілері:
Қысқа мерзімді жоспар
Мектеп: |
|
|||
Мұғалімнің аты-жөні: |
|
|||
Пән/ Күні/ Сынып: 5 «А» |
|
|||
Тарау немесе бөлім атауы: |
3-бөлім. Робототехника |
|||
Сабақтың тақырыбы: |
Гироскопиялық датчик |
|||
Оқу мақсаттары: |
5.3.4.4 гироскопиялық датчик жұмыс істеу принципін түсіндіру; 5.3.3.1 роботтың бұрыштық бейімділігін анықтау үшін бағдарламалар жасау |
|||
Сабақ мақсаты: |
Knowledge (Білім): гироскопиялық датчиктің робот қозғалысын басқарудағы рөлін түсінеді; Skills (Дағды): гироскопиялық датчикті қолданып, роботтың бұрылу дәлдігін арттыратын бағдарлама құрастырады; Mindsets (Ойлау): Өз жұмысының құрастыру блоктарын түсіндіре алады. |
|||
Кезеңдері Уақыты |
Сабақтың мазмұны |
Мұғалімнің бақылауы мен зерттеуі не? |
Ресурстар |
|
Ұйымдастыру 7 минут |
Оқушылармен сәлемдесу, сабаққа қатысуды тексеру. “Гүлмен тілек” әдісі арқылы оқушылардың бір-біріне жақсы тілек айту арқылы жағымды ахуал қалыптастыру. Оқушылар бойында идея немесе тілек білдіру, тыңдау дағдыларын дамытуға бағыттау, сондай-ақ барлық оқушыларды қатыстыру арқылы оқыту жағдайларын теңестіру. Өткен сабаққа қайталау жасау.
|
Жарайсың! |
«Гүлмен тілек» әдісі
|
|
Сабақ ортасы Жаңа сабақ 33 минут Knowledge (Білім)
Skills (Дағды)
Сергіту сәті
Mindsets (Ойлау)
Соңы 5 минут |
(Ұғымдарды білу, түсінуге бағытталған) Оқушылар оқулықта келтірілген материалдармен танысады. Мұғалім жаңа ақпаратпен таныстырады, бірге талқылайды.
Сабақтағы іс-әрекеттерді бақылау үшін оқушыларға бақылау парағы ұсынылады
1-тапсырма. «Интерактивті тапсырма» әдісі. А деңгей. Оқушылар LearningApps платформасында берілген интерактивті тапсырмаларды орындап, сұрақтарға жауап береді. Өз білім дағдыларының сынайды.
2-тапсырма. Практикалық жұмыс. В деңгей. Роботты тұрған орнынан 90 градусқа бұратын программа блоктарын құрастыр. Программада қолданылатын блоктар: 1. Роботты қозғалту үшін алға жүру блогын арақашықты белгілей отыра таңдаймыз. 2. Гироскопиялық датчиктің параметрлерін енгіземіз. Бұл блок роботтың бұрылу кезінде бұрылыс мәні 90 градусқа теңелуін белгілейміз. 3. Роботтың қозғалыс бұрышы 90 градусқа жеткенде өшіру блогын қойып өшіреді.
Сергіту сәті. Көз жаттығулары
3-тапсырма «Сыни ойлау дағдысын қалыптастыруға арналған жеке жұмыс». С деңгей.
Программадағы блоктар арасындағы логикалық байланысты түсіне отырып орындау қажет.
Рефлексия
Сабақты бағалау мақсатында оқушылардың кері-байланыс алу
Үй тапсырмасы: Гироскопиялық датчиктің жұмыс жасау принципін түсіндір.
|
Жарайсың!
