400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

"РОБОТРЕК" бағдарламасы бойынша әдістемелік көмек

Материал туралы қысқаша түсінік
"Робот техникасы" үйірмесіне арналған әдістемелік көмек
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Бекітемін» «Келісемін» Әдістеме бірлестігінің

мектеп директоры директордың тәрбие отырысында қаралды:

Оралбекова Г.О. ісі жөніндегі орынбасары Хаттама №

_______________ _________________ «___»_______2019ж.


«___»_______2019ж. «___»_______2019ж. Ә.Б.жетекшісі:

Оразова Г.Е. ________










Шымкент қаласы

№55 жалпы орта білім беретін мектеп

8 «Ә», 8 «Б» сыныптарға арналған

«РОБОТ ТЕХНИКАСЫ»

үйірме жұмысының күнтізбелік жоспары

2019-2020 оқу жылы







Үйірме жетекшісі: Оразова Г.Е.






















Үйірме кестесі

Жетекші

Сынып


Жұмыс уақыты

Дүйсенбі

Сейсенбі

Сәрсенбі


Бейсенбі

Жұма


Сенбі

Оразова Г.Е.

8 «Б»






2-сабақ


8 «Ә»






5-сабақ








































Робот техникасы

БАҒДАРЛАМАҒА ШОЛУ

Роботтар — қарқынды дамып келе жатқан болашақтың жоғарғы технологияларының бірі. Қазіргі кезде роботтар өміріміздің көптеген саласына, атап айтқанда, ғарышты игеру, денсаулық сақтау, өндіріс, қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, қорғаныс ісі және басқа да салаларға еніп үлгерді.

Қазақстан Республикасында өнеркәсіптің жеделдетіле индустрияландырылуы, жаңа технологиялардың қарқынды дамуы өскелең ұрпақты жоғарғы білікті техникалық сала мамандары ретінде даярлауды талап етеді. Осыған байланысты «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ жалпы білім беретін мектеп оқушыларына арнап «Робот техникасы» курсы 1-деңгейінің (5, 6 және 7 сыныптарға арналған) бағдарламасын әзірлеп шығарды.

Оқушылар аталған курс аясында жаратылыстану-ғылыми бағыттағы математика, физика, информатика және т.б. пәндер бойынша алған білімі мен дағдыларын кіріктіре отырып, робот техникасы, инженерлік дизайн және технология негіздерін зерттейді.

Практикалық жобаларды орындау принципіне негізделіп құрастырылған курста робот техникасы және инженерлік жүйелерді жобалау саласы бойынша білім негіздері мен дағдылары меңгертіледі. Оқушылар курс барысында әртүрлі есептерді шығару үшін роботтардың үлгілерін әзірлейді, оларды жасау техникасын бағдарламалайды және роботтар құрастырады. Курстың теориялық материалдары практикалық бөлігімен сәйкестендірілген. Оқушылар 2 немесе 3 адамнан тұратын топта жұмыс жасап, күрделі роботтарды жинақтайды және тестілеуден өткізеді. Курс жұмысы роботтар жарысымен аяқталады.

Курс барысында білім алушылардың инженерлiк, конструкторлық, шығармашылық қабілеті мен әлеуетін арттыруға мүмкіндік беретін алдыңғы деңгейлі Pоботрек оқу конструкторлары пайдаланылады.

Осы бағдарлама бойынша білім алған оқушылардың жаңа технологияларды жобалау ісіне қызығушылығы артып, жоғары оқу орны деңгейіндегі іргелі ғылым және инженерия саласында білімін жетілдіруге дайын болады деп болжанып отыр.

Бағдарлама оқушылардың өз бетінше білім алуына да мүмкіндік береді.


Оқу нәтижелері:



Оқушылар курс соңында:

  • робот техникасы дамуының тарихы және білім негіздері туралы;

  • роботтардың қабылдау, жоспарлау, жауап берулеріне қатысты негізгі тәсілдерін біледі.