Өз жұмыстарын бағалайды |
Оқулық Интерактивті тақта Canva платформасы
Бақылау парағы
Learning Apps платформасы https://learningapps.org/watch?v=pjuu5krek26 «Интерактивті тапсырма» әдісі
Компьютер
Интерактивті тақта
Жұмыс парағы
Өзін-өзі бағалау
Кері байланыс билеті
|
|
Қысқа мерзімді жоспар
Мектеп: |
|
|||
Мұғалімнің аты-жөні: |
|
|||
Пән/ Күні/ Сынып: 5 «А» |
|
|||
Тарау немесе бөлім атауы: |
3-бөлім. Робототехника |
|||
Сабақтың тақырыбы: |
Бұрылыстар |
|||
Оқу мақсаттары: |
5.3.3.2 роботты көрсетілген градусқа бұру үшін бағдарламалар жасау |
|||
Сабақ мақсаты: |
Knowledge (Білім): оқушылар бұрылу қозғалысының жұмыс істеу принципін түсінеді және оны алгоритм түрінде сипаттай алады; Skills (Дағды): роботтың шаршы бойымен бұрылу қозғалысын қамтитын тапсырманы топта бірлесе орындап, цифрлық құралдар (бағдарлама/симуляция) арқылы нәтижесін тексереді; Mindsets (Ойлау): Delta Framework критерийлері негізінде өз және топтық жұмысты талдап, бұрылу тапсырмасын орындау арқылы цифрлық құзыреттіліктің қалай бағаланатынын түсінеді. |
|||
Кезеңдері Уақыты |
Сабақтың мазмұны
|
Мұғалімнің бақылауы мен зерттеуі не? |
Ресурстар |
|
Ұйымдастыру 8 минут |
Оқушылармен сәлемдесу, сабаққа қатысуды тексеру. Үй тапсырмасын тексеру. Өткен тақырыпты қайталау:
«Миға шабуыл» әдісі арқылы өткен тақырыппен жаңа сабақты байланыстыру мақсатында ой қозғау сұрақтарын ұжымдық талқылау. Бір-біріне сұрақтар қояды. Сыныптастырының пікірін толықтырады.
|
|
«Миға шабуыл» әдісі
https://wordwall.net/ru/resource/51694536
|
|
Сабақ ортасы Жаңа сабақ 32 минут Knowledge (Білім)
Skills (Дағды)
Сергіту сәті
Mindsets (Ойлау)
Соңы 5 минут |
(Ұғымдарды білу, түсінуге бағытталған) Оқушылар оқулық бойынша жаңа тақырып материалдарымен танысады. Мұғалім жаңа ақпараттарды түсіндіріп, оқушылармен байланыс орнатады.
Сабақтағы іс-әрекеттерді бақылау үшін оқушыларға бақылау парағы ұсынылады.
1-тапсырма. «Сұрақ-жауап әдісі» әдісі. О
Топқа бөлу: Роботтар тобы Датчиктер тобы Бұрылыстар тобы
2-тапсырма. Топтық жұмыс. Джигсо әдісі Роботтың шаршы бойымен қозғалуы Роботтың шаршы бойымен қозғалу алгоритмі (2-сурет). 1) 2 секунд алға қарай қозғалады. 2) Робот 900 -қа оңға бұрылады. 3) 2 секунд алға қарай қозғалады. 4) Робот 900 -қа оңға бұрылады. 5) 2 секунд алға қарай қозғалады. 6) Робот 900 -қа оңға бұрылады. 7) 2 секунд алға қарай қозғалады.
Сергіту сәті. Сергіту жаттығуларын орындайды
3-тапсырма «Сыни ойлау дағдысын қалыптастыруға арналған жеке жұмыс».
Оқушылардан күтілетін жауап: Робот алдымен алға жүреді, кейін оңға бұрылып бағыт өзгертеді Қозғалыс нәтижесінде “Г” тәрізді жол жүреді Соңында бастапқы бағытпен бірдей бағытта қозғалып тоқтайды
Рефлексия «Еркін микрофон» әдісі.
Кері байланыс. Padlet тақтасы
Үй тапсырмасы: Роботтың кез-келген градусқа бұрылыс қозғалысының алгоритмін жаз. |
Жарайсыңдар!