Оқушылар курс соңында:

  • түрлі мақсаттағы міндеттерді жүзеге асыру үшін роботтарды жобалау;

  • робот техникасы жүйелеріндегі датчиктер мен моторларды қолдану;

  • қарапайым роботтарды басқару;

  • жоспарланған концепцияларды сипаттау және таныстыру;

  • Роботрек бағдарламаларында жұмыс жасай алу;

  • математика, физика, геометрия және информатика пәндерінде алған теориялық білімдерін робот техникасы жүйелерінде қолдану;

  • алған білімдерін топтық және жобалық тапсырмалар кезінде қолдану;

  • бірнеше дереккөзден алынған ақпараттарды синтездеу т.б. жұмыстарды жүзеге асыра алады.



Оқушылар курс соңында:

  • білім алуға арналған конструкторларды пайдалану арқылы роботтарды жинастыру, модельдеу және құрастыру;

  • роботтарды визуалды графикалық ортада бағдарламалау;

  • топтық, зерттеушілік және эксперименталды жұмыстарды жасау дағдыларын меңгереді.



Оқушылар курс соңында:

  • алгоритмдеу және бағдарламалау арқылы роботтар секілді күрделі жүйелерді модельдеуге болатынын;

  • робот техникасы курсы бойынша алған білімі ғылым, техника, медицина, білім беру және мәдениет салаларының дамуына ықпал ететінін;

  • робот техникасы курсында алған есептеу және ойлау дағдыларын әртүрлі жағдайда туындаған күрделі жайттарға талдау жасау кезінде қолдануға болатынын;

  • құрастыру, модельдеу және бағдарламалау дағдыларын пайдалану адамның түрлі салалардағы қызметін жеңілдету және жақсарға қажетті құрал-жабдықтар жасауға және тың ойлардың пайда болуына ықпал ететінін түсінеді.











ПЕДАГОГИКАЛЫҚ КӨЗҚАРАСТАР



Педагогикалық көзқарастарға мыналар жатады:

  • әрбір оқушының пікіріне құлақ асу;

  • әрі қарай даму мақсатында бастапқы білім мен түсінікті қолданудың маңыздылығын түсіну;

  • ынталандыра және дамыта оқыту;

  • оқытудың белсенді әдістерін қолдану;

  • мәселеге бағдарланған оқыту тәсілдерін пайдалану;

  • оқушылар мен олардың қажеттіліктеріне сәйкес оқытудың түрлі стильдерін пайдалану;

  • саралап оқыту тәсілдері;

  • оқушыларға «оқыту үшін бағалау» тәсілі арқылы қолдау көрсету;

  • зерттеушілік белсенділікке қолдау көрсету;

  • оқушылардың білім алуына көмектесу мақсатында олардың ақпаратты қалай сұрыптайтынын білу;

  • мәселені тапқырлықпен шешу дағдыларын дамыту;

  • оқушылардың ғылыми логикасы мен ғылыми базасын дамыту;

  • оқушыларға ашық сұрақтар және тапсырмалар ұсыну;

  • оқушылардың қате пікірлерін анықтап, оларға талқылау және өз ойларын басқа қырынан талқылауға мүмкіндік бере отырып, қайта білім алуға көмектесу;

  • оқушылардың сыни ойлау дағдыларын дамыту;

  • мұғалім-оқушы қарым-қатынасының мүмкіндіктерін арттыру;

  • оқушылардың жаңа ақпаратты меңгеруі кезінде оны қарқынды бақылай алулары үшін қажетті жайлылық деңгейлерін арттыру;

  • оқытуда тоғыспалы даярлауды және тұтастық тәсілдерін дамыту;

  • оқушылардың танымдық қызығушылығын, интеллектуалдық және шығармашылық қабілеттерін дамытуға қажетті жағдай жасау, өз бетінше бағдарлама компоненттерін қолдануға және оның мазмұны арқылы өз білімдерін жақсартуға бағытталған іс-шараларды жүзеге асыру;

  • жеке және топтық жұмыстарды, сондай-ақ сыныптық жұмыстарды ұйымдастыру;

  • жобамен жұмыс істейтін оқушыларға, жеке немесе топтасып жобалауға, мақсаттар қоюға, болжам жасап, оны дәлелдеуге, қажетті ақпаратты іздеуге, тәжірибелер жасап, атқарылған жұмыс нәтижелерін ұсынуға, талдау жасауға және жасаған жұмысын бағалауға, сондай-ақ жобаны шығармашылықпен қорғауға мүмкіндік беру;

  • оқушылардың бай академиялық тілін қалыптастыру мақсатында диалог құруда/жазуда қажетті сөздік қорды пайдалануы үшін жүйелі тілдік қолдау қолдану;

  • сыныптастар арасында жоғары оқу орнына түсуге немесе қызметтік мансапты құруға бағытталған оңтайлы оқыту ортасын құру;

  • оқу үдерісіне оқушылардың ата-аналары мен отбасы мүшелерінің қатысуына қолдау көрсету.




«РОБОТ ТЕХНИКАСЫ» үйірмесіне қатысатын оқушылар тізімі

8 «Б» сынып

№

Оқушының аты-жөні

Тұрғылықты мекен-жайы




































































































«БАЗАЛЫҚ РОБОТРЕК» жұмыс бағдарламасы (12-16 жас)


Сабақ саны

Моделі

Тақырыбы

Нені үйретеді

Мерзімі

1


Робот техникасы курсына кіріспе:

Робот техникасы курсына кіріспе: Робот техникасының негіздері, пайдалану салалары, түрлері


2


Робот техникасының тарихы және болашағы.

Робот техникасының тарихы және болашағы.


3

«Кім жылдам?» ойыны.

«Кім жылдам?» ойыны. Бағдарламалық жабдықтар танысу. Жанасу датчигі


4

Инерциялық машина.

Инерциялық машина. «Инерция» және «инерция моменті» түсінігі. Инерциялық двигатель ретінде үлкен дөңгелекті қолдану.


5

Манипулятор.

Манипулятор. Құрттәрізді аударуды үйрену. Изучение червячной передачи. Ұстау және көтерудің механикалық тәсілі. Контроллерге кіріктірілген батырмалар көмегімен басқару.


6

Манипулятор.

Манипулятор. Құрастырылған үлгі жұмысы бағдарламасын құру. Бағдарламалауға қосымша есептер шығару.


7

Робот-светлячок.

Робот-светлячок. IF (егер-если) шартымен танысу. Қашықтық датчигі жұмысымен танысу.


8

Робот-светлячок.

Робот-светлячок. Құрастырылған үлгі жұмысы бағдарламасын құру. Бағдарламалауға қосымша есептер шығару.


9


Құпиялы қобдиша.

Құпиялы қобдиша. Түс датчигі жұмысымен танысу. Запирающие механизмы.


10


Құпиялы қобдиша.

Құпиялы қобдиша. Құрастырылған үлгі жұмысы бағдарламасын құру. Бағдарламалауға қосымша есептер шығару.


11


Гаражды парктроник.

Гаражды парктроник. Кіріктірілген жарықдиоды жұмысын уйрену, «салыстыру» математикалық блокты үйрену.



12


Гаражный парктроник.

Гаражный парктроник. Құрастырылған үлгі жұмысы бағдарламасын құру. Бағдарламалауға қосымша есептер шығару.


13


Лифт.

Лифт. Сыртқы энкодер жұмысын уйрену. Лифт жұмысының алгоритмі.


14


Лифт.

Лифт. Құрастырылған үлгі жұмысы бағдарламасын құру. Бағдарламалауға қосымша есептер шығару.



15


Кеспе қиғыш.

Кеспе қиғыш. Инфрақызыл датчигі жұмысымен танысу. Механикалық қайшы.



16


Кеспе қиғыш.