Genially платформасы https://view.genially.com/691305cb53e27f87faa1d133
Интерактивті тақта https://www.online-stopwatch.com/
Оқулық Компьютер
Интерактивті тақта
Интерактивті тақта Дәптер
Өзін-өзі бағалау
Кері байланыс тақтасы
Жұмыс дәптері |
|
Қысқа мерзімді жоспар
Мектеп: |
|
|||
Мұғалімнің аты-жөні: |
|
|||
Пән/ Күні/ Сынып: 5 «А» |
|
|||
Тарау немесе бөлім атауы: |
3-бөлім. Робототехника |
|||
Сабақтың тақырыбы: |
Практикалық жұмыс (Бұрылыстар) |

Knowledge (Білім): оқушылар бұрылу (90°, 180°) қозғалысының орындалу принципін және алгоритмдегі рөлін түсінеді; Skills (Дағды): практикалық жұмыс барысында роботтың бұрылу қозғалысын орындайтын алгоритмдерді құрастырып, оларды дұрыс қолданады; Mindsets (Ойлау): орындалған тапсырмалардың нәтижесін талдап, бұрылу дәлдігін арттыру жолдарын қарастырады және өз жұмыстарын бағалайды.. |
|||
Кезеңдері Уақыты |
Сабақтың мазмұны
|
Мұғалімнің бақылауы мен зерттеуі не? |
Ресурстар |
|
Ұйымдастыру 6 минут |
Оқушылармен амандасу. Сабақтың тақырыбы мен мақсаттарымен таныстыру.
Өткен сабақты пысықтау.«Өрмекші торы» әдісі

Оқулық
Бақылау парағы
|
|
Сабақ ортасы Жаңа сабақ 34 минут Knowledge (Білім)
Skills (Дағды)
Сергіту сәті
Mindsets (Ойлау)
Соңы 5 минут |
(Ұғымдарды білу, түсінуге бағытталған) 1.Тапсырма Деформацияланған мәтін әдісі
Топқа бөлу: 1-топ 2-топ 3-топ
2-тапсырма. Топтық жұмыс. «Қатені тап, түзет» әдісі. Сақшы роботтың қозғалыс алгоритмінен қателігін табу. Қате нұсқаулық ұсыну
«Сақшы» роботтың қозғалысының алгоритмі. 2. Сол жағына 90 градусқа бұрылады. 3. 1 секунд жан-жағына қарайды. 4. Оң жаққа 180 градусқа бұрылады. 5. 1 секунд жан-жағына қарайды. 6. Оң жағына 90 градусқа бұрылады. 7. Артқа қарай 2 секунд қозғалады
3-тапсырма. Практикалық жұмыс. Робот лабиринттен өтуі керек. Алгоритмін құрып, блоктарын құрастыру.
.
Сергіту сәті. Биші робот
4-тапсырма «Сыни ойлау дағдысын қалыптастыруға арналған жеке жұмыс».
«Сақшы» роботының программасына талдау жасаңдар. Блоктардағы сандық параметрлерге назар аударыңдар. Робот әскери сақшының барлық қызметтерін орындай ала ма? Қандай қызметін орындай алмайды? Не себепті?
Рефлексия. Кері байланыс. «Блоб ағашы» әдісі.
Үй тапсырмасы: 79-бет. Үй тапсырмасы
|
Блоктардағы барлық сандық параметрлерді (жылдамдық, уақыт, бұрыш, қашықтық шегі т.б.) дұрыс түсіндіріп, роботтың әскери сақшының қандай қызметтерін орындай алатынын және қандай қызметтерін орындай алмайтынын кем дегенде 2-3 себебімен дәлелдеп жазады.
|
Жұмыс парағы Ұпай-жұлдызша
Интерактивті тақта https://qazmath.net/quraldar/topka-bolu/
Жұмыс парағы
Ұпай-жұлдызша
Компьютер Ұпай-жұлдызша
Интерактивті тақта https://youtu.be/2V_Coh-PamE?si=qKdqiUlAX3BAEeUD
Жұмыс дәптері Ұпай-жұлдызша
Стикер Интерактивті тақта
Жұмыс дәптері |
|
Практикалық жұмыстар жинағы
Практикалық жұмыстар – робототехника сабақтарының негізгі құрамдас бөлігінің бірі. Теориялық білім тәжірибемен ұштасқанда ғана оқушылардың цифрлық құзыреттілігі, алгоритмдік ойлауы және инженерлік қабілеті тиімді қалыптасады. Әсіресе 5-сынып оқушылары үшін практикалық әрекеттер қызығушылықты арттырып, робототехника әлемін терең түсінуге мүмкіндік береді.
Практикалық жұмыстар жинағы оқушылардың робот құрастыру, бағдарламалау, сенсорлармен жұмыс жасау және цифрлық технологияларды қолдану дағдыларын дамытуға бағытталған. Сонымен қатар бұл тапсырмалар оқушылардың шығармашылық қабілетін, зерттеушілік белсенділігін және топтық жұмыс мәдениетін қалыптастыруға көмектеседі.
«Ақылды робот» жобасы моделі
Кедергіден өтетін робот құрастыр
Жарыққа әсер ететін робот бағдарламасы
Сенсорлармен тәжірибелік жұмыстар
Робот қозғалысын модельдеу тапсырмалары
Цифрлық логикаға арналған жаттығулар
Робот жарысын ұйымдастыру үлгісі
Қорытынды практикалық бақылау жұмыстары
Саралап оқыту тәсілдері: Саралап оқыту оқушылардың қабілетіне қарай тапсырмалар ұсынуға бағытталады.
Қарапайым және күрделі тапсырмалар беру
Жеке және топтық жұмыс ұйымдастыру
Ұсыныс: Әр оқушының деңгейіне сай тапсырма беру оның сабаққа
қызығушылығын арттырады.
Инклюзивті білім беру жағдайындағы робототехника
Робототехника барлық оқушыға қолжетімді болуы қажет.
Қарапайым нұсқаулықтар беру
Көрнекілікті көбірек қолдану
Жұптық жұмыстар ұйымдастыру
Қолдау көрсету әдістерін пайдалану
Ұсыныс: Ерекше білімді қажет ететін оқушыларға практикалық жұмыстарды баяу әрі түсінікті түсіндіру қажет.
Оқушы мотивациясын арттыру жолдары:
Ойын технологиясын қолдану
Робот жарыстарын ұйымдастыру
Мадақтау әдістері
Цифрлық платформаларды пайдалану
Ұсыныс: Сабақ барысында жетістік жағдайын қалыптастыру қажет.
Цифрлық ресурстар мен онлайн платформалар: Робототехника сабақтарында заманауи платформаларды қолдану тиімді нәтиже береді.
Ұсынылатын платформалар:
Scratch
LEGO Education
Arduino IDE
Tinkercad
Code.org
Vexcode v
ҚОРЫТЫНДЫ
Қазіргі білім беру жүйесінде цифрлық технологиялардың қарқынды дамуы оқушылардың цифрлық құзыреттілігін қалыптастыруды маңызды міндеттердің біріне айналдырды. Осы тұрғыдан алғанда робототехника – оқушылардың алгоритмдік ойлауын, инженерлік қабілетін, шығармашылық белсенділігін және технологиялық сауаттылығын дамытуға мүмкіндік беретін заманауи білім беру бағыты. Ұсынылып отырған әдістемелік құрал 5-сынып оқушыларының цифрлық құзыреттілігін робототехника тақырыптары негізінде тиімді бағалауға арналған практикалық және теориялық материалдарды жүйелі түрде қамтиды.
Практикалық жұмыстар мен жобалық тапсырмалар барысында оқушылар робот қозғалысын бағдарламалауды, сенсорларды қолдануды меңгереді. Сонымен қатар өзін-өзі бағалау және рефлексия әдістері арқылы оқушылар өз әрекеттеріне талдау жасап, қателерін түзетуге үйренеді.
Әдістемелік құралдың тиімділігі оның теория мен тәжірибені өзара байланыстыра отырып ұйымдастырылуында. Ұсынылып отырған әдістемелік құралда 5-сынып оқушыларының цифрлық құзыреттілігін бағалаудың ғылыми-әдістемелік негіздері қарастырылып, Delta Framework үлгісін робототехника сабақтарына бейімдеу жолдары жүйеленді.
Зерттеу барысында Delta Framework құрылымының негізгі компоненттері – Knowledge (білім), Skills (дағды), Mindsets (ойлау жүйесі) негізге алынды. Бұл компоненттерді робототехника сабақтарына бейімдеу оқушылардың оқу жетістіктерін кешенді түрде бағалауға мүмкіндік берді. Атап айтқанда, оқушылардың теориялық білім деңгейі, роботтарды бағдарламалау дағдылары, сенсорлармен жұмыс жасауы, алгоритм құру қабілеті, қателерді анықтап түзетуі және логикалық ойлау әрекеттері бағалау үдерісінің негізгі нысаны ретінде қарастырылды.
Әдістемелік құралдың маңызды ерекшелігі – оның практикалық бағытта құрылуында. Құрал құрамында робототехника сабақтарына арналған практикалық тапсырмалар, бағалау критерийлері, дескрипторлар, рубрикалар, бақылау парақтары, чек-листтер және рефлексия үлгілері берілді. Бұл материалдар мұғалімнің сабақ барысында бағалау үдерісін тиімді ұйымдастыруына көмектеседі. Сонымен қатар әдістемелік құрал бағалаудың ашықтығын қамтамасыз етіп, оқушылардың өзін-өзі бағалау және рефлексия жасау дағдыларын дамытуға ықпал етеді. Бағалау оқушылардың жас ерекшелігіне сай құрастырылып, үш компонентті жүйе қарапайымнан күрделіге қарай ұйымдастырылатыны қарастырылды. Бұл оқушылардың робототехникаға деген қызығушылығын арттырып, олардың практикалық әрекет арқылы білім алуына жағдай жасайды.
Жалпы алғанда, робототехника сабақтарында Delta Framework үлгісін қолдану оқушылардың цифрлық құзыреттілігін дамыту мен бағалаудың тиімді педагогикалық тәсілі екендігі дәлелденді. Ұсынылған әдістемелік құрал информатика пәні мұғалімдеріне оқу процесін жүйелі ұйымдастыруға, цифрлық құзыреттілікті кешенді бағалауға және білім алушылардың заманауи технологиялық ортада еркін әрекет ету дағдыларын қалыптастыруға мүмкіндік береді.
Қорытындылай келе, бұл әдістемелік құрал цифрлық білім беру жағдайында робототехника сабақтарын ұйымдастыру мен бағалау сапасын арттыруға арналған тиімді практикалық нұсқаулық болып табылады. Әдістемелік құралды білім беру ұйымдарында қолдану оқушылардың цифрлық сауаттылығын, техникалық дағдыларын және логикалық ойлау қабілеттерін дамытуға оң әсерін тигізеді. Сонымен қатар болашақта цифрлық құзыреттілікті бағалаудың жаңа модельдерін жетілдіруге және робототехника бағытындағы білім беру тәжірибесін дамытуға негіз болады.
Болашақтағы даму бағыттарының бірі – робототехника сабақтарын жасанды интеллект, виртуалды шынайылық және автоматтандырылған цифрлық жүйелермен байланыстыра отырып дамыту. Сонымен қатар платформаларды тиімді пайдалану және халықаралық тәжірибелерді енгізу маңызды болып табылады. Болашақта робототехника білім беру жүйесінің негізгі компоненттерінің біріне айналып, оқушылардың технологиялық мәдениетін қалыптастыруда үлкен рөл атқарады.
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ДЕРЕККӨЗДЕР ТІЗІМІ
«Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы. Астана, 2021.
Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі. Информатика пәні бойынша оқу бағдарламасы. Астана, 2023.
Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі. Мемлекеттік жалпыға міндетті бастауыш білім беру стандарты. Астана, 2022.
Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі. Цифрлық сауаттылықты дамыту бағдарламасы. Астана, 2022.
Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2025 жылға дейінгі тұжырымдамасы». Астана, 2021. Қазақстан Республикасында инклюзивті білім беруді дамытудың тұжырымдамалық негіздері. Астана, 2020.
Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңы. Астана, 2023.
Әбиев Ж. Педагогика. Алматы, 2021.
Қараев Ж. Деңгейлеп оқыту технологиясы. Алматы, 2020.
Робототехника негіздері бойынша оқу-әдістемелік кешен. Алматы, 2022
Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы. Цифрлық білім беру технологиялары. Астана, 2023.
Alimisis D. Educational Robotics: Open Questions and New Challenges. Athens, Springer, 2021.
Arduino IDE ресми платформасы. Arduino Education, 2024.
Arduino Project Handbook. San Francisco, No Starch Press, 2022.
Bers M. Coding as a Playground: Programming and Computational Thinking in the Early Childhood Classroom. New York, Routledge, 2022.
Brennan K., Resnick M. New Frameworks for Studying Computational Thinking. Cambridge, MIT Media Lab, 2021.
Code.org бағдарламалау платформасы. Seattle, 2024.
Google for Education цифрлық ресурстары. Google Education, 2023.
LEGO Education Teacher Guide. Billund, LEGO Foundation, 2023.
LEGO Education ресми оқу платформасы. LEGO Foundation, 2024.
Papert S. Mindstorms: Children, Computers and Powerful Ideas. New York, Basic Books, 2020.
Resnick M. Lifelong Kindergarten: Cultivating Creativity through Projects, Passion, Peers and Play. MIT Press, 2021.
Scratch бағдарламалау платформасы. MIT Media Lab, 2024.
Sullivan A., Bers M. Robotics in the Early Childhood Classroom. London, Routledge, 2021.
Tinkercad цифрлық модельдеу платформасы. Autodesk, 2024.
Wing J. Computational Thinking and Digital Competence. Harvard University Press, 2020.
ҚОСЫМШАЛАР
Жалпы сыныптың бастапқы диагностика яғни, цифрлық құзыреттілік деңгейінің көрсеткіштер кестесі :
Сынып |
Деңгейлер (Delta Framework) |
Knowledge (Білім) |
Skills (Дағды) |
Mindsets (Ойлау) |
Орташа көрсеткіш |
|
Жоғары |
|
|
|
|
Орта |
|
|
|
|
|
Төмен |
|
|
|
|
Дельта компоненттері бойынша әр сабақты жүйелі басқару мақсатында бағалау критерийі мен бағалау көрсеткіштер кестесі:
Тақырып атауы: |
||
Delta компоненті |
Бағалау критерийі |
Бағалау көрсеткіштері (Индикаторлар) |
Knowledge |
Теориялық білім |
|
Skills |
Техникалық дағдылар |
|
Mindsets |
Ойлау дағдылары |
\ |
Әр сабақтағы оқушы әрекетін бақылау жүргізу мақсатында әрі оқушы өз іс-әрекеттеріне талдау жасауға арналған бақылау парағы:
Оқушының аты-жөні:___________________________________ |
||||
Бақылау парағы |
||||
Мақсаты: |
||||
№ |
Бағалау негізі |
(✓) 1-5б |
(⨉) 1-5б |
Мұғалім ескертпесі |
1 |
Knowledge: |
|
|
|
2 |
Skills: |
|
|
|
3 |
Mindsets: |
|
|
|
Дельта компоненттері бойынша бағалау рубрикасы:
Бағалау рубрикасы |
|||
Delta компоненті |
Төмен деңгей (1-3 ұпай) |
Орта деңгей (4-7 ұпай) |
Жоғары деңгей (8-10 ұпай) |
Knowledge (Теориялық білім) |
|
|
|
Skills (Техника-лық дағды) |
|
. |
|
\Mindsets (Ойлау) |
\ |
|
|
Оқушылардың цифрлық құзыреттіліктерін бастапқы деңгеймен салыстыру үшін Delta Framework негізінде әрбір оқушының цифрлық құзыреттілік картасы:
Оқушының цифрлық құзыреттілік көрсеткіштері (Delta Framework негізінде) |
||||
Оқушының аты-жөні:___________________ Сыныбы: 5«_» |
Зерттеу кезеңі: 3-тоқсан |
|||
Delta к/і |
Тақырып |
Тақырып |
Тақырып |
Қ/ды өсім |
Knowledge (Білім) |
Индикатор: Балл (1–5): |
Индикатор: Балл (1–5): |
Индикатор: Балл (1–5): |
|
Skills (Дағды) |
Индикатор: Балл (1–5): |
Индикатор: Балл (1–5): |
Индикатор: Балл (1–5): |
|
Mindsets (Ойлау) |
Индикатор: Балл (1–5): |
Индикатор: Балл (1–5): |
Индикатор: Балл (1–5): |
|
Жалпы к/ш: |
|
|
|
Про-гресc:% |
Робототехника тақырыптары негізінде 5-сынып оқушыларының цифрлық құзыреттілігін бағалауға арналған әдістемелік құрал
Құрастырған: Абдыбаева Қамар Абдыдалилқызы
Әдістемелік құрал жалпы білім беретін мектеп мұғалімдеріне, педагогикалық практикадан өтуші студенттерге және
жас мамандарға арналған.
Алматы, 2026
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз

шағым қалдыра аласыз