Кеспе қиғыш. Құрастырылған үлгі жұмысы бағдарламасын құру. Бағдарламалауға қосымша есептер шығару.



17


Порттық кран.

Порттық кран. Қашықтықтан басқару пультінің жұмысымен және керекті арнаға баптау платасымен танысу.



18


Порттық кран

Құрастырылған үлгі жұмысының бағдарламасын құру. Бағдарламалауға қосыша тапсырмалар орындау.


19


Пинбол

Пинбол.Түрлі-түсті сенсорлық дисплейді оқып үйрену. Сандық айнымалылар, қосу және көбейту математикалық функциялар.


20


Пинбол

Пинбол. Құрастырылған үлгі жұмысының бағдарламасын құру. Бағдарламалауға қосыша тапсырмалар орындау.


21


Шумомер

Шумометр. Аналогты микрофон жұмысын үйрену.




22


Белка

Белка. Ультрадыбыстық және инфрақызыл датчиктің бірігіп қолдануы. Объектті басқару алгоритмі.



23


Үрейлі үй

Үрейлі үй. Жарықтандырғыш датчикін оқып үйрену. Күннің кеш қарайған уақытында автоматты түрде жарық жанатын және жалюзы жабылатын үй үлгісі.


24


Үрейлі үй

Дом с приведением. Құрастырылған үлгі жұмысының бағдарламасын құру. Бағдарламалауға қосыша тапсырмалар орындау.


25


Репликатор

Репликатор. Акселерометр/гироскоп датчигінің жұмыс принципін оқып үйрену. x,y,z кеңістік жазықтықтары.


26


Багги трек

Багги трек. Bluetooth көмегімен қашықтықтан басқару. Сервопривод негізінде бұру механизмі.


27


Багги трек

Багги трек. Құрастырылған үлгі жұмысының бағдарламасын құру. Бағдарламалауға қосыша тапсырмалар орындау.


28


Салмақ бойынша сұрыптау

Салмақ бойынша сұрыптау. Иу /наклон/ датчигі жұмысын оқып үйрену. «Масса» және «Салмақ» ұғымы.


29


Салмақ бойынша сұрыптау

Құрастырылған үлгі жұмысының бағдарламасын құру. Бағдарламалауға қосыша тапсырмалар орындау.


30


Лабиринт минотавра 1б.

Магнитті поля датчигі жұмысын оқып үйрену. Кері қайту бағдарламасын іске қосу.


31


Лабиринт минотавра 2б.

Түрлі-түсті дисплей, инфрақызыл датчигі және магнитті алқап датчиктерінің біріккен жұмысы. Қосымша тапсырмалар. Түс және дыбыс индикацияларын орнату.


32


Төтенше жағдайларға арналған дрон 1б.

Өрттік датчигін оқып үйрену.





33


Төтенше жағдайларға арналған дрон 2б.

Координаталармен жұмыс. Ойын «Өрт көзін тап».




34


Ресурфейсер

Қара сызықпен қозғалу алгоритмі.


35


Ресурфейсер

Құрастырылған үлгі жұмысының бағдарламасын жасау. Уақыт бойынша жарысу.



36


Лақтыру күшіне арналған жаттығу себеті

Тербеліс датчигінің жұмыс принципімен танысу. Серпімді соқтығыс.




37


Зондты термометр

Температура датчигінің жұмысын үйрену. Инфрақызыл датчигі негізіндегі қозғалыс шектеушілері.






13



ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ



  1. Alimisis, D. (2009). Robotic technologies as vehicles of new ways of thinking, about constructivist teaching and learning: the TERECoP Project. [Робот технологиялары жаңа ойлау тәсілі ретінде, сындарлы оқыту және оқу: TERECoP жобасы]. IEEE Robotics and Automation Magazine, 16(3), 21-23.

  2. Benitti, F. B. V. (2012). [Мектептердердегі білім беру робототехника әлеуетін зерттеу: жүйелі шолу]. Computers & Education, 58(3), 978-988.

  3. Blikstein, P. (2013). Digital fabrication and ’making’ in education: The democratization of invention. [Білім берудегі сандық дайындау және «шешімдер»: Өнертабысты демократияландыру]. In J. Walter-Herrmann & C. Bόching (eds.), FabLabs: Of Machines, Makers and Inventors (pp. 1-21). Bielefeld: Transcript Publishers.

  4. Demo, G. B., Moro, M., Pina, A., & Arlegui, A. (2012). ). In and out of the school activities implementing IBSE and constructionist learning methodologies by means of robotics. [Робот техникасының кӨмегімен мектеп және мектептен тыс іс-шараларында зерттеу жүргізу негізінде жаратылыстану сабақтары мен сындарлы білім беру әдістемесін қолдану]. In B. S. Barker, G. Nugent, N. Grandgenett & V. Adamchuk (eds.), (стр. 66-92). Hershey PA: IGI Global.

  5. Detsikas, N., & Alimisis, D. (2011). [Грек мектептерінің білім беру тәжірібесін ерекше есепке алуымен, әлемдік робот техникасы саласының жағдайы және үрдістері] In D. Bezakova & Kalas (eds.), Proceedings of the International Conference on Informatics in Schools: Situation, Evolution and Perspectives (pp. 1-12). Bratislava: Comenius University.

  6. Eguchi, A. (2010). What is educational robotics? Theories behind it and practical implementation. [Білім беру саласындағы робот техникасы дегеніміз не? Олардың артында тұрған теориялар және тәжірибеде қолдану].In D. Gibson &B. Dodge (eds.), Proceedings of Society for Information Technology & Teacher Education International Conference 2010 (pp. 4006- 4014). Chesapeake, VA:AACE.

  7. Kynigos, C. (2008). Black-and-white-box perspectives to distributed control and constructionism in learning with robotics. [Роботтар қолдануымен жүзеге асырылатын білім беру үдерісінде бақылау мен сындарлы оқуды іске асырудағы қара-ақ жәшіктің келешегі]. In E. Menegatti (ed.), Proceedings of SIMPAR workshops 2008 (pp. 1-9). Retrieved 10 December 2012, from http://monicareggiani.net/simpar 2008.

  8. Litinas, A., & Alimisis, D. (2013). ). Planning, implementation and evaluation of lab activities using robotic technology for teaching the phenomenon of motion. [Қозғалыс феноменін оқыту үшін робот технологиялары пайдаланылатын зертханалық жаттығуларды жоспарлау, енгізу және бағалау]. In A. Ladias, A. Mikropoulos, C. Panagiotakopoulos, F. Paraskeva, P. Pintelas,

P. Politis, S. Retalis, D. Sampson, N. Fachantidis, & A. Chalkidis (eds.). Piraeus: HAICTE & University of Piraeus (in Greek).

  1. Resnick, M., Berg, R., & Eisenberg, M. (2000). Beyond black boxes: Bringing transparency and aesthetics back to scientific investigation. [Қара жәшіктердің ішінде: ғылыми зерттеу үдерісіне айқындылық пен эстетиканың оралуы], Journal of the Learning Sciences, 9(1), 7- 30.

  2. Resnick, M. (2007). Sowing the seeds for a more creative society. [Барынша жасампаз қоғамның дәндерін себу], Learning & Leading with Technology, 35(4), 18-22.

  3. Vallerand, R. J. (2000) Deci and Ryan’s Self-determination Theory: A View From the Hierarchical Model of Intrinsic and Extrinsic Motivation [Деки мен Райанның Өзін-Өзі анықтау теориясы: ішкі және сыртқы уәж иерархиялық моделі туралы кӨзқарас]. Pschological Inquiry 11 (4), | 22 | 312–318.

  4. Walford (2003) Classroom Teaching and Learning [Сыныптағы оқыту мен оқу] in Beck,

J. and Earl, M. (Eds) Key Issues in secondary education (2nd Edition), Continuum, UK, 53–59.





Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
6 ақпан
577
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